Керек ақпарат - Керек.info қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің интернет нұсқасы

Кандидаттар металлургтермен кездесті
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Қазыбек Әлішев, Ұшқын Мыңбаев және Қайрат Болсын «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда кандидаттар партияның Ақтөбе облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңір экономикасын дамытуға қатысты міндеттерді талқылады.

Әсіресе өндіріс орындарын қолдау, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне назар аударылды.

Бағдарламада өңдеу өнеркәсібіндегі 10 жобаны іске асыруға жәрдемдесу, оның ішінде Ақтөбе қаласы станциясында жобалық қуаты жылына 825 шақырым рельс болатын рельс дәнекерлеу кәсіпорнын салу және ұйымдастыру, кейіннен тазартылған мысқа дейін қайта өңдеуге арналған тауарлық мыс концентратын өндіру, заманауи цемент зауытын салу жобалары бар. Жаңа өнеркәсіптік өндірістер құру тұрақты жұмыспен қамтуды және ашық салық түсімдерін қамтамасыз етеді, — деді Қазыбек Әлішев.

Ақтөбеде жылына 825 шақырым ұзын өлшемді рельс өндіретін рельс дәнекерлеу кәсіпорнының құрылысы өңірдің теміржол өндірісі саласындағы әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Бұл өндірістік кооперацияны дамытуға және логистикалық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Қазыбек Әлішев партияның сайлауалды бағдарламасындағы басқа да мақсат-міндеттерге тоқталды. Партияның сайлауалды бағдарламасында мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салу жөнінде нақты міндеттер көзделген. Соның бірі – 2027 жылы Ақтөбе қаласында көпбейінді балалар ауруханасын салу. Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін облыста 6 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, 24 мектеп, 12 денсаулық сақтау нысаны және елді мекендерге қажетті өзге де нысандар салу жоспарланып отыр.

Кандидаттар бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің кемінде 852 жобасына қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ осы салада жұмыспен қамтылғандар санын 168,5 мың адамға дейін арттыру көзделгенін айтты. Бұл шаралар өңірдің өндірістік әлеуетін нығайтып, халықтың табысын арттыруға жағдай жасауға бағытталған.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» бас директорының бірінші орынбасары Әсет Алдамжаровтың айтуынша, кәсіпорында 750-ден астам адам еңбек етеді. Зауыт рельс-арқалық өнімдерін шығарады. Жылдық өндірістік қуаты – 430 мың тонна. Өнім Қазақстан аумағында және жақын шетелдерде сатылады.

Кездесу барысында бағдарламада белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, соның ішінде өндірістің қуатын, өнеркәсіп саласындағы жұмыспен қамтуды арттыруға жағдай жасау жайы талқыланды. Кандидаттар зауыт жұмысшыларының сұрақтарына жауап берді.

Тапсырыс беруші: Алишев К.К.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Дискордантты жұп: АИТВ отбасылық бақытқа кедергі емес
Қазіргі таңда медицина қарқынды дамып, бұрын емделуі қиын саналған көптеген ауруларды бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп отыр. Солардың бірі – адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ). Бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар уақтылы анықталып, антиретровирустық емді тұрақты қабылдаса, ұзақ әрі белсенді өмір сүріп, отбасы құрып, дені сау ұрпақ тәрбиелей алады.

Соңғы жылдары халық арасында жиі қойылатын сұрақтардың бірі – дискордантты жұп туралы. Бұл ерлі-зайыптылардың немесе тұрақты серіктестердің бірінде АИТВ анықталып, екіншісінде анықталмаған жағдай.

Кейбір адамдар мұндай жұптардың бірге өмір сүруі қауіпті деп ойлайды. Алайда қазіргі ғылыми деректер мүлде басқа жағдайды көрсетеді. Егер АИТВ-мен өмір сүретін адам дәрігер тағайындаған антиретровирустық терапияны (АРТ) күн сайын тұрақты қабылдап, қандағы вирустық жүктемесі ұзақ уақыт бойы анықталмайтын деңгейде сақталса, жыныстық жолмен вирустың берілу  қаупі болмайды. Бұл әлемдік медицинада «Анықталмайтын = Берілмейтін» (U=U) тұжырым ретінде мойындалған.

Әрине, бұл нәтижеге тек емді үзбей қабылдау, дәрігердің бақылауында болу және жоспарлы зертханалық тексерулерден уақытылы өту арқылы ғана қол жеткізіледі. Сондықтан емге жоғары бейілділік – өз денсаулығын сақтаудың ғана емес, жақын адамын қорғаудың да маңызды кепілі.

Дискордантты жұптар үшін тағы бір маңызды мәселе – бала сүю. Бұрын бұл үлкен алаңдаушылық туғызса, қазіргі таңда медицина қауіпсіз жүктілікті жоспарлауға мүмкіндік береді. Инфекционист пен акушер-гинекологтың бақылауында болып, барлық медициналық ұсынымдарды орындаған жағдайда АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупін айтарлықтай төмендетуге болады. Сондықтан АИТВ диагнозы ата-ана болуға кедергі емес.

Сонымен қатар АИТВ анықталмаған серіктеске де өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау маңызды. Дәрігердің кеңесіне жүгіну, уақтылы тестілеуден өту және ұсынылған алдын алу шараларын сақтау отбасының амандығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Өкінішке қарай, бүгінгі күні қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты негізсіз қорқыныш пен стигма әлі де кездеседі. Ал шын мәнінде олар өзгелер сияқты еңбек етеді, білім алады, отбасын құрады және қоғамның толыққанды мүшесі болып табылады. Оларға ең алдымен түсіністік, қолдау және дұрыс ақпарат қажет.

Ақтөбе облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Егер АИТВ берілу қаупі болған деп күмәндансаңыз немесе АИТВ-статусыңызды білгіңіз келсе, тексерілуден өтуден тартынбаңыз. Ерте анықталған АИТВ инфекциясы уақытылы емді бастауға, денсаулықты сақтауға және вирустың берілуінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Есте сақтаңыз: АИТВ – үкім емес. Дұрыс ақпарат, заманауи ем және жауапкершілік көптеген отбасының бақытты өмір сүруіне жол ашады.

Алия Ердібекова

Облыстық АИТВ инфекциясының

алдын алу орталығының инфекционист дәрігері

Мұнайдан пайда таппақ болған бойжеткен алданып қалды
Ақтөбелік бойжеткен мұнай саласына инвестиция салып, табыс табамын деп 4,3 миллион теңгесінен айырылды. Қаражатты жинау үшін екі банктен несие алып, таныстарынан да қарызға ақша сұраған.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Жергілікті полицияның мәліметінше, бойжеткен Telegram арқылы белгісіз адаммен байланысқа шыққан. Ол мұнай саласына инвестиция құйып, ақшасын еселеуге болады деген ұсынысқа сенген. Нәтижесінде жәбірленуші алаяқтарға 4 млн 322 мың теңгесін аударған. Алайда уәде етілген табысқа қол жеткізе алмаған. Есесіне, мойнына несие мен қарыз ілінген.

Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтауға кірісті. Тәртіп сақшылары тұрғындарды интернеттегі инвестициялық ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады. Аз уақыт ішінде жоғары пайдаға кенелуге уәде беретін хабарламаларға сеніп, несие рәсімдеуге асықпаған жөн. Ақша аудармас бұрын ұсыныстың заңдылығын тексеру қажет.

Ақтөбеде алданған туристер сотқа келді
Ақтөбеде алданған туристерге қатысты сот процесі басталды. Туристік компанияның директоры мен қызметкеріне алаяқтық бабы бойынша айып тағылып отыр. Алайда олар кінәсін мойындамайды.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбеде «Еркош тур» (кейінгі атауы «Four Tour») туристік фирмасынан зардап шеккендер сотқа келді. Тергеу мәліметінше, барлығы 49 адам алданып қалған. Олар Түркия, Дубай  мен Еуропа  елдеріне  жолдама сатып алған.  Шетелге саяхаттауды жоспарлаған тұрғындар ақшаларын төлегенімен, сапарға шыға алмай қалғандарын айтады. Жәбірленушілердің сөзінше, зардап шеккендердің саны 200-ден асады. Әзірге тек сот процесіне алданғандардың тек бір бөлігі ғана қатысып жатыр.«1 миллион 400 мың теңге төледім»

Жәбірленуші Гаухар Шунгилова сәуір айында  турфирмадан екі бағытқа жолдама сатып алғанын айтады. Стамбулға бару үшін 600 мың теңге, ал Еуропаға саяхаттау үшін 800 мың теңге төлеген. Алайда сапарлары жүзеге аспай қалған.

– Турды сатып алғанша үнемі хабарласып, байланыста болды. Ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кетті. Маған бастапқыда келісімшарт та жасамады. Өзім кеңсесіне барып, талап еттім. Содан кейін ғана екеуара келісімшарт жасалды. Еуропаға виза алу мәселесін шешіп беретінін айтқан. Қазір маған 1 миллион 100 мың теңге қарыз. Сәуір-мамыр айларында тур сатып алған адамдардың көбі ұша алмай қалды. Соған қарамастан, тур сатуды жалғастырған, – дейді ол.

Жәбірленушінің айтуынша, кейбір клиенттер 2025 жылдан бері ақшасын қайтара алмай жүр. Ол барлық жәбірленушінің шығыны өтеліп, сот процесі ашық өткенін қалайды.Мальдивке барамын деп алданып қалған

Элина Бақытова биыл ақпан айында  Мальдив аралдарына үш күндік тур сатып алған. Оның құны 400 мың теңге болған. Ақшаны онлайн аударып, келісімшартты да интернет арқылы алған.

– Ақша төлегеннен кейін чат ашылып, сапарға қажетті ақпараттар арнайы топқа жіберілетінін айтты. Бірақ белгіленген уақыт жақындаса да, ешқандай топ ашылмады. Ақша аударған қыздарға хабарласқанымызда телефондарын көтермеді. Содан Instagram арқылы өзім сияқты алданып қалған адамдарды іздей бастадым. Кейін жиналып, арыз жаздық, – дейді жәбірленуші.

Оның сөзінше, кейін жолдасына айтып, турфирма өкілінен ақшасын қайтарып алған.

Дубайға сапар да кейінге қалды

Гүлжан Ахметова былтыр қараша айында  Дубайға бару үшін 250 мың теңгеге тур сатып алған. Жоспар бойынша, ол биыл қаңтарда саяхаттауы тиіс еді.  Жәбірленуші  жолдаманы онлайн рәсімдеп, келісімшарт алған. Алайда сапар уақыты жақындағанда турфирма өкілдерімен байланысу қиындаған.

– Алғашында рейске қатысты мәселе бар екенін айтты. Екі ай күттім. Қайта-қайта хабарласып, ақшамды сұрадым. 14 күн ішінде қайтарамыз деді. Бірақ соза берді. Наурыз айында 100 мың теңге қайтарды, қалғанын әлі алған жоқпын, – дейді ол.

Турфирма өкілі не дейді?

Алайда  үй қамағында отырған айыпталушы өзіне тағылған айыптаумен келіспейді. Турфирма өкілі Еркебұлан Аймұратұлының айтуынша, жағдайға серверлердегі техникалық ақау мен туристер баратын  елдегі геосаяси жағдай себеп болған.Ол ақшаны қайтаратын ниеті болғанын айтады.  Алайда қамауға алынғандықтан, мұндай мүмкіндіктен айырылған көрінеді.

– Біз клиенттерге жағдайды түсіндіріп, 11 маусымға дейін уақыт беруін сұрадық. Ақшаларын біртіндеп қайтарып отырдық. Алайда 24 мамырда мені тергеу изоляторына қамады. Телефон мен интернетті пайдалануға мүмкіндік болмады. Сондықтан клиенттермен байланыса алмадым. Егер мүмкіндік берілгенде, барлығының ақшасын қайтарар едім, – деді ол.

Еркебұлан Аймұратұлы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және клиенттердің ақшасын иемденіп, қашып кетпегенін айтты. Сондай-ақ турфирмаға қатысты 50 адамның арызы түскенін мәлімдеді.

Қандай бап бойынша айып тағылды?

Прокурор Сәкен Сәрсенбайұлының айтуынша, кәсіпкер Еркебұлан Аймұратұлы Қылмыстық Кодекстің  190-бабының  3-бөлігі ( Алаяқтық) бабы бойынша айыпталып отыр. Қазір қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өңірде ішкі турзиммен айналысатын 7 туроператор бар
Қазір  Ақтөбе облысында ішкі туризм бағытында лицензиясы бар 7 туроператор жұмыс істейді. Ал туристік фирма ашу үшін кәсіпкерлікті тіркеп қана қоймай, заңда белгіленген талаптарды орындау қажет.
Облыста ішкі туризм бағытында лицензия алған компаниялар қатарында «Әлемгер» ЖШС, «Hotel Group» ЖК, «ТМС Казахстан» ЖШС, «Ногуманов» ЖК, «Узакбаева» ЖК, «Тлешева» ЖК және «Batys tour company» ЖШС бар.

Туристік фирма ашу үшін не қажет?

Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мәліметінше, Қазақстанда туристік компанияны жеке кәсіпкер (ЖК) немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ретінде тіркеуге болады. Қызметтің бағытына қарай кәсіпкер лицензия алуы немесе қызметінің басталғаны туралы хабарлама жіберуі тиіс.Туроператорлық қызметпен айналысу үшін тиісті лицензия қажет. Сонымен қатар кәсіпкер ұйымдастыратын туристік өнімін әзірлеп, туризм саласында білімі бар және кемінде бір жыл еңбек өтілі бар қызметкерді жұмысқа тартуы керек. Сондай-ақ компанияның меншігінде немесе заңды негізде пайдаланатын кеңсесі болуы қажет. Бір айта кетерлігі, «Еркош тур» туристік компаниясының қызметі бұған дейін де сотта қаралған. Кейін атауын «Four Tour» деп өзгерткен компания  былтыр туроператорлық қызметке берілген лицензиясынан айырылған. Саяхатшыларды алдап, басы дауға  қалған туристік фирма жалғыз бұл емес. Облыстық соттың мәліметінше, қазір  «Роял Травел» компаниясына  қатысты  қатысты қылмыстық  іс те  сотта қаралып жатыр.

Өртсөндіргіш — өрт кезіндегі алғашқы көмек құралы
Өртсөндіргіш — өрттің бастапқы кезеңінде жалынды сөндіруге және оның таралуын болдырмауға арналған негізгі құралдардың бірі. Оны тұрғын үйлерде, автокөліктерде, мекемелер мен кәсіпорындарда ұстау өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Өртсөндіргішті қалай дұрыс қолдану керек?

Өртсөндіргішті алып, сақтандырғыш чегін суырыңыз.

Шлангіні немесе саптаманы жалынның түбіне бағыттаңыз.

Тұтқасын басып, өрт сөндіргіш затты жалынның түбіне шашыңыз.

Жалын толық сөнгенше ағынды бір жақтан екінші жаққа бағыттаңыз.

Қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?

- Өртті тек бастапқы кезеңінде және өз өміріңізге қауіп төнбеген жағдайда сөндіруге әрекет жасаңыз.

- Түтін көп болса немесе жалын тез таралса, дереу қауіпсіз жерге шығыңыз.

- Электр құрылғыларын сөндіргенде өртсөндіргіштің сол мақсатқа жарамды екеніне көз жеткізіңіз.

- Өртсөндіргішті қолжетімді жерде сақтап, оның жарамдылық мерзімі мен техникалық жағдайын тексеріп отырыңыз.

Есіңізде болсын! Өртсөндіргішті дұрыс пайдалану өрттің таралуын тоқтатып, адам өмірі мен мүлікті сақтап қалуға көмектеседі. Өрт кезінде қауіпсіздікті бірінші орынға қойып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

Дина Досжанова

Ақтөбе қаласының ТЖБ бас маманы

"Төсекте темекі шегу және телефонды қараусыз қуаттау — өрт қаупі!"
Тұрғын үйлердегі өрттің негізгі себептерінің бірі — отпен абайсыз әрекет ету және электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау. Әсіресе төсекте темекі шегу адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Темекінің шоғы төсек-орынға, көрпе-жастыққа түссе, бықсып жану басталып, өртке ұласуы мүмкін. Ұйықтап қалған адам түтінді дер кезінде байқамай, улы газдан улану қаупіне ұшырайды. Сондықтан төсекте темекі шегуге және тұтанған темекіні қараусыз қалдыруға болмайды.

Ұялы телефонды қуаттау кезінде де сақ болыңыз!

Телефонды ақаулы қуаттағышпен немесе зақымдалған кабельмен зарядтау қысқа тұйықталуға және құрылғының қызып кетуіне әкелуі мүмкін. Телефонды төсек, жастық немесе көрпе үстінде қуаттау да қауіпті, себебі жылудың таралуы қиындайды.

Өрттің алдын алу үшін:

- Төсекте темекі шекпеңіз.

- Телефонды ұйықтар алдында қуаттағыштан ажыратыңыз.

- Құрылғыны қатты, тегіс әрі жанбайтын бетте қуаттаңыз.

- Зақымдалған қуаттағыштар мен кабельдерді пайдаланбаңыз.

- Телефонды көрпе-жастықтың астында қуаттамаңыз.

Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — әр азаматтың міндеті. Қарапайым сақтық шаралары өз өміріңізді, отбасыңызды және көршілеріңізді өрт қаупінен қорғауға көмектеседі. Өрт немесе түтін байқалған жағдайда қауіпсіз жерге шығып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

"Плитаға қараусыз қалдырылған тағам — өрт қаупінің көзі"
Көпқабатты тұрғын үйлерде ас әзірлеу кезінде тағамды қосулы плитада қараусыз қалдыру өрттің шығуына және адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Кәдімгі ұмытшақтықтың өзі ауыр зардаптарға әкелуі ықтимал.

Тағамның күйіп кетуі салдарынан пәтер түтінге толып, улы жану өнімдері адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Оттың перде, жиһаз және басқа да тез тұтанатын заттарға таралу қаупі бар. Ал көпқабатты үйлерде түтін көрші пәтерлерге де тарап, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Өрттің алдын алу үшін не істеу керек?

- Тағамды плитада қараусыз қалдырмаңыз.

- Ас әзірлеу кезінде үйден шықпаңыз және ұйықтап қалмаңыз.

- Плита маңына сүлгі, қағаз және басқа да тез тұтанатын заттарды қоймаңыз.

- Шаршаған немесе өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда ас әзірлеуді кейінге қалдырыңыз.

- Өрт белгілері байқалса, адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

Заң талаптары және жауапкершілік

Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес, ғимараттар мен тұрғын үйлерде дайындалып жатқан тағамды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабына сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға ескерту жасалуы немесе 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке дейін артады. Егер өрт салдарынан адамның денсаулығына зиян келсе немесе елеулі материалдық залал туындаса, заңда көзделген қосымша жауапкершілік қарастырылған.

Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — әр адамның міндеті. Плитадағы тағамды қараусыз қалдырмаңыз. Сіздің жауапкершілігіңіз өз отбасыңыздың ғана емес, көршілеріңіздің де өмірі мен қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.

Дина Досжанова

Ақтөбе қаласының ТЖБ бас маманы

Автокөлікті өрттен сақтаңыз: өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары
Автокөлікте өрт шығуы — көлік құралының зақымдануына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін қауіпті жағдай. Өрт кенеттен пайда болуы мүмкін, сондықтан әрбір жүргізуші өрттің негізгі себептерін және өрт туындаған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін білуі қажет.

Өрттің шығу себептері қандай?

Автокөліктегі өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі — электр сымдарының ақауы, соның ішінде қысқа тұйықталу. Сонымен қатар жанармайдың немесе мотор майының ағуы, қозғалтқыштың қызып кетуі, отын жүйесінің ақаулары және көлік құралын пайдалану ережелерінің бұзылуы да өртке әкелуі мүмкін.

Сапасыз қосалқы бөлшектерді пайдалану, электр сымдарына өз бетінше өзгерістер енгізу және автокөлікке уақтылы техникалық қызмет көрсетпеу де өрт шығу қаупін арттырады.

Автокөлік өртенген жағдайда не істеу керек?

Түтін немесе күйік иісі байқалған жағдайда автокөлікті дереу қауіпсіз жерге тоқтатып, қозғалтқышты өшіру және барлық жолаушыларды көліктен шығару қажет. Содан кейін қауіпсіз қашықтыққа алыстап, өрт сөндіру қызметіне 101 немесе 112 нөмірлері арқылы хабарлау керек.

Егер өрт шағын болса және адамдардың өміріне қауіп төнбесе, автокөлік өртсөндіргішін пайдалануға болады. Қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан кезде капотты бірден толық ашуға болмайды, себебі оттегінің түсуі жалынның күшеюіне әкелуі мүмкін. Егер өрт тез таралса немесе жарылу қаупі болса, оны өз бетінше сөндіруге әрекет жасамаған жөн.

Өрттің алдын алу жолдары

Өрт шығу қаупін азайту үшін жүргізушілерге автокөліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыру, электр сымдары мен отын жүйесінің жарамдылығын бақылау, анықталған ақауларды уақытылы жою және көлікте жарамды өртсөндіргіш ұстау ұсынылады.

Сондай-ақ автокөлікті ашық оттың жанына қалдырмау және тез тұтанатын заттарды қауіпсіздік талаптарын бұза отырып тасымалдамау қажет.

Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, автокөліктің техникалық жағдайына мұқият қарау және өрттің алғашқы белгілеріне дер кезінде әрекет ету ауыр зардаптардың алдын алуға көмектеседі. Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз!

Дина Досжанова

Ақтөбе қаласының ТЖБ бас маманы

Ақтөбе кітапханаларының 215 мыңнан астам оқырманы бар
Ақтөбе кітапханалары бір жылда 215 мыңнан астам оқырман қабылдаған. Қала кітапханаларының жылдық есебі қорытындыланып, жетістіктері мен өзекті мәселелері сараланды.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Михаил Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің жылдық есебі тыңдалды. Жиында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман санын арттыру және кітапхана қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды. Кездесуге қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиева мен мәдениет үйлерінің директорлары қатысты. Жылдық есепті мекеме директоры Гүлнар Салиева баяндады.

Кітапхана қызметіне сұраныс жоғары

Есепті кезеңде қалалық кітапханаларда 532 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оның тоғызы онлайн форматта өткен. Мәдени-танымдық кездесулер мен әдеби кештерге 31 600 адам қатысқан. Кітапхана қызметін пайдаланушылар саны 33 400 адамды құраған. Ал кітапханаларға келушілер саны 215 мыңнан  асты.  Оқырмандарға 345 500 дана кітап берілген. Қазіргі таңда кітапханалардың жалпы қоры 234 мыңға жуық  дананы құрайды. Оның 97 мыңнан астамы - мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Кітапханаларда әдеби кездесулер, танымдық сағаттар, поэзиялық кештер мен түрлі мәдени жобалар ұйымдастырылып келеді.

Әдеби мұраны ұлықтауға басымдық берілген

Жыл бойы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және әдебиет пен өнерді насихаттауға бағытталған шаралар өтті. Михаил Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада композитор, өнер зерттеушісі Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Ғасырлар пернесі – ғибрат ғұмыр» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылды.Ұлттық кітап күні аясында әдеби-сазды кештер, кітап көрмелері мен танымдық кездесулер өткізілді. «Сөзбен өрілген сезім» жобасы шеңберінде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жүрек. Өлең. Ғұмыр» атты поэзия кеші өтті. Сондай-ақ жас кітапханашылардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында «Кітапхана аруы – 2026» байқауы ұйымдастырылды.

Балалар әдебиеті де назардан тыс қалмаған

№5 балалар кітапханасында ақын Әнуарбек Дүйсенбиевтің 95 жылдығына арналған «Балалардың сырбаз ақыны» атты әдеби кеш өтті. Ұлттық кітап күні аясында Шымкент қаласының кітапхана жүйесімен бірлесіп, «Кітаппен бірге болашаққа» телекөпірі ұйымдастырылды. Ал №6 модельді кітапханада ақын Жұлдыз Қожабековамен кездесу кеші өтті. Бұдан бөлек №2 кітапханада «Туған жер – тұнған шежіре» атты ақпараттық-тарихи сағат пен журналист Нұргүл Қонақбаевамен «Жаңалық жаршысы – ертеңнің сәулесі» атты сыр-сұхбат ұйымдастырылды.

Оқырман тартуға бағытталған бес жоба

Қала кітапханаларында оқырман санын арттыруға арналған бес жоба жүзеге асырылып келеді. «Сөзбен өрілген сезім» поэзияны насихаттауға бағытталса, «Аялдамадағы әдеби әлем» кітапты тұрғындардың күнделікті өміріне жақындатуды көздейді. Ал «Кітап. Кітапханада. Кітапханашы.» подкасты кітапхана қызметін жаңа форматта таныстырады. Сонымен қатар «Кітап гәп» және «Жасанды интеллект жаңа заман дәуірі» жобалары іске асырылуда.«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ әдіскері Гүлзайда Өтениязқызының айтуынша, жобалардың негізгі мақсаты – тұрғындардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және әдебиетті кеңінен насихаттау. Сондай-ақ «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында оқырмандар конференциясы өтіп, қатысушылар оқыған шығармалары туралы пікір алмасты.

Кадр мәселесі мен қаржыландыру өзекті

Кітапхана қызметінің сапасын арттыру үшін мамандардың біліктілігін жетілдіруге де көңіл бөлінген. Былтыр сегіз қызметкер білім алуға түссе, биыл жүйенің төрт қызметкері жоғары кәсіби оқу орындарына қабылданған.Дегенмен жиында штат санының жеткіліксіздігі де көтерілді. Қызметкерлерге түсетін жүктемені ескере отырып, қосымша штаттық бірліктер бөлу қажеттігі айтылды.Сонымен қатар кітапханалардағы интернет сапасының төмендігі, №4 М. Горький атындағы қалалық кітапхана ғимаратын жөндеу қажеттігі және кітап қорын толықтыруға бөлінетін қаражаттың 50 пайызға азаюы мәселелері талқыланды. Қызметкерлердің кәсіби дамуына арнайы қаржы қарастырылмағаны да айтылды.Бұл түйткілдер кітап қорын жаңартуға, электронды ресурстарды пайдалануға және оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге әсер етуі мүмкін. Сондықтан материалдық-техникалық базаны жақсарту мен мамандарды қолдау алдағы міндеттердің бірі болып отыр.

Жаңа аудандарға кітапхана қажет

Қала аумағының кеңеюіне байланысты кітапхана қызметін тұрғындарға жақындату мәселесі де көтерілді. Жиында Нұр-Сити ауданында кітапхана санын арттыру, Есет батыр тұрғын алабы мен қаланың Батыс ауданында сегіз кітапхана ашу қажеттігі айтылды.

Кітапханалар тұрғындардың білімін жетілдіруге, балалар мен жастардың танымын кеңейтуге және мәдени шараларға қатысуына мүмкіндік береді. Алайда жаңа нысандар ашу үшін ғимарат, қаржы және білікті мамандар мәселесін шешу қажет.

Алдағы міндеттер айқындалды

Жылдық есеп қорытындысында кітапхана қызметін жетілдіру, оқырман сұранысын қанағаттандыру және заманауи технологияларды енгізу бағытындағы міндеттер белгіленді.Бір жыл ішінде қалалық кітапханаларда жүздеген іс-шара өткізіліп, мыңдаған адамға қызмет көрсетілген. Сонымен бірге кітап қорын толықтыру, интернет байланысын жақсарту, ғимараттарды жөндеу, кадр тапшылығын шешу және жаңа аудандарда кітапхана ашу қажеттігі анықталды.Алдағы кезеңде осы мәселелерді шешу үшін тұрақты қаржыландыру, материалдық-техникалық жағдайды жақсарту және мамандарды қолдау маңызды. Қала кітапханаларының жұмысы атқарылған істерді жалғастырып қана қоймай, тұрғындардың кітапқа қолжетімділігін арттыруға бағытталуы тиіс.

Ақтөбеде цифрлық фонтан орнатылды
Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында, жаңа цифрлық фонтан пайда болды. Қазіргі уақытта нысан сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оның айналасы абаттандырылып, тұрғындардың демалысына арналған қоғамдық кеңістікке айналады. Қараусыз қалған аумақ абаттандырылады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Фонтан орналасқан аумақ ұзақ жылдар бойы жеке меншікте болған. Сот процестерінен кейін жер телімі биыл қала меншігіне қайтарылды. Қала әкімі Азамат Бекеттің қоғамдық кеңістік құру туралы бастамасын «Oil West» компаниясы қолдап, абаттандыру жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге кіріскен.Ол жобаға қолдау білдіріп, аумақты абаттандыруға атсалысқан компания өкілдеріне алғыс айтты. Сонымен қатар күн суытқанға дейін фонтанды қысқы кезеңге дайындау қажеттігін атап өтті.

Су арқылы өрнектер мен жазулар бейнеленеді

Жаңа цифрлық фонтанның басты ерекшелігі – су ағындары арқылы түрлі өрнектерді, әріптерді, жазулар мен логотиптерді бейнелеу мүмкіндігі. Электронды басқару жүйесімен жабдықталған арнайы форсункалар мен жарықдиодты шамдар су композицияларын әртүрлі қалыпта көрсетуге мүмкіндік береді. Фонтанның бағдарламасын әлі де жетілдіреміз.

Бүгін оны сынақ режимінде іске қостық. Ең бастысы, тұрғындарға ұнаса екен, – деді «Oil West» ЖШС-нің жауапты өкілі Нұрболат Матаев.

Аумақтың келбеті өзгереді

Жоба аясында фонтаннан «Ақтөбе» қонақүйіне дейінгі 0,47 гектар жер абаттандырылады. Мұнда жасыл желектер отырғызылып, суару жүйесі орнатылады. Сондай-ақ өрнекті кеспетас төселіп, аумаққа жарықтандыру шамдары, орындықтар және демалысқа арналған өзге де жабдықтар қойылады. Компания өкілдерінің мәліметінше, биылғы негізгі жұмыстар фонтанды орнату мен оның айналасын абаттандыруға бағытталған. Ал келесі жылы жобаны жалғастырып, аумақты толық көркейту жоспарланып отыр. Осылайша, ұзақ уақыт қараусыз жатқан жер қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қоғамдық кеңістікке айналмақ. Цифрлық фонтан мен жаңартылған аумақ Ақтөбе орталығындағы жаңа демалыс орындарының бірі болуы мүмкін.