Шалқарлық үш тұрғын “терроризмді насихаттағаны” үшін айыпталуда

    Шалқарлық үш жігіт терроризмді насихаттағаны үшін сот алдында жауап беріп жатыр. Кінәсі дәлелденсе, олар 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Сотта өз айыптарын мойындаған жігіттер бұл іске білместікпен барғандарын айтып отыр.

    Айыпталушылар орындығында Мейрамбек Тұрғанбаев, Ерғожа Аманғожин мен Төребай Мәжитовтер отыр. Сот материалдарына сәйкес, олар 2015 жылы WhatsApp желісі арқылы терроризмді насихаттап, қарулы джихад тақырыбында ақпараттар таратқан.

    - WhatsApp-тағы топтық чатты 2015 жылдың сәуірінде шалқарлық діндарлардың бірі ашты. Мені оған тамыз айында қосты. Бастапқыда жетім-жесірлерге көмектесу мақсатында “Шалқар Садақа” деген атпен ашылған. Кейін аты “Аллаға уағыз” болып өзгертілді. Ол жерде сауда-саттық, біреуге көмектесу мен дін мәселесі талқыланатын. 2015 жылдың қарашасында Сауд Арабиясының ғалымы Әл-Әлбанидің “Самоубийство или Шахада” деген мәтінін жібергенімді мойындаймын. Оны “ВКонтакте” әлеуметтік желісінен көшіріп алдым. Өзім орысшаға шорқақпын. Бар ойым оның мағынасын түсіну болды. Әрі ғалым бұл тексте өзін-өзі жару мәселесін айтқан. Оның бұлай айтуы маған күмән тудырды. Өйткені кейбір жергілікті имамдар намаз, ораза, пәтуә мәселесінде бұл ғалымның айтқандарын қолданады. Намаз оқығаныма 4-5 жыл болды. Мешітке барам. Мухаммад ибн Абдуль-Ваххабтың текстің материалын көшіріп жібергенімді де мойындаймын. Өз атымнан ештеңе қосқан жоқпын. Бар болғаны көшіріп, жарияладым. Жасаған ісіме өкінемін. Барлығын мойындаймын, -деді Ерғожа Аманғожин.

    Төрт баланың әкесі Мейрамбек Тұрғанбаев та діни сауатсыздықтан осындай әрекетке барғандығын айтып отыр.
    -Мен 2015 жылдың қараша айында “Достоинства шахида” деген материал жібердім. 2009 жылдан бастап намаз оқимын. Жұма сайын мешітке барам. Бірақ нақты бағыт беретін ұстаз жоқ. Дін жолына інімнің ықпалымен келдім. 17 жаста әкесіз қалып, базарда жұмыс істедім.Үйдің үлкені болғандықтан, отбасымды асырадым. Қазір 14 жыл болды теміржолда жұмыс істеймін. Аяғы ауыр әйелім мен кәмелетке толмаған 4 балам бар. Мамыр айынан бері қамауда отырмын. Барлығын түсіндім. Құқыққа қарсы іс жасағанымды мойындаймын. Өкінемін, -дейді 36 жастағы Мейрамбек Тұрғанбаев.

    Адвокаттардың бірі Бауыржан Ерманов “адасқан адамдардың” көзқарасы мен діни бағытын анықтау үшін маман ретінде имам шақыруды сұрады. Алайда судья Зинаида Шмирова бұл өтінішті қанағаттандырусыз қалдырды. Келесі сот отырысы 8 тамызда өтпек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Терроризмді насихаттаған әйелдің анасы да сотталды
  • Ақтөбеде алғаш рет әйел адам “терроризмді насихаттағаны үшін” сотталды
  • “Жихадқа шақырған” ағайындылар аштық жарияламақ
  • WhatsApp-пен терроризмді насихаттаған тағы бір ақтөбелік ұсталды
  • Сот терроризмді WhatsApp-пен насихаттағандардың ісін қарай бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге