Танымал кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов тұтқындалды

    Ақтөбеде “Емшан” компаниясының президенті Мейіржан Өндіргенов тұтқынға алынды. Тергеу таққан айып дәлелденсе, облыстық мәлихат депутаты 7- 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Мамырдың 30-ы күні Ақтөбеде танымал кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Мейіржан Өндіргенов ұсталды.Оған ірі көлемде ақша бопсалады және қала тұрғынын қорқытып-үркітті деген айып тағылып отыр. “Керек. info” тілшісіне бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

    Кәсіпкерді қамауға алу туралы сот санкциясы 1 маусым күні шыққан. Қазір айыпталушы жергілікті жұрт “бесінші ” деп атайтын тергеу изоляторында. Соттың баспасөз қызметі “Керек. info” тілшісіне алдын ала тергеу барысында анықталған жайттар туралы хабарлады. Соған қарағанда, Мейіржан Өндіргенов бұрынғы әріптесі Бауыржан Пірмановтан “ Емшан” компаниясына қарасты “Ақжол ЛТД ” ЖШС капиталының 10% үлесін бопсалаған. Сондай-ақ, ол 2012 жылғы 23 маусымда Бауыржан Пірмановтың «Митцубиси L 200» маркалы көлігін бөтен біреудің атына жазуға мәжбүрлеген. Пірмановтар отбасы ұзақ уақыт бойы психологиялық қысым көрген, қоқан-лоқы жасалған делінген хабарламада.

    1 маусым күні “Мейіржан Өндіргеновтен зәбір көрдік” деген бір топ адам баспасөз мәслихатын өткізді. Олардың арасында Бауыржан Пірманов та бар.
    -“Ақжол ЛТД” ЖШС тең құрылтайшысы болған кезімде Өндіргенов екеуміздің арамызда салық жөнінде келіспеушіліктер болған. Ол түскен кірісті жасырып қалғысы келді. Табысты қолма-қол қаржыға айналдыратын “Баян XXI” ЖШС аударуға мәжбүрледі. Сол себепті жұмыстан кеттім. Қаржылық айла-шарғыларын білгенім үшін мені екі жыл бойы қудалап келді. Одан бөлек жеке меншігімдегі «Митсубиси L 200» маркалы автокөлікті бөтен біреудің атына аударып беруге мәжбүрледі,-дейді Бауыржан Пірманов.

    Баспасөз мәслихаты кезінде Бауыржан Пірманов өзінің мүдделі тарап ретінде тергеу материалдарымен таныс екендігін айтты. Соған сүйене отыра Мейіржан Өндіргеновтің үйін тінту кезінде аса көп мөлшерде қаржы табылғандығын, оны ақша санайтын машинаның 5 сағат бойы есептегендігін жеткізді.

    Журналистерге “кәсіпкерден мен де зәбір көрдім” деген тағы бір азаматтың аты-жөні - Нығметбай Ермаханов. “Емшан” компаниясына тиесілі “Автопарк” ЖШС-нің бұрынғы көлік жүргізушісі Өндіргеновпен көптен бері соттасып жүргенін айтады. Нығметбай Ермаханов “Автопаркте” 2004-2009 жылдардың аралығында жұмыс істеген. Айтуынша, Мейіржан Өндіргенов оны қызметкерлер үшін Жаңақоныс ауылынан тұрғызылған үйден қыс ортасында қуып шыққан.
    - Келінімді, әйелімді ұрды. Немеремді лақтырды. Үш миллион жалақымды алды. Өздерінен сатып алған автобусымды да тартып алды,-деді ол.
    Баспасөз мәслихатына “Автопарк” ЖШС автобус жүргізушілері де келді. Жиналған жүргізушілердің жалпы саны он шақты адам. Олардың үшеуі сөз алып, еңбекақыға қатысты наразылықтарын білдірді. Сөздеріне қарағанда, жүргізушілер күн сайынғы жоспарды орындай алмағандықтан компанияға қарыз боп қалған. Осыдан келіп жалақыларын ала алмай жүр.

    - Мен №26 автобустың жүргізушісімін. Жоспар бойынша күн сайын 32 мың теңге тапсыруымыз керек. Жанар-жағар майды өз ақшамызға аламыз. Осыдан келіп жоспар орындалмай қалады. Әрі №15 бағытта жүргізуші болған кезден қалған қарызым бар екен. Сондықтан жалақысыз жүрмін. Жоспарды орындаймын деп жанталасып жүріп, екі рет жүргізуші куәлігімнен айрылдым. Отбасымызды асырау үшін кондуктор екеуміз 3 мың теңгеден алып, қалғанын тапсырамыз. Жұмысқа тұрған кезде маған күніне 5 мың теңге береміз деп уәде еткен еді,-деді Мейрамбек Өтепбергенов.

    Жүргізушілер күн сайын жиналатын 30 мың теңгенің жартысын ғана кассаға тапсыратындарын айтты. Қалғанын диспетчерлер автобус тұрағынан жинап әкететін көрінеді.
    Баспасөз конференциясына философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов та қатысты. Профессор Өндіргеновті “жергілікті телеарналардың біріне сұқбат беру кезінде ұлтаралық араздықты қоздырды” деп айыптап отыр. Оның пікірінше, мұндай адам “Нұр Отан” партиясының атынан облыстық мәслихат депутаты болмауы керек.
    Осылайша баспасөз мәслихатында Мейіржан Өндіргеновке бір емес, төрт тарап қарсы шықты. Ал облыстық соттың баспасөз қызметі депутатқа ҚР Қылмыстық Кодексінің екі бабы бойынша айып тағылғандығын хабарлады.

    Мейіржан Өндіргеновке тергеу Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлімі 2 тармағы бойынша және 115 бабы бойынша айып тағып отыр. Егер айыбы дәлелденсе, кәсіпкердің мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұған қоса 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

    Жұрт назарын бірден аударған бұл іс бойынша тағы бір адам тұтқынға алынды. Ол - мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері Елдан Кузеев. Тергеу оны “Мейіржан Өндіргеновпен ауыз жаласып, қаржылық құйтырқы жасауына көмектесті” деп айыптап отыр.

    Елдан Кузеев салық департаментінде 2010-2012 жылдар аралығында басшылық қызметте болған.
    “Өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланған ол 2010 жылы бір топ адаммен алдын-ала сөз байласа отырып, Астанада үшінші бір адамның атына ЖШС тіркеткен. Бұл кәсіпорын арқылы Мейіржан Өндіргенов басқарған “Емшан” компаниясы ақшаны қолма-қол қаржыға айналдырған. Екі жыл ішінде «Баян XXI» ЖШС мемлекетке ірі көлемде шамамен 52 200 000 теңге (қосымша құн салығы 12%),- 87 000 000 теңге (ұжымдық кіріс салығы 20%) залал келтірді. Кузеевтің Ақтөбедегі пәтерін тінту кезінде «Баян XXI» ЖШС-нің құрылтай құжаттары тәркіленді” делінген облыстық соттың ақпаратында.

    Қазір Мейіржан Өндіргенов, Елдан Кузеев және басқа да осы іске қатысы бар азаматтар тергеліп жатыр. Айта кетелік, кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов жетекшілік ететін «Емшан» компаниясының «Автопарк» ЖШС Ақтөбеде жолаушылар тасымалымен айналысады. Ол 2012 жылы Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. Мәслихаттың сайтындағы мәліметтерге қарағанда, 22 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облыстық мәслихат депутаты 2 айға тұтқынға алынды
  • Мектеп директоры 30 млн теңге айыппұл төлейді
  • Қаржы бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп айыпталуда
  • Әскери – техникалық мектептің есепшісі тұтқынға алынды
  • Шенеуніктерге сот үкімі шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге