Кейіпкер - Керек.info қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің интернет нұсқасы

Су әлемінің сарбазы
Сағадат Елтайұлы - 18 жасынан бастап жедел құтқару жасағында сүңгуір болып жұмыс істейді. Ол 21 жыл ішінде суға батып бара жатқан 30-дан аса адамды құтқарып қалған. Ол 80-ге жуық адамның денесін судан алып шыққан. Құтқару кезінде ол өзін ұмытып, адамдардың жанын аман алып қалуды  ғана ойлайды.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Сағадат  Бердіғалиев 21 жылдан бері Ақтөбе облысы ТЖД  “Жедел құтқару жасағында”  сүңгуір болып жұмыс істейді. Бала кезінде су астындағы тіршілікті теледидардан көріп, қызыққан.

Ағам құтқарушы болатын. Бір күні ағамның жұмысына еріп бардым. Ағам менің көзімше, үш адамды судан құтқарып қалды. Сол кезден бастап құтқарушы мамандығына қызығушылығым оянды. Ағам “сүңгуір болғың келе ме” ,-деді. Мен бірден келісе кеттім. Тіпті жалақысына да қараған жоқпын.  Ол кезде қазіргідей жағдай жоқ. Бір құтқару пунктінде барлық қызметкерлерге екі баллон, екі костюм болатын. Соны алма-кезек киетінбіз. Содан үш ай курстан өттім. Әбден машықтанып, су астына түсуге рұқсат алдым.  Судың астындағы тіршілік басқаша. Бізді өзгелер судың астында жүзеді деп ойлайды. Жоқ, жүзбейміз, жүреміз. Беліңе арқанды байлап, костюміңді сайлап су астына түсесің. Бастысы, сигналды жаттап алу керек. “Екі тартып, бір сілку ” қандай сигнал екенін  ұйықтап жатқан жеріңнен оятып сұрағанда кідірместен айтуың керек. Ол халықаралық сигнал.

Сағадат Елтайұлы -1 санатты сүңгуір. Оған  60 метр тереңдіктегі суға түсуге рұқсат берілген. Бірақ Ақтөбеде ондай тереңдіктегі су жоқ. Ақтөбе, Қарғалы су қоймасы әрі кетсе 20-25 метр тереңдікке жетеді. Судың астына күн сәулесі жетпейді. Тіпті  10 метр тереңдіккке түскеннің өзінде, дым көрінбейді. Біз судың астынан денені іздегенде, түрін көрмейміз. Денені қолымызбен ұстап, білеміз. Суға батып кеткен адамның тірі қалмайтынын білсек те, ең болмаса денесін тапсақ деп тілейміз.

Ең ауыры - баланың денесін судан алып шығу

Сүңгуірлер  уақытпен санаспайды. Түнде де  мұздай су астына түсе береді. Бірде кезекшілікте отыр едім, Қобдада бала суға кетіп қалғаны жайлы хабарлама келді.  Түнделетіп Қобдаға бардық. Көпір үстінде халық лық толы.  Бәрі үмітпен  суға қарап тұр, Қолдарында жарық шамы. Дала тастай қараңғы. Суға түсіп, баланы денесін алып шығу керек болды. Түнгі 1-лер шамасы. Су асты қараңғы. Менің қолымда жарық шамы бар. Бірақ ол лай суда көмек бере алмайды. Су астында 20 минуттай жүріп, 5  метр тереңдіктен денені тауып алып, жағаға шығардым. Мен үшін ең ауыры-баланың денесін судан шығару.

Баласын құтқарып қалған ана

Ана мен баланың махаббаты - таза, шынайы сезім. Оны ештеңемен салыстыруға болмайды. Тіпті өзінің дәм-тұзы таусылатынын сезсе де, баласының тірі қалуы үшін жанталасқан ана оқиғасы әлі күнге есімнен кетпейді.

Қобда ауданында ер адам   көлігімен құдалықтан келе жатады. Қасында әйелімен баласы болған. Көпірде өте бергенде көлігімен суға секіріп кетеді.  Күйеуі жүзіп шығып, аман қалады.

Бір бөлменің көлеміндей ғана су болатын. Аман қалған баланың айтуынша, анасы оны көліктен шығарып, тірі қалу үшін итеріп жіберген. Сосын “қош бол!”,-дегендей қолын бұлғаған. Біз көпір астындағы су кішкентай болғанға су таяз деп ойладық. Судың астына түссем, терең екен. Тереңдігі 10 метрден асады. Су астынан көлікті таптық, төңкеріліп жатыр.   Оны әрең дегенде шығарып алдық. Әйел көлік ішінде шығар  деп едік, онымен болмай шықты. Су мұздай. Басында жазғы костюммен сүңгідім. Тоңып қалғасын, жаздың өзінде қысқы костюмді киюге тура келді. Қайта су астына түскенде,  көлік қасынан  5 метрдей жерде әйелдің денесі жатыр екен. Көліктен шығып үлгерген. Бірақ демі жетпей қалған болуы керек.

Су астындағы өмір

Сүңгуір - құтқарушы болу оңай емес. Қауіпті мамандық болғанымен, Сағадат өз саласының тәжірибелі маманы.  Суға түсетін костюмнің салмағы барлық жабдығымен 50-60 келіге дейін тартады. Соған қарамастан ол су астында өзін еркін сезінеді. Бастысы, ағысқа  төтеп беріп, су астында кездескен қиындықтарды жеңіп шығуы керек. Жылдың кез -келген мезгілінде судың астына түседі. Олар теориялық базадан бөлек, практикалық дағдыны да меңгеруі қажет.  Су астындағы қозғалыс белгілі бір жолмен жүзеге асады

-Сүңгуір декомперссия ережесін қатаң сақтауы қажет. Сүңгу алдында өзіңде судың астына толық дайындап, арнайы процедураларды сақтауға тиіссің.  Суға батып кеткен адамды судан алып шығару психологиялық тұрғыдан қиын. Бүгін батқан адам судың астында жатады. Денені тапқаннан кейін арқанды үш рет тартамыз. Бұл бізді шығар деген белгі. Судың астында салмақ аз болса,  сүңгуір жүре алмайды. Айда жүрген сияқты теңселіп қаласың.  Судың астынан шығарған адам ісінбейді. Денесі ірі адам  болса да, судың астынан шығарғанда салмақ сезілмейді.

Адам суға батып кетті делік.  Ешкім көрмеген, бірақ жағада киімі жатыр. Бұл жағдайда сол маңайды аумаққа бөліп алып, іздей бастаймыз. Бірнеше күн іздестіру жұмыстарын жүргізгенімен, нәтиже бермеуі мүмкін. Бес күн өткен соң, адам денесі ісініп, судың бетіне шығады. Кішкентай қателік кетсе, өзің де судан шыға алмай қалуың мүмкін. Ең алдымен, сүңгуірге сенімділік пен төзімділік қажет.  Осы арқылы су астындағы қиындықты жеңесің.

Алғашқы қобалжу мен қорқыныш

Осыдан бірнеше жыл бұрын “Мал базары” ауданы маңайында 25 мамыр күні мектеп бітіруші түлек  суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Алдымда сүңгуір ретінде алғашқы жұмысымды орындау міндеті тұрды.  Басында менде қобалжу, қорқыныш болды. Бұл менің су астындағы алғашқы жұмысым болатын. Судың астында денені тапқанда қорқыныш болды. Баланың денесіне қолым тигенде бойым дірілдеп, артқа қарай екі қадам шегініп кеттім. “Ештеңе ойлама, бұл сенің жұмысың”,- деп өз-өзімді қолға алып, денені судан алып шықтым. Суға батқан үш адамның денесін шығарғаннан кейін қорқынышымды жеңдім. Әрине, адам денесін судан шығару оңай емес. Туыстары көз ілмей, су жағасында күтіп отырады. Үмітпен қарап, тірі қалатындай сезінеді. Бірақ ол мүмкін емес.

“Алаңсыз жүргенім - ата -анамның арқасы”
Ол әдемілікті жақсы көреді. Сағаттап дүкен араласа да, жалықпайды. Өз пайдасын емес, жұрттың мүддесін  көбірек ойлайды. Жұмыс барысымен аяғы баспаған аудан жоқ. Алайда арманы - Ырғыз-Торғай резерватын алаңсыз аралап  көру. Үш қыздың еркесі.  Әріптестері  өз арасында оны әзілдеп,  “телефон анықтамалығы” деп атайды. Ол -Еуразия  телеарнасының журналисі,  “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Ақбаян Сұлтанмұратова.

Президенттің қолынан “Ерен еңбегі үшін” медалін  алғанда ерекше сезімде болдым. Еңбегіңді ескеріп, елегені жақсы екен. Менің осындай деңгейге жеткенім ең алдымен  ата-анам үшін  маңызды дер  едім. Өйткені менің   журналистикада  алаңсыз  жүргенім - ата -анамның арқасы. Мен күн -түн демей, қалаған уақытымда  сьемкаға шығып кетемін. Ата-анам мені қай уақытта келсем де күтіп отырады. Тамағымды дайындап қояды. Кез-келген жұмыста алаңсыз болған адам  өзінің жұмысын жақсы істей алады. Сол себепті медальды алған бойда  ең бірінші қуанышымды ата-анама бөлісем деген ой болды. Телевизия саласы - командалық жұмыс. “Ерен еңбегі үшін» деген  медаль жалғыз маған берілген жоқ. Мұның ішінде  11 жыл бойы бірге жұмыс істеп келе жатқан оператор Марат Ақажановтың да,  басқа шығармашылық ұжымның да үлесі бар.

Ырғыздың қызымын. Әке-Шешем  Құмтоғай ауылынан. Олар  1982-1983  жылдары  жұмыс бабымен Тәуіпке көшеді. Әкем прораб болса, анам мектепте жұмыс істеген. Мен сол жерде дүниеге келдім.  Нағыз ойын баласы болып өстім. Үш қыздың кенжесімін.  Еркемін. Қазір де әке -шешем бар жағдайымды жасағандықтан жұмысқа бар  уақытымды  арнаймын.  Әлі есімде, теракт кезінде  күн-түн демей жұмыс істедік. Үйге соғып, киім ауыстыруға  уақыт таппайтын едік. Үйден футболкамен  шығып кетемін. Алайда стендап  (тілшінің кадрға шығып сөйлеуі-ред) жазу кезінде  киім стилін ауыстыруға тура келеді. Сол кезде әкем  мен анам жұмысқа  пиджагымды үтіктеп әкеп беретін. Тамағымды да әкеліп, бар жағдайымды жасайды. “Мектеп кезінен журналист болуды армандадым” десем өтірік болар. Жоғары сыныпта М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатта оқып жургенде журналистика факультативіне қатыстым. Марқұм журналист Айдош Шөкіш ағамыз сабақ беретін.  Ол кезде ауылдан келіп, әлі жаңа ортаға сіңісе алмай жүрген кезім еді. Ең алғаш рет   лицей газетіне  ауылға деген сағынышымды сипаттап  2 беттік  мақала жазғаным есімде. 1999  жылы Қ. Жұбанов атындағы университетте журналистика кафедрасы ашылды. Сонда оқуға түстім. Танымал журналистер  Құралай Қуатова, Сәтжан Дәрібай, Баян Сәрсенбиналар сабақ берді. Сол кезде  Алтын орда газетінің “Бұқара” бетіне университет туралы 30  жол  мақалам шыққан. Соңында “Ақбаян Сұлтанмұратова” деп жазылып тұрды. Оны көріп, өзімді жартылай жұлдыз секілді сезінгенмін. Кейін “Ақтөбе” газетінде өндірістік тәжірибеден өттім. Соңғы  курстың 2 семестрінде марқұм Әмір Оралбай ағай мені жұмысқа шақырды. Сабақтан кейін  жұмысқа асығатын едім.

Ақтөбенің журналистикасында бәсекелестік орта бар. Республикадағы журналистикасы дамыған  үздік өңірлердің үштігіне кіре алады деп айта аламын. Өзге өңірлермен емес, айналаңды әріптестеріңмен бәсекелестік бар.  Мен өзімді барлық салада байқап көрдім. Алайда жаныма жақыны - телевизия саласы дер едім. Өйткені менің табиғатыма келеді. Қазір журналистика өзгерді. Цифрлық, жеделдік екі  есе артты. Бүгінгі  ақпарат екі сағаттан соң  маңызды болмауы мүмкін. Сондықтан  бұрынғыдай асықпай, арқаны кеңге салып жүре алмайсың.  Ақпарат  көз ілеспей дамып жатыр. Оның ағынына ілесуің керек. Телевизия саласы мені  жедел ақпарат беруге , жинақылыққа үйретті.

Журналистикада бізді “не? қайда? қашан?’деп үйретті  ғой. Мен сол принциппен жұмыс істеуге тырысамын. Әр журналистің ақпарат алатын көздері  болады. Оны ешкім ешкімге айтпайды. Қай жерге барсам да  адамдардың телефонын сақтап алуға тырысамын.  Қазір оқырман талғампаз. Кей тұста “бұл жағдай басқаша еді” деп өз ойларын айтып жатады. Алайда  ақпараттың тексерілген, екі жақты болуы маңызды. Журналистиканың өз принциптері  бар. Соған сай ақпарат таратамыз. «Кім ақпаратты білсе, сол әлемді билейді» деген сөз бекер айтылмаған. Журналистика мені өтірік пен шынның аражігін ажыратуға үйретті. Ақпараттық гигиенам жақсарды. Көп ақпаратты білген соң туыстарыңа да жол көрсетесің. Жаңалықтарды дер кезінде беретіндіктен,  шапшаңдық, жылдамдық секілді қасиеттер қалыптасты. Алайда шыдамсыздығым, сабырсыздығым бар. Кейде бұл  қасиеттерім өзіме кедергі болатындықтан, “орта жолды” ұстанғым келеді.

Журналистикада жүргеніме 21 жыл болыпты. Түрлі тақырыптарды қозғайсың. Алайда әлі күнге дейін балаға жасалған әлімжеттік, әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықты ауыр қабылдаймын. Көп нәрсені көргендіктен, етің үйреніп кететіндей көрінеді. Бірақ  олай емес екен. Мұндай ауыр тақырыптарды қозғағанда жүрегіммен қабылдап, үйге моральдық тұрғыда шаршап қайтамын.

Бізге көп адамдар хабарласады. Кейде  эфирге бере алмайтын,  тек аймаққа тән шағын  ақпараттар болады. Бірақ  қандай мәселе болса да, аяқсыз қалдырмауға тырысамын. Жауапты басшыларға қоңырау шалып, мәселені  шешуге ұмтыламын. Карантиннің кезінде Ырғыздың  бір шалғай ауданынан  хабарласты. Ол кезде  балалар онлайн оқиды. Бюджеттен ақша бөлінген. Алайда интернет тартылмаған екен. Шалғай ауыл болғандықтан бармадық. Аяқсыз қалдырмау үшін  облыс әкімінің орынбасарына хабарласып, жағдайды айттым. Кейін көктемгі су тасқыны кезінде  Ойылдың тұрғындары хабарласты. “Мектептің шатырында отырмыз, су көтеріліп жатыр”  деді. Өздеріне көмек керектігін, вертолет жіберуін сұрады.  Ол кезде өзім көпірді су шайып, Ырғыздан шыға алмай қалған едім. Ертесіне  “Ақбаян , бізге тікұшақ жіберген, рақмет” деп  хабарласты. Мүмкін, ол кезде дәл мен айтқасын жібермеген болар. Бәлкім,  вертолет жел болғандықтан, қона алмаған шығар(күледі-ред). Алайда  халыққа осылай пайдаң тигенде, кәдімгідей қуанасың.

Журналистикада жүргенде түрлі қызықтар болады. Бір жылдары  “Қазақстан -Ақтөбе” телеарнасында жүргенде әріптесім Талғат Құспаев екеуміз  тікелей эфирде таңғы хабарды жүргіздік.  Оператор ірі планмен түсіріп жатқан. Күтпеген жерден әріптесімнің артында тұрған  декорация құлап кетті. Алайда  Талғат Құспаев сөз тауып, ыңғайсыз  жағдайдан  шығып кетті. Режиссер де жарнама беріп үлгерді. Тағы бірде  Ақтөбедегі  ПОШ ғимаратына  департамент басшыларының бірінен өзімізге қажетті ақпарат бойынша түсініктеме алуға бардық. Хатшысынан сұрасақ, “басшы іште жоқ” дейді. Сөйтсек, басшысы кабинетті ішінен  құлыптап алған екен...

Журналист болмағанда,  киім дизайнері болар едім. Өйткені әдемілікті жақсы көремін. Алысқа кетіп, геолог, математик не ғалым болатын едім  деп айтпас едім. Не болса да шығармашылықтың айналасында жүретін едім. Өйткені бір нәрсенің соңында ұзақ жүре алмаймын. Журналистика өмір сүру принциптерімді өзгертті десем болады. Телевизияда барлығын 20 секундқа сыйдырасың ғой. Соған үйреніп қалғанмын. Адам әңгіме айтып жатқанда мәселесін басында айтпаса, ақырына дейін  тыңдауға  шыдамым жетпейтіні бар. Мәселе болса, тез шешімі болуы керек. Еріншекпін. Бір нәрсені табандап, ұзақ жасауға жоқпын. Дедлайнға үйренгенмін. Әр нәрсені  уақытында жасауға тырысамын. Жұртты да дызылдатып, асықтырып боламын.

Жұмыс барысымен аяғым баспаған аудан жоқ екен. Алайда бос уақытымда Ырғыз -Торғай резерватына  барып, асықпай аралап көргім келеді. Кейде қасымыздағы әдемі жерлерді көріп, алаңсыз демалғанның өзі керемет екен. Қазір көп жұмыс істеймін. Тез жалығамын. Бірақ болашақта асықпай Қазақстан мен Еуропаны  аралап, саяхатқа көп көңіл бөлгім келеді. Ең басты арманым-олимпиаданы көру. Қазақстан боксшыларының, гимнастшыларының финалдағы  жеңісін тамашалағым келеді. Ауылда  өскендіктен қарапайым ауыл адамдарын, мамыражай тіршілікті  аңсаймын. Болашақта  ауылдағы ерекше кейіпкерлер жайлы қысқа метражды  фильм әзірлегім келеді.

Өзімді мемлекеттік қызметтен көрмеймін. Табиғатым келмейді.   “Астанаға кетесің  бе?” деп сұрайтындар көп. Бірақ қазіргі жұмысым ұнайды. Бәлкім, жақсы ұсыныс болса, ойым өзгеріп қалар...Бұған дейін  Ақтөбедегі  мұнай-газ компаниясында  2, 5 жылдан аса  баспасөз қызметінде жұмыс істедім. Ол кезде жалақым  жергілікті БАҚ жұмыс істейтін журналистердің көбінен жоғары болды.Алайда жергілікті Рика телеарнасына жұмысқа шақырған кезде айлығы  аз болғанына қарамастан, бірден келістім. Кеңсенің адамы емес екенімді түсіндім. Өйткені бір орнымда  отыра алмайтын, тынымсыз адаммын. Демалыс күні де үйде бір орнымда қарап отыра алмаймын.

Менің хоббиім-дүкен аралау. Көбіне жаяу жүргенді жақсы көремін. Бос уақытымда жиендеріммен, отбасыммен демалғанды ұнатамын. Ең басты хоббиім-шопинг. Жұмыстан шаршағанда  дүкен араласам, өзімді керемет сезінемін. Тіпті киім алмасам да дүкен аралап жүргенді жақсы көремін.  Мен “хоббиім - тамақ әзірлеу” дейтіндерді түсінбейді екенмін.  Өйткені айына бір рет не  екі -үш айда бір рет тамақ істеуім мүмкін. Ең жақсы көріп, жасайтын тамағым - вафли пісіру. Барлығын көз мөлшермен  жасаймын. Алайда үйдегілер де, тумаларым да таң қалады. Менің байыз тауып, асықпай  істейтін жұмысым тек сол ғана екен (күледі-ред.).

Сұхбаттасқан Жансая Есмағанбет

«Қобыланды» қыз іздейді
Ол – бойынан өнердің сан қыры табылатын адам. Ол – электрик. Ол – құрылысшы. Ол – өз жолын жиырмадан асқанда ғана тапқан актер. Ол – көпшіліктің көңілінен Қобыланды образымен орын алды. Ол – жайдарманшы, футболшы. Ол – өзінің өмірлік жарын іздеп жүрген, әдемі сөйлей алмайтын жас әртіс. Ол – Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры қазақ труппасының актері Әділет Мұхтар.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

- Театр көрермендері, Ақтөбе жұрты сізді Қобыланды батырдың рөлі арқылы таныды. Бұл сіздің алғашқы рөліңіз бе?

- Ең алғаш осы Қобыланды батыр образы бұйырды. Дина Жұмабай режиссер болды. Қобыландының жанындағы үш әйелдің өміріне қалай әсер еткені туралы. Егізі Қарлығаш, әйелі Құртқа және Көбіктінің қызы Қарлыға үшеуінің арасында  Қобыланды мүлдем басқа қырынан танылады. Режиссер бірден «Баяғы классикалық батыр бейнесін көрсетпейміз» деді. Соңында барлығының алдындағы уәдесін орындаған Қобыланды жалғыздыққа, тыныштыққа кетеді. Былтыр күзде  Өскемен қаласында өткен Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылған фестивальге қатысып қайттық.  Батырлар жыры ретінде қатысу мүмкіндігі туды. «Үздік спектакль» номинациясын иелендік. Ол менің жетістігім емес. Ол  ресжиссердің жұмысының жемісі.

- Телеарнаға берген сұхбатыңызда Қобыланды бейнесі маған мүлде қарама-қарсы депсіз?

- Қобыланды образы бір жағынан келетін де сияқты. Бірақ мен өмірде агрессияға жоқпын. Кикілжіңге бармаймын. Қырғынды жақсы көрмейтін болғасын солай деген шығармын. Содан  кейін «Махаббат бекетінде»  Оралды сомдадым. Ол кезде де кішкене ұқсастық бар сияқты дегенмін. Бірақ кейін қарасам мен соншалықты романтик те емес екенмін. Қызға келгенде кері тартып қалатынымды ұқсатқан шығармын.

- Театрға қалай тап болдыңыз?

- Мамамның музыкалық білімі бар. Дәстүрлі әннен сабақ береді. Сол кісіден қанмен келген шығар. Мектеп кезінен өлең айтып, домбыра тарттым. Сахнаға шығып жүрдім. Хорға, биге қатыстым. 9 классты бітіргесін АПК-ға түстім. Автоматтандыру және басқару мамандығының үшінші курсында жүргенде Астанадан шақыру түсті. Үлкен бір компания 3 тілде оқытады екен. Сол кезде Ақтөбедегі оқудан сырттайға ауысып, Астанаға кеттім. 1 жыл құрылысшы мамандығы бойыша білім алдық. Колледждің төртінші курсына келгенде Астанада ЭКСПО ғимараты салынып жатты. Сол жерде жарты жыл ресми жұмыс істедім. Сол уақытта ән айтып, караокеде де жұмыс істеген едім. Ақтөбелік балалармен танысып, солар арқылы Шабыттың барын білдім. Өнер университеті туралы естіп, бағымды сынап көрдім. Барған бойда өз ортамды тапқанымды түсіндім. Мен айналысатын, ұнататын дүниенің бәрі сол жерде бар болып шықты. Ұнады маған. Физикалық дайындығың, ән, би, жүріс-тұрыс, топтық жұмыстың барлығы өзіме жақын болды. Қазақ ұлттық университетінде Шабытты бітірдім. Меруерт Өтекешова шеберханасында Бекболат Құрманғожаев ағайдан сабақ алдық. 2017-2021 жылдар аралығында оқып, Ақтөбеге келдім. Бірге оқыған жігіттер жұмыс істеп жатқан. Солармен хабарластым. Ақтөбеде көбісін танымаймын, графиг қалай, бұрын жұмыс істеп көрмегенмін. Соның бәрін сұрастыра бастадым. Үйдегілер де мамандық бойынша жұмыс істегенімді қалады. Өзім кіргім келген жоқ. Жаңа жылдың алдында театрға келіп, жұмыс істеп көрдім. Басында штат болған жоқ, келсім шартпен кірдім Қаңтарда «Қобыландыға» дайындық басталып кетті. Дина Жұмабай мені басты рөлге алып қойды. Содан кірісіп кеттік. Кейін Оралдың рөлін алдым. Ол рөлдер болмағанда мүмкін мен жұмыстан шығып кететін бе едім?!  Әзірге келгеніме өкінбеймін.

- Ақтөбеге неге қайтып келдіңіз?

- Ата-анамның шақыртуымен келдім. 2015 жылы Астанаға кетіп қалдым. 8 жыл сол жақта тұрып, 2023 жылдың соңында келдім. «Үйге қайт, үйлен» деді. Үйлеген жоқпын. Жоспарым үйлену болып тұр. Таңдау тым көп. Қайсысын таңдарымды білмей жүрмін. Әзілдеймін! Маған қателесуге болмайды. Қазір көп достарым қателесіп жатыр. Маған мүлде болмайды. Үйдің жалғыз ұлы, үлкенімін. Екі қарындасым бар. Әкем де әулеттің үлкені. Сол үшін асықпай ақылмен шешу керек. Ата-анам өздері де кеш үйленген. Папам үйленген кезде 30-да болыпты. Жалпы жар таңдағанда қателеспеген дұрыс қой. Қазір асығып таңдап, 1 жыл тұрып, ажырасып, бәрін бүлдіргім келмейді. Баппен таңдап жүргенім де содан шығар.

- Қандай қыз іздеп жүрсіз?

- Бойы ұзын, шашы қысқа... Олай емес. Екінші жартым болу керек қой. Дәл мен сияқты. Тек мен сияқты жайбасар болмау керек. Адамдармен тез тіл табысқанын қалаймын. Ортада өзін ұстауы, сөйлеуі, жүрген жерге сай әңгіме айта алуы маңызды. Менімен қатар кейбір адамдарды көргенде таң қаламын. Өзін қай жерде қалай ұстауды білмейтіндер бар. Таным көкжиегі кең болса құба-құп. Бұрын меннен ақылды болса деп ойлайтын едім. Бірақ қазір түсінгенім қыздардың бәрі ақылды. Тек басқаша болып көріне салады. Негізінде тізбектеп, былай-былай деу артық. Мен ұнатып қалсам ештеңе маңызды болмайын деп тұр. Қалғаны менің қолымдағы нәрсе. Реттеп, көңілін табуға барымша тырысамын.

- Әртіс әдебиетті білуі керек пе?

- Иә. Тарих пен әдебиетті оқып, білуі керек. Бірақ мен кітап оқымаймын. Мен поэзия білмеймін. Әрі кетсе 1 өлең шығар оны да толық білмеуім мүмкін. Менің кітап оқымағаным маған кедергі болып жатқан жоқ. Тарихтың да әрі кетсе негізін білермін. Уақыт өте оқуға қызығатын шығармын. Қызығушылықтан бұрын ойым өзгеретін шығар. Дәл қазір ойым басқа жақта.  Әлемді тануым керек болып жатыр. Жан-жағымдағы болып жатқан дүниелерге, психологияға, адамдар мен ғылымға қызығамын. Әлі әлемді тану үстіндемін. Сондықтан бірдеңе деп айта алмаймын. Жалпы рухани әңгімеге жоқпын. Жәй ғана сөйлесе аламын.

- Актер біткеннің бәрі әдеби сөйлегеніне үйрендік қой. Сіз жайдарманда ойнадыңыз. Театр әртістерінің жайдарман ойнауына қарсылықтар болған жоқ па?

- Актер мамандығына кәсіби оқып жатқандарға мұғалімдері тойға, жайдарманға шығуға рұқсат етпейді деген нәрсе бар. «Халтура» деп айтады. Жеңіл нәрсе, сахнада қалай болса солай жүреді деген түсінік бар. Біздің мұғалімдеріміз жақсы қарады. «Ән айтсаңдар, айтыңдар. Мүмкін әнші болып, жұлдыздарың жанып кетер» дегендей. Меніңше, бұл түсінік бізге дейін болған сияқты. 3 курста оқу дұрыс болған жоқ. Карантин басталып кетті. Бірақ біздің нәтиже де жаман болған жоқ. Республикаға танымал болдық. «Шабыт» командасы екі топтың студенттерінен құралды. Екінші топтың ағайлары қатал адам еді. Сол кісінің өзі қарсылық танытпады. Түсінді, қолдады, сондықтан жеңіл болды. Оқуға кедергі жасамаса тойға да шығуға болады. Жайдарманда да актерларға жақсы, сыйластықпен қарайды. Жайдарманнан кейін «Динара Сәтжанмен сөйлестің бе?» деген сұрақ көп қойылды. Сөйлескен жоқпын. Бірақ сахнада сол кісіге қатысты әзілдер көп болды.

Жалпы бәрі былай басталды. «Шабыт» жайдарманға қызығып жүрді. Мен Сұлтан деген досыммен ән айтып жүрдім. Қазір Қалыбек Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық драма театрының актері, композитор.  Жайдарманшы жігіттер бізге келіп, «Шабытты» фестивальге Ресейге шақырып жатқанын айтты. Демеушісі бар. Ән айтатын адам керек деп ұсыныстарын айтты. Біз қуана келістік. Бірақ карантин басталып кетті де бізді жібермейтін болып қалды. Сол сәтте  жетінші арна «Jaidarman Cup» деген жаңа жобасын бастап жатыр еді.  Балалар бізді қосты. Материалын жазып жатқанда, дайындықта кентавр образы шығып, редакторлар осыдан бірдеңе шығатын сияқты деді. 1 рет шығып көрдім.  Маған өте көп назар аударды. Әрі қарай осы өтімді әзілді ұстап алып, мен және Динара Сәтжан арқылы материалымызды құра бердік. Көрерменсіз ойнадық. Шақырса қайтып барғым келеді. Қазір мен ойнаған «Шабыт» командасының қыз-жігіттері «Жан» деген театр ашты. Жақында Ақтөбеге келеді.

- Футболдағы жұлдызыңызды да жаққан жайдарман ба?

- 16 жасыма дейін Ақтөбеде кәсіби түрде футбол ойнадым.  Одан кейін Астанаға оқуға түскесін футбол қалды. Астанада көп ойнамай кеттім де карантин уақыттарында «Жұлдыз лига», «Медиа футбол»  дегендер басталды.  Командалардың құрамында блогерлер, жұлдыздар, жайдарманшылар болды.  Шабытта жүргенде Есен ағалар байқап, мені жайдарман құрамасына шақырды.  Көптен сағынып ойнағасын өте күшті сезіммен ойнадым.  Ерекше ынтызармен кіріскесін нәтижем де жаман болмады. Осы жайдарманның арқасында 1 жыл Қазақстанды толық дерлік аралап шықтық. Небәрі 1 жылда бала кезімде орындалмай қалған армандарымның бәрі орындалды. Қазақстанның ең басты стадиондарында ойнадым. Матчқа дейін, кейін жасалған жағдай, тікелей эфирде көрсеткені, жанкүйерлер, кішкентай балалардың футболка, автограф сұрағаны бәрі-бәрі бір кездегі бала арман еді. Бір өкініштісі сол уақытта қатты салмақтан екі тіземді ауыртып алдым. Қазір футбол ойнап жүрген жоқпын. Ойнауға болады бірақ сенімсіздік бар. Емдеу керек. Тағы мүмкіндік болса тағы ойнар едім. Шақырса дайынмын.

- Өзіңізді болашақта қай салада көресіз? Жаныңызға шын рахат сыйлайтыны қайсысы?

- Жайдарман ойнадым, Астанада жұмыс істегенде бэндтерде өлең айтқанмын. Вокалистпін. Жайдарманмен қатар футбол ойнадым. Диджей болдым. Жүргізуші, актер, биші болып та көрдім. Сахнадағы барлық позицияны байқап көріппін. Бәрінен де музыка жасаған ұнайтынын білемін. Диджей болғанда барынша рахаттанып, көптің көңіл-күйін бақылай алатыным ұнайды. Бірақ ол басқаларын ұнатпаймын дегенді білдірмейді. Әр нәрсенің  өз ләззаты бар. Ең, ең дегені осы. Мен алға жоспар құрмайтын адаммын. Менің өмірім толығымен – импровизация. Келесі жылы бүйтуім керек, осылай жасаймын, 5 жылда бүйтем деп жоспар құра алмаймын. Ағыспен бірге жүземіз.

- Ақтөбеде жүріп әртіс болу мүмкін бе?

- Мүмкін. Тәуекелшіл болмасаң өнерге жоламаған дұрыс шығар. Мектептен кейін үлкен қала көру ер бала үшін өте маңызды деп есептеймін. Ақтөбеден әлі шығып көрмеген адамдар бар. Олар бәрін Ақтөбедегідей қабылдайды. Адам бір жерде қозғалыссыз тұрса, таным көкжиегі тарыла береді. Жігітке үлкен қаланы көрген дұрыс. 2 ай, жарты жыл болсын тұрып келу керек. Мен электрик мамандығын бітіріп, «Шабытқа» түсіп, енді ғана сахнаға шыққан адамын. Сондықтан бірдеңе деу қиын. Бастысы адамның жаны нені қаласа сол болады ғой. Тоқтамай әрекет ету керек. Танымал емеспін. Бірақ танып келетіндер бар. Жайдарманнан танитындар көп.  Маған ұнайды. Танып, келген әр адаммен барымша  ашық жарқын сөйлесуге тырсамын.

- Бүгінгі жетістігіңіз еңбекпен келді ме сәттілік пе?

- Менде еңбек жоқ. Тек сәттілік. Әріптестерім де айналамдағылар да тіпті мамам да кішкентай кезімнен «Сенің жолың болғыш» деп айтатын еді. Мен көп нәрсе істеп жатқан жоқпын. Бірақ сәттілік серігім. Үлкен сәттілік ұстап алу керек болып жүр, әзірге кішігірім ғой. Бағыңды ашып жіберетін бірдеңе керек. Біз үнемі бақты күтіп жүретіндерміз ғой. Киноға түскім келеді. Сериал, кино күтіп жүрмін. Болып кететін шығар бір ғажайып. Ұсыныстар болды. Қазір жоқ. Өзімнің салғыртығымнан да айырылып қалатыным бар мүмкіндіктен. Аяқ асты бірдеңе болып қалады үнемі.  Алматыдағы кастингке «ертең келе аласыз ба?» дейді. Мен басқа қалада болам. Қасым хан, Жошы хан туралы пробаға видео жіберуім керек. Маған негізі тарихи сахналар ұнайды. Атқа міне бастағаным да өзіме ұнап қалды. Көңілдес, махаббат персонаждарын ойнағым келмейді.

- Театр деген не?

- Театр мен үшін жұмыс. Жұмыс деп қарау керек. Бітірген мамандығым. Дайындық та жұмыстың аса маңызды бөлігі. Соңғы «Турандот» қойылымына 3 ай  түнімен жүріп дайындалдық. Сол жұмыстың арқасында сахнада жақсы ойнап шығасың. Көбі «ана мамандықтың айлығы көп, мынанікі жақсы» деп жатқанда әкем айтатын: «Барлық жұмыста, қай мамандықты бітірсең де сол саланың білгірі бол. Сонда сені бағалайды. Сонда ақшаң да жақсы болады» деп. Театрда да солай. Мен қаншалықты бере аламын, соншалықта қарымтасы бар. Қазір мен жұмыс ретінде қараймын. «Театр менің өмірім» дей алмаймын. Оған лайықты көп нәрсе тындырып жатқаным да жоқ. Өз тапсырмамды орындап, жұмысымды ғана жасап жүрмін. Театр ол деген көпір, рухани орда деген сөздерге түсінік бере алмаймын. Сондықтан айтпаймын. Жұмысымыздың салмағын жеңілдеу түсіндіре алатын буын келе жатқан шығар.

- Сұхбатыңызға рахмет!

"Менің мақтанатын жөнім жоқ"
Ол бір әңгімесімен өзін мойындатқан жазушы. Ол өмірін сықақ әңгіме жазып, көпті күлдіруге арнаса да өзін бақытсыз санайтын адам. Ол физика-математика пәндерінің мұғалімі. Ол қалам ұстаса да Алматыға асықпаған санаулылардың бірі. Ол сатирик. Ол – Төрежан Мәндібай.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Көпшілік сізді «Гипертония» деп танығаны рас па?

Мен физика-математика факультетін бітірген адаммын. «Жазушы болам» деп ойлаған емеспін. Әуезовтің  «Абай жолын» оқығасын қара сөздің тіптен қиын екенін түсіндім. Одан бұрын өлең жазып жүрдім. Ол барлық баспаға шығып жүрсе де мен өзімді ақын сезіне алмадым. 1 айда 1 өлең шығаратын едім. Ол болмайды ғой. Өзімнің ақын еместігімді түсіндім де жылы жауып қоя салдым.

35 жасқа қараған күні түнде, таң алдында, басыма бір қайдағы жоқ әңгіме келді. Ол кезде давление деген ауру жоқ. Болса да сирек, мыңнан бір кездеседі. Содан «Гипертония» деген бір әңгіме ойда жүрді. Бұдан ештеңе де шықпайтынына сенімді болдым. Іштей, «ақын болам деп бола алмадым, енді жазушы болам деген болмас» деп жүрдім. Жазған жоқпын. Бірақ бар нәрсе адамды ұйықтатпайды екен. Жаңағы әңгіме ойымда пісіп, жетілді. Амал жоқ, жетілгесін отырдым. Көптен ойланып жүрген затым болғасын оңай шықты.

«Жас Алаш», «Ақтөбе» тағы біраз газеттер баспай қайтарып жіберді.  Аудандық газет жартысын ғана басты. Әңгіме деген мақала емес қой. Бір сөйлемін алып тастасаң мағынасы түсініксіз болып қалады. Әр жерге жібердім, қайтып келе берді. Ол кездің адамдары былай. Келген хаттың бірден авторына қарайды. Автор таныс болмаса кері қайтарады екен. Олай етпесе де болмайды. Өйткені, «Лениншіл жас» газетіне күніге 320-ға жуық хат келеді екен. Айналдырған 4-5 адам оқып шығып, оның бәріне жауап беруі керек.  Оңай емес. Сөйтіп, мен әңгімемді «Жалынға» жібердім. Ол кезде «Жалынның» жайнап тұрған кезі. Онда Дулат Исабеков, Ибрагим Иса, Төлен Әбдіков үшеуі отыр. Тұманбай Молдағалиев редактор. Хаттың басына «5-6 сөйлемін оқымай жауап қайтармауларыңызды сұраймын» деп жаздым. Олар оқыпты. «Мәндібаев жолдас, әңгімеңіз тамаша. Жақында басамыз» деген хабар келді. Үшеуі де кермет сауаатты адамдар ғой. Қаңтарда әңгіме жарыққа шықты. Бір әңгімеммен жазушы болдым да кеттім. Бір әңгімемді оқығандар мені «жазушы» деп таныды.

Әр заманның басты саясаткері туралы жазуға не итермеледі? Сіз кеткен соң шығатын қандай кітап? Сіз оппозиционерсіз бе?

Қазір не жазып жүргенімді ұмытып та қалдым. Бірақ саясаткерлерді жиі жазатыным рас. Назарбаев туралы 40, Сталин туралы 1, Ленинге 1, Хрущевке 18 әңгіме жаздым. Хрущевтің айтқандары сықаққа келеді де тұрады. Публицистика етіп газетке беруге болады ғой. Назарбаев туралы 25 жылда 40 әңгіме жаздым. Осы кісілер саясаттан кеткесін басылады. Мені оппозиционер деуге келмес. Мен халқымды қорғаушымын. Менің жан-дүниемді босататын нәрсе халықтың тыныштығы. Совет үкіметі кезінде 2 кітабым жарыққа шықты. Ол уақытта үкіметті мақтаған бір шығармаң бірінші бетінде тұрмаса кітабың шықпайды. Ал мен мақтай алмаймын. Содан кітаптарым қысқарып шығатын болды. Орталық комитет пен КГБ «үкіметті құлататын сөздерді» теріп алып тастайды. Менің бір әңгімемде: «Студенттің тамағы мен киімі уайым болудан қалып,  студенттің кассаға ақша жинағанын көрдіңдер ме?»  деген сөзім болды. Соны бірден алтыншы қабаттағылар көріп, алдырып тастапты. Біраз сөз кесілгесін бір кітап онша шықпады. Екіншісі Горбачевтың «Қайта құру» заманына тап болды да дым өзгермей өз қалпында шықты.

Цензурамен қалай күрестіңіз?

Цензура деген шынында да қиын болды. Онымен жалғыз мен күрескен жоқпын.  Барлық шығармашылық адам бірге күресті. Мұхтар Мағауин бір кітапты орталық комитетпен осы үшін айтысып өткеніне арнаған. Тәуелсіздіктен кейін ойыңда бардың бәрін жазасың. Қазір цензура жоқ.  Совет үкіметін қалай көрсетсең де жолың ашық.

Әңгімелеріңіздің прототипі кімдер?

Бір жылы Талдықұм деген жердегі жұмысымнан ауылға, Тоғыз совхозына бардым. Сықақшы дегеннің сөзін ауыр алмау керек қой. «Махаббат минөті» деген әңгімедегі образдарды солардан алып едім ғой. Бәрі өкпелеп жүр. Ол әзіл ғой, қоғамда бар. Бірақ «анау мен» деуге келмейді. Крыловтың шығармаларын білесіздер ғой. Мысалдарының әр сөзі орыстың мақалына айналып кетті. Оған өкпелеуге болмайды. Кереметтігі сонда. Ауылдағылар көңілдеріне ауыр алып, ренжіп қалыпты. Математика, орыс тілі, географ дегендер әңгіменің қалай жазылатынын түсінбейді. «Қас қылып жүр ме?» деп өкпелейді. Әр адамның бір қасиетін аламын ғой. Адам өкпелейтін нәрсе емес.  Адам бойындағы ерекшелікті көрсетемін. «Мынау маған ұқсап тұр» деп өздерін таныпты. Танығанда да образды беруім керек.

Мойындағандар көп, мойындамағандар ше?

Мен 35 жасымда жаздым. Жазушы боламын деген ой жоқ.Оразбек Сәрсенбаев деген жазушы кісі бар еді. Обырдан 40 жасында о дүниелік болды. «Қазақ әдебиеті» газетіне «Көптен бір жақсы әңгіме оқи алмай, шаршап жүр едім. Сенің әңімеңді оқып, демалдым. Биылғы жылдың ең күшті әңгімесіне ұсынамын» деп жазған. Ол кезде сол бір әңгімеден басқасын жазғаным жоқ. Соны күйттеп, арты қалай болар екен деп жүрген кезім ғой.  Ол кезде Жазушылар Одағының билетін 2 кітап жазғандарға ғана береді. 1 шығарма жазғандарға билет жоқ. Бұл әңгіме менің мазамды кетірді. Әлгіні жазбасам ауыратын сияқтымын. Амал жоқ жаздым. Іштен шығатын жақсы лебіз, оны ұстап тұра алмайсың. Қалай да шығу керек. Мені Құдай жасады. Басында ауылдың мұғалімдері менің жазғанымды қызғанып, «өліп» қала жаздады. Олар өздері жазушы емес қой, неге қызғанады?! Нұрлыбек екеуміз  бір-бірімізді қызғансақ заңды. Білмеймін. Аудандық газетке жартысы щыққанда, жақтыра қоймады. «Жалынға» шыққанда «шынында бұл жазушы екен ғой» деп, тым-тырыс болып қалды. Өтірік айтпайтын, бірақ сөзге нанбайтын бір кісі бар. 85 жасқа келгенде ғана мойындап кетті.

Бір қызығы менің шығармашылығыма сын айтылған жоқ. Кілең мақтауда жүрем. Жазушылар Одағының жыл аяғындағы жиналысында сатира жанры бойынша 5 кітап шыққаны айтылыпты. Әбдірахман Асылбеков  «Төрежан Мәндібайдың кітабынан басқасын далаға тастаң» депті. Сол кезде мен өзімнің жазушы екеніме сендім. Бәрі жақсы таныды. Бірақ мақтанатын жөнім жоқ. Мен қатарымнан қалып жазған адаммын

Қазіргі сатириктер көңіліңізден шыға ма?

Әр заманның өз сатиригі болады. Асқар Тоқмағанбетовтың, Ілияс Жансүгіровтің сатирасы мүлде бөлек. Өйткені, сатириктер өз заманының қызығын суреттейді ғой. Заман бөлек болғасын жазушы да бөлек. «Не ойлап, не жазып жүр, құдай-ау» деп бір қарадым ғой. Қазір Айтмұқанбет деген Семейдің жазушысы, бір әйел адамның жазғаны қызықты болып шығып жүр. Сатира бар. Жақсы сатириктер бар екен. Қазір көріп жүрмін. Жаманы да бар.  Қандай әдебиет болмасын  жақсы және жаман болуы керек. Жаманы сенің көтерілуіңе себепкер болады. Адамдардың қалыптасуына керек. Кілең жайнаған әңгіме шықпайды. Шыға қойса да ол дұрыс емес. Менің оларға баға беруіме болмайды. Әуезовтың өзі кезінде Асқар Тоқмағанбетовты бірінші деп  бағалап кеткен. Кейін заман өзгергенде ол да өзгере бастады.

1 жақсы әңгіме жазсаң, келесісін одан төмен етіп жаза алмайсың. «Гипертония» біріншісі емес.  Әңгіме заманы өткесін күшін де жояды. Кейбірі 70-80 процент күшін жоймай қалады. Менің әңгімелерімнің күші орынында. Өтіп тұрғаны да содан. Сатириктер болды, біреуі адамның ойында қалатын бірдеңе жаза алған жоқ. Қазір ақтөбеліктерден алдында тұрған Нұрлыбек Жұбатқан екеуміз шығар. Талғам болу керек. Талғамсыз жазушы болмайды. Кейінгі кітабым Алматыдан емес, Ақтөбеден тарады.  Алматы жақтың білмей қалғаны содан да бар. Повест жазатын, прозалық жазушылар сатираға көп көңіл бөле қоймайды. Мереке Құлкенов екеуміздің жазғанымыз ұқсас. Сөздері әр түрлі ғой. Жазушының аты тарихта 1 әңгімемен де қалады. Орыста Носов деген жазушы болған. Ол өмірінде 8 әңгіме жазған. Орыс әдебиетінің классигі болып есептеледі. Мен 88 әңгіме жаздым. Жазушылар әңгіме жазу қиынның қиыны дейді. Өйткені қысқа көлемге үлкен нәрсені сиғызу қиын екен. Атақты өздері берді ғой, сұрағаным жоқ.

35 жасыңызда жаза бастадыңыз ғой, кешігіп қалмадыңыз ба?

Кешіктім. Ерте бастасам бәрі басқаша болар ма деп ойлаймын. Мына жазып жүргендер 15 жасында бастағандар. Бұлар 15 жасында әуелі сандырақтай бастайды. Жазушының әдеті бұл.  20-23 ке келгенде есін жиып, жазудың жолын түсінеді. Бұл баспалдақ. Мен кешіктім.  Өзім сирек жазам. Сирек жазып апарғанымның бәрін басып тұр. 5 кітап, 88 әңгіме жаздым. Соңғысы 30 баспа табақ үлкен кітап болып шықты. Екінші кітабымның жолы болса, тірі кезімде шығарғым келіп еді. 88-дегі адаммын, өліп қалам ғой. Ертең немесе бүгін өліп қалуыма да болады. Жастау кезімде бір шалмен түнімен отырып ішкен едік. Қарқ-қарқ күліп, әбден әңгімелестік. Ертеңіне әлгі өліп қалыпты. Сондықтан мұндай жаста өмірге сену қиын.

Шабыттың болатыны рас па? Ол не?

Шабыт деген, менің ойымша, ақындарда болады. Олардың шығармалары бірден жарқ ете қалады ғой. Үлкен адамдар шабыт шақырмай-ақ жаза береді. Бірақ шабыт бар нәрсе. Ынтаңды көрсетеді. Қиналып келіп, шаққа отырғаннан ештеңе жазылмайды. Шабыттанып келсең тез жазылады. Әңгіме ойда қалыптасады. Оны бірден келіп жазайын демейсің. Әбден піскен кезде отырасың. Қауын сияқты ғой ол да.

Әңгімелеріңіз талай рет сахналанды. Бүгінде актуалды тақырып болып тұрған ене мен келін, құдағилар арасындағы кикілжіңдер 2000 жылдары жиі қойылатын еді ғой. Қоғамға кері әсер етті деп ойламайсыз ба?

«Аралдың ар жағынан қыз алып ек» деген әңгімем «Жалынға» шықты. Оны Құдайберген Сұлтанбаев «Тамашада» қатырып орындады. Оқығанның мазмұнын айтпа. Ортасы үзіліп қалады, жатқа оқы дегенмін. Ол көнді. «Жалындағы» 4 бет әңгімені жатқа оқыды. Кейін де талай шығарма сахналанды ғой. Ене мен келіннің ұрысы жиі қойылғаны рас. Ол сол заманды көрсетіп тұр. Сықақтағы келемеж арқылы адам теріс нәрседен жирену керек еді.

Қазір «қалаулым» деген бағдарламаны мен жиі көремін. Қыздардың келмей жатып айтатын «ата-енемен тұрмаймын». Бұл орыс қызының ісі ғой. Орысша оқыған адамды көрсем біраз әңгіме айтамын. Енді 10 жылда орысша сөйлейтін адам қалмайды демеймін бе, түсінбейді. Ана  бір қазақ келіп «орыс класс аш» дегені бар. Орыс класқа жиналып тұрған бала жоқ дегенді түсінбеді. «Путинге хат жазамын» деп кетті. Неге қазақ сыныбына оқытпайды? Айналайын-ау, сен қазақсың ғой?! Орысша оқытқаннан не табады? Орысқа күйеуге шықпаса?! Білмейтініне күйем ғой. Баяғы совет үкіметі қайтып келеді деп ойлайды. Ол келмеске кетті. Совет үкіметі 400 ұлтты орыс қылғысы келді. Мазмұны – құлдық, келбеті – социалистік. Оны түсінетін адамдар сол кезде де болды.

Неліктен өзіңізді жолы болмайтын адам санайсыз?

Жолы болмайтын адаммын... Сирек құбылыс болғасын былай адамдар түсінбейді. Жолым болмайды. Қасымда жүрген қыз. Ол да мені ұнатты. Мен де оны ұнаттым. Үш қызға да сөз айта алмадым. Махаббаттан жолым болған жоқ. «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық» деген рас нәрсе. Мынадай бір оқиға айтып берейін. Қасым Аманжолов облыстық газетте жұмыс істеп жүргенде қасында жұмыс істеген офицер үйіне қонаққа шақырыпты. Барса, үйінде әдемі келіншек жүр екен. Келіншекті енді әдемі қылып көрсетеді. Сақыпжамал деген әйел кейін көргенімде қарапайым, қара қыз. Сол жерде қолынан ұстап алып, «Маған тиесің бе?» деген ғой. Ол кейіп, күліпті. Күйеуі, екі баласы бар әйел ғой. Содан Қасым соғысқа кеткенде «Дариға сол қыз» деген өлеңі шығады. 46 жылы елге оралғанда Сәпенді жұрттан сұрап жүріп іздеп барыпты. Талғарда кездестірген. Көрісіп, «Шырағым, Сәпен! Сені сондай сүйдім, бірақ күйеуіңнің өлгенін тілеген жоқпын. Өлсе де, өлмесе де сені аламын ғой деп жүргенмін» депті. Ол кезде Сақыпжамалдың ұлы да дүниеден озып, тек қызымен қалған екен. 34 жастағы Қасым қызы мен екеуін жетектеп ағасының үйіне апарып, «қанша қыз тұрса да мен осы кісіні аламын» депті.  Кейін екеуінің Дариға деген жалғыз қызы өмірге келген.

Ғашық болу деген осы. Мен соларға қызығамын да... нағыз адал адамдар. Бір адам үш рет ғашық бола береді. Ғашықтық неше әйел алсаң да бола беретін құбылыс. Ғашық адамың уысыңа түспейді, бірақ көңілің суымайды. Әлгі қыздар мені менсінбей тастап кеткен ештеңесі жоқ. Өзім айта алмадым.

Сіз кейін отбасын  құрдыңыз, әйеліңіз бұл әңгімелерді естіп, ренжімеді ме?

Әйелімді бәрі біткесін алдым. Ол орта мектепті бітірген 20 жастағы қыз еді. Мен 30-да болдым. Бірге тұрдық. 6 құрсақ көтеріп, 5 баланы тәрбиелеп, өсірдік. Қан қысымынан 59 жасында қайтты. Бұлар өтіп кеткен нәрсе ғой, өкпелеген емес. Мен ол туралы әңгіме айтпайтын да едім.

Шүкір, балаларым ер жетіп, отбасылы болды. 2 қызым тұрмыста. Осы күні әңгіме де таусылып қалған. Үлкейгендік болады екен. Қанша ақылдымын дегенмен болмайды. Ойда бар әңгімені отырып жазуға әлім де келіңкіремейді. Енді ештеңе жазамын деп отырғаным жоқ.

"Шығармашылықпен айналысам деп мемлекеттік тапсырманы ысырып қоя алмайсың"
«Шығармашылықпен айналысам деп мемлекеттік тапсырманы ысырып қоя алмайсың»

Ол мемлекеттік қызметте жүріп, өлең жазған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ол журналистика саласында 9 жыл қызмет еткен. Ол бірнеше республикалық ақындар мүшәйрасының, драматургтер байқауының жеңімпазы. Ол Шалқар ауданы Аққайтым ауылының тумасы – Гүлжайнар Қалдина.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Өзіңіз туралы айтып беріңізші. Көптен көрінбей кеттіңіз бе, әлде біз көрмей жүрміз бе?! Қазір қайдасыз?

Аллаға шүкір, елмен бірдей қалыпты тірлік кешіп жатқан жайым бар. Қазір Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ деген ауылда тұрамын. Көп көрінбей кеткеніме алаңдаушылық білдіріп, арасында іздеп тұратын ағайынның ниетіне ризамын.

Сіз туралы ақпарат іздестіргенімде 2016 жылы Гарри Потерді қазақшаға аударатыныңыз туралы мақаланы таптым. Соңы немен аяқталды? Әлі де аударма ісін жалғастыру ойңызда бар ма?

Бұл ойдың тууына себеп болған бір жайды айта кетейін:  2015 жылы Нұрпейіс  Байғанин атындағы балалар кітапханасына директор болып сайланған сәтім. Жалпы балалардың қандай тақырыптардағы кітаптарға қызығушылығы жоғары екенін анықтамақ болып, зерттеп жүргенмін. Бір күні 9-10 жас шамасындағы бүлдіршін келіп кітапханашыдан "Гарри Поттердің" қазақ тіліндегі кітабын сұрады. Кітапханашы ол кітаптың тек орыс тіліндегі нұсқасы бар екенін айтып еді, әлгі бала қолын бір сілтеді де, есіктен шыға жөнелді. Сырттай бақылап тұрған мен баланың соңынан жүгіре шықтым да:

-Балақай, сен қазақ тіліндегі басқа кітапты оқығың келмей ме?- деп сұрадым.

- Мен қазақ тілінде Гарриді оқып көргім келеді,- деді маған ызалы түрде қарап. Бұл көзқарасы мені кінәлап тұрғандай болды.

- Ендеше, оның қазақ тіліндегі нұсқасы әлі шықпады. Ал, егер шынымен оқығың келсе, мен саған бөлімдерін аударып берейін, сен келіп алып кетіп тұра аласың ба?- дедім.

- Қашан келейін, апай?- деді көзі жайнап.

- Екі күннен кейін кел,- дегем. Бала қуанып кетті. Мен "Философиялық тас" деген бірінші томының бастапқы екі бөлімін орыс тілінен қазақ тіліне аударып, компьютерден кәдімгі А4 параққа шығарып қойғанмын. Шыны керек, ол баланың келемін деген уәдесіне сенгенім жоқ. Алайда тура екі күннен соң әлгі оқырман бала келіп, менен сол екі бөлімді алып кетті. Осылай ол екі күн сайын келіп, мен оның бөлімдерін аударып бере бастадым. Бір күні кішкентай оқырманым маған «осыны кітап етіп шығарып берсеңіз, ауылға алып кетіп оқиын деп едім» деген ойын айтты. Міне, содан бастап, мен қозғала бастадым. Облыс әкімдігінен бастап, Қазақстан авторлар қоғамдастығына, республикалық "Мирас" қорына, Жазушылар Одағына, жан - жаққа хат жаза бастадым. Олардан көмек сұрауымның екі себебі бар. Бірінші, роман авторының рұқсатын алып беруге өтініш. Екінші, баспалардан кітап етіп шығаруға қолдау білдіру. Бұл хабар баспаларға жетті. Алматы, Астана қалаларынан баспалар хабарласып, "кітапты тез аударып берсеңіз, автордан өзіміз рұқсат алып береміз" деді. Алайда алдын ала автордың рұқсаты болмаса, қалай оны баспаға жібере аламын? Оның үстіне, біздің елдегідей жайма шуақ емес, Еуропада заң қатты.

Ағылшын тіл мамандарына хат жазғызып алып, Джоан Кэтлин Роулингтің кеңсесіне  хат жаздым. Бірақ бұл хаттарыма жауап болмады. Екі жылдан соң барып Роулингтің мамандарынан жауап алдым. Онда мен ол кітапты шығаруым үшін менің ұжымдық бірлестігім болуы керек екендігі, бұл хатты аудармашы емес, сол бірлестіктің заңгері жазуы керек, таралымы жағынан жауапты маманның жоспарлық есебі, баспа мен аудармашының келісім шарты, тағы басқа жалпы бір аударманың өзі жеке аудармашы ғана емес, түгел бір ұжымдық кеңеспен жүзеге асуы қажет екендігін меңзеген. Ал, менде ондай ұжымдық кеңес тұрмақ, бір хатыма жауап берген отандық мекеме болған емес. Сонымен шырмалған ойыммен өзімнің компьютерімнен шыққан бірнеше аудармалық нұсқаларымды құшақтап қала бердім. Әлі күнге дейін мені қинайтыны: "балалар кітап оқымайды" дейміз. Ал оқимын деген баланың сұранысын  орындай алмай жатқан мешел қалыпта өмір сүріп келе жатырмыз.

Мемлекеттік қызметте қанша уақыт жұмыс жасадыңыз? Неліктен кеттіңіз? Негізгі ниеттеніп барған ісіңізді орындай алдыңыз ба?

Менің студент кезімде - ақ еңбек кітапшам ашылып, 9 жыл БАҚ саласында, 14 жылға жуық облыстық мәдениет саласында қызмет етіппін. Оның ішінде 9 жылдан астам уақыт – кітапхана директоры болып жұмыс жасағанмын. Абыройлы қызмет еткеніме шүкірлік етемін. Менің ұғымымда, адам бір қалыпты ұзақ ұстап қалса, өзгеріске ұмтылудан алшақтап қала ма деп ойлаймын. Әрине, бұл өз ойым. Басшылық қызмет – аса жауапты және абыройлы қызмет. Шығармашылықпен айналысуым керек деп мемлекеттік тапсырманы ысырып қойып тыныш жүре алмайсың. Ішкі ойымның, жүрегімнің үніне құлақ асып, өз еркіммен қызметті тапсырдым. Бұл шешіміме реніш білдергендер өте көп болды. Рас, әлі күнге дейін өзімнің отбасымдай болып кеткен ұжымымды сағынамын. Дегенмен, адам тек арамдық істі баспай,  барлық игі  қадамдарға барып көру керек деп ойлаймын.

Бір кездері тігінмен, қолөнермен айналысыпсыз?

Менің анам да, әкем де ұстаз. Алайда екеуінің де саусақтары алтын болатын. Әкем (иманы саламат болсын!) ағаштан ер - тұрман, келі - келсап, домбыра, темірден  астау, шелек, тастан диірмен жасағанын талай көргенмін. Мен үнемі әкемнің жанында осы заттарды жасауға көмектесіп жүретінмін. Ал, анам (иманы саламат болсын!) ауылда кеткен қыздардың жасауын жасап, киіз басып, шарқат тоқып, киімдер тігетін. Мен тігіннен гөрі ағаштан домбыраның тиегін, құлағын жасайтынмын, шеге қағып, темір - терсекпен шұғылданғанды ұнататынмын. Қандай құдірет екенін білмеймін, анам өмірден өткен соң түсіме кіріп, бір қолыма қалам, екінші қолыма ине - жіп берді де, "сағатқа қара" деді. Содан кейін тігінге ынтам ауып, өзім тігіп қана қоймай, алыс - жақын таныстарымнан тапсырыстар түсіп, өз - өзінен қосымша табыс басы біртіндеп құрала берді. Қазірде осындай қыз жасауын жасаумен азды - көпті қосымша табыс тауып отырған жайым бар.

Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз?

Отбасымда әзірге төрт адамбыз. Әзірге... Жолдасым – техникалық саланың маманы. Үлкеніміз әжесінің баласы.  Меншіктей алмаймын. Астана қаласында 3 курс студенті. Өзіміздің баламыз бар, ол мектепте оқиды.

Шығармашылығыңызда қандай өзгерістер, жаңалықтар болып жатыр?

Шығармашылықпен айналысу – өзің ішкі әлеміңді үнемі суарып отырып, сол тоқшылығыңның ең нәрлісін, құнарын сыртқы әлемді сусындатуға жұмсау. Көп жағдайда Махамбет айтқан "Қара қазан, сары баланың қамымен"  уақытың уыстан шығып кетіп жатады. Кейде уақыт текке кететін той - томалақтардан қашайын десең, ағайыннан шығасың. Әзірше тау қопарып, тас жарардай өзгеріс жасап жатырмын деп айта алмаймын. Жақсы жаңалық болса, болашақтан күтерсіздер...

«Еркін сөйлеу» мектебінің жұмысы туралы айтып бере аласыз ба?

«Еркін сөйлеу» мектебі деген Маржанбұлақ ауылынан ашқан шағын орталығым. Жаман емес, балалар келіп жатыр. Қазір балалардың тілдік қолданыстағы сөздері жаргон сөздер. Біздің мақсатымыз ең болмағанда балалардың ойын ашық, таза, еркін айтуына, сауатты жеткізуіне үлес қосу. «Ауыл аманаты» деген бағдарлама негізінде несие алып, ауылдан шағын кәсібімізді бастадық. Әр түрлі кедергілер болады ғой. Қай кәсіптің те аяққа нық тұрып кетуі бірден емес. Ең бастысы балалардың ынтасы бар. Қазір шешендік сөздер, мақал мәтелдердің мәнін түсінуге үйретіп жатқан жайым бар.

«...Ал, махаббат таусылмайтын әңгіме»
Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Сізді Жұбановтар әулеті арқылы таныдық. Атақты адамның жары болу қаншалықты қиын?

Әрине,  Қазақстандағы ғылым мен білімге еңбегі сіңген, алты академик, тоғыз ғылым докторы, атамыздың немерелерін қосқанда оннан аса ғылым кандидаттары шыққан  әулетке келін болдым. Жауапкершілігімен қоса өзіңе жүктелген міндеті де бар. Құдайберген Жұбановтан 6 бала, Ахмет Жұбановтан 5 бала болған. Соның үшеуін ғана көрген жоқпын. Мен 2000 жылы келгенде Ғазиза апай, Қырмызы апай, Роза апайдан басқаларының көзін көрдім. Мені Асекемнің жары ретінде жақсы қабылдады.

Сұхбаттарыңызда ол кісі сіздің балаларыңызды еш жатырқамастан қабылдағанын жиі айтыпсыз. Әйел адамның табиғаты бөлек қой, сіз ол кісінің балаларын қалай қабылдадыңыз?

Асекемнің алдыңғы отбасынан бір қызы бар. Есімі Назым. Менен 3 жастай ғана кіші. Екеуміз казір кәдімгі құрбыдаймыз. Мен келген кезде ол қатты қуанды. Әкесінің жанында әйел адам болғанын қалаған болуы керек. Тұрмысқа шыққанында да, бөпелері болғанда да көмектестім. Өзі мінезді, ештеңені бүгіп қалмайтын, тек шындықты айтатын адам. Арамызда келіспеушілік болып көрмепті. Қандай жағдайда да менімен әпкесі сияқты ақылдасып отырады. Менің ұлдарым «Назым тәте» деп маған қарағанда  тәтесімен ақылдасады. Кәдімгі туған бауырлардай болып кетті. Өзіңіз айтқандай, Асекең де менің екі ұлымды өте жақсы қабылдады. Өз баласындай қасына алып, үй шаруасындағы ер адам жасайтын тірліктің бәрін тындыратын.  Люстра ілу, сантехникалық жұмыстар, балконға шкафтар құрастырумен  қатар, үйдің жөндеу жұмыстарын да өзі жасағанды жақсы көретін. Әрине біреуді жалдасаң қаржыға тіреледі.  Сондықтан болар бәрін өзі жасаушы еді. Өзі «әрі демаламын» дейтін. Ұлдарымды кішкентайынан компьютерде мәтін теруге үйретті. Кітап шығарғанда барлық теру жұмыстарын балалар жасады. Мен де көмектестім. Қазір Дархан деген ұлым сол әкесі салған ғылым жолын одан әрі жалғап жүр. Олар Асекеңе «әке» дейді. Әкесімен біріге 5 кітаптың  авторлары қатарына енді. Екінші ұлды көбіне үйдің шаруасымен айналысуға баулыды. Балаларым қазір де әкелерін жиі еске алып отырады.

Асқар Жұбановтың мінезі қандай еді?

Асекемнің сыртынан қарағанда өте салмақты, өзі күле бермейтін, үнемі ой үстінде жүретін адамдай көрінетін. Бірақ өзіне тән мінезімен қатар өте мейірімді, мінезі жұмсақ болатын. Біз  жиырма жыл бірге тұрғанда ренжісіп көрмедік. Ренжісетін уақытымыз да болмапты. Мен де жұмысбасты болдым. Тіпті сенбі, жексенбі күндері компьютердің алдында жұмыс жасап отыратын. Көп адамдармен де араласа қоймадық. Тек туыстар мен қызметтестер ғана жиі келетін. Асекеңнің достарының өзі жан-жақта. Екі курстасымен ғана хабарласып, кейде бірге демалуға баратын едік. Жасаған әрбір тамағымды мақтап, киген киімімді «жарасып тұр» деп комплимент айтып отыратын еді. Жас айырмашылығымыз 30 жыл болса да, өте заманауи адам. Әйелдің тірлігіне араласқан емес. «Ғашықтар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме» дегендей, екеуміздің әңгімеміз бітпейтін еді. Мен әзілге жақын, ол кісі нағыз ғалымға тән мінезді. Бір-бірімізді толықтырып тұратын едік.

Ол кісі тіл білімінің мықтысы екенін білеміз. Сіз оңтүстіктің қызысыз ғой. Салт-дәстүрге қалай еді?

Ол қалада туған. Саналы ғұмырын қалада өткізген адам. Әкесін НКВД жендеттері алып кеткенде, өмірге жаңа келген  6 күндік нәресте болған ғой. Содан елде, Петропавл қаласында тұрғанын тарихтан білесіз. Аға-апаларының ортасында «әкем жоқ» демей өскен. Петропаволда оқып жүргенде қазақ тілі, әдебиет, тарих пәні ғана қазақша өтіпті. Қалғаны орыс тілінде өткен. Ресейден жер аударылып келген мықты ғалым кандидаттары сабақ беріпті. Содан математика, физика, радиотехникаға әуес болған. Өзі «орысша ойлап, қазақша жазатынмын» деп айтатын. Докторлықты да орысша қорғады. Біз бірге тұра бастағанда ғана қазақша жаза бастады. Біздің оңтүстікте туыстардың бәрін өз атымен атайды. Құда, жекжат, бөле, нағашы, жиен,   жеңге, келін дегендей. Жұбановтар әулетіне келгенімде мені үлкендері атыммен атады, кішілері «тәте» дейтін. Кейін үйренісе келе менің "тәте" емес жеңге екенімді айтып жүрдім. Салт-дәстүрді онша біле бермейтін. Менің ауылыма бірінші рет барғанда Асекемді мені іні-сіңілілерім «жезде» деген ғой. Маған келіп «мені жезде деді, бірінші рет мені осылай атады» деп таң қалған. Біз қосылған соң  бір жылдан кейін Еңлік атты қызымыз өмірге келді. Қызымыз  үш жасқа толғаннан кейін ғана елге бардық. Төркінімнің адамдары басқаша ғой. Ғалым ба, доктор ма, Жұбанов тұқымы ма, бәрібір. Күйеу бала деп көңілді қарсы алды. Ел іші жақсы ғой, ағайындар танысуға қонақ етіп шақырды. Қоржын апару, отқа май құю дегенді көріп, түс көргендей болып жүргенін айтқан. Біздің ауылға барғанды жақсы көретін. Інілерім балық аулауға апарады. Арыс, Сырдария өзендеріне суға түсіп рахаттанады. Менің ұлдарым үйленіп жатқанда қазақтың біраз салт-дәстүрлерін көріп таң қалып жүрді. Келін таңертең сәлем салғанда қысылатын еді. Кейін сәлем салғанша күтіп отыратын болды. Ол туралы әңгіме көп қой...

Көпшілік біле бермейтін қай қыры есіңізде ерекше сақталды?

Жақсы әнді тез танитын. «Слух» дейді ғой. Кезінде Қайрат Байбосыновты «даусың керемет» деп, музыкамен айналысуына көмегін тигізген екен.. Мектеп жасында Мүслима апайдың жетектеуімен 7 жыл скрипка класына барған. Гимнастика, бокспен айналысып, коньки, шаңғы тепкен.  Шаңғыдан жарысқа қатысқан. Бәрібір спорт жеңген болуы керек. Екеуміз кезінде таңертең бірге жүгіретін едік. Жасы сексенге тақағанша Шымбұлақ, Ақбұлақ, Табаган деген қысқы демалыс орындарына барып, сырғанақ теуіп жүрді. Қолынан жиһаз жасау да келетін. Үйде жасаған  шкаф, орындықтары әлі бар.

20 жылда 20 кітап. Бұл уақытта сізге қиын соққаны не еді? Ғылыми жұмыстары туралы сізге айтатын ба еді?

Мен баспа қызметкерімін. «Атамұра» корпорациясында жұмыс істегеніме 25 жыл болды. Ол кісі 50 жылдан аса Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтында жұмыс жасады. Екеуміз қосылғаннан кейін екі жылдан соң докторлық диссертациясын қорғады. Тағы бір жылдан соң профессор атағын алды. Асекем диссертация  қорғағаннан кейін ҚазҰУ-ден арнайы «қолданбалы тіл білімі» деген кафедра ашылып, сол жерде алты жыл сабақ берді. Өзі оқыған  ҚАЗПИ-де аспиранттарға дәріс оқыды. Екеуміз тұрған жылдары ол кісі сұраған кітаптарды Қазақстаннан таппай Мәскеу, Питер, Минскіден арнайы алдырып отырдым. Студенттерге оқыған лекцияларын өзі жазады. Мен және менің екі ұлым оны компьютерге түсіріп отырамыз. Сол лекцияларын оқулық қылып шығардық. "Компьютерлік лингвистикаға кіріспе", "Формальды модельдер", " Қазақ тілінің статистикасы" атты кітаптары дәріс берген кезде шығарылған.

Әрине, 20 кітап шығарудың қиыншылығы болды. Асекем өте ұқыпты болатын. Әрбір кітабын жіті қадағалап, редактор, корректорларға оқытып, ерінбей еңбек етті. 20 жылда, 20 кітап болатыны атамыздың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты кітабын 2008 жылы 1000 данасын 1 000 000 теңгеге шығардық. Қаржы жағы қиындау болып, кредит алдық. Ол жылдары  бұл үлкен ақша еді. Мүслима Жұбанова апамыздың  5 кітабын, Рабиға Сыздықова апамыздың атамыз Құдайберген Жұбанов туралы жазған  "Ғалым азамат" кітабын, Асекемнің үш қолданбалы лингвистикаға арналған оқулығын,  докторлық диссертациясын,  осы ғылымға байланысты мақалалар жинағын, «Қолданбалы тіл білімінің негіздері»,  «Тіл – қазына» атты монографиясын, «Корпустық лингвистика» , «Синтез тюркской словоформы» (үш авторлың біреуі) кітаптарын шығардық. Оқулықтарын екі рет қайта бастық. Бұлардан бөлек авторлармен біріккен статистикаға, жиілік сөздіктерге арналған бірнеше кітап басылып шықты. Жазда 56 күн демалысқа шығады. 10 күн Ыстықкөл, Алакөл немесе менің ауылыма барып Арыс өзеніне түсіп келеміз. Қалған уақыттың бәрі тек отырып, жұмыс жасау болды.

Шәкірттері туралы айтып берсеңіз?

Шәкірттері көп болған жоқ. Өйткені, Асекеңнің ғылыми жолын жалғастыру үшін тілмен қатар математиканы да білу керек. 6 шәкіртіне ғылым кандидаттығын қорғатты. Бірі Ресей тіл білімінің маманы, ғалым Зинур Сиразитдинов. Ол қазір Башқұртстанда тұрады. Конференциялар болғанда қатысып жүр. Қалғандары филология мамандары. Болат Қалыбеков, Нұржан Нұрлыбаев деген шәкірттерін үйге жатқызып дайындады. Біреуі алты ай, екіншісі үш жылдай жүрді. Оларды да өз баласындай көріп, қамқорлық танытатын.

Қазір ұрпақтары қайда, немен айналысып жүр?

Асекемнің үлкен қызы тұрмыста. Негізі музыка маманы.  Қазір екі баласының білімі мен тәрбиесімен айналысып отыр. Солтүстік Кипрде тұрады. Ильяс, Элина атты немерелеріміз бар. Менің Дархан ұлым әкесінің ғылыми жолын  жалғастырып жүр. Қазір  ҚазҰУ-де қызметте. Екінші ұлымыз Айбек жеке кәсіппен айналысады. Еңлік қызымыз магистр. Әкесінен мінезі де, түрі де соған берілген. Қызымды болашақта ғылым жолына түседі деп ойлаймын.

Екеуара әзілдеріңіз туралы жинақ шығуы мүмкін бе?

Бірге тұрған жылдары айтуға тұратын  көп қызық жәйттер болды ғой. Асекем  техникаға жақын еді. 82 жастан асып өмірден өтті. 20 жыл бірге тұрған кезеңде тек үйге асығып тұратын. Екеуміз кітапханада таныстық. Мен кандидаттық қорғайын деп жүрген адаммын, ҚазҰУ-ді, АГУ-дің аспирантурасын бітіргенмін. 11 ғылыми мақалам жарық көрген.  Біз бірге тұра бастағанда бұл кісі кандидат екен. Докторлығын қорғамапты. Тек аптасына 2 рет жұмысына барып-келіп жүрді. 2-3 айдан кейін «ақыры тақырыбың болса, докторлықты қорға» дедім.  Қаржыдан көп қиындық көрдік. Көп еңбекті басып, шығардық. Қағазды да сатып алатын едік. Сондай бірдеңе шығарарда ақшамыз жетпей алтын алқам мен сырғамды ломбардқа өткізіп жібергенім бар. Атамыздың еңбектерін Асекең өзі жинайды. Кітап, мақала шықса презентациясын жасаймыз. Оған келетін адамдарға беретінің бар, дастарханы бар. Оның бәрі оңай шаруа емес. Екеуміз қосылғанда Асекең 3 бөлмелі үйде тұрған. Сол үйде әйелі мен баласы өмірден өткесін, ол жерде қалғысы келмеді. Жаңа пәтерге ақшамыз жетпей 15 мың доллар несие алып, 10 жылдан кейін 31 мың қылып қайтардық. Қиындық көрсек те бір-бірімізге қолдау көрсетуді тоқтатқан емеспіз. Міндетті түрде сенбі-жексенбі күндері аллеяға шығып, бірге қыдыратын едік. Әзіліміз де әңгімеміз де жарасып, таусылмай отыратын едік. Оларды болашақта өзім кітап жазғанда кітапқа тұздық ретінде қосып отырармын.

Сұхбатыңызға рахмет!

"Қазақстанда болмаған креативті идеяны іске асырамыз"
Ол – Т. Ахтанов атындағы драма театрдың директоры, актер. Ол – басшылық қызметті абыроймен атқарып жүргендердің бірі. Ол – театрды, сахнаны жан тәнімен сүйетін актер. Ол – Сайлау Қамиев.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

- 2023 жылы театр ұжымы қандай белестерді бағындырды?

- Бұл қызметке келгеніме әлі ұзақ уақыт өтпеді. 2023 жылдың 1 наурызынан бастап басшылық қызметтемін. Маған дейін бюджет пен театрдың алдағы жұмысы алдын ала белгіленіп, жоспарланған еді. Мен соның орындаушысы болдым. Алдын ала қабылданған жоспардан бөлек театрда музей аштық, Т. Ахтановтың 100 жылдығы тойланды. Мерейтой негізінде драматургтың атақты «Боран» романын сахналанды. Қоюшы режиссеры – театрдың көркемдік жетекшісі Елтай Кемал. Қызметке тағайындалғаннан бастап театрдың өткенін түгендегім келді. Осы мақсатта әкімдікке өтініш білдіре отырып, театрдың музейін аштық. 1935 жылы Ақтөбеде жастар музыкалық драма театры болған. Т. Жүргеновтың бұйрығымен құрылған театрдың архивтік құжаты бар. Музейде аталмыш құжаттан бастап Т. Ахтановтың ұрпақтарынан жинақталған жеке жәдігерлеріне дейін қойылды. Сондай-ақ, орыс труппасы 1965 жылдан бастап жұмыс істеген. Қазақ және орыс труппаларының архивтік құжаттарды, алғашқы қойылған спектакльдерден қалған костюмдерді, ерекше түсірілген фотосуреттерді жинақтай отыра музей аштық. «Т. Ахтанов театрының өткені мен қазіргі келбеті» кітап альбомы жарыққа шықты. Оның авторы – белгілі театртанушы Анар Еркебай. 100 жылдық мерейтойда кітаптың тұсаукесерін жасадық. «Ахтанов алаңы» атты театр форумы ұйымдастырылды. Оған республикадан және шетелден мамандар қатысты. Форум «Campit» лагерінде өтті. Оған 90-ға жуық маман қатысты. Актерлік өнер, режиссура, хореография, сценография, жарық қою, гримм бағыттары бойынша шеберлік сағаттары өткен еді. Форум өте ауқымды, әрі қатысушылар үшін пайдалы болды. Былтыр Т. Ахтанов атындағы драма театрда 10 премьера сахналанды. Қазақ труппасындағы актерлік құрам – 38, ал орыс труппасындағы актерлік құрам – 20.

- Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген еді. Сонда Т. Ахтанов атындағы драма театрына ат басын бұрып, жаңа театр салынуы керек деген тапсырма берген. Ал жаңа театр қашан, қай жерде ашылмақ?

- Президенттің жұмыс сапарымен театрға келуі біз үшін ерекше жаңалық болды. Мемлекет басшысы Ақтөбенің зиялы қауымымен кездесіп, театрдың ішкі жағдайымен танысып, ғимараттың ескіргендігін айтып өткен еді. Болашақта Ақтөбе мегаполис болады деген сенім бар. Сондықтан қалада жаңа театр салынуы керек деп облыс басшысына тапсырма берілді. Қазіргі таңда жұмысшы тобы құрылды. Жаңа театрды салу жұмысын облыс басшысы өз бақылауына алды. Қай жерде салынатыны жөнінде ақпарат бере алмаймын. Алайда дайындық жұмыстары өте жақсы жүруде. Ең соңғы үлгідегі жобасын күтіп отырамыз.

- Театрда қандай түйткілді мәселелер бар?

- Театрда екі труппа болғандықтан екі репертуар бойынша жұмыс істейді. Қазақ труппасы 33 маусымын, ал орыс труппасы 59 маусымын ашты. Әкімшілікке және техникалық құрамға түскен жауапкершілік те, жұмыс та арта түсті. Яғни екі труппаға жауапты. Себебі техникалық құрам біреу. Жұмысы екі есе болса да, жалақысы аз. Жаңа театр салынса, мүмкін қазақ труппасы жеке театр болып баратын шығар деп ойлаймыз. Ғимараттың ескіргені рас. Жылу жүйесі дұрыс емес. Автономиялық жылыту қазандықтарында да бірқатар мәселелер бар. 1944 жылы ғимараттың негізі қаланған. Естуімше, 1978 жылы ғимарат өртенген. Содан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайтадан ашылған деседі.

- Жақында көрерменге қандай премьера ұсынасыздар?

- 23-24 ақпанда халық ауыз әдебиетінен «Қобыланды батыр» жырын эпос ретінде сахналаймыз. Қазақ театры тарихында бұл әлі сахналанбаған. «Қара қыпшақ Қобыланды» атты Мұхтар Әуезовтің драмасы бар. Драманың өзегі жырда деп білеміз. Біз тарихи мекенде, Қобыланды туған өлкеде өмір сүріп жатырмыз. Мейірхан ағамыз құрастырған нұсқасы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оны қою үшін арнайы режиссер шақырттық. Ол – «Ұмай» сыйлығының жеңімпазы Дина Жұмабай. Қоюшы хореограф – Анна Цой. Уфа қаласынан сценограф, қоюшы-суретші Лилия Хисматуллинаны шақырттық. Қызылордалық Нұрсұлтан Төрәлі музыкасын жазады. Бұл – 2024 жылдың алғашқы премьерасы. Жыл соңына дейін 8 қойылым сахналанады деп жоспарланып отыр.

- Не себепті тарихи драмалар жиі таңдалынады деген сұрақ көрерменнен жиі қойылатын сияқты. Расымен, театрда тарихи қойылымдар өте жиі сахналанатын секілді ме?

- Маған дейін көптеген батырлар жыры сахналанған. Бұл да бір ойланатын мәселе. Кез келген облыста жергілікті жердің батырларын дәріптеу, ұлағаттау мемлекеттік тапсырыс ретінде жүзеге асады. Біздің репертуарымызда қалғаны – 2023 жылдың аяғында қойылған «Әбілқайыр хан» драмасы. Тапсырыспен қойылған драмалар бір-екі рет қана сахналанған. Бірақ «Қобыланды батыр» драмасы мемлекеттік тапсырыс емес. Осындай эпостың сахналануы өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Бізде «Арамыз жылып қалар» лирикалық драмасы, «Келіндер көтерілісі» комедиялық драмасы, жастарға арналған «Алғашқы махаббат» драмасы, «Махаббат мұңы» сынды драмалар бар. Бірақ «ылғи тарихи драма сахналанады» деген пікірді жылына бір-екі рет келетін көрермендер айтатын шығар. Ал тұрақты көрермендер біздің драмалармен етене таныс деп ойлаймын. Сондықтан театрға жиі келіп тұруға шақырамын.

- Өткен жылы «Текемет» арт платформасы өз жұмысын бастады. Бұл қандай жоба?

- Бұл – талантты режиссер Мейрам Хабибуллиннің құрған арт-кеңістігі. Текемет – креативті жоба. Мен қызметке келгілі екі қойылым сахналанды. Біріншісі – «Qadam» [bas]. Рахат Төрежан қалалық мәдениет үйіндегі «Ақтөбе» вокалды-инструменталды ансамблімен бірлесе креативті жобаны іске асырды. Рахаттың шығармашылық кешімен қатар поэзия да оқылды. Екіншісі – Б. Майлиннің әңгімелерінен құрылған «Әйел» драмасы. Қазіргі таңда Мейрам Хабибуллин үлкен қойылымға кірісті. «Текемет» жобасы арқылы Қазақстанда болмаған креативті идеяны іске асырамыз. Бұл осы жылдың сәуір айына жоспарланды.

- Бүгінде неге жастар театрда шыңдалып, киноиндустрияға ауысады?

- Менің танитын актерларым ешқашан театрды тастаған емес. Біздің театр әртістері кинодағы түсірілім күндерін театрдағы дайындық күндерімен келістіріп, тіпті ұшақпен екі ортада қатынайды. Нағыз театр актері театрды ештеңеге айырбастамайды.

- Театрға көрермендер жиі келе ме?

- Алматыда, Астанада театр билеттері көзді ашып жұмғанша тез сатылып кетеді. Қазір ақтөбеліктер сайттан билет сатып алуды үйренген. Премьералық спектакль аншлагпен өтеді. Ал күнделікті сахналанып жүрген спектакльдерде залдың 70-80 пайызы толады.

- Актердың бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Ең бірінші – жанкештілік. Мамандығына деген шексіз махаббат керек. Бұдан өзге ештеңе керек емес.

- Өнер мен лауазымды қатар алып жүру қиынға соқпай ма?

- Иә, қиындығы бар, жасырмаймын. Директорлық қызметке алғаш рет сайландым. Тәжірибем аздау болғандықтан тек қана осы қызметті жауапкершілікпен атқарып жүрмін. Өткен жылы екі сериалдың басты рөлінен, тағы бір сериалдың негізгі рөлінен бас тарттым. Бәрін қатар алып жүру қиын.

- 2024 жылға қандай жоспарыңыз бар?

- Қазақ, орыс труппасы 1 шілдеге дейін жұмыс істейді. Қыркүйек айында орыс труппасының 60 маусымы ашылады. Олар қазірден дайындықты бастап кетті. Биыл ең жақсы деген қойылымдарды Астана, Алматы театрларында гастрольдік сапармен барып сахналап қайтамыз. Қазақ труппасының Алматы, Түркістан қалаларына гастрольдік сапары жоспарланды. Сондай-ақ, Ақтөбенің 155 жылдығына орай аудан орталықтарына да барамыз. 3 халықаралық фестивальге өтініш білдірдік.

«Карантинде тапқан кәсібім кәдеме жарады»
25 жылдан астам тәжірибесі бар мұғалім Гүлмира Саттарова жіптен аяқ киім тоқиды. Қолөнердің ерекше түрі тоқумен айналысады. Үйге, сыртқа киюге арналған аяқ киімнің түр-түрін тоқып, сүйікті ісін дөңгелетіп отыр. Сұранысқа ие аяқ-киімдер тоқумен қатар бұл өнерді үйретіп те жүр.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

- Тоқу өнеріне қашан, қалай келдіңіз?

- 2020 жылы елімізде карантин жарияланып, қиын-қыстау кезеңді бастан өткердік. Білім берумен қатар репетитор болып, қосымша табыс тауып жүрген едім. Елдегі ахуалға байланысты қосымша білім алуға келетін оқушы саны азайып кетті. Бос уақытым көп болды. Екі қолға бір күрек іздеп, бос уақытымда айналысатын қандай ермек тапсам екен деп ұзақ ойландым. Бір күні инстаграм желісінде тоқыма тоқу арқылы табыс табудың жолдары жайлы жазбаны көріп қызығушылық пайда болды. Онлайн вебинарға қатысып, «Моншақпен жұмыс және аяқ киім түрлерін тоқу» курстарын сатып алдым. Курста тоқыманы ілмекпен тоқиды екен. Мен тек екі-бес сыммен тоқитын едім. Бұрын-соңды ілмекпен тоқып көрмегендіктен тапсырыс берген құрал-жабдықтарым келгенше видео сабақтарды бірнеше қайта көріп шықтым. Алғашында жүрексінгенім рас. Кейін тез-ақ үйреніп кеттім.

- Жалпы отбасыңызда, әулиетіңізде қолөнерге жақын адам бар ма?

- Менің анам – керемет шебер жан. Көйлек тігіп, тоқыма тоқып, құрақ құрайтын. Анамнан қолөнердің түр-түрін үйрендім. Оқушы кезімде қолғап, шұлық тоқыдым. Есейе келе газет-журналдардан жемпір, балалар киімін тоқудың үлгісін көріп үйрендіи.

- Тоқуды қалай кәсіпке айналдырдыңыз?

- Аяқ киімдерді тоқығаныммен қалай сатамын деген ой маза бермеді. Саудаға икемім жоқ еді. Бірде келінім Instagram желісінен жеке парақша ашып, тоқыған аяқ киімдерді суретке түсіріп, сол жаққа жүктеуге кеңес берді. Сөйтіп келінім жеке парақша ашты. Мен тоқыған аяқ киімдерімді суретке түсіріп, Instagram және WhatsApp желілерінде тараттым. Осылайша аяқ киімдерім сұранысқа ие болып, тапсырыс берушілер саны күн санап арта түсті.

- Бұл өнердің қандай пайдасы бар?

- Біріншіден, тоқыма тоқу сүйікті ісіңіз болса, оны табыс көзіне айналдыруыңызға болады. Екіншіден, бұл өнер адам жанына тыныштық сыйлайды. Жүйкені тыныштырады, ойлау қабілетін арттырады. Саусақтарымызға нүктелі массаж жасағандай әсер етеді.

- Аяқ киімді қандай жіптерден тоқисыз?

- Үйге киюге арналған сүйретпені тоқуға 2 сағат уақытым кетеді. Аяқ киімнің бұл түрін тоқуға Иран жібін пайдаланамын. Себебі кез келген жіппен тоқуға келмейді. Қолдан тоқылған аяқ киімнің сапалы болуын басты назарда ұстау керек. Сапалы аяқ киімді кір жуғыш машинаға салып жуғаннан кейін түгі шығып, созылып кетпейді. Бұл аяқ киімді тоқу үшін желімді пайдаланбаймын. Сондықтан өңін жоғалтпайды. Ер адамдарға арнап спорттық үлгідегі аяқ киімді тоқып жүрмін. Оны жібек жіптен тоқимын. Алғаш рет немереме мектепте екінші аяқ киім етіп ауыстыру үшін тоқып бергенмін. Кір жуғыш машинаға қанша жусам да өңін жоғалтпады. Үйге киюге арналған балетканы тоқуға түрік жіптерін пайдаланамын. Бұл аяқ киімді сөмкеге салып жүруге болады. Қонаққа барсаңыз, сөмкеңізден шығарып киіп аласыз. Есесіне су өткізбейді, әрі жылы.

- Тоқыма тоқудан басқа тағы қандай сүйікті ісіңіз бар?

- Жоғарыда айтып өткенімдей, аяқ киім тоқумен қатар моншақпен жұмысты да сатып алған едім. Бірақ бұл өнерге келгенде тек майлық салғыш қана тоқыдым. Өте әдемі шықты. Сонымен қатар моншақтан ваза, нан салғыш ыдыстар тоқуға болады екен. Бұл ыдыстар сұранысқа ие. Дегенмен әлі мұндай ыдыстарды тоқып көрмедім. Аяқ киімге сұраныс жоғары болғандықтан бос уақытым бола бермейді.

- Алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?

- Балалар аяқ киімін тоқуды қолға алып жатырмын. Табандарға, керекті құрал жабдықтарға тапсырыс беріп қойдым. Балалар аяқ киімін мектепте, балабақшада екінші аяқ киім ретінде киюге болады. Мен тоқыған аяқ киімдерден жағымсыз иіс шықпайды, жуып қайта киюге болады. Қазіргі таңда балалар аяқ киіміне сұраныс артып келеді.

"Қазақтың неміс қызымын"
Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

- Өзіңізді таныстыра өтсеңіз.

- Мен Ембіден 45 шақырым жердегі Алтынды ауылында дүниеге келдім. Отбасымның кеже қызымын. Екі ағам да, балалары да қазақша сөйлейді. Ал үлкен жеңгемнің ұлты – қазақ. Орыс сыныпта оқысам да қазақ тілін тез үйреніп алдым. Себебі менің ортам, достарым қазақша сөйлейтін еді. Мектепте жүргенде де қазақ тілін бар ынтаммен оқыдым. Қазақ тілі пәнінен Кіші Ғылым Академиясының ғылыми-тәжірибелік конференциясында ғылыми жоба қорғадым. Облыстық, республикалық кезеңдерінде 1 орын иелендім. Әр түрлі олимпиадаларға қатыстым. Жетекшім Роза Мектепбергенқызымен бірге «Киіз үй – биік өнер туындысы» деген кітап жаздық. Бұл кітап Кіші Ғылым Академиясының ғылыми-тәжірибелік конференциясында қорғаған ғылыми жобамның негізінде жазылды. Кітапта киіз үйден бастап қыздың жасауына дейін жазылған. Мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Іс-қағаздарын жүргізу, мұрағаттану» мамандығын қазақ тілінде оқып бітірдім. Ембіде 3 жыл бойы әкімшілікте мамандығым бойынша қызмет еттім.

- Тағы қандай жетістіктерге жеттіңіз?

- 2014 жыл Рика телеарнасында «Тіл ордасы» бағдарламасында тележүргізуші болдым. Белгілі бір тақырып төңірегінде сұқбат алып, бағдарлама жүргіздім. Тұрмысқа шығып, қалаға келдім. Арасында «Геолог» мәдениет үйінде ән айтып, сахнаға шықтым. «Missis Super Kelin – 2021», «Missis K7 Group – 2021» атағын алдым. Бұл байқауға 5 жылдың ішінде алғаш неміс ұлтының өкілі ретінде қатыстым. Осындай іс-шараларға белсене араласамын.

Ақтөбе облысының делегаты болдым. Әр түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен форумдар өтетін еді. Тіпті президент те қатысты. Форумның мақсаты: өзге ұлт өкілдерін де, осы тілде сөйлей алмайтын қазақтарды да қазақ тілінде сөйлету. 2011 жылы астанаға бардық. Архимед Бекежанұлы Елордаға барып, өзін жақсы қырынан көрсеткен өкілдерге 50 мың теңге ақшалай сыйлық, алғыс хат табыстады.  Форумға К.Мәсімов те қатысты. Қазақ тілінен неше түрлі шеберлік сабақтары өтті.

- Ата-анаңыздың ұлты қандай?

Әкемнің ұлты – неміс. Өкінішке қарай, ол ерте қайтыс болды. Ал өгей әкем – қазақ. Анам - Литваның қызы. Нағашыларым 1955 жылы Украинадан көшіп келді. Әкем Қарағанды өңірінің тумасы. Руым – Жанқылыш. Жанқылыштың Қожайымын деп мақтана айтып жүремін.

Отбасыңызбен қай тілде сөйлесесіз?

Үйде отбасымызбен қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөйлесеміз. Күйеуімнің ұлты - орыс. Дегенмен балаларымыздың тұсауын кесіп, сүндет той өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазақ халқының салт-дәстүрлерді ұстанамыз. Ұлттық мерекелерді атап өтеміз. Дастарқаннан ұлттық тағам үзілмейді.

- Қазіргі таңда қазақ тілін үйренгісі келетін әр түрлі ұлт өкілдеріне «Абай» клубында сабақ бересіз. Бұл клуб қалай ашылды?

«Абай» клубы 24 маусымда салтанатты түрде ашылды. Бұл клубты ашқан – Ақтөбе онлайн бірлестігі. Жетекшісі – Юрий Гончаров. Клубтың мақсаты: қазақ тілін насихаттау. Ол мені осы орталықта сабақ беруге шақырды. Мен, әрине, қуана келістім. Өзім бала кезден қазақ тілі пәнінен сабақ беруді армандайтын едім. Арманым орындалып, төбем көкке жеткендей қатты қуандым. Өз ісіме шын беріліп, сабаққа бірден кірісіп кеттім.

- Клубқа келгендердің мақсаты қандай?

- Тіл үйренушілердің көбі қазақ тілінде сөйлесуден қорқады. Жұмыста қазақ тілінде сөйлесуден қиналады немесе сыртта жүргенде екі сөздің басын құрап айта алмайды. Бұл клубта олар қазақ тілінде күнделікті пайдаланылатын сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Қазақ тілін үйренуге орыстар, молдовандар, әзірбайжандар, немістер келіп жүр. Біздің клубқа тек өзге ұлттар ғана емес, қазақша сөйлей алмайтын қазақтар да келеді. «Абай» клубында 3 ересектерге арналған топ бар. Бірінші топта – 18 адам, екінші топта – 14 адам. Қазақ тілін үйренушілердің саны артып келеді. Сабаққа келуге қолы босамайтын адамдардың жұмысына іздеп барып, сабақ беремін. Мен үшінші топтағы Надежда есімді қатысушының жұмысына барып, жеке оқытамын. Дүкенде жұмыс істейтіндіктен қазақ тілінде сөйлейтін сатып алушылармен еркін сөйлесе алмайды екен. Тіл үйренуге ештеңе де кедергі емес. Ең бастысы, шын ниет керек.

- Сабақ қандай форматта өтеді?

Сабақтың форматы – ауызша, әңгімелесу. Бірақ қазақ тілінің грамматикасын да оқытамын. Мәселен, сөз бен сөз тіркесі, шылау сияқты тақырыптар қамтылады. Сабақ аптасына екі сағаттан екі рет өтеді. Курс ұзақтығы – 1 ай.

- Қазақ тілін үйренудің қандай тиімді жолдары бар?

Қазақ тілін бір орында отырып үйреніп кету қиын. Қолыңызға кітапты алып, тілді меңгере алмайсыз. Сабақ барысында біз ән де айтамыз, қызықты ойындар да ойнаймыз. Адам есту арқылы ақпаратты ұзағырақ есте сақтайды. Әннің сөзі есте қалып, мән-мағынасын түсінуге ұмтылады. Жағдаятқа байланысты сөз тіркестерін үйретемін. Мәселен, амандасқанда, танысқанда, жұмыста, телефонмен сөйлесу барысында пайдаланылатын сөздер. Тіпті этностильдегі мейрамханаға барып, қазақ халқының мәдениетін көрсетемін. Мұның бәрі қазақ тілін үйретудегі әдістеме арқылы жүзеге асады. Әдістеменің авторы өзім. Сабақ жоспарын да өзім жазамын. Сонымен қатар мұражайға, театрға барып, тілді үйренумен қатар таным көкжиегін кеңейтеміз. Қай жерге барсақ та практикалық сабақ қазақ тілінде өтеді.

- Сабаққа қатысушылардың деңгейі көңіліңізден шығып жатыр ма?

Сабаққа қатысушылардың білім алудағы жетістіктеріне қатты қуанамын. Үй тапсырмаларын беріп, оны сабақта тексеремін. Өткен сабақты қайталаймыз. Жаңа тақырып бойынша жұптық тапсырмалар беріп, сұқбаттар өткіземін. Тіл үйренушілердің арасында ерлі-зайыптылар, анасы мен қызы бар.

Жақында кішкентай балаларға арнап топ ашқалы жатырмыз. Тілді ойын ойнау арқылы үйретемін. Пилоттық жоба болғасын әзірге сабақ ұзақтығын 2 сағатқа шамалап қойдым. Топқа 8-16 жас аралығындағы балаларды қабылдаймыз.

Ақтөбелік психолог суицидтің себебін айтты
Ақтөбелік психолог суицидтің себебін айтты

Жандос  Нұрлыбай – психоанализ бағытындағы практик-психолог. Ол - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Денсаулық және салауаттылық орталығының жетекшісі. Психологияның психоаналитика бағыты бойынша балалық шаққа саяхат жасау арқылы бар мәселенің шешімін табуға көмектеседі.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

- Психоаналитик деген кім? Психоаналитик пен психотерапевттің қандай айырмашылығы бар?

- Психоаналитик – психоанализ бағытында жұмыс істейтін маман. Бұл ғылымның негізін салушы – З.Фрейд. Психоанализ бейсананы зерттейді. Психотерапевт кеңес берумен шектелсе, психоаналитик адамның бейсанасына анализ жасап, терапиялық бағытта ем жүргізеді. Салыстырмалы түрде психоаналитика психология ғылымдарының шыңы болып есептеледі. Аптасына 1 рет психологқа барсаңыз, бұл жай ғана психологпен ақылдасып, кеңесіп жүргендігіңізді білдіреді. Ал егер аптасына 2-3 рет қабылдаудан өтсеңіз, психотерапевттің терапиялық бағытындағы кеңес алып жүргендігіңізді көрсетеді. Соңғы уақытта психотерапевт ұғымын жалпылама қолдану кеңінен белең алды. Аналитиктің қабылдауы – аптасына 5-6 рет.

- Психотерапия қалай өтеді?

- Психотерапияны өткізбес бұрын арнайы уақыт белгіленеді. Алғашқы сессия сұқбат деп аталады. Ол 90 минутқа негізделген. Одан кейінгі сессиялар 45 минуттан өтеді. Уақыт интервалы қатаң сақталуы керек. Терапияны онлайн немесе оффлайн өткізуге болады. Терапия психоанализ бағытында балалық шақты зерделеумен өтеді. Осы уақытқа дейін адам қалыптасқан тұлғасы  балалық шақтан бастау алады. Сол себептен аналитик адамды балалық шағына қайта апаруға тырысады. Сан сұрақтың жауабын сәби шақтан іздейді.

- Психоаналитик көмегіне қандай жағдайда жүгіну керек?

- Психологиялық тұрғыда адамды мазалаған қиындықтар, сұрақтар төңірегінде жүгінуге болады. Өте сирек кездесетін жағдайда дәрігердің жолдамасымен келеді. Негізінен психоаналитиктерге көптеген психологиялық кабинеттердің табалдырығын тоздырып, семинар-тренингтерден жалыққандар келіп жатады.

- Сіздің ойыңызша, не себепті жасөспірімдер жиі суицид жасайды?

- Жасөспірімдер суицидті тығырықтан шығар жол деп ойлайды. Бұған итермелейтін фактор – жасөспірімнің реакциясына ата-ананың назар аудармауы, оны түсінуге тырыспауы. Осының салдарынан жасөспірім өз әлемінде әсерлесімен бетпе-бет қалып, суицид жасауды шешеді. Өмірден кету арқылы бұл әлемді құтқарам деп ойлайды. Суицидтің себебі – ата-ана мен баланың арасындағы байланыстың әлсіреуі. Суицидтің алдын-алу үшін ата-ана мен жасөспірімнің арасында сенімді қарым-қатынас орнауы керек. Жасөспірім өз ойын ашық айта алатындай дәрежеге жетуі қажет. Жасөспірім жақындарының телефон нөмірін «анашым, әкешім, бауырым»  деп сақтауы мүмкін. Бірақ ол қаншалықты осылай айта алады? Жақындарын күнделікті осылай атап жүрген жасөспірім мен жай ғана жазып қойып, ішкі әлемінде, қиялында атап жүрген жасөспірімнің айырмашылығы жер мен көктей. Балаңыздың ортасын құрметтеңіз. Достарын құрметтеу арқылы балаңыздың пікірімен, талғамымен келісетініңізді көрсетесіз. Алғаш суицидтік ойлар мазалаған сәтте жора-жолдастарына осы тұрғыда ойын жеткізген жағдайда, ата-анасы мұны естіп, алдын-алуға мүмкіндік алады. Жасөспірімнің әлеуметтік желідегі суреттеріне, қандай ақпаратты жиі іздейтініне мән беру керек. Егер жасөспірім әлеуметтік желісіндегі аватарына өз суретін қоймаса, өзін әлі толық тұлға ретінде санамайтынын білдіруі мүмкін. Түрлі актер-актрисалардың суреттерін қою баланың өзін қабылдай алмай жатқандығынан хабар береді.

- Қазіргі таңда адамдар телефонға, әлеуметтік желіге тәуелді болып барады. Бұған не себеп?

- Мамандар түрлі дәрежеде себебін айтады. Өз тарапымнан айтарым, ең негізгі себеп – жоспарланбаған бос уақыт. Адамдар әлеуметтік желіге түрлі ракурстағы сәтті шыққан суреттерді салады. Оны көрген желіні пайдаланушы өзін құнсыздандырып алуы мүмкін. Әлеуметтік желіге тәуелділік адамды құлдырауға (регрессияға) әкелуі мүмкін. Ата-ана баласының жанында жиі болмаса, бұл қарым-қатынастың орнын телефон басуы мүмкін.

- Баланы қорқытып тәрбиелеу оның психикасына қалай әсер етеді?

- Баланы қорқытып тәрбиелеудің ақыры келешекте өз ойын еркін айта алмайтын тұлғаның қалыптасуына әкеліп соғады. Бала өзінің жеке шекарасын қорғай алмайтын, батыл шешім қабылдауға қауқары жетпейтін, қандай да бір істе бастамашыл бола алмайтын адам болып қалыптасады. Жұдырық жұмсамай ақылмен шешу керек. Әр бала өз ойын дұрыс я бұрыс болсын, еркін, ашық жеткізе алуы керек. Олардың арасындағы эмоционалдық байланыс үзілмей тұрғанда ата-ана баласы үшін «Түкірігі − түйме алтын, қақырығы − қайма алтын», яғни идеал тұлғалар болып көрінеді. Ата-ананың әр айтқан сөзі, әдеттері мен әрекеті балаға үлгі екенін ұмытпаған абзал. Бала ата-ананы тыңдамай, жеке шекарасын қалыптастыра бастаса, бұған ашуланудың қажеті жоқ. Ол есейіп келеді. Оған түсіністікпен қарау керек.

- Соңғы уақытта кез келген жастағы адамдар ойынқұмарлыққа салынып барады. Мұнымен қалай күресуге болады?

- Бұл - қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Құмарлық – ләззат алу. Жеке анализде балалық шаққа саяхаттау арқылы сол кездегі құмарыңыз қанбай қалған сәтті іздейміз. Психоаналитиктің көмегімен бұл мәселені шешуге болады. Мұндай жағдайда ойынқұмар адам ғана кінәлі емес. Отбасы мүшелерінің де жауапкершілігін ұмытпау керек. Бәлкім, отбасы мүшелері бейсаналы түрде ықпал еткен шығар. Әдетте ойынқұмарлықтан арылу үшін кешенді ем қолданылады. Отбасы мүшелері де қатысады.

- «Психологтың өзіне психолог керек» деген пікірмен келісесіз бе?

- Әрине, келісемін. Кез келген психоаналитиктің жеке анализі болуы керек. Бұл психологты эмоциялық күйзелістен сақтайды. Психолог көмегіне жүгінген жанмен шекарасын реттеуге көмектеседі. Психолог нейтралды позицияда болуы керек. Жеке анализбен қатар топтық терапияда, супервизияда болуы абзал. Супервизия – психологтардың тәжірибе алмасу алаңы.

- Қазіргі таңда екінің бірі психологиялық тренингтер өткізіп жүр. «Аңқау елге арамза молда» демекші, қоғамда осындай тренингтерді кімнің өткізетініне қарамастан қатысушылар саны көбейіп барады. Нәтижесінде, адамдар әр түрлі кеңестерді тыңдап, дұрыс жол таба алмай жүр. Бұған көзқарасыңыз қандай?

- Психологиялық тренингтерге сұраныстың артуына оң баға беруге болады. Бұл халықтың психологиялық сауатының артуын көрсетеді. Өз қалтасын ойлап, пайдасыз білім беретіндердің көбейіп кеткенін айтпай кетуге болмас. Бұл халықтың романтик көңіл-күйін білдіреді. Адамдардың сиқырлы таяқшамен бір демде бәріне қол жеткіземін деген сенімін пайдаланады. Түрлі тренингтер, марафондар бір сәттік әсер сыйлағанымен нәтижесі ұзаққа бармайды. Ақпарат кеңістігінде осындай құлақтандырулар көбейіп жатқандықтан пайдасыз тренинг өткізетіндердің көп ұзамай азаятынына сенемін.

- Әдетте адамдар қандай мәселемен жиі келеді?

- Әркімге өз мәселесі өзекті. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде демекші, ойға алған мәселенің бәрі шешілмес түйіндей көрінеді. Аналитиктер барынша түсіністікпен қарап, сол мәселені шешуге тырысамыз. Дей тұрғанмен, ең бастысы ата-ана мен баланың, ерлі-зайыптының, анасы мен қызының қарым-қатынасы. Қоғамдағы өзекті мәселелердің бәрі осы қарым-қатынаспен байланысты.