Мектеп формасы, оқулық және “мектеп қоры” туралы

    Жаңа оқу жылы басталар алдында ата-аналарды мазалайтын сұрақтар көбейеді. Биыл қай сыныптарға оқулықтар тегін таратылады? Ата-аналар мектеп формасын қайдан сатып алады? “Мектеп фондына” ақша жинау заңды ма? Осы сұрақтар төңірегінде “Kerek.INFO” тілшісіне қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева жауап берді

    Қала бойынша қанша білім мекемесі бар?
    -Ақтөбе қаласында білім беретін 135 мемлекеттік мекеме бар. Оның 71-і мектеп. 2-і кешкі мектеп. 14 қосымша білім беру мекемесі бар (Оқушылар сарайы, музыкалық мектептер – авт). Қалған 50-і мектепке дейінгі ұйымдар. Қазір білім бөліміне қарасты мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін 54 жеке балабақша бар. 7 жеке мектеп бар. жалпы 200-ге жуық білім беретін мекеме бар.
    Мектептерде 60 мыңның үстінде оқушы бар. Жеке балабақшаларды қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдарда 23 мыңға жуық бала бар. 12 мыңнан астам бала қосымша біліммен қамтылған.
    Қалада 8 мыңға жуық мұғалімдер жұмыс істейді. Мемлекеттік мекемеде 13 мыңнан астам мұғалімдер мен техникалық қызметшілер жұмыс істейді.

    Қазір көп айтылып жүрген мәселе – ұстаздыққа икемі жоқ жастар мұғалім болып жүр дейді. Осыған байланысты ҰБТде көптеген өзгерістер бар. Педагог боламын дейтін балалардан қосымша емтихан алынады. Олардың мұғалімдікке бейімділігін тексеріледі.
    Биыл сәуір айында қаладағы жоғары оқу орнынан және гуманитарлық колледжден 56жас мамандар жолдама алды. Қыркүйек айында оларға бұйрық шығып, еңбек кітапшасы ашылады.
    Зейнеткерлікке шыққан ұстаздар қанша уақытқа дейін өз орнында жұмыс істей алады?
    -Зейнеткерлікке шықса да жұмыс істеп жатқандар бар. Ал жұмыстан кететін болса, алдын ала ескертеді. Математика, физика пәнінің мұғалімдері бар. Олардың іс-тәжірибесі мол. Ондай мұғалімдерден айырылмауға тырысамыз. Жақсы маман мектепке қажет.

    Сұрақтармен келгендердің шешілмей қалған мәселелері болды ма?
    -Әр аптаның бейсенбісінде қабылдау күні болады. Өзіңіз келіп көрсеңіз, халық таңғы алтыдан жиналады. Ал мекеме жұмысы тоғызда басталады. Сондықтан ерте келіп, күтудің қажеті жоқ. 300 адамға дейін қабылдаған кездер болды. Мен сол күні келген адамдарды уақытқа қарамай, бәрін қабылдаймын. Кешке дейін. Бәрінің шаруасы бар. Олар тектен-тек келмейді. Мүмкіндігінше келген адамдардың шаруасын шешуге тырысамын.

    Кейде “балабақшаға орналастырайық деп едік, орын берген жоқ” деп шағым айтып жатады. Біз балабақшаға беру туралы көптеген ұсыныстар айтамыз. Қазір жеке балабақшалар бар. Олар мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. Көп ата-аналар жеке балабақшалардан қорқады. Ал біздің жекеге бар деп үгіттеуге құқымыз жоқ. Кейбір ата-аналар кезегінен тыс тезірек алғысы келеді. Әсіресе жас отбасылар. Жұмысқа шығу керек. Сондай жағдайда мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеп жатқан жеке балабақшалар туралы кеңес береміз. Бірақ жеке балабақшаға деген көзқарас басқа. Егер сол жеке мекемелерде балаларға қиянат жасалынды дегенді еститін болса, қалалық білім беру мекемесіне ашық түрде айту керек. Ол үшін ата-ананың да, баланың да соңына ешкім түспейді. Барлығы тексеріледі.
    Қалада білім бөліміне тіркелмеген жеке балабақшалар өте көп. 55 балабақша тіркеліп тұр. Оның 53-і толық мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. Ол жерде 6 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Мемлекет әр бала үшін 16 203 теңгені төлеп отыр. Ата-ана тек тамаққа төлейді.
    Ал бес балабақшаға – “Ертөстік- Еркем-ай ”, “Айналайын ”, “Айлин”, “Ақбөбек”, “Рауан ” 20 мың теңгеден төлейді. Оның 11 мыңы тамағына, ал қалғаны тұзды шахта, бассейіндер үшін төлейді. Олар шығындарымызды өтей алмаймыз деп, өз ұсыныстарын алдын-ала ескерткен.
    Бала тамағы үшін жаз айында күніне 450 теңге ал қарашадан бастап, 500 теңге төлейді.
    1-і мен 29 маусым аралығында жолдамалар таратылды. Енді жолдамалар білім бөлімінен берілмейді. Жолдама электронды түрде беріледі. Бұл жүйе тек біздің ғана қаламызда бар. Ата-ана өтініш жазып кеткеннен кейін, үйден бірден порталға кіріп, арнайы кілттерімен ашып, жолдамаларын ала береді.
    Қалалық білім бөлімінде ешкім жолдама жазып бере алмайды! Қазір көп ата-ана бұны түсінбей жүр.
    Еліміз бойынша балабақшаға сұраныс үлкен. Кезек өте көп. Ақтөбе қаласында әлі де 30 мыңның үстінде кезек бар. Біз 3 жасқа толған балаларды балабақшамен толық қамтып отырмыз. Қазір 3 жасқа толып, балабақшаға жолдама ала-алмай отырған бала жоқ. 2014 жылы туылған балаларды әлі қабылдаған жоқпыз. Бірақ жеке балабақшалар қабылдап жатыр. Жұмысқа шыққысы келетін отбасыларға жағдай туғызу үшін, арнайы топтар ашу жөнінде сұраныс жасалды.

    Ата-аналар мектептің есік-терезесін жөндеп беруге міндетті ме?
    -Қазір “мектеп фонды” деген сөз естілмейді. Үш-төрт жыл бұрын болды. Сол кездері сұрақтың басы солай басталатын. Мен ата-аналарға бірден айтамын, “бермеңіздер” деп. Алдағы уақытта ата-аналармен жеке тікелей байланысқа шығуды көздеп отырмын. Барлық шағым-арыздар қаралатын болады.

    Бор алуға да, жалюзи, тағы басқа жұмыстарға ақша бөлінген. Егер ата-ана демеушілік етіп, көмектесемін десе өз еркі. Кез-келген азамат өз мектебіне, туған жеріне көмек көрсете алады. Қазір “Туған жерге тағзым” аясында көмектесуге де болады. Сонымен қатар, суды да ата-аналар өздері шешеді. Балалар таза су ішсін десе, өздері келісіп, алып беруге болады.
    Айта кетейін, ата-аналардың арасында да басқаларын үгіттеп, мектепке мынадай алып берейік деуге құқы жоқ. Ол үшін де сынып жетекшісі, мектеп басшысы жауап береді. Ата-ана өзі беремін десе берсін, ал басқаларын үгіттеп “тақта керек, парта керек” дегенді қою керек. Егер ондай әңгіме болатын болса, ата-ананың өзімен де сөйлесуге тура келеді.
    Қазір “фондқа ақша жинап жатыр” деген телефонға хабарлама келіп жатқан жоқ.

    Биыл қанша мектеп ашылады?
    -1 қыркүйекте 3 мектеп ашылады. Кірпішті елді-мекенінде орналасқан мектептің жанынан салынған жаңа ғимарат. Ол үш маусымдық оқуды жою мақсатында салынды. Ал көне ғимарат қайта жөнделіп, жұмысын жалғастырмақ. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жаңа ғимаратпен қатар, ескі ғимарат та жөнделіп, халықтың керегіне жарасын деген. Екінші мектеп Заречный-3 елді-мекенінде ашылады. Ол жерде мектеп болған жоқ. 180 бала №55 орта мектепке тасымалданып оқыды. Енді ол балалар өз ауылында, жаңа мектепте оқитын болады. Республикалық Ұлттық қордан қаражат бөлініп 600 орындық мектеп салынды.

    Үшінші жаңа мектеп – Нұр Ақтөбе ауданында ашылмақ. Бұл жерде көбісі жас отбасылар. Ол жердің балалары №53 орта мектепте және М.Арын атындағы мектепте оқыды. Қарғалы мектебінен 700 бала мұғалімімен, №53 мектептен 300-ге жуық бала мұғалімдермен Нұр Ақтөбедегі жаңа мектепке көшірілмек. Жаңа мектеп 1200 орындық. Өткен жылы бұл ауданда 320 орындық жаңа балабақша ашылған болатын. Оған 500-ге жуық бала барып жүр. Алдағы уақытта тағы да жаңа балабақша салынбақ.
    Биыл ашылатын жаңа балабақшалар да бар. Атап айтар болсақ, Қарғалы селосында 320 орындық мемлекеттік балабақша ашылады деп жоспарлап отырмыз. Батыс-2 ауданында үлкен балабақша да ашылмақ. 320 орындық. Ол мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жеке балабақша.

    Қай жерлерге мектептер салынады?
    Жалпы қалада үш ауысыммен оқитын 12 мектеп бар. Биыл екі мектепте үш ауысымдық оқу жойылады. Қалған 10 мектепте үш ауысымдық оқуды жою жоспарланған. Алдағы уқытта Саздыдағы Бауырластар-2 ауданында, Батыс ауданында екі мектеп салынады. Биыл осы мектептердің құрылысы жүрмек. Қаладағы ең қиын болып тұрғаны – Болашақ ауданы. Бес-алты жылдан бері тұрғындар сұрап келеді. Облыс басшысы қазір осы мәселеге байланысты ең болмағанда 320 орындық мектеп салуды қарастыруда. Бұл жердегі күрделі мәселе – жер телімі болып отыр.
    Авиақалашық ауданында №29 мектеп бар. Ол өте ескі, әскери бөлім болған. Бұл көптен көтеріліп жүрген проблема еді. Қала әкімі қосымша құрылыс салуға тапсырма берді. Қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қосымша қаражаттар қарастырылуда.
    №56 мектеп 2014 жылы ашылған еді. 12 ықшамауданда орналасқан. Ол жерде тағы да №51 гимназия бар. Кезінде гимназия оқушылары үш ауысымада оқып жүргесін, жаңа мектеп салынған еді. Бірақ, қазір №56 мектеп Болашақ ауданының барлық оқушыларын қабылдайды. Жеке секторлар үлкейді. Соған байланысты №56 орта мектеп оқушылары үш ауысымда оқып жүр. Биыл бұл мектепке 1 сыныпқа 350 оқушы келгелі отыр. Бұрын соңды біздің қалада бір мектепке 350 оқушы бірінші сыныпқа келгендей жағдай болған жоқ.

    Ақжар елді-мекені де жылдан-жылға көркейіп келеді. Бұл елді-мекендерде №45, №49 орта мектептер бар. 320 және 150 орындықмектептер 2013-14 жылдары ашылған еді. Екі мектепте қазір үш сменмен оқытады. Сондықтан бұл жерге 900 орындық мектеп салу жоспарланып отыр.
    Благодарь елді-мекенінде де күрделі жөндеуден өтіп жатқан үш ауысымды мектеп бар. Бұл жерге 320 орындық мектеп салу жоспары енгізіліп отыр.
    Көшіп келушілер көбейгендіктен мектепте оқитын бала саны да артып отыр.

    Бірінші сыныпқа тек алты жасқа толған балалар ғана қабылдана ма?
    -Жоспар бойынша 12 жылдыққа енгізілуіміз керек еді. Бұл жөнінде ата-аналарға да ескертілді. Шілде айының басында Астана қаласында өткен республикалық коллегияда айтылғандай 12 жылдық оқу бағдарламасы 2019 жылдан бастап енгізілетін болды. Сол жылы мектепке келетін балалар алты жастан мектепке келіп, 12 жылдық бағдарламаны бастап оқиды. Оның тағы бір ерекшелігі – “аттап, секіріп” оқитын болады. Бұған дейін бұндай біздің елдің тәжірибесінде болды.
    Биыл балалар алты-жеті жастан бастап қабылданады. Бірақ он бір жылдық бағдарламамен оқытылады.

    Биылғы бірінші сынып оқушылары жаңа модельмен, аптасына бес күн оқиды. Бұл модель бойынша Ақтөбе қаласында екі мектеп тәжірибеден өтті. Оқу тәжірибесі сәтті аяқталды. Ол Назарбаев зияткерлік мектебімен бірге жасалған модель.
    Ата-аналар білуі керек, 1-ші қыркүйекке шейін бала алты жасқа толмаса, мектеп алмауға құқы бар. Ол тек дайындық тобына ғана бара алады. Физиологиялық жағынан да бала үшін қиын.
    Егер бала бұған дейін дайындық тобында болып, осы жылы алтыға толатын болса, жеке қарап, мәселені шешуге болады. Мұндай жағдайлар көп кездесті. Қиын, әрине. Ал жалпы бала қыркүйекке дейін алты жасқа толған балалар ғана қабылдану керек.

    Қалада білім сапасы төмен мектептерді атап бере аласыз ба?
    -Білім деңгейі өте төмен мектептер бар деп айта алмаймын. Өйткені әр мектеп аттестациядан өтеді, лицензиялары бар. ҰБТ-ден қатты төмен балл алып, жабылып қалатындай мектептер жоқ. Облыс басшысы атап айтқан мектептерде мысалы, төрт бала бітірсе, оның екеуі ҰБТ өте алмай қалған. Ауылдық мектептерде бұндай жағдайлар болды. Қалада жоқ.

    Тегін оқулық таратыла ма?
    -Бұл – өте маңызды мәселе. Жалпы кітап тегін. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл кітапқа қаражат жақсы бөлінді. Мысалы, 2015 жылға дейін 30-40 млн ғана бөлініп, тек аз қамтылған отбасының балалары ғана тегін оқулықтармен қамтамасыз етілетін. Былтыр төрт класқа тегін кітап таратылды. Биыл 1, 8 сыныптар қайта шығарылып жатыр. Ол оқулықтарға тапсырыс беріліп, қалаға келіп жатыр. 3, 10 сыныптың негізгі оқулықтары күтілуде.

    Биыл 2,7,9 сынып оқулықтары алынбайды. Себебі, бұл сынып оқулықтары келесі оқу жылында толығымен жаңадан баспадан өтеді. Сондықтан ол сыныптарға қаражат бөлмей отырмыз.
    Қазір мектептер балаларға кітап таратып жатыр. Қалада бар балалардың кітаптары беріліп болды. Ал қалада жоқ, демалысқа кеткен оқушыларға ескертліп, күтілуде. Осы аптада 4,5,6,11 сынып оқулықтары таратылуда.

    Бір апт адан соң 1,8,3,10 сынып оқулықтары түгел келмек.
    Бір сыныпта бір балаға бір кітап жетпей қалуы мүмкін. Балалар саны жыл сайын артып отыр. Жаңадан келген балаларды кітапсыз қалдыра алмаймыз. Қай оқушыға қандай кітап жетпей қалғанын ата-ана 15-ші тамызға дейін анық білетін болады.
    Он баспаға тапсырыс бердік. Оның бесеуі қазір қалаға жеткізілді. Мектеп кітапханалары үш-төрт бригадамен жұмыс істеп, балаларға таратып жатыр.
    Аталған сыныптардың барлығы кітапты тегін алады. Ал бір-екі кітап жетпей қалса, ата-аналар түсіністікпен қарайды деген үміттеміз.
    Біз көктемде ата-аналарға ұсыныс жасап, жеке кітаптарын кітапханаға өткізулерін сұрағанбыз. Әрине, ұсынысымызды қолдағандар болды. Рақмет бәріне! Сол кітаптарды да балаларға бөліп береміз.

    Мектепке қабылдау үшін мекен-жай туралы анықтама міндетті ме?
    Бұл анықтама талап етілмейді. Біз мектеп жасындағы баланы мектепке қабылдауға міндеттіміз. 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тіркеліп, порталға тұрғызылады. Аз қамтылған отбасылар алдын-ала арнайы құжаттарын дайындап, мектепке тапсыруы керек. Ал мектепке қабылдану үшін баланың ¾ суреті, ата-ананың арызы, медициналық құжаты ғана тапсырылуы керек. Басқа артық қағаз, нотариустың қолы бар тағы басқа құжат, мекен-жайы туралы анықтама деген қабылданбайды. Егер мектеп осы құжаттарды сұрап жатса, ата-ана маған тікелей хабарласа алады. Бұл – коррупциялық құқық бұзушылық болып табылады. Мектепке белгіленген аймақта тұратын бала сол мектепке қабылдануы тиіс.

    1 қыркүйекте ақ көйлек пен қара шалбар
    -“Басқа мектептерде былай, ана мектепте солай” дегеннің керегі жоқ. Мектеп формасы барлық бірінші сыныптар үшін бірдей тіктіріледі. Ер балаларға жасыл пиджак, жакет, жасыл галстук, қара шалбар, ақ көйлек.

    Ал қыз балалар үш түрлі түстен құралған клеткалы сарафан немесе жакет пен юбка, мүмкіндігі болса пиджак, болмаса, ақ көйлек.
    Биылғы 1-ші қыркүйекте бірінші сынып балалары ақ көйлек қара шалбар, қыз балалар қара, қою көк түсті юбкамен келе береді!Бірдей мектеп формасын тек 1 сынып оқушылары ғана киеді. Ал маталар арнайы тапсырыпен жеткізілуде. Ата-аналар басқа жерден мата әкеліп тіктірудің, көрсетілген үлгіні базардан алып, асығудың қажеті жоқ. Ақ көйлек, қара юбка, шалбар киіп келеді.

    Жаңа үлгідегі киімдер қазіргі уақытта тігіліп жатыр. “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып жатыр. Қаладағы барлық ательелер тартылып отыр.
    Сапалы маталарға тапсыры берілді. Жеткізіліп жатыр. Маталар кешігіп келуде. 1-ші желтоқсанға дейін б ірінші сынып толық бірыңғай форма киеді.
    Ер балалардың киімі 15 мың теңге, ал қыз балалар формасы 13 500 – 14 мың теңге аралығында болады. Бәрінде бірдей болады. Мектеп формасының үлгісі қазір барлық мектептерде ілулі тұр. Қыркүйектегі жиынға үлгеру керек деп, арзан, басқа мата алып тіктірудің қажеті жоқ.
    Келесі жылы 4, 7 сынып бірыңғай формаға көше береді.

    Мұғалімдер айлығы көтеріле ме?
    -Қыркүйекте 29 пайызға өсті. Жалпы әр мұғалім өз ісінің мықты маманы болса, далада қалмайды. Ондай ұстаздар ата-ананың аузында, мектеп мақтанышына айналары сөзсіз. Өз деңгейін көтеру әр педагогтың өзіне байланысты. Баласын мектеп жасына беретін кезі келсе де, өздеріне ұнайтын мұғалімді күтіп жүретн ата-аналарды да көрдім.
    Репетитор дегенге қарсымын. Бала өз бетімен дайындалу керек. Қазір интернет бар, кітап-құрал жеткілікті. Әрбір ата-ана баланы өзі қадағалап, мұғаліммен тығыз байланыста болу керек. Мұғалім ата-анаға ақылы репетитор жалда деп айту – үлкен қателік. Бұл – бизнес. Бала игере алмаса, мұғалім толық білім бере алмаған. Білім сапасы деген осыдан шығады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Білім мекемелерін күрделі жөндеуге 675 млн теңге бөлінген
  • Мектеп формасы орталығы ашылды
  • 1 Сыныпқа алты жасқа толып бару керек
  • 6000 бүлдіршін балабақшаға жолдама алмақ
  • Мектеп формасын әр ата-ана өздері тіктірулеріне болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге