Әлеумет - Керек.info қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің интернет нұсқасы

«Сәлем» аллеясы ашылды
Ақтөбеде бұрын жеке меншік автотұрақтар орналасқан аумақ жаңа қоғамдық орынға айналды. Бөкенбай батыр көшесінің бойында мемлекет мұқтажы үшін қайтарылған екі жер учаскесінде «Сәлем» атты заманауи аллея салынды. Енді мұнда тұрғындар серуендеп, балаларын ойнатып, спортпен шұғылдана алады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Жаңа аллея тұрғындардың игілігіне берілді. Ашылу салтанаты «Таза Қазақстан» экологиялық акциясымен қатар өтті. Осыған орай аллея аумағына 60 түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде 7 шырша, 5 жөке, 13 қайың, 7 шаған және 27 терек бар. Жасыл желек егу арқылы аумақты көгалдандырып қана қоймай, тұрғындардың тынығуына қолайлы орта қалыптастыру көзделген.Бұған дейін Бөкенбай батыр көшесінің бойындағы бұл аумақта екі жекеменшік автотұрақ болған. Кейін жер телімдері мемлекет мұқтажы үшін жеке меншік иелерінен мәжбүрлеп алынып, қаланың жер қорына берілді. Жалпы аумағы 7 671 шаршы метрді құрайтын демалыс орны демеушілік қаражат есебінен абаттандырылды.

Қала билігінің мәліметінше, аталған аумақтың орналасу ерекшелігі де ескерілген. Бір жағынан, бұл – халық тығыз қоныстанған тұрғын аудан. Екінші жағынан, Бөкенбай батыр көшесі халықаралық әуежайға апаратын негізгі бағыттардың бірі саналады. Яғни, қалаға сырттан келген қонақтар да осы көше арқылы қатынайды. Сондықтан бұрынғы автотұрақтардың орнына тұрғындар мен қала қонақтарына арналған қоғамдық кеңістік қалыптастыру туралы шешім қабылданған. Қалаға сый

Аллеяны абаттандыру жұмыстарына BD Kair компаниясы демеушілік жасап, жобаны қалаға тарту ретінде жүзеге асырған. Нәтижесінде аумақ толықтай жаңартылып, демалыс орнына қажетті инфрақұрылым жасақталды.Қазір аллея аумағында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, брусчатка төселген. Тұрғындардың тынығуы үшін орындықтар қойылып, қоқыс жәшіктері мен шағын сәулеттік нысандар орнатылған. Сонымен қатар 16 дизайнерлік шам қойылып, кешкі уақытта аумақты жарықтандыру мәселесі шешілген. Бұған дейін көктем мен күзде жауын-шашыннан кейін батпаққа айналып, қараңғы болатын жер енді серуендеуге қолайлы жағдайға келтірілді.

Аллеяның тағы бір ерекшелігі – мұнда әр жастағы тұрғынның демалысына жағдай жасалған. Балаларға арналған ойын алаңы, спортпен шұғылданатындарға воркаут аймағы және волейбол алаңы бар. Сондай-ақ автоматты суару жүйесі тартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл жасыл желектің күтімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ерекше сәндік нысан

Жобаның басты сәндік нысандарының бірі – габионнан жасалған «Сәлем» жазуы. Ерекше композицияда «Сәлем» сөзі 30 тілде жазылған. Кешкі уақытта арнайы жарықтандыру жүйесі іске қосылып, жазу аллеяның көркін ашады. Бұл нысан қоғамдық кеңістікке өзіндік ерекшелік беріп қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударуға арналған.Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қалада абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, биыл демеушілердің қолдауымен 26 саябақ пайдалануға берілген. Соның бірі – Бөкенбай батыр көшесіндегі жаңа аллея. «Ақтөбе қаласы бойынша абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл демеушілер есебінен 26 саябақ іске қосылды. Соның бірі – Бөкенбай батыр көшесіндегі саябақ. Бұл жобаға BD Kair компаниясы демеуші болып, халық игілігіне ұсынып отыр. Бұрын бұл жерде автотұрақ болған. Қаланың сәулеттік келбетіне кедергі келтіретін нысан еді. Қазір аумақ қалпына келтіріліп, тұрғындардың игілігіне берілді», – деді қала әкімі.Сондай-ақ Азамат Бекет қала аумағындағы пайдаланылмай жатқан және бас жоспар талаптарына сәйкес келмейтін жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, биылдың өзінде 125 жер учаскесі қайтарылған. Олардың жалпы аумағы 90 гектарды құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімдігінің бақылауында және алдағы уақытта да жалғасады.

Аллеяны жобалауға атсалысқан BD Kair компаниясының дизайнері Айнұр Нағметова бұл бастаманың қала тұрғындарына жасалған тарту екенін айтты. Оның сөзінше, әкімдіктен ұсыныс түскенде компания өкілдері жобаны жүзеге асыруға бірден келіскен.

-“Сәлем” аллеясын қалаға сыйлық ретінде жасадық. Әкімдіктен ұсыныс түскенде, біз қуана келістік. Нәтижесінде осындай әдемі саябақ тұрғындардың игілігіне беріліп отыр. Заманауи аллеяда қажетті жабдықтардың барлығы қарастырылған. Басты ерекшелігі – габионнан жасалған, 30 тілде жазылған “Сәлем” композициясы. Ол кешкі уақытта әдемі жарықпен жарқырап тұрады. Мұнда воркаут аймағы, балалар алаңы, волейбол алаңы бар. 16 дизайнерлік шам орнатылып, 60 түп ағаш отырғызылды. Автоматты суару жүйесі де іске қосылды, – деді Айнұр Нағметова.

Тұрғындар қуанышы

Жаңа демалыс орнының ашылуын жергілікті тұрғындар да қуанышпен қабылдады. Сол маңда тұратын Мұхарам Байзаковтың жасы 70-ке таяған. Оның айтуынша, бұған дейін үй маңында балалар ойнайтын арнайы алаң болмаған. Аумақ қоршалып тұрғандықтан, тұрғындар үшін де қолайсыздық туғызған.

- Мен - осы қаланың тұрғынымын. Бұрын үйіміздің жанында балалар алаңы болмағандықтан, ыңғайсыздық туындайтын. Аумақ қоршаумен жабылып, балалар ойнайтын орын жоқ еді. Енді балалар үшін осындай әдемі саябақ салып берген қала әкімдігі мен кәсіпкерлерге алғысымды айтамын. Кешкі уақытта немерелерімізді ертіп шығып, таза ауада серуендейтін боламыз. Әр азамат өз қаласына, әсіресе балаларға көңіл бөлсе, осындай жақсы орындар көбейе берер еді, – дейді ол.

Осылайша, бұрын жеке автотұрақтар орналасқан аумақ бүгінде тұрғындардың демалысы мен серуеніне арналған қоғамдық орынға  айналды. Жаңа аллеяның ашылуы шаһардағы абаттандыру жұмыстарының кезекті нәтижесі болды. Қала билігі мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін қайтару және оларды қоғамдық мақсатта тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.

“Қарияларға дүние емес, көңіл керек”
Егде жасқа келіп, еңбектің зейнетін көремін деп жүрген қарттардың бейнет шегіп, жалғыз қалатын кездері де аз емес. Осындай сәтте әлеуметтік қызметкерлер көмекке келіп, тұрмыстық қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, көңілдеріне демеу болады. Себебі жалғыздықтың салмағын жеңілдету үшін жылы сөз бен шынайы ықылас жеткілікті. Кейіпкеріміз Ақмарал Залиева да 13 жылдан бері жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға күтім жасап, олардың күнделікті тіршілігіне қолғабыс етіп келеді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Ақмарал Залиева - Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жосалы ауылының тумасы. Әлеуметтік жәрдем орталығында 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Оның негізгі қызметі – жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға күтім жасау.

Бұл салада жұмыс істегеніңізге қанша уақыт болды?

Әлеуметтік жәрдем орталығында жұмыс істегеніме 13 жыл болды. 2013 жылы осы жұмысқа қабылданбас бұрын әлеуметтік қызметкердің кім екенін де білмейтін едім. Алғашқыда уақытша жұмыс істермін деп ойладым. Бірақ әлеуметтік қызметкердің жұмысы ұнап, бірте-бірте қызметіме деген сүйіспеншілігім оянды. Жұмысты ұнатқаным сонша, шын ниетпен беріліп кеттім. Уақыт зымырап, 13 жыл да өте шықты. Бүгінде жұмысыма дән ризамын. Жұмыстың жеңілі жоқ. Сондықтан оны қиындатпай, барынша жеңіл қараймын.

Сіздің негізгі қызметіңіз қандай?

Мен 10 қарт адамға қызмет көрсетемін. Оның ішінде - екеуі мүгедектегі бар жандар. Қариялардың үйін тазалаймын, азық-түлігін әкелемін. Қан қысымын өлшеп, дәріханадан керекті дәрі-дәрмегін сатып әкелемін. Жеке шаруаларына да көмек беріп, емханаға апарып әкелемін. Коммуналдық қызметтерін төлеуге көмектесемін. Қандай көмек берілсе, соның бәрін журналға жазып отырамын. Әрқайсының үйіне аптасына 2 рет барамын. Өз жоспарларын алдын ала жазып, уақытын есептеп отырады. Бір күнде 4 адамға қызмет көрсетемін. Он саусақ бірдей емес, сондықтан олардың мінезі де әртүрлі. Есіктен кіріп келген сәттен-ақ қарияның көңіл-күйін бірден сеземін.

Қарттардың бала-шағасы болғанымен басқа қалада немесе шетелде тұрады. Кейбірінің бала-шағасы болмауы да мүмкін. Қариялар жалғыз тұратындықтан біздің қызметімізге жүгінеді. Олар маған әбден бауыр басқан. Мені балаша күтіп отырады. Ауыр сөз сөйлемеймін. Сөздеріне құлақ асып, айтқанын мұқият тыңдаймын. Тез тіл табысасың, адамды тыңдай білесің деп өздері де айтып отырады. Әңгімені жалғап, көңілдерін аулау үшін сұрақ қойып та отырамын. Оларға психологиялық қолдау маңызды. Жұмыстың қандай қиын тұсы бар?

Қарттардың ауырып жатқанын көру қиын. Аурудан солып, төсек тартып жатқанын көрген сайын жаным ауырады. Өлу де хақ, дүниеге келу де хақ деп Абай атамыз айтпақшы, бұл өмір заңы деп қабылдап, өзімді жұбатамын.

Жұмыс барысында жүрегіңізді жылытқан немесе есіңізде ерекше сақталған оқиғалар болды ма?

Бір әженің қызы Украинада, ұлы Ресейде тұрады. Балаларын қатты жақсы көретін. Қуатты, әрі жас кезінде балаларына барып тұратын еді. Әже төсек тартып, балаларын бір көруді аңсап, қайтыс болды. Бірақ балалары келмеді. Ұлы тек бір күнге келіп кетті. Ал қызы ат ізін салмады. Көрші-көлем болып ақтық сапарға шығарып салдық. Балаларым әне-міне келіп қалады деп, телміріп күтіп отыратын. Мен балаларына хабарласып, анасының қатты күтіп жатқанын бірнеше рет айттым. Түрлі себеппен ақыры келмеді.

Менде барлық қарияның үйінің кілті бар. Олар маған шүбәсіз сенеді. Кейде ауырып қалып, есік ашуға күші болмаса, есікті кілтпен ашып кіре беремін. Тіпті менде олардың бала-шағасының, алыс тума-туысының, көршілерінің де телефон нөмірлері бар. Видеоқоңырау арқылы балаларымен сөйлесуге көмектесемін. Бірақ ең болмаса жылына бір рет көзбен көргенге не жетсін?

Кейде түнгі мезгілде хабарласып, көмек сұрайды. Менің жұмыс уақытым аяқталса да, әрқашан көмектесуге дайынмын. Тіпті кез келген уақытта хабарласа беріңіз деп те айтамын. Менің жұмысыма отбасым да үйренген.

Олар үшін физикалық көмек маңызды ма, әлде жылы сөз бен рухани қолдау ма?

Әрине, қарттар үшін жылы сөз бен қолдау маңызды. Олардың көңілі баладай аңғал. Мереке сайын бұрынғы жұмыс орным құттықтап келер ме екен деп күтеді. Құттықтамай қалса, ренжіп, көңілдері түседі. Осындайда сыртта жүріп келейік деп көңілдерін аулап, далаға бірге серуендеп  қайтамын. Олар қартайған сайын кез-келген нәрсені ұмытып қалады. Қойған заттарын есіне түсіре алмай, маған хабарласып сұрап алады.

Қариялардың бәрі бөлме гүлдерін жақсы көреді. Гүлдермен сөйлеседі. Туған күндерінде бөлме гүлдерін сыйлауға тырысамын. Сенсорлы ұялы телефон ұстайтын қариялар егде жасқа келіп, әлеуметтік желіге кіреміз деп айтып қалады. Бірақ мен оны құптаймын. Бір сәт көңілдерін аулап, заман ағымынан қалмаған дұрыс қой.

Туған күндерінде міндетті түрде құттықтаймын. Гүл сыйлауға тырысамын. Оларға киім, дүние керек емес, көңіл керек. Қарттар бәрін сезеді. Қанша дегенмен өмірлік тәжірибесі бар адамдар ғой. Көңіл-күйім болмай тұрса, оны дереу сезіп, не болғанын сұрай бастайды. Айтпауға тырыссам да, жасырып тұрғанымды біліп қояды. Бәрі жақсы болады деп ақыл-кеңесін беруден шаршамайды.

Бұл қызмет сізді өзгертті ме?

Бұл жұмыс менің мінезімді өзгертті. Барынша сабыр сақтауды үйрендім. Тентек мінезім басылып, барлығын сабырмен қабылдайтын болдым. Балаларым да мұны байқап, мінезімнің өзгергенін жиі айтады. Бұл жұмыстан үлкен сабақ алдым. Өмірлік тәжірибе жинадым.

Әлеуметтік қызметкер қандай болуы керек?

Әлеуметтік қызметкердің адамгершілігі мол болуы керек. Ниет таза болуы керек деп ойлаймын. Жұмысты да адал ниетпен, шын көңілмен істеу керек. Таза ниет дұрыс жолға бастайды.

Сұхбатыңызға рақмет!

Психотерапевт: “Лудомания мектептен басталады”
Ақтөбе облысында  лудомания диагнозымен 2  науқас есепте тұр. Алайда бұл-ресми статистика ғана. Құмар ойынға тәуелді адамдардың нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені  науқастардың көпшілігі мұны ауру ретінде мойындамайды. XXI ғасырдың дертіне айналған  лудомания туралы кәсіби маман  не дейді?

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе  облысында  құмар ойынға тәуелді  2  адам облыстық  психикалық денсаулық орталығында есепте тұр. Олар екі жыл бұрын писихиатрия  бөлімінде жатып, емделіп шыққан.  25 жылдық  тәжірибесі бар  психотерапевт, психиатр-нарколог   Дина Тілеубаева   құмар ойынның жастар арасында кеңінен  тарағанын айтады.

-Менің тәжірибем бойынша, құмар ойынға  тәуелді адамдардың  орташа жасы 23-35 жаста. Лудомания- XXI ғасырдың дерті. Қазір  телефонда бәс тігуге қатысты жарнамадан көз сүрінеді. Оны үлкен адамдар  парақтап, өткізіп жіберуі мүмкін. Ал гаджетке тәуелді жастар  оған тез құмартады. Олар ата-анасынан гөрі интернетке көбірек сенеді. Дені спортқа бәс тігеді. Құмар ойынға шалдыққандар алғашында ұтады. Жеңіл ақшаға қызығады.  Олар зомби сияқты. Ата-аналарын мүлдем естімейді. Көздері қызарып, ұйықтамайды, үйлерінен кетеді. Есіл-дерті телефонда болады. Қоғаммен, ортамен байланысы тоқтайды. Ақыры олар қарызға батып, микронесиелер ала бастайды,-дейді маман. Республикалық психикалық денсаулық орталығының дерегіне сүйенсек, Қазақстанда 450 мыңға дейін адамда ойынға тәуелділік белгілері бар. Ал 1,8 млн-нан астам адам тұрақты түрде құмар ойын ойнайды. Алайда тек 36 мың адам ғана өзінде проблема барын мойындайды.Бұл мәселе әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілер арасында да өзекті. “Керек. INFO”  газетінің тілшісі  өңірдегі ахуалды білмек болып, ресми органдарға да сауал жолдаған еді. Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, құмар ойынға бәс тігіп, жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметкерлер  туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен  осыдан екі жыл бұрын  мектеп қызметкері бюджеттің  238 млн теңгесін  жымқырып, оның бір бөлігін букмекерлік кеңселерге жұмсаған. Ол  сот  үкімімен Қылмыстық кодекстің  189-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал Ақтөбе облысының  мемлекеттік қызмет істері департаментінің  басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілмановтың бұған дейін берген жауабында бір әкімшілік мемлекеттік қызметшінің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысқаны айтылды. Бұл  үшін оны мемлекеттік қызметтен босатқан. Дегенмен мемлекеттік бюджет қаражатын құмар ойындарға пайдалану фактілері анықталмапты. Мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындар мен бәс тігуге жол бермеу үшін тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін көрінеді.

«Баламның бетін тырнап алды»: Шалқардағы балабақша оқиғасы тергеліп жатыр
Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы «Айгөлек» балабақшасында екі жасқа толмаған баланың беті жарақаттанған. Баланың анасы бейнебақылау жазбасынан тәрбиешінің баланың бетіне қол тигізгенін көргенін айтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметкер жұмыстан шеттетілді.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfaoktobe@gmail.com

Оқиға 29 қыркүйекте Айшуақ ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында болған. Баланың анасы Алинұр Шонанова жұмыстан келіп, бірден балабақшаға барып, бейнебақылау камерасын қарауды талап еткен. Оның сөзінше, сол күні ауылда электр жарығы сөнетіні алдын ала ескертілген. Камера жазбасын қарау кезінде  тәрбиеші көмекшісі уақытша сыртқа шығып кеткені көрінеді. Сол кезде тәрбиеші  ұйықтап жатқан баланың бетіне қол тигізіп, тырнағаны байқалған.

Анасының сөзінше, оқиғаның бір бөлігі жарық сөніп тұрған уақытқа сәйкес келген. Алайда жарық қайта қосылған сәтте бейнебақылау камерасы жұмыс істеп, болған жағдай жазылып қалған.

«Баламның бетінде тырнақ іздері мен жарақат қалды. Оның денсаулығына алаңдаймын. Ең бастысы – баламның қауіпсіздігі мен оған жасалған әрекетке заң аясында жауап беруін қалаймын», – дейді анасы.

Алинұр Шонанова бұл жағдайды жай ғана қызметтік тәртіп бұзушылық ретінде қарауға болмайды деп есептейді. Баланың анасы әлеуметтік желіге жазба жариялауға бастапқыда ниеті болмағанын айтады. Алайда баласының құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе болғандықтан, қоғамның назарын аударуды жөн көрген.

«Менің мақсатым – біреуді қаралау емес. Болған жағдайға байланысты кінәлі адам анықталса, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуын талап етемін. Балабақшада тәрбиеленіп жатқан басқа балалардың қауіпсіздігіне де алаңдаймын», – дейді анасы.

Анасы құзырлы органдардан бейнебақылау жазбасын жан-жақты тексеріп, баланың денсаулығына келтірілген зиянды анықтауды және кінәлі адам анықталған жағдайда заңда көзделген жауапкершілік шараларын қолдануды сұрайды.

Полиция қылмыстық іс қозғады

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынды», – деп хабарлады жергілікті полиция. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның нақты қалай болғаны және оған кімнің кінәлі екені тергеу нәтижесінде анықталады.

Тәрбиеші көмекшісі жұмыстан шеттетілді

Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Айгүл Нұркеева оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Сот медициналық сараптама тағайындалып, жүргізілуде. Қазіргі таңда тәрбиеші көмекшісі жұмыстан шеттетілді», – делінген ресми жауапта. Комиссия оқиғаның мән-жайын зерделеу үшін оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жағдайды бақылауына алған.

Білім басқармасы не дейді?

Ақтөбе облысының білім басқармасы да оқиғаға қатысты тексеру және тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта орын алған факті бойынша құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаға қатысы бар қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. Аталған жағдай білім басқармасының бақылауында», – деді басқарма өкілдері.

Қазір баланың жағдайына қатысты сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша күдіктінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады. Еске сала кетейік, осыдан бір ай  бұрын Ақтөбе қаласында жекеменшік балалар орталығына қатысты шағым айтылған болатын. Қала тұрғыны Мақпал Қуанышбек қызының орталықта қараусыз қалғанын айтып, құзырлы органдарға жүгінген. Анасының айтуынша, бала үш сағаттан астам уақыт бойы жылап, тиісті күтімсіз қалған. Ол бейнебақылау камераларындағы жазбалардан бала күтушілердің қызына дөрекі сөйлегенін және оған тиісті деңгейде көңіл бөлмегенін байқағанын айтады.

Анасы  аталған жағдайға байланысты балалар орталығын тексеріп, жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беруді талап еткен. Бұл жағдай балалардың қауіпсіздігі мен мектепке дейінгі ұйымдардағы бақылау мәселесіне қатысты ата-аналардың алаңдаушылығын қайта көтерді. Айта кетейік, бүгінде Ақтөбе облысында 638 балабақша бар. Оның 377 мемлекеттік балабақша, 261 жекеменшік.

Әлеуметтік төлемді заңсыз алғандар анықталды
Әлеуметтік желіден “төлем рәсімдеп беремін”, “бала күтіміне байланысты төлемді ұзартамыз”,  “жұмыссыздық бойынша төлем шығарып береміз”  деген  жарнама көрсеңіз, сенбеңіз. Әлеуметтік төлем алу үшін делдалдың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Әлеуметтік төлем аламын деп сан соғып қалмаңыз. Қазір әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелгісі келетіндер қатары азаймай тұр. Қазақстанда былтыр 12 өңірде 30-дан аса қылмыстық іс қозғалған. Бес өңірде 7  сот үкімі шыққан. Тергеу барысында олардың  жарнамаларға сеніп, заңсыз төлем алу схемаларына тартылғаны анықталған.

“Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры”АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Кузеуовтің айтуынша, төлемді алуға әлеуметтік желідегі делдалдар көмектесе алмайды. Оның тәртібі Әлеуметтік кодексте нақты белгіленген. Сондықтан біреудің кеңесімен жалған жұмысқа орналасу рәсімдеу, шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет беру, сондай-ақ жалған құжат ұсыну азаматтың өзіне қиындық тудыруы мүмкін.Нұрлан Кузеуов егер әлеуметтік төлемді заңсыз алу фактісі анықталса, төленген қаражат заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуы мүмкін екендігін жеткізді. Ал төлем алу үшін әдейі жалған мәлімет беру алаяқтық болып табылады.

Әлеуметтік төлемді рәсімдеу сылтауымен бөгде адамдар жеке және қаржылық мәліметтерді сұрауы мүмкін. Сондықтан жеке куәлік деректерін, банк картасының нөмірін, банкке қатысты құпия ақпаратты, SMS арқылы келген кодтарды, ЭЦҚ-ға қатысты құпия мәліметтерді және басқа да жеке деректерді бөтен адамға беруге болмайды, - деді “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры”АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Кузеуов. Әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алған дұрыс. Қажетті мәліметтерді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қордың ресми ақпарат жүйелерінен және egov.kz цифрлық үкімет порталынан тексеруге болады. Қосымша сұрақтар бойынша 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласқан жөн.

Ең бастысы әлеуметтік желілердегі жарнама мен ресми ақпаратты ажырата білу қажет. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Әлеуметтік кодексте көрсетілген тәуекелдерге азамат тап болған кезде алатын әлеуметтік қолдау. Оны алу үшін біреуге ақша төлеп, адам іздеп шабылмаңыз, - деді филиал басшысы.

Қор мәліметінше, биыл қаңтар–тамыз айларында 1 млн. 64 мың адамға әлеуметтік төлем берілген. Төлемдердің жалпы сомасы шамамен 527 млрд. теңгені құрады.

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмыссыз қалғанда,  жүктілік және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірістен айырылғандарға тағайындалады.  Сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірістен айырылу жағдайы да кіреді.

Ақтөбеде 100 бала «Қамқорлық» орталығында арнайы қолдау алып жүр
Ақтөбеде менталды бұзушылықтары бар мүгедектігі бар балаларға арналған «Қамқорлық» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 100 балаға арнайы қолдау көрсетіп отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық 2024 жылы ашылған. 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетіледі. Қазір орталыққа 100 бала екі ауысым бойынша қабылданады.

Мұнда әр балаға жеке тәсіл қарастырылған. Балалардың қабілеттерін дамыту және әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатында емдік дене шынықтыру, робототерапия, АВА-терапия, арт-терапия, сенсорлық интеграция және музыкалық терапия сабақтары өткізіледі.

Орталықта балалардың шығармашылық және еңбек дағдыларын дамытуға арналған тігін, қыш және ағаш ұстасы шеберханалары бар. Сондай-ақ проекциялық және сенсорлық кабинеттер жұмыс істейді.

Кешенді қолдауға невропатолог, психиатр, психолог, реабилитолог, массажист, логопед және дефектолог мамандары қатысады. Мамандар баланың жеке қажеттілігіне қарай тиісті қызмет түрлерін ұсынады.

«Қамқорлық» орталығында әлеуметтік қызметтер сегіз бағыт бойынша көрсетіледі. Олар – әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қолдау.

Орталықтың материалдық-техникалық базасы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жобаны «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорлары толық қаржыландырды.

«Қамқорлық» орталығының жұмысы ерекше балалардың әлеуетін ашу, күнделікті дағдыларын қалыптастыру және қоғамға бейімделуіне бағытталған.

Ақтөбеде кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалы 1 қазаннан бастап кезекші кесте бойынша Ақтөбе қаласындағы №2 ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлады. Ол Сәңкібай батыр даңғылы, 249 мекенжайында орналасқан.

Ал Қарғалы тұрғын алабы, 10/10 үй, 3-кеңсе мекенжайындағы Ақтөбе қаласының №3 ХҚКО қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді. Орталық жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, кезекші ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз қабылдайды. Сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші арнайы ХҚКО-ның мекенжайы өзгермейді. Ақтөбе қаласындағы арнайы ХҚКО Алтын Орда шағын ауданы, 21 Б мекенжайында орналасқан. Ол дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сенбі күні орталық сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетіп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін береді.

Мемлекеттік көлік - жеке меншігің емес
Сурет ЖИ арқылы жасалды

Ақтөбе облысында биыл қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланудың бір дерегі тіркелді.  Қазіргі таңда екі дерек бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданда мемлекеттік қызметшілер  жұмыстан тыс уақытта арнайы рұқсат құжатын рәсімдемей, көлік тізгіндеген.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Қызметтік көлікті жеке көлікпен шатастыруға болмайды. Оңды - солды мініп, қалаған жерге барсаңыз, тәртіптік жауапкершілікке тартыласыз. Өйткені, мемлекеттік қызметші өзіне сеніп тапсырылған көлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануы тиіс. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті осылай деп мәлімдеді.Осындай  фактілер анықталған жағдайда қызметтік тергеу жүргізіледі. Сондай-ақ бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына қарай тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралады.

Қызметтік көліктің жұмыс уақытынан тыс немесе демалыс және мереке күндері пайдаланылуы сапардың нақты мақсатына байланысты бағаланады. Егер демалыс күніндегі сапар мемлекеттік органның функцияларын орындаумен байланысты болып, тиісті тәртіппен рәсімделсе, оны автоматты түрде бұзушылық деп санауға болмайды. Ал демалыс немесе жұмыс уақытынан тыс кезеңде көлікті жеке мақсатта пайдалану – қызметтік автокөлікті нысаналы пайдаланбау болып табылады, - делінген департаменттің хабарламасында.

Қорыта айтқанда, сенбі немесе жексенбі күндері қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салынған деген талап жоқ.  Бірақ ол нақты қызметтік қажеттілікке негізделіп, белгіленген тәртіппен рәсімделуі шарт.Қызметтік автокөлікті мемлекеттік қызметші  басқарды делік. Ол жол ережесін бұзса, құқық бұзған адам жауапқа тартылады. Оған салынған әкімшілік айыппұл мемлекеттік мекеменің бюджет қаражаты есебінен төленбейді. Айыппұлды құқық бұзушылық жасаған адамның  өзі төлеуі тиіс.Ал қызметтік автокөлікті штаттағы немесе шарт бойынша жұмыс істейтін жүргізуші басқарған жағдайда, жауаптылық жол ережесін бұзған жүргізушінің өзіне жүктеледі.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің хабарлауынша,  қызметтік көлікті жеке шаруамен  пайдалану мемқызметкердің этикасы мен жауапкершілігінің жоқтығын көрсетеді. Сондай-ақ мұндай әрекет мемлекеттік мүлікті мақсатсыз пайдалану ретінде бағаланып қана қоймайды. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тәртіпті, заң талаптарын және әдеп қағидаттарын сақтау деңгейіне кері әсер етеді. Сонымен қатар, қызметтік көліктерді қолдануға жауапты тұлғалардың тарапынан бақылаудың төмендігін көрсетеді.Егер мемлекеттік көлікпен баласын бақшаға, туысын той-томалаққа тасып жүргендерді  көрсеңіз,  тиісті мемлекеттік органға, оның әдеп жөніндегі уәкіліне немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне +7 7132 (747761) телефоны, + 7 747 950 9157 (Whatsapp) арқылы хабарласа аласыз.  Өтініште автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі, болған күні және уақытын, орнын, қандай мақсатта пайдаланылғанын, фото немесе бейнематериалдар болса, қоса көрсетуі шарт. Түскен әрбір хабарлама қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралып, келтірілілген деректердің растығы тексеріледі. Айта кетейік,

Ақтөбе облысында 3858 мемлекеттік қызметші бар.

Ақтөбе мектептерінде тіс дәрігері жұмыс істейді
Ақтөбеде балалар тіс дәрігеріне баруы үшін емханаға кезек күтудің қажеті жоқ. Енді кей мектептерде стоматологиялық кабинет жұмыс істейді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе облысында оқушылардың тіс денсаулығына ерекше көңіл бөлініп отыр. «Болашаққа – сау тіспен» Жол картасы аясында мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылып, балалардың тісі өз білім алатын жерінде тексеріле бастады. Облыста оқушы саны 1000-нан асатын 59 мектепте осындай кабинет ашу жоспарланған. Былтыр 14 мектепте стоматологиялық кабинет іске қосылса, биыл тағы 15 білім ордасында ашу көзделіп отыр. Жыл басынан бері өңірде 7 847 оқушы профилактикалық тексеруден өткен. Оның ішінде 1 719 баладан жеңіл және орташа дәрежедегі кариес анықталған. Тісінде ақау бар балаларға дәрігерлер қажетті кеңес беріп, әрі қарай ем алу үшін тиісті мамандарға жолдайды.Солардың бірі — Ақтөбе қаласындағы №56 мектеп. Мұнда стоматологиялық кабинет өткен жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өткен оқу жылында мектептегі тіс дәрігері 2 265 оқушыны тексерген.

Мектеп директорының айтуынша, кабинетте балаларға күрделі ем жасалмайды. Негізгі мақсат — тіс ауруларын ерте анықтап, алдын алу.

-Баланың денсаулығы тістен басталады. Былтырдан бері мектебімізде стоматологиялық кабинет жұмыс істейді. Өткен оқу жылында мектептегі тіс дәрігері 2 265 оқушыны тексеруден өткізді. Балалардың тісін жұлмайды, тек сүйемелдейді, қажет болған жағдайда дәрігерлерге жолдама беріледі. Сонымен қатар стоматолог кластарда тісті дұрыс тазалау және ауыз қуысына күтім жасау туралы дәрістер өткізеді. Мұның барлығы балалар арасында ауыз қуысы мен тіс ауруларының алдын алуға бағытталған. Стоматологиялық кабинеттің барлық қажетті құрал-жабдығын №3 КДП қамтамасыз етеді. Менің ойымша, бұл өте маңызды жұмыс. Себебі барлығы өскелең ұрпақтың дені сау болуы үшін жасалып отыр», — деді Ақтөбе қаласындағы №56 мектептің директоры Гүлнара Нарымбетова. Сонымен қатар стоматологтар оқушыларға тісті дұрыс тазалауды, ауыз қуысына күтім жасауды және тіс щеткасы мен пастасын дұрыс таңдауды үйретеді.Арнайы профилактикалық сабақтар да өткізіледі. Мамандардың айтуынша, мұндай кабинеттердің пайдасы — баланың тісіндегі мәселені дер кезінде анықтауда. Ең бастысы, оқушы тіс дәрігеріне баруды кейінге қалдырмай, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды бала кезден үйренеді. Қазір мектеп стоматологиясы тек тісті тексеретін орын емес, балаларға ауыз қуысының тазалығын үйрететін профилактикалық орталыққа айналып келеді.

Ақтөбеде уәдеге сенгендер өкініп қалды
Ақтөбеде ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекей сататын дүкенге инвестиция салған тұрғындар полиция департаментінің алдына жиналды. Олар тергеудің баяу жүріп жатқанына наразылық білдірді.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Дүкенге инвестиция салып, алданып қалған тұрғындар арнайы чат ашқан. Онда 130 адам отыр. Күдікті қазір үйқамақта. Алайда адвокат Нұрболат Қамысбайдың айтуынша, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы бір адамға ғана қатысты қолданылған. Бірақ бұл схемада  ұйымдасқан топ әрекет еткен.

-Дүкен иесі үйқамақта отыр. Ал осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдар неге жауапкершілікке тартылмайды? Алаңдайтынымыз осы. Бұл жөнінде бірнеше рет арыз жазғанбыз. Тіпті Президент әкімшілігіне де арыз жолдадым. Бүгін 130-дан аса жәбірленуші осы өтінішпен жиналып, наразылығын білдіруде. Қазір менің қорғауымдағы зардап шегушілерге келтірілген шығын көлемі- 50 млн.теңге. Олардың ішінде несие алып, ақша салғандар да бар,  - деді адвокат.   Керек. INFO газетінің тілшісі жоғары табысқа сеніп, бар жиған-тергенін инвестицияға салған тұрғындардың уәжін тыңдап көрді. Айтуларынша,  ұсыныс бастапқыда тартымды көрінгенімен, соңында сан соғып қалған.

Үміткүл, зардап шегуші:

-Бұл дүкеннің шапандарына, әшекей бұйымдарына қызығып жүрдім. Дүкен иесімен сөйлесіп, заттарын алдым. Сол кезде қасында інісі болды. Бизнестерін кеңейткісі келетінін айтты. “Ақша бере тұрсаңыз, сыйлық береміз” ,- деді. Қызыма үй алуға жинап жүрген ақшамды банктен шешіп алдым. Сөйтіп ең бірінші  20 млн.теңгені бердім. Бір айдан кейін тағы 5 млн.теңге сұрады. Дәл сол кезде көлік сатқан едім. Еш күдіктенбестен, сол ақшаны да қалай бергенімді байқамай қалдым. Мұндай болады деп ойламадым. Қолымда қолхат бар. Сөйтіп 25 млн. теңгемнен айырылып қалдым.

Балсұлу, зардап шегуші:

Мен Алғадан көшіп келдім. Қалаға келіп, кредитке үй алдым. Менен 13 млн.теңге алды. “Әне қайтарамын, міне қайтарамын” - деп сағызша созып жүрді. Әлі күнге дейін бір тиын да қайтарған жоқ. Дүкен иесін бұрыннан  білемін. “Апатай күте тұрыңыз, 1 айдан кейін, 3 айдан кейін қайтарамын”, - деп уәдені  үйіп төкті. Былтыр жазда алып , желтоқсан айында үстіне қосып беремін деп еді.  Әлі хабар жоқ. Жасым 70-тен кетті, зейнеткермін.  Ай сайын кредитке 197 мың теңге төлеуім керек. Қазір несиемді төлей алмай отырмын. Анасындай адаммын, бірнеше рет жаздым, жауап та бермейді.

Альмира, зардап шегуші:

- Ұлттық нақыштағы киім және аксессуарлар сататын дүкенге инвестор болдық. Балам сыйлыққа әшекей алып бергісі келіп еді. Алдымен күмісті,  бір айдан кейін ақшаңызды аласыз деді. Бір айдан кейін әшекей жинағын және 1 млн. теңгені алдық. Бір жыл өткен соң, келіні хабарласты.  Содан бері 2 млн.теңгемді ала алмай жүрмін. Қоңырау шалсам, телефондарын алмайды. Бұлай алдап кетеді деп ойлаған жоқпыз. Бұл жерде бір адам емес, оның құрбысы, інісі де болды.Басты талабымыз - ақшамызды қайтарсын.Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Әсет Қалиев жиналғандарды мұқият  тыңдады. Оның айтуынша, қазір аталған іс бойынша 68 адам зардап шегуші ретінде танылған.

-Дүкеннің негізін қалаушыға қатысты сот бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық іс бойынша 5 адам күдікті ретінде танылды. Оның ішінде туыстары мен құрбысы бар. Іс аясында алынған мүлікке сотпен тыйым салынды. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу нәтижесінде олардың әрқайсысының әс-ірекетіне құқықтық баға беріледі, - деді Әсет Қалиев. Еске сала кетейік, Ақтөбеде ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекей сататын дүкен иесі Instagram арқылы өз брендіне инвестиция салуды ұсынып, ай сайын 10 пайыз табыс төлеуге уәде еткен. Жоғары табысқа сенген азаматтар оған ақшасын берген. Ақыр  соңында  уәде етілген төлемдерден де салған ақшаларынан  да қағылған.