Ақтөбелік бес жұлдызды төреші екінші рет олимпиадаға аттанды

    Тамыз айының бүгін пентакампеондар елінде XXXI-ші жазғы “Рио-де-жанейро” олимпиадасының ойындары өз жалауын көтереді. Олимпиадаға әлемнің 207 елінен 10500 спортшы қатысады деп күтілуде. Осы аталған олимпиада ойындарына бокстан AIBA-ның V - жұлдызды төрешісі деген атқа ие болған жерлесіміз Рақымжан Рысбаев Бразилия елінде төрелік етеді. Төрт жылдықтың басты додасына аттанған жерлесіміздің отбасы “Kerek.info” тілшісіне сұқбат берген еді

    Жерлесіміз, бес жұлдызды төреші Рақымжан Рысбаев – қатарынан екі олимпиада ойындарына төрелік еткен жалғыз қазақстандық төреші. Спорттық мансабында әлемнің түрлі елдерін шарлап, өзінің қызметін абыроймен атқарған. Осыған дейін 2012 жылы Лондон олимпиадасында, 2015 жылы Катар астанасы Дохада өткен әлем біріншілігінде төрелік еткен.

    Рақымжан Рысбаев Шалқар ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Бес ағайынды. Әкесі Есмағанбет мұнай саласының қызметкері, анасы Тәрбия мектепте мұғалім болған.
    Ақтөбе политехникалық колледжінде оқып, кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорт факультетіннің сырттай бөлімінде оқиды.

    - 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырмыз. Қазіргі уақытта әкесінің ізін жалғайтын үлкен ұлы Нұрасыл бала-бақшада тәрбиеленуде. Бұйыртса, келесі жылы 6 жасқа толғанда ең алғаш футбол секциясына беріп, кейін 9-10 жасында боксқа бермекпіз - дейді жолдасы Әсем.
    Рақымжан жары Әсеммен пойызда танысқан. Әсем – шет тілінің маманы. Француз, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, шетелдік компанияларда қызмет атқарған.
    Танымал төреші бала кезден спортпен айналысып келеді. Жолдасының айтуынша, көбінесе белгіленген режиммен, графикпен жүруге тырысады. Жаттығуды ешқашан жіберген емес. Ол оның күнделікті белгіленген тәртібі.

    Рақымжан Есмағанбетұлы отбасыда үлгілі әке, қамқоршы отағасы. Іс-сапарда көп жүреді. Бос уақытын отбасына арнап, балаларының көңілін тауып, отбасымен қыдырғанды ұнатады.
    Айта кетейік, Бразилия елінде өтетін “Рио-де-Жанейро” олимпиадасына облысымыздан 3 адам барады. Олар бокстан V – жұлдызды төреші Рақымжан Рысбаев, 62 келі салмақта сынға түсетін ауыр атлетіміз Фархад Харки, еркін күрестен 60 келі Нурислам Санаев Пеленің отанына аттанады.

    Қазақстан Рио Олимпиадасына спорттың 26 түрі бойынша 105 жолдама жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік, олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.
    Ал ашылу салтанаты бүгін түнде Астана уақытымен сағат 03:00 басталады. Спортта абыроймен қызмет атқарып жүрген жерлестерімізге тек жеңістер тілейміз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Олимпиадаға аттанатын зілтеміршілердің арасында ақтөбелік те бар
  • Қазақстан құрамасы екі Олимпиада жолдамасынан айырылды
  • Қазақстан тағы бір лицензия ұтып алды
  • Азияның қоласы төрт жылдан соң тағы Ақтөбеге келді
  • Бокстан үш алтын Ақтөбеде
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге