Өнер - Керек.info қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің интернет нұсқасы

«Ақбұлақ» — Бәкірдің аманаты
Қазақ ән өнерінде өшпес із қалдырған ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевтың тағдыры театр сахнасында қайта жаңғырды. Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында сахналанған «Ақбұлақ аға» спектакль-элегиясы қаламгердің балалық шағынан бастап, шығармашылық жолындағы қуанышы мен қиындығын, өмірінің беймәлім қырларын ашып көрсетті. Әсерлі қойылым соңында көпшілік ақынның әйгілі «Ақбұлақ» әнін әртістермен бірге шырқады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Өнер мен әдебиетті тоғыстырған қойылымға Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртістері, «Аққу» би ансамблі, Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы және балалар студиясы қатысты. Қаламгердің шығармашылық мұрасына арналған «Ақбұлақ Аға» спектакль-элегиясының авторы Орал-Қосай Байсеңгір ақын Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығы халық жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

— Халыққа әндерімен жақын болған бір адам болса, ол – Бәкір Тәжібаев. Бәкір ағамыз – ақын, сазгер, драматург, жазушы, әрі актер. Оны әлі талай қырынан зерттейміз деп ойлаймын. Қойылымда Бәкір Тәжібаевтың шығармалары орындалады. Спектакль-элегияның режиссерлері — Сайлау Қамиев және Ақниет Жақсығали. Сахнада ақынның балалық шағы, ата-анасы, өскен ортасы, жазықсыз жала жабылған сәттері, өмірінің шуақты кезеңдері суреттеледі. Ақбұлақ әнінің теңдесі жоқ туынды екенін айқындайтын қойылым болмақ. «Ақбұлақ аға» кітабына қаламгердің 8 драмалық шығармасымен қатар өз туындыларым, замандас ақын-жазушылардың Бәкір ағамыз жайлы пікірлері басылды, — деді ол.

Спектакльді тамашалауға Бәкір Тәжібаевтың ұлы Жасұлан Бәкірұлы да келіп, ақтөбеліктерге алғысын білдірді.

— Өмірде екі арманым бар еді. Бірі — әкемнің ескерткішін туған жері Ақтөбеден көру. Бұл әрі анамның аманаты болатын. Көптен бері әкеміздің туындыларының жинағы жарық көрмеп еді. Міне, бүгінде Орал ініміздің «Ақбұлақ аға» атты кітабы жарық көрді. Кітапта әкеміздің драмалық шығармалары бар. Бұрын баспа бетін көрмеген пьесалары да басылыпты. Орал інім осылайша екінші арманымды орындады, — деді Ж.Бәкірұлы.

Көрермен сахна шымылдығы түрілгеннен-ақ ана мен бала Бәкірдің арасындағы сүйіспеншілікке куә болды. Бәкірді өнерге баулыған, жол көрсеткен анасы екенін осы сахнадан-ақ ұғынуға болады. Алайда жанына жалау болған аяулы анасынан айырылу Бәкірге ауыр соққы болып тиді. Анасының мәңгі оралмас сапарға аттанғанын естіп, ақ орамалын құшақтап жылаған бала бейнесі көпшіліктің жанарына жас үйірді.

Бала Бәкір ержетіп, жігіттік шаққа қадам басады. Енді ол арман қала Алматыға сапар шегіп, болашағының кірпішін қалайды. Спектакльде Бәкір және оның өнердегі достары, замандастары ақын болмысын одан әрі аша түсті. Себебі бұл қойылымда Бәкірмен қатар Ізтай Мәмбетов пен Ескендір Хасанғалиев сынды кейіпкерлер болды. Жалындап тұрған жастар бірінің сөзін бірі іліп әкетіп, әннен шашу шашып, әзілмен қағытып, сахнаның сәнін келтірді. Осы бір албырт шақта кейіпкерлер аяулы сезімді бастан кешіреді. Бәкір ақын болашақ жары Сапаргүлді жолықтырып, сезімге толы шақты бастан өткереді. Жігіттер мен қыздар жағы әнмен, өлеңмен айтысып, тырнақалды туындыларын ортаға салды.

Спектакльде ақынның жары Сапаргүл ерекше қырынан көрінді. Сапаргүл отбасының ұйытқысы, аяулы жар ғана емес, жұбайы Бәкір сияқты  шығармашылыққа жақын, ақынжанды, жаны нәзік әйел бейнесінде танылды. Қаламгердің алаңсыз шығармашылықпен айналысуына жағдай жасап, қабағын бағып, қолдауын аямаған барша ақынның жарлары осы Сапаргүлдің образынан көрінгендей болды.

— ... Бірде Шәмші Қалдаяқовтан «Сіз сондай керемет әндерді жазасыз, бірақ неге өлең айтпайсыз» деп сұрапты. Сонда Шәмші ағамыз: «Жоқ, мен ән де, өлең де айтамын» деп жауап береді. «Онда сіздің айтқаныңызды көрмедік қой» дегенде, ағамыз «Мен әнді ішімнен айтамын» депті. Сол сияқты қаншама ақын-жазушылардың өмір бойы жағдайын жасап, отбасының ұйытқысы болып отырған жұбайлары ән-өлең айтпайды дегенге кім сенеді? Бәкір ағамыз үшін ең алғаш оның өлеңдерін оқыған, тыңдаған, баға берген – өзінің аяулы жары Сапаргүл Абызбаева. Ол кісінің ән айтпағанын жұрт біледі. Бірақ осы қойылым арқылы Сапаргүл апамыздың, басқа ақын-жазушылардың әйелдерінің ішіндегі үнді сыртқа шығарғым келді, — дейді Орал-Қосай Байсеңгір.

Спектакльде Сапаргүл күйеуіне ілесіп, өлең оқып, ән айтады. Жалпы қойылымда ақынның «Әлия», «Іңкәрім-ай», «Ақбұлақ», «Сағындым сені» атты әндері шырқалып, есті әндер қайта жаңғырды.

— Өте әсерлі спектакль болды. Бұл – театрдағы, сахнадағы алғашқы қойылымым. Сондықтан өте қатты қобалжыдым. Өз рөлімді жақсы алып шықтым деп ойлаймын. Ақынның жары Сапаргүл өте сыпайы, байсалды жан болған. Ол өмір бақи Бәкір ағамыздың жағдайын жасаған. Дайындыққа 1 жарым ай уақыт кетті. Поэзия оқу қиынға соқты, — деді Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филорманияның  әншісі, Сапаргүл рөліндегі Мерей Самұрат.

Сахнада ақын өміріндегі шуақты күндермен қатар шығармашылық жолындағы қиын сәттер, жазықсыз жала жабылған кезеңдер де көрініс тапты. Күллі қазақтың әнұранына айналған «Ақбұлақ» әнін Сегіз Серіден ұрлап жазып алған деген қауесет әңгіме тарайды. Ақынның шығармашылығын жоққа шығаратын жалған, алып қашпа әңгімелер мұнымен тоқтап қалмады. Үнемі жазықсыз жабылған жала ақынның шығармашылығымен қатар денсаулығына да әсер етті. Рухани азап шеккен ақынның денсаулығы сыр беріп, қант диабетіне шалдығады. Көп ұзамай көзі де нашарлап, қара көзілдірік таққан.

— Өте қиын рөл болды. Өмірден өткен адамның образынан гөрі қолдан жасалған, кітаптағы кейіпкерді алып шығу оңай. Себебі ол адамды ел-жұрт таниды, өткенін, өмірін біледі. Бәкір ағамыз жүрегі өте кең адам болған екен. Бәкір аға екеуміздің ұқсастығымыз жер мен көктей сияқты, — деді Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртісі, Бәкір рөліндегі Шыңғыс Тельманов.

Спектакль соңында жұбайы Сапаргүлдің рөлін сомдаған Мерей Самұрат «Әлия» әнін шырқады. Қойылымның өзегіне айналған «Ақбұлақ» әнін әртістермен қатар көрермен де қосыла айтты. Спектакльдің көрерменге ерекше әсер еткені соншалық «Ақбұлақ» әнінің қайырмасы бірнеше қайтара шырқалып, жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетелік, облыс орталығында  ақын, композитор, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуы кеңінен аталып өтті. Мерейтой аясында тарихи тұлғаға арналған  ескерткіш-мүсін ашылып, концерттік шара өткізілді.

Бәкір Тәжібаев – Ақтөбе өңірінен шыққан қазақ өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның өлеңдері, әндері мен драмалық шығармалары ұлттық мәдениетіміздің рухани қазынасына айналды. «Ақбұлақ», «Туған жер»,   «Гүлсің-ау», «Іңкәрім» және басқа да әндері бүгінге дейін сахнада орындалып, тыңдарман ықыласына бөленіп келеді. Қаламгер қазақ драматургиясына да елеулі үлес қосты. Оның «Сал сері – Қыз қосан», «Ана жүрегі», «Қарагөз қарындасым», «Ақтау әні» пьесалары театр сахналарында қойылды. Сондай-ақ Бәкір Тәжібаев  Нығымет Баймұхамбетовпен бірлесіп, композитор Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсына либретто жазды.

ТЕРІГЕ ТҮСКЕН ТАРИХ
Шұбарқұдықта ұстаз әрі қолөнер шебері Нұрлан Жақыбаев ұмыт бола бастаған тері өңдеу өнерін жаңғыртып жүр. Ол ұлттық ыдыс түрлерін  жасап қана қоймай, бұл кәсіпті балаларға үйретіп, шәкірт тәрбиелеп келеді. Шебердің қолынан шыққан саба, торсық, көнек, мес сияқты бұйымдар қазақтың көшпелі тұрмысында қолданылған заттардың бүгінгі үлгісіне айналған.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Тері қалай өңделеді?

Нұрлан Жақыбаевтың қолөнерге қызығушылығы мерзімді баспасөзден Дәркембай Шоқпарұлы туралы материалдарды оқудан басталған. Алғашында торсық жасауды өз бетінше үйреніп, кейін белгілі ұста Дәркембай Шоқпарұлымен кездесіп, одан тікелей тәлім алған. Содан бері шебер тері өңдеудің түрлі тәсілдерін меңгеріп, өз тәжірибесіне сүйенген әдістерін қалыптастырған. Оның айтуынша, тері өңдеуге көктем мезгілі қолайлы. Бұл кезде шыбын-шіркей аз болғандықтан, шикізатты бүлдірмей өңдеуге мүмкіндік бар. Соғымнан қалған терілер айран мен қарабидай ұнына салынып, жүнінен тазартылады. Одан кейін терінің ішкі жағындағы май мен көк етін аршу жұмысы жүргізіледі. Шебер бұл үшін өзі жасаған қырғыш пышақ пен талқыны пайдаланады.

Теріге өң беру үшін де табиғи заттар қолданылады. Қына, қарағаш қабығы, шоңайна жапырағы секілді өсімдіктерден алынған бояулар теріге қажетті түс береді. Осындай сатылардан өткен тері ғана сапалы бұйым жасауға жарайды.

Теріден жасалған бұйымдар

Тері өңдеу – уақыт пен төзімді талап ететін жұмыс. Шебердің айтуынша, бір бұйымды дайындауға кемінде бір-екі апта кетеді. Кейбірінің жасалу уақыты бұдан да ұзақ. Дайын бұйымдардың басым бөлігі алдын ала тапсырыспен жасалады. Сонымен қатар шебер оларды көрме-жәрмеңкелерге де шығарады.

Тері ыдыстарын ұзақ пайдалану үшін күтім жасау қажет. Бұйымдар белгілі бір уақыт аралығында ысталып, бетіне жылқы майы жағылады. Бұл терінің беріктігін сақтап, бұйымның қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Шебердің ерекше мән беретін бұйымдарының бірі – саба. Қымыз ашытуға арналған үлкен ыдыстың «Тайжүзген» деп аталатын түріне шамамен 100 литр қымыз сыяды. Оны жасауға төрт өгіздің терісі жұмсалады. Шеберханада саба ғана емес, торсық, мес, көнек, түйемойнақ, сүйретпе, кесеқап, тері қоржын, тең, жағлан, талыс сияқты дәстүрлі бұйымдар да жасалады.

— Әрқайсысының өз қызметі, өз орны бар. Мысалы, тең – жүк салуға арналған тері қап. Ол көшпелі өмірде жүкті теңдеп арту үшін пайдаланылған. Талыс — тұз салатын ыдыс. Ол жылқының бас терісінен тігіледі. Сүйретпе жылқының сан терісінен жасалады. Бұл ыдысқа айран құяды. Кесеқап — кесе салуға арналған ыдыс. Саба – жай ғана ыдыс емес, ол қазақтың тұрмысындағы береке мен молшылықтың белгісі. Қымыздың дәмі мен сапасы да осы сабаның дұрыс жасалуына байланысты. Сондықтан саба жасау – тек қолөнер емес, дәстүрді түсіну, ұлттық өнерді ұлықтау. Ал мұндай бұйымдар көшпелі мәдениеттің қажеттілігінен туған, тәжірибеде сыналған дүниелер екенін аңғартады, — дейді шебер.

Шебер тәрбиелеген шәкірттер

Нұрлан Сәулебайұлы үшін тері өңдеу өнерін сақтау тек бұйым жасаумен шектелмейді. Ол жинаған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үйретуді де мақсат еткен. Сондықтан Шұбарқұдық кентінде «Саба» ғылым және мәдениет орталығын ашқан. Орталықта балаларға тері өңдеу мен бұйым жасаудың қыр-сыры үйретіледі. Теориямен қатар, шәкірттер нақты жұмысқа қатысады. Тері өңдеудің негізгі бөлігі шебердің жеке шеберханасында жүргізіледі. Балалар мұнда тегін білім алады.

Шебер шәкірттерді еңбекке икемі мен қызығушылығына қарай іріктейді. Қазір орталықта әртүрлі жастағы балалар бар. Олардың арасында алғашқы қадамдарын жасап жүргендері де, шеберлік деңгейіне жеткендері де кездеседі.

— Бүгінде орталықта бірнеше буын қалыптасқан. Кіші топтағы оқушылар алғашқы қадамдарын жасап жатса, үлкендері нағыз шебер деңгейіне жеткен. Мәселен, Ықсан Әлішер мен Қуаныш Мансұр «ұста бала» атанса, Сырым Бексұлтан шеберлік деңгейімен ерекшеленеді. Ал 8-сынып оқушысы Низағали Нұралы өз шеберханасын ашып үлгерген. Кіші топтағы Нұрлан Нұржан қамшы жасайды. Барлық теріден жасалатын ыдыстар мен бұйымдарды шәкірттеріммен бірге жасаймын, — деді ұстаз. Шебердің еңбегі тек ел ішінде емес, халықаралық деңгейде де бағаланған. Нұрлан Жақыбаев әлемнің он елінде өткен көрмелерге қатысып, үш ірі дүниежүзілік фестивальде өнер көрсеткен. Оның саба, торсық, қамшы сияқты туындылары патенттелген. Шебердің екі томдық ғылыми еңбегі де жарық көрген. Сонымен қатар ол «ҚР үздік педагогі» атағына ие болған.

КАДР СЫРТЫНДАҒЫ КАСКАДЁР
Көрермен экраннан әсерлі шайқас көргенде, аттан құлаған батырды немесе биік жартастан секірген кейіпкерді байқайды. Бірақ сол көріністердің артында қауіп-қатермен бетпе-бет келетін тағы бір маман бар. Ол – каскадёр. Оның есімі титрларда сирек аталғанымен, киноның ең күрделі әрі қауіпті сәттері дәл осы мамандардың еңбегі арқылы жүзеге асады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Өркен Бақтығали  Байғанин ауданының Оймауыт ауылында дүниеге келген. Бала күнінен кино әлеміне қызығып өскен ол болашағын өнермен байланыстыруды армандады. Әлеуметтік желіден көрген бейнеролик Өркеннің кино әлеміне деген қызығушылығын жаңа арнаға бұрды. Ол Қазақстанға ғана емес, шетелге де танылған NOMAD каскадёрлер тобы туралы ақпаратты көргеннен кейін осы кәсіпті таңдауға бел буады.

Арманға жетелеген жол

Алайда каскадёр болу оңай емес еді. Алдымен бірнеше ай бойы арнайы дайындықтан өтіп, кейін бір жыл сынақ мерзімінен өткен соң ғана кәсіби топтың мүшесі атанады.

— Каскадёр болу үшін ең алдымен батылдық қажет. Қорқыныш мүлде болмайды деп айта алмаймын. Бірақ уақыт өте келе оны жеңуді үйренесің. Бізді бірден түсірілім алаңына жібермейді. Әуелі физикалық және психологиялық дайындықтан өткізіп, түрлі жаттығулар жасатады. Кейін ғана нақты тапсырмалар беріледі. Кейде биіктен секіреміз, тіпті аттан құлаймыз. Мұндай сәтте қорқынышты ойлауға уақыт болмайды. Себебі бүкіл түсірілім тобы саған сенім артып тұрады, — дейді Өркен.

Ол еңбек жолында көптеген ауқымды жобаларға қатысқан. Атап айтқанда, «Томирис» тарихи фильмінде, «Кейкі мерген» телехикаясында, Германияның әйгілі Rammstein рок-тобының бейнеклипінде, сондай-ақ «Пацанская история» мен «Ва-банк» кино жобаларында каскадер ретінде өнер көрсетті. Кейбір жобаларда актерлік қырынан да танылған.

Әдетте каскадер еңбегі көп жағдайда назардан тыс қалып жатады. Көрермен фильмдегі әсерлі көріністерге сүйсінгенімен, сол кадрлардың қалай түсірілгенін немесе оны кім орындағанын ойлай бермейді. Дегенмен киноның шынайылығын арттырып, көрерменді оқиғаға сендіретін де — дәл осы каскадерлердің кәсібилігі. Экранда негізгі кейіпкер көрінгенімен, қауіпті әрекеттерді орындап жүрген мүлде басқа адам болуы мүмкін.

Қауіппен бетпе-бет

Өркеннің айтуынша, бұл кәсіпте «оңай трюк» деген ұғым жоқ.

— Құздан құлау да, ат үстіндегі шайқас та, төбелес сахналары да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кейде шабуыл көріністерінде қылыштасып, жараланған адамның рөлін сомдап, аттан құлауға тура келеді. Осындай сәттерде үйір-үйір жылқының арасында қалып қоятын кездер де болған, — дейді ол.

Түсірілім кезінде әрдайым бәрі жоспар бойынша бола бермейді. Бір көріністі бірнеше каскадер бірігіп орындайтындықтан, олардың біреуінен қателік кетсе, дубль қайта түсіріледі. Кейде бұл бірнеше мәрте қайталанады.

Кәсіптің қауіптілігі де осында. Мәселен, Өркен 9 рет қайталанған «Кейкі мерген» телехикаясының бір сахнасында иығын шығарып алған. Оның айтуынша, каскадёрлер арасында саусақ, қол, аяқ сынуы немесе басқа да жарақаттар жиі кездеседі.

Сахна сыртындағы шындық

Көпшілік кинотеатрда отырып бірнеше секундтық әсерлі көріністі тамашалайды. Алайда сол қысқа сәттің артында апталарға созылған дайындық тұруы мүмкін. Әрбір трюк алдын ала талданып, қайталанып, қауіпсіздік шаралары пысықталады. Кей жағдайда каскадёрлер кәсіби тәжірибесінің арқасында арнайы дайындықсыз да жұмысқа кіріседі. Өйткені олар кез келген тапсырмаға дайын болуға дағдыланған.

– Көрермен білмейтін бір құпия бар. Ол – біз, каскадерлер. Біздің жұмысымыз көзге көрінбейді. Сондықтан көп нәрсе сахнаның сыртында қалып қояды, – дейді ол.

Каскадер мамандығы тәуекелді ғана емес, табысты кәсіптердің бірі саналады. Дегенмен Өркен бұл салада қанша табыс тапқанын жария еткісі келмейді. Десек те өзі бір жоба үшін төленген ақшаға көлік сатып алған.

Қазір Өркен өмірін мүлде басқа арнамен байланыстырып отыр. Бір кездері кино алаңында тәуекелге толы трюктер орындаған ол бүгінде ауыл шаруашылығымен айналысады. Отбасын құрғаннан кейін каскадёрлік жолды жалғастырмауды жөн көрген. Қазір бау-бақша өнімдерін өсіріп, мал шаруашылығын дамытып, жеке кәсіппен айналысып жүр. Кино әлемінен алыстағанымен, оның өміріндегі ең жарқын кезеңдердің бірі дәл осы каскадёрлікпен байланысты. Өйткені экрандағы бірнеше секундтық көріністің артында үлкен еңбек, темірдей тәртіп және тәуекелге толы тағдыр жатыр.

Оймақ жинайтын шебер
Ақтөбелік дизайнер 200-ге жуық оймақ жинаған. Оның арасында Милан, Шанхай, Барселона, Санкт-Петербург пен Еуропаның өзге де елдерінен әкелінген тарихи әшекейлер бар.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбелік дизайнер Мейрамгүл Таубатырованың ерекше коллекциясы бар. Ол бірнеше жылдан бері түрлі елдер мен қалалардан оймақ жинап келеді. Бүгінде оның топтамасында 200-ге жуық оймақ бар. Әрқайсысының өзіндік тарихы, бейнесі мен мағынасы бар. Мейрамгүл Таубатырованың оймаққа деген қызығушылығы кездейсоқ басталмаған. Ең алғашқы оймақты оған анасы сыйлаған. Анасының жұмыс кезінде пайдаланған қарапайым оймағы кейін ерекше коллекцияның бастамасына айналыпты.

– Ең алғашқы оймақты анам берген. Ол кісі жұмыс кезінде пайдаланған оймақ болатын. Мен үшін оның орны ерекше. Сол оймақтан кейін осы заттарды жинауға қызығушылығым оянды. Содан бері түрлі оймақтарды жинап келемін, – дейді ол.

Бүгінде коллекционердің қоржынында 200-ге жуық оймақ бар. Оның ішінде  шетелге сапар кезінде арнайы сатып алынған тігін құралдары да  бар. Кейбірін интернет-дүкендерден тапсырыспен алса, енді бірін оның хоббиін білетін таныстары сапардан сыйлық ретінде  әкеліп береді.

Әр оймақтың өз тарихы бар

Мейрамгүлдің коллекциясында қарапайым оймақтардан бөлек фарфордан, ағаштан, металдан, тастан жасалған түрлері де бар. Кейбіріне қалалардың көрікті жерлері бейнеленсе, енді бірінде жануарлар, гүлдер мен жәндіктер салынған. Коллекционер әр оймаққа жай ғана бұйым ретінде қарамайды. Оны қай елден немесе қаладан алғанын, онда қандай тарихи орын бейнеленгенін білуге тырысады.Шанхайдан әкелінген оймақта айдаһардың бейнесі бар. Миланнан келген тігін құралында  қаланың танымал мұнарасы бейнеленген. Барселона, Санкт-Петербург және Еуропаның өзге де қалаларынан әкелінген оймақтар коллекцияның көркін келтіріп тұр. Коллекциядағы ең ерекше бұйымдардың бірі – Санкт-Петербургтегі І Петр негізін қалаған этнаграфиялық музейде тұрған, бірнеше жылдық тарихы бар оймақ. Мейрамгүл бұл оймақты арнайы іздеп, Астанадағы зергерден сатып алған. Коллекциядағы оймақтардың бағалары да әртүрлі. Кейбір оймақтардың құны 10 мың теңгеден басталады. Материалы мен жасалу ерекшелігіне қарай бағасы да  қымбаттай береді. Коллекцияда янтарь тастары қосылған, фарфордан және күмістен жасалған ерекше үлгілер де бар.

Ең қымбат оймақ-150 мң теңге. Мен оны арнайы тапсырыспен жасаттым. Үлкен әдемі сақинасымн бірге жүреді. Оймағында кішкене салпыншағы бар, сақинаға тағылады.

Оймақ – жай ғана тігін құралы емес

Оймақтың тарихы да терең. Бұрын оны теріден, тастан, сүйектен жасаған. Тіпті піл сүйегінен жасалған үлгілері де кездеседі. Кейін күмістен жасалған оймақтар кең таралған. Қазақ халқының тұрмысында да оймақтың өзіндік орны болған. Шебер әжелер оймақты тек саусақты инеден қорғау үшін емес, сәндік бұйым ретінде де пайдаланған. Дизайнердің коллекциясында еңбек тарихын көрсететін көне оймақтар да бар. Соның бірі – етікшілер пайдаланған бұйым. Ұзақ жылдар бойы қолданылғандықтан, оның беті тіпті тесіліп кеткен.

– Кейбір оймақтардың тозғанына қарап, оның қанша жыл пайдаланылғанын аңғаруға болады. Мысалы, етікшінің оймағы бар. Бірнеше жыл жұмыс істегені көрініп тұр, тіпті тесіліп қалған жерлері бар. Осындай дүниелер маған ерекше қызық, – дейді коллекционер. Мейрамгүлдің айтуынша, коллекциялық оймақтарды күнделікті тігін жұмысына пайдалануға болмайды. Олар арнайы сәндік мақсатта жиналады. Ал жұмыс кезінде ол қарапайым оймақты пайдаланады.

– Коллекциядағы оймақтарды жұмысқа пайдаланбаймын. Олар-мен үшін естелік әрі сәндік бұйым. Ал күнделікті тігін кезінде қарапайым оймақ қолданамын. Өзім де шебермін, қазақтың ұлттық киімдерін тігемін. Кітаптардан көне киім үлгілерін қарап, олардың ерекшелігін сақтай отырып қайта жаңғыртып тігуге тырысамын, – дейді ол.

Коллекциясы жұмыс орнында тұр

Алғашында Мейрамгүл оймақтарын үйінде жинаған. Кейін коллекциясын жұмыс орнына алып келген. Мұнда күн сайын түрлі адамдар келетіндіктен, олар да ерекше бұйымдарға қызығушылық танытып, коллекция иесінен оймақтардың тарихын сұрап жатады.

– Үйде тұрса, ешкім көрмей, жай ғана жиналып тұра беретін еді. Сондықтан жұмыс орныма алып келдім. Мұнда адамдар көп келеді. Көргендер қызығып, оймақтардың тарихын сұрап жатады. Оларға көрсетіп, әрқайсысы туралы айтып беремін, – дейді дизайнер. Оның айтуынша, соңғы уақытта оймаққа қызығушылық танытатын адамдар көбейген. Себебі қазіргі коллекциялық оймақтар тек тігін құралы емес, белгілі бір елдің, қаланың немесе мәдениеттің ерекшелігін танытатын шағын өнер туындысына айналған.

Дизайнердің өзі де Қазақстанның қалаларына арналған оймақтарды жинауға тырысады. Кейбір үлгілерін арнайы суретшіге жасатып, оған қала атауы мен көрікті жерлерін бейнелеткен. Осылайша, бір кездері анасынан мұраға қалған қарапайым оймақ бүгінде дизайнердің 200-ге жуық бұйымнан тұратын ерекше коллекциясына айналып отыр. Ал Мейрамгүл үшін олардың әрқайсысы — белгілі бір елдің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін шағын жәдігер.

Жас ақындардың республикалық поэтикалық дуэлі өтті
Ақтөбеде жас ақындардың басын қосқан республикалық «Жыр жауһары» поэтикалық дуэлі өтті.  Өлең додасына Ақтөбе, Алматы, Орал және Қызылорда қалаларынан 10 жас ақын қатысып, өзара бақ сынады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Республикалық байқау Қазақстан халқының тілдері күніне орай ұйымдастырылды. Поэтикалық дуэль Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Анаға тағзым» ғимаратында өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды.Алғашқы кезеңде қатысушылар тіл, Ақтөбе қаласы және еркін тақырыпта өз өлеңдерін оқыды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша үздік алты ақын келесі кезеңге жолдама алды. Екінші кезеңде жас ақындар жеребе арқылы жұптарға бөлініп, жекпе-жек форматында өнер көрсетті. Қатысушылар өз шығармаларын ұсынып қана қоймай, сөз саптау шеберлігі мен суырыпсалмалық қабілеттерін де көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласынан келген Сандыбай Піржан І орынға ие болды. ІІ орынды Ақтөбе қаласының өкілі Нұрсерік Тәуекелов пен Қызылордадан келген Бексұлтан Санақұл бөлісті. Оралдық Дәурен Шамұратов ІІІ орын алды.Ал арнайы жүлде Ақтөбе қаласының жас ақыны Жанерке Жанкееваға табысталды.Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Ержан Аманжоловтың айтуынша, мұндай шығармашылық жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Оның пікірінше, поэзиялық байқаулар жас ақындардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, еліміздің әр өңіріндегі шығармашылық жастардың өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.

"Бұл қалада бәрі бар —Тек сен жоқсың..."
Су жағасындағы сыр

Жаңбыр жасымды жумағасын ба,

Отырмын тағы су жағасында.

Ай сәулесінен жалғыз емеспін,

Көлеңкем отыр тура қасымда.

Айтқым келмейді сүйгенім қайда,

Қайтқым келмейді үйге мұндайда.

Іштегі барлық көңіл-күйімді,

Келтіре алмай күймен ыңғайға.

Күй шығып жатыр толқынмен бірге,

Толқынмен жанды толтырдым гүлге.

Өзеннен алған тебіреністен,

Өзектегімді өлтірдім мүлде.

Толқын дей-тұғын нағыз асаудың,

Жонына шығып тағы жасармын.

Аз сезімімді жүректе қалған,

Ағыспен бірге ағыза салдым.

Қасыма қонды шағала келіп,

Жәймен көбейді - шамалы -ақ едік.

Шағалаларды шошыта беріп,

Толқын ұрады жағаға келіп.

Сыр айтамын деп шағала құсқа,

Қиялмен самғап барам алысқа.

Шағалам айтты: Ғайшадай болмай,

Махаббатыңды бағалап ұста.

Бақыт деген...

Суық сезім санамызды сорлатып,

Бәлкім, бізге бұйырмаған зор бақыт.

Күндіз-түні соны ойлап жүрем деп,

Жүрегімнен жыр туады толғатып.

Өр мінезді болса дағы майысып,

Менімен ол отыратын шай ішіп.

Көрмек былай тұрсын иісін сезгенде,

Жан дүнием бастайтұғын жай ысып.

Көзінен күн, өзінен нұр төгіліп,

Жүретінмін шуағына көміліп.

Қазір маған бұрын әсем сол шуақ,

Тұрғандай ма жай жарық бор көрініп.

Ол сезімнің өтіп кеткен дәурені,

Ол шақтарым қайта келмес сәулелі.

Қайтаруға тырыспаймын тіптен мен,

Оған несін болайын мен әурелі.

Жасырмаймын, сағынамын оны мен,

Таппаймын ау жүрегіме толық ем.

Өнбес тауды бос қуалап қайтейін,

Есім барда ел табайын жөнімен.

Жатса дағы ай мен күні астасып,

Әлі солай, қосылмайды қос ғашық.

Тағдырына басқа жандар жазылған,

Екі жүрек бара жатыр қоштасып.

Қоштасуға қол бұлғадым Аруға,

Тілектеспін өз бақытын табуға.

Бақыт деген сөну емес біреумен,

Ошағыңды тауып алып жануда.

Бекзат Бақытгерей

АНТИНОМИЯ

Жазғыра алмас жүрегім кеткен «досты»

Тек аяймын жанарың төккен жасты.

Бұл қалада бәрі бар —Тек сен жоқсың...

Тек сен жоқсың...

Құдай-ау, неткен жақсы!..

Сезім бұлқып, ой қалқып алып-ұшқан,

Сағыныштың сен жайлы — бәрі дұшпан!

Көшелерде кептелген көліктердей,

Санам іші  сан күдік сабылысқан...

Бүгін де ұзақ бой жазып жүргім келді,

Еске алармыз ертең-ақ бұл күндерді.

Аңсадың, не шаршадың қызықтырмас,

Ақтөбеге бәрібір!

Білдің бе енді?!

«Жоққа»  сіңіп, жұтылған хабарымдай,

Сағыныштың сап-салқын самалындай,

Үмітіңді үгітіп, үркітетін

Ойладың ба қатал деп қала мұндай?!

Ойламадың...

Ой қамад(ы) дерттен жаман:

Оралуға болмас па өткенге адам?

Бұл қалада бәрі бар

—Тек сен жоқсың...

Тек сен жоқсың...

Құдай-ау, неткен жаман!..

Дәурен ТІЛЕУХАН

Ішкі үн

Кім түсінер жанымның ауырғанын?

Ей, дүние, сен неге бағынбадың?

Астан-кестен тағдырды тауқымет деп,

Мен өлеңді – өмір деп қабылдадым.

Қанжар тақап тұрғандай тамағыңа,

Өзгелердің жалтақтап қабағына.

Өзімді тым кінәлі сезінемін,

Кешігіп келген жандай сабағыңа.

Санамда сұрақтар көп, шешілмеген,

Мен сені ардақтаймын, есіл өлең.

Тәй-тәй басып келемін, құлап-тұрып,

Жас балаша тұсауы кесілмеген.

Келіп тұрған ажалдай есіктегі,

Қиындықтар бір сәтке кешікпеді.

Дауысымды еститін жан бар ма екен?

Іздеуі жоқ сәбидей бесіктегі.

Ернәсіл Рысқалиев

Бестамақ

Кештің күні бар ғаламды қызыл түске бояған,

Көк шөптер де көп толқынмен жарысып кеп ойнаған,

Көл үстінде тіршіліктер түрлі тірлік қылуда,

Аққу қаздар қиқуласып өз көктемін тойлаған.

Құрақтар да қолдарымен судың бетін сипауда,

Қайран өлкем ерінбепсің сұлулықты жинауда.

Табиғатың талғамындай қол жетпейтін арманның,

Жұмағысың, жұмбағысың, ауылдағы бар жанның.

Туған жерді,бұл ауылды, жалғыз мен бе қимаған?

Қимастығым кетерімде неге сонша қинаған?

Ей, туған жер!

Қарсы ал мені…

көрісеміз біз бүгін!

Сағыныштан көз жасым да жанарыма сыймаған.

Мұқағали Маралұлы

Бұл махаббат...

Бұл махаббат шексіз болып көрінген,

Шексіз үнге орын берші төріңнен.

Алданғаны болмаса бұл жүректің

Ештеңе жоқ сызат болып бүлінген.

Бұл махаббат мың тағдырдың мінбері,

Шырақ болған түнергенге түндегі.

Майып кетсе бір жерінде көз ілмей

Өкінішпен қаңыратар күндерін.

Бұл махаббат түсінбейтін екеуміз,

Біздер қашан түсінуге жетерміз.

Құдіреті көрінгенмен жаз болып

Арасында қоңыр салқын өтер күз.

Бұл махаббат сынағы да біртүрлі,

Ой қалдырар санамызға түр-түрлі.

Осы жолы екеуміз де қақпанда

Жібермеймін жүректегі сиқырды.

Наурызбай Асылбек

«Тап - таза еді әу баста жаным менің...»
Есенбек Жұмағалиев 1986 жылы 31 наурызда Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектепті бітіріп, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне түсті. Университетті 2007 жылы ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірді. Студент кезінен бастап Ақтөбе қаласындағы №34 қазақ орта мектебінде және Ақтөбе гуманитарлық техникалық әмбебап көпсалалы колледжінде — ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Ақтөбе-дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығында әдіскер қызметін атқарды. «Анама хат» жыр жинағының авторы. Өлеңдері «Жастық — жалын жыр», «Ақ айдын» жинақтарына, «Ақтөбе кітапханасы» сериясының 50-томына енген. Саха поэзиясын және Артур Голденнің «Гейшаның естеліктері» романын аударған.

Көктің жүзінде құлпырып ай - қыз таранса

Өзекті өртейді қолым жетпеген сан аңсар.

Сұп- суық түннің қойнында жылы оранып,

Ұйықтап кетеді арманға толы ғаламшар.

Шекара сызып жан менен тәннің арасын,

Ернеуін асып, күнәмнің толы шарасын,

Жүйткіп көшкен ақша бұлттарға ілесіп,

Пендеуй ғұмыр, зымырап қайда барасың?

Келеді сосын, түк болмағандай, таң күліп,

Келеді сосын, және бір сұмдық жаңғырып,

Өтеді сол күн құдайды саған жар қылып,

Өтеді сол күн жаныңа жара салдырып...

Адасқан мені ымыртта жалғыз қалдырып,

Құстар да қайтты қиқуларымен сән құрып,

Күзгі бақтарда жырларым кетті- ау мәңгіріп...

Сарғайып бәрі қурайды- ау түбі білемін,

Ескірмес жалғыз уақытпен құрдас- "Мәңгілік"

МЕН

Әппақ парақ алдымда. Әппақ көңіл,

Шым- шытырық кезікті соқпақ небір.

Парақ әппақ еді ғой алдымдағы,

Шимайымен шатпақтап тастапты өмір.

Тап- таза еді әу баста жаным менің,

Адастырды алдымнан сағым небір.

Тазалықты сүймейді неге осы әлем?

Әппақ күйін сағынды жарым көңіл.

Мөп- мөлдір боп келіп ем әлемге мен,

Жұлмаландым содан соң әлем- жәлем.

Таланған соң келген де шығармын- ау,

Лай өмірден мөп- мөлдір өлеңге мен.

Ұлпа қардай жүрегім жұмсақ еді,

Жүрекке де бір рақым қылсақ еді...

Қарайтып һәм қатайтып жібереді,

Адамдар аяқ асты қылса нені...

Түрілсе таңда дала түндігі,

Сен жайлы өлең өргім келеді.

Сұрланып кетсе қала тірлігі,

Сенің күлкіңді көргім келеді.

Күйбең де күйбең тірлікте мынау,

Бақыт барына сенгім келеді.

Тек сенен ғажап сыр күтемін- ау.

Сенің күлкіңді көргім келеді.

Онсыз да мынау ғұмырды шолақ,

Тек саған ғана қиғым келеді.

Қызыл ерніңнен жұқтырып далап,

Өзіңді бір рет сүйгім келеді.

Мен сені кеше көрдім түсімде,

Түсіңде сен де көрдің бе мені?

Алуан да алуан көптің ішінде,

Сенің күлкіңді көргім келеді.

Сен жайлы өлең өргім келеді...

Аққұба өңіне алқызыл еріні жарасып,

Сиқыры арбайтын жүзіктің тасындай қарашық.

Әдейі қолменен тізгендей, ақ маржан тістерін,

Көрсете күлгенде...

...лажысыз кетердей таң атып.

Тәп- тәтті қылығы қыдықтап, кереді қастарын,

Нәп- нәзік, салалы саусағы тарайды шаштарын.

Сол қызды ойласам ұмытам тұп- тұтас әлемді.

Мызғымас уақыт та, міз бақпай тоқтайды қас қағым.

Жылт етіп сырғасы, сұп- сұлу мойынын бұрғанда,

Жарықтық! Ажарын пейіштің нұрымен жуған ба?

Дәл сондай ғаламат ғажапты көрмегем мен бұрын,

Дәл содан асатын сұлулық көргем жоқ бұл маңда.

МЕН ОНЫ СҮЙЕТІН ШЫҒАРМЫН...

Мен олсыз бір мұңмен сыңармын,

Неге оның жанына құмармын?

Сездірмей аймалап көзіммен,

Білмеймін...

...Мен оны сүйетін шығармын...

Кім білсін, бір күні...

... Кеш батып, көкжиек қылаң нұр,

Мен оны бақытты қылармын.

Неліктен аңсарым ауады?

Мен оны сүйетін шығармын...

Бір күні мен оның жанында,

Кеудеме гүл тағып тұрармын.

"Алдамайды армандар"- дейді ғой,

Әзірге бәріне шыдармын.

Мен оны сүйетін шығармын...

Ішінде ақ сағым мұнардың,

Тек үнсіз ішімнен тынармын.

Кешегі бозбала шағымдай,

Шынымен...

...Мен оны сүйетін шығармын.

Аршып ап ішінен тұманның,

Елітті ырғағы бір әннің...

Дәл осы симфония саз сынды

Мен оны сүйетін шығармын.

Серттессек қайтеді онымен?

Сөзіндей айнымас құранның.

Мендегі тылсымды ұғар кім?

Бір ғана серт берсе болғаны...

Мен оны сүйетін шығармын...

Бұлттардай аспанда сейілген,

Ғайыпқа сіңбесін шырайлым.

Ақ ұлпа мамықтай сезіммен,

Мен оны сүйетін шығармын.

Расымен сүйетін шығармын...

ЕСІЛ

Қанша күнә шайылып толқынына,

Қанша көз жас тамды екен жағасында?

Сонда да селт етпестен, есіркемей,

Есіл өзен, еркелеп ағасың ба?

Еліктейін толқының тұра қашқан,

Сезімдерді жаулайды...

Жаулайды сұрамастан.

Елік- толқын уақыттай зымырайды,

Бөгелместен, және де құламастан!

Екі арасын қақ жарып паң қаланың,

Елең қылмай...

Кімдердің бақ тапқанын, сорлағанын.

Жүрегімдей бүлкілдеп ағып жатқан,

Кербез өзен, кейпіңе таң қаламын.

Кім қуанып жағаңда қайғырды кім?

Тағы кімнің күнәсін шайдың бүгін?

Сыр бүгіп, міз бақпастан ағып жатыр,

Ажарына көшіріп айдың нұрын.

Таң сібірлеп, содан соң кешің де өтіп,

Есіл өмір, барады көшің кетіп.

Мен отырмын еке алып өткенімді,

Жағалауда, Есілге есім кетіп.

Үйіріліп қанша көз қарасында,

Қанша көз жас тамды екен жағасында?

Ойым кетіп барады жаза алмаған,

Ойдым- ойдым толқынның арасында...

Бақытқа бөлеп нәзік жүрегін,

Жанымды нұрға малып ап,

Мен оны аялағым келді,

Алақаныма салып ап.

Мен оны сыйлағым келді,

Дұшпан күдіктен айығып.

Сансыз гүлдерді жинағым келді,

Жанын бар мұңнан айырып.

Мен оны қорғағым келді,

Өмірдің дауылдарынан.

Адаспай бірге жүргім келген- ді,

Тағдырдың сағымдарынан.

Мен оны жар қылғым келді,

Жар болса тәңір біздерге.

Ең бақытты жан қылғым келді,

Бақыттан күдер үзгенде.

Жаны жабырқап, күйзелген сәтте,

Құшағыма алсам деген ем.

Құдайдың шебер туындысы деп,

Тек соны ғана теңеп ем.

Ойлаған едім еркелетсем деп,

Болса деп едім серігім.

Көңілі мұңсыз, көркем етсем деп.

Ертегі етсем деп өмірін.

Ол ше?...

Түсінбеді...

Түнгі ауаны жұтып алып мұздаған,

Сары көрпе жамылады күз- ғалам.

Емдеп менің берер ме екен түн мынау?

Жүрегімді сыздаған...

Тыныштығын бұзғаннан соң өкпек жел,

Астаң- кестең дүрлігеді көк пен жер.

Сыңсу айтып сап түзеген құстар- ау,

Мені ұмытып кетпеңдер...

Неткен мұңлы гүл күлтесі солғаны,

Неткен ауыр жапырақтың салмағы.

Олардың да орындалмай кетті ме,

Ең аяулы арманы...

Аққан жұлдыз сызып өтіп аспанды,

Көмейінде қию- қию көш қалды.

Көңілімнің әйнегіне тырс етіп,

Бұлт көзінен жас тамды...

Лайланған соң сезімінің тұнығы,

Байқалмады айдың көркем қылығы.

Ажарыңа әжім түсіп кеткен бе?

Түннің сылқым сұлуы...

Түн сылқымы, қылығыңа еліктір,

Мен ұқпайтын сыр бар болса сен ұқтыр.

Жаз ғұмыры тәмәм болды. Ал менің,

ӨМІР СҮРГІМ КЕЛІП ТҰР!...

Құсты қойшы! Құстар да оралды,

Күз келсе сезім неге тоналады?

Орны толмай жүргені- ай үмітімнің,

Сап, көңілім, бір реті болар әлі...

(Жағалауға жетермін шағалалы,

Бір бақытым жолығар маған әлі...)

Қымбатымды таппай қап іздегенде,

Сыр шертемін ұқпайтын жүз кереңге.

Соқыр түнде қара аспан жылағасын,

Оқылды өлең күзге, күз де өлеңге.

Бұл өмір- тағдырыңа көндігу ме?

Сұр қала тарқатты екен шерді кімге?

Қара аспанмен қосылып жыласаң да,

Бұл әлем өзгермейді енді мүлде...

Ғаламшардан қаншама күздер кетті?

Күз ешкімнің қайғысын көзге ілмепті.

Соқыр түнде қара аспан жылап алды,

Одан басқа ештеңе өзгермепті...

Бір суық жанымды қарып барады,

Бір мұңым кеудемді шағып барады...

Түн ғана сырыма қанық болады.

Бір күшік шәу етіп аулақта,

Аспаннан бір жұлдыз ағып барады.

Сәл шыда, жүрегім, тулама,

Сәлден соң таң атып, жарық болады.

Бір жұлдыз ағып барады... ағып барады...

Таң келіп жұлдыздар сөніп барады,

Бір үміт кеудемде өліп барады.

Әппақ ай бұлттарға еніп барады.

Суретін арманның бейнелеп,

Сол бұлттар төбемнен төніп қарады.

Арасы түн менен ақ таңның

Көңілді өлеңге жерік қылады.

Жұлдыздар сөніп барады ... сөніп барады...

Бір күдік бір үмітті түртіп қалады,

Армандар жыраққа үркіп барады.

Жұмыр ет кеудемді жұлқып қалады.

Өңешім өртеніп өксіктен,

Таңғы ауа өкпемді жыртып барады.

Уыздай ұйыған ақ таңға,

Қала кеп мың тірлік бүркіп қалады

Армандар үркіп барады... үркіп барады...

Парақта бір мұңлы шумақ қалады.

Тырналар күз мұңын жырлап барады...

Жырлап барады, жарамды тырнап барады.

Беймаза күбірлеп- сыбырлап,

Жүрегім тәтті өлең құндақтағаны,

Оларға беймәлім. Зулап барады...

Тырналар жырлап барады... жырлап барады...

КӨКТЕМГІ ЭЙФОРИЯ

Ұйқым қашып жүр осы түнде менің,

Бір келерін көктемнің  білген едім...

Беймәлім бұрын осы өмірді мен,

Сүргенім, әлде мүлде сүрмегенім.

(Беймәлім бұрын осы көшелермен,

Жүргенім, әлде мүлде жүрмегенім.)

Көктемнің үлделерін- бүлделерін,

Анық қой түбі әйтеуір бір көрерім.

Өмірдің күзін көріп жауыр болғам,

Сезгенмін, көктемімнің бір келерін.

Жүрегімнен ғазиз жыр бүрлегенін,

Сездіңіз бе үміттің гүлдегенін?

Еріген қар астынан тірілтіп ап,

Былтырғы арманымның мүрделерін.

Самалдың сездіңіз бе үп еткенде?

Сол арманның желкенін үрлегенін.

Аноооу бір сұлу қыздың ажарынан,

Қайталанбас, ең ғажап жыр көремін.

(Беймәлім сүйгенім не сүймегенім,

Таң сыз бере гүл беріп үлгеремін.)

Жұлқынғаны- ай кеудемде бірдеменің,

Ұйқым неге келмейді мүлде менің?

Бетім тосып жып- жылы самалына,

Ғашық па әлде жүрегім түнге менің?

(Ұйқым қаша береді түнде менің...)

Қоштасарда біздермен қиыр құсы,

Неге осы күзге сондай үйір кісі?

Тапталады үзілген жапырақтар,

Жапырақтар- жүректің қиындысы...

Боздатып көңілімнің боз інгенін,

Сыңсып кетті тым қысқа жазым менің.

Жапырақты үзбеші, уа, қоңыр жел,

Кәрі ағаштың жасырған әжімдерін.

Жапырақтар, жаралған көктеу үшін,

Көктем үшін, тіршілік шөкпеу үшін.

Ескіріп, қоңырқайлау кейіпке еніп,

Ұқтырасың өмірдің өтпелісін.

Қайтсем екен сен солып кетпеу үшін?...

АРБАТТА...

Сырғанап гүлдің күлтелерінен моншақтар,

Безеніп қала тағынып жатты мың шоқтар.

Көңілде қаяу, нұр таппай жүрген- жалғыз мен,

Жанымды тіліп мұң- шоқпар...

Тағыда жүрдім екеуміз жүрген көшемен.

Не деймін елге "ол қайда кетті?"- десе мен?

Бейнеңді салған суретшіні іздеп сенделіп,

...Арбатқа бардым кеше мен.

Арбатқа бардым. Суретші де жоқ, сұлбаң жоқ,

Бишілер билеп, әншілер сауық құрған жоқ.

Сайтан алғыр!...

...Өлеңімді де оқыма!

Мен сені көріп тұрғам жоқ.

Жаз екеш жаз да баянсыздығын білдірген,

Күз мынау тағы...

Ажары тайған жүз гүлден...

Жазылар ма екен жазылмай кеткен жыр мүлдем?

Дәрменсіз ғана жанарымменен жер сызып,

Есалаң күйде жүрмін мен...

Сен кеткесін бе суытып бәлкім араны?

Өгейсіп қала, түксие маған қарады.

Мен сыймай жүрген даңғара даңғыл, Алматы,

Тарыдай болып барады...

Араны бөлді шақырымдар мен көп қала.

Шегінбе кейін. Ақ жалау саған! Тоқтама.

Жүректі шымшып, қылп еткізетін қой  көздің,

Мөлдірін қалдыр тек қана...

Көрсең де сәлем бермес пе ең маған сен енді?

Соны ойлап кетсем жотасын шыңдар шөгерді.

Жек көремін деп өзімді алдап көргенмен,

Алдай алмадым өлеңді...

АЗАН МЕН ҒАЗАЛ

Түн жарымы.

Үстел үсті.

Ояу тек ақын ғана,

Түн көрпесін оранып жатыр қала.

Қағаз бетін аймалап шам жарығы,

Жыр күтеді, жазылар сәтін ғана.

Ай шашқанда жұлдызын мақтан көріп.

Шайырды шабыт жұтты қақпан керіп.

Шыңдар киді сан жылтыр мақпал бөрік.

Шала жыры қалғанда түнге еңіреп,

Көз жасын сүртіп берді ақ таң келіп.

Таң жеткізбей өлеңі- арманына,

Ойран салды ойының орманына.

-"Апыр- ай, бүгінгі таң күндегіден,

Сәл кешігіп келуге болмады ма?"

Ой орман тулап қалды. Шулап қалды.

Бір өлең тағы өзегін тырнап қалды.

Үнсіз ғана егіліп үстелінде,

Бір аруға жазбаған шумақ қалды...

Ұға алмай тұр, таң ба әлде кеш кірді ме?

Есеңгіреп, аңқасы құрғап қалды.

Мешіт жақтан бір әуен естілді де,

Бар әлем бір азанды тыңдап қалды

Сондай әсем бір дауыс айтқан азан,

Сананың қатпарында құндақталды.

Өлеңнің ғайып болып музыкасы,

Молда оқыған құраннан ырғақ қалды.

Ысырып салды- дағы ол шығарманы,

Елегзіп сол ырғақтан шыға алмады.

Апыр- ай, сол мезетте түседі еске,

Бір басыңа жетерлік күнәң бары.

Түседі еске сүрелер құрандағы,

Өмір деген сынақтан құралғаны.

Бір сәттік азан сонда айтып кетті- ау,

Бар сөздерді...

Ғазал деген ғұмырлық дұғаңдағы.

Тыпыршып бір орында ол тұра алмады...

Жатын бөлме- аядай жыр алаңы,

Көз алдында сүйгені сыланады.

Бөлме ішіне көлденең жолақ сызып,

Әйнектен таңғы сәуле сығалады.

Содан ақын жүрегі жай таба алды,

Шала жыр тіл ұшында қайталанды.

Әлгі ару елес беріп таранғанда,

Музыкасы өлеңнің қайта оралды.

Жазды сосын...

...Сүйгенімен өткізген сағаттарын,

Алланың қалауымен таң атқанын,

Еркелей кеп мойнына асылған жан,

Беу, құдай- ай!!!

Не деген шеберлікпен жаратқанын...

Бөлме ішіне ентелеп шуақ нұрлы

Әуеніне жүректің құлақ түрді.

Түнектен суырылып шыққан ару,

О, ғаламат!...

Сүйінші сұрап тұрды

Мешіттің күмбезінен шағылысып,

Ақынның жүзіне ерек шырай келді.

Нұр жамылған жүректен параққа кеп,

Мөлдір- мөлдір ғазалы құлай берді.

Оның бәрін тек қана құдай көрді...

"Мен туған ауыл – Саралжын, мен үшін мәңгі — Сары алтын"
Ақын 1953 жылы Ойыл ауданы Саралжын селосында дүниеге келді. 1974 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Саралжын, Құрманов, Саға орта мектептерінде директор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде аға оқытушы, облыстық халық шығармашылығы үйінде директор қызметін атқарды. Бүгін жерлес ақын ағамыздың туған күніне орай өлеңдерін оқырманға ұсынамыз.

Біз – оқитын өлкенің тұрғынымыз

Оқымасақ өтпейтін бір күніміз,
Біз – ерекше елденбіз, үлгіліміз.
Ұлтқа, дінге, нәсілге бөлінбейтін
Біз – оқитын өлкенің тұрғынымыз.

Біздер – гүлміз, шығатын жарып тастан,
Ақ бұлақпыз, теңізге алып қашқан.
Өнер, өлең, ғылым боп құштарымыз,
Тал бесіктен тағылым қалыптасқан.

Осы жолды ел болып таңдап алып,
Ұландардың бағы да жанғаны анық.
Оқитұғын өлкеде – бар болашақ,
Осы өлкеде сәт сайын сан жаңалық.

Осы өлкенің қысы да, жазы да аңыз,
Осы өлкеде – ең әділ қазы нағыз.
Бізге қосыл, Ағайын,
Мәңгілікке
таусылмайды мол мұра – қазынамыз.

Бұл ғасырда, біледі жаран мұны,
Талаптыға жоқ ғылым сараңдығы.
Ұлы парыз, - үйрену, оқу, тоқу
Оқымаған адамның қараң күні.

Бар жақсысын жайып сап, тізді таңдар
Сара жол, - деп саналы ел бізді таңдар.
Басқа өлкеден ешқашан табылмайтын,
Ел арманы – осында, ізгі жандар.

Сынаптай бір, сусыса самала күн,
Ой-санаңды сәт сайын жаңалағын.
Іздегенге – бақытқа баратын жол
Осы өлкеде
Бар кілті замананың.

ҚЫЗЫЛ СЕРІ

Нардың жүгін көтерген жан

Нарға мінбей өткенсің.

Қызыл тілден от өрген жан

Оттай қызды өпкенсің.

Жүрген жерің думан еді

Тарқамайтын базарың.

Жан баласы — тумаң еді,

Қадірлейтін қазағың.

Әнмен тербеп алапты бар

Есімің ел шарлады.

Үлгі болдың талаптыға

Тұнжыр көздің арманы.

Сал Мұхит та алды сынақ

Батасы оның құт болып.

Жүрдің елдің алғысын ап,

Апталып та күптеліп.

Сарқылмайтын ән-жыр едің,

Жаратылған өнерден.

Ғашықтардың жан-жүрегің

Алғысына кенелген.

Сүйгендерді табыстырдың

Жол тауып сан қиыннан.

Жебеушісі намысты ұлдың

«Пір», — деп сені сиынған.

Көкжар, Теке, Жаманқала

Тұзтөбе, Үйшік, Орынбор.

Барша құрмет саған ғана

Түсіп аттан төрін көр.

Ойыл, Еділ, Жайық елі

Бір көруге таласқан.

Қызыр едің — Қызыл сері

Ән оздырған Алаштан.

Зілзала жоқ, соғыс та жоқ,

Ел де аман, ер де аман.

Құт-береке алыстаған

Келді қайдан кер заман?!

Сар дала — өрт, көңілде — дерт,

Өшті ошақта от-анаң.

Мешін-тауық, беріп пе ең серт

«Саламын, — деп, — топалаң».

Дәме етіп ең, суынды ішің

Тайыз екен ақылы.

Бере алмады жуындысын

Шәкет байдың қатыны.

Арда елдің ардағы едің

Бастағы жай осы енді.

«Итке күнім салма, — дедің, —

Қош, Бабатай, қош енді».

Саусағыңмен қар уатып,

Сары құмды көп құштың.

«Сары иректі» аңыратып,

Сағым болып көкке ұштың.

Солай дәурен өтті бастан

Ай жылады сол түні.

Әніңді алып кетті аспан,

Ойылдың нар толқыны.

ҚЫЗ ЖАҢҒАҚ

Қызы едің қырмызыдай малды адамның,

Қауқарлы қатарынан қалмағанның.

Көкжардың көктемдегі жәрмеңкесі

Сен үшін басы болды арман-әннің.

Жәрмеңке күні — тірлік, кеші —- сауық,

Аспаннан таң атқанша ән-күй жауып.

Сүттей ақ, айлы түнде уыз тамған

Қыз-жүрек алып-ұшқан теңін тауып.

Төлеген-Шәли Кете, ұнатқаны,

Сол түні-ақ көңіл кеткен құлап тағы.

Қызылды1 бетке ұстаған ғашық жігіт

Сылтау ғып, қызды ауылды тұрақтады.

Қаңқу сөз қызды ауылда өреді енді,

Жантықтар өсекті де тере берді.

Жалаң аяқ Шәлиге қыз бермен деп,

Қыз әкесі сабатты Төлегенді.

Тиді ауыр Төлегенге сынақ түрі,

Махаббат та пір тұтар тұрақтыны.

Етке тиген таяққа төзіп еді,

Жанға батты Жаңғақтың жырақтығы.

Біреу аяп, бұларға бірі күлсе,

Гуілдеді әркім-ақ білігінше.

«Төлегенге Жаңғақ жоқ, — деді бәрі, —

Қыз әкесі Байтөре тірі жүрсе».

— «Серігімсің, сеніскен сері досым,

Сен тындыра алардай көрінесің.

Хабар әкел Жаңғақтан өлер болдым,

Құдай бізді ынтық қып телігесін» —

Деп, Төлеген Қызылға шақты мұңын

Махаббаттың әуресі — тәттілігі.

Дос меселін қайтармай сері Қызыл

Байтөре ауылын бетке алды сәтті күні.

Байтөре де мән-жайды аңдатқызды,

Аттатпады үйінен Жаңғақ қызды.

Шабарман сақ, иті сақ, өзі де сақ,

Сақтықпенен ширығып таңды атқызды.

Бұлар солай күзетпен таңды ұрып жүр,

Қызыл әні аспанда жаңғырып жүр.

Ал серінің ойында жоқ ештеңе

Ел сусынын жырымен қандырып жүр.

Соңғы кезде бай басқа ой ілгендей,

Тұра алмады серіге пейілденбей.

«Төлегеннен тыңшы боп келді», — деген

Түкпірдегі күдігі сейілгендей.

Қыз баққан үй, біз де бір — дуанамыз,

Сұмырай кеп қалғандай суаламыз.

Сараң деген ат таңып кетер пәлең —

Секемденді серіден дуалы ауыз.

Жаңғақжанды жасыттым қамап қанша,

Ұққан шығар өткеннен сабақты алса.

Семіз ісек сойылды, сол түн кеште

Жырлатқызды Қызылды таң атқанша.

Әуезді үн, отты жыр жанға дәру,

Тыңдаушы ойы — ләззатты қамдап алу.

Жеңгесінің жанында үнсіз ғана

Көп ішінде отырды Жаңғақ ару.

Бойды күдік билесе шайтан-дағы,

Бай көңілі ілкі ойдан қайта алмады.

Сері қызбен ымдасып қала ма деп,

Бағып еді, ештеңе байқалмады.

Содан кейін көңілі тынышталды,

«Секемшілдік еттім, — деп, — қуыстанды. —

Ертең қонақ аттанар, сол мезетте

Мен жасайтын ендеше бір іс қалды.

Дүние — құрт, қызартып көзге қонар,

Мұндай жандар ел қаңғып, кезбе болар.

Айта жүрсін, атымды шығарайын,

Жан емеспін, бекерге сөзге қалар.

Естіртейін басқаға үлгі-үнімді,

Көп көрсе де күншілдер бұл күнімді.

Аңқылдаған неме ғой, мақтап кетсін

Бөрі де жеп кетпей ме бір құлынды».

Ойын түйді Байекең күрмеп енді,

Бойы сергіп, байыпты түрге де енді.

«Алып кел, — деп жіберді жылқышыға, —

Арда күрең тұқымы бір дөненді».

— Өнерлі жан өзіңдей көрмегем бек,

Елден ұят ықылас бөлмеген, — деп.

Топ көзінше дөненнің тізгінін ап,

Сері алдына ұсынды көлденеңдеп.

— Қабылдайын, Байеке, сыйыңды шын,

Мен емес ем, дүниеге үйір кісің.

Қалдырайын аманат сіздерге, — деп

Қызыл айтты сөзінің түйіндісін:

— Сәйгүлік қой, бұл күрең, шашалы да,

Сеніп тұрмын даңқының асарына.

Ұзатылар күн болса Жаңғақ жанның

Болсын, — деді қосқаным жасауына.

Ел шу етті серіге қайран қалып,

Бос кетер ме, құр жырлап, сайран салып?

Байтөре мәз, мырза адам болып қалды

Малсақ байғұс дөненді айналды алып.

Жұрт жамырап, қаумалап алқымда тұр,

Ел алғысын армансыз алдың батыр.

Қош айтысып, оң жаққа жалт қараған,

Қыз Жаңғақ кеп жәудіреп алдында тұр.

Қас қағым сәт, — уақыттың азы тіпті,

Сергек сері арудың назын ұқты.

«Сүйгеніме сертімді жеткіз сері», —

Қыз көзінде ап-анық жазылыпты.

Аңғарды ол, сағыныш жүдеткенін,

Талықсытып сан, талай күн өткенін.

Сері бәрін түсінді,

байқап қалды

Оң қабағы Жаңғақтың дір еткенін.

Сері аттанды ырза боп, бапқа-барға

Ықыластан ер жігіт бақ табарда.

Ән қалдырды — қазына, дүйім елге

Ел есінде сол әндер жатталар да.

Көңілі тоқ, ырза боп келеді елге,

Қуанышқа құрбысын бөлегенге.

«Қыз сертінде, күтеді» — деді Қызыл

Екі көзі төрт болған Төлегенге.

— Жаңғағымды көрдің бе, тілдестің бе,

Жолықтың ба, сездірмей мүлде ешкімге.

Астына алды сұрақтың ғашық жігіт,

«Сүйгенімсіз жер басып жүрмеспін де».

— Аңдушы көп, көз де көп, жолықпадым,

Тілдеспесем ол сонша болып па мұң.

Аттанарда қабағы дір етті ғой,

Бар жағдайды сол сәтте мол ұққамын.

Көрдім анық, қабағы дір еткенін,

Сағынышын өзіңе үдеткенін.

Қабағынан айтарын оқып алдым,

Дір еткені қабақтың — жүректегі үн.

Маған қымбат өзіңдей дос қадірі,

Уайымның жоқ мүлде босқа орны.

«Бесқонақты» өткізіп барамыз», — деп

Досы үшін баптады қос торыны.

Гүл шығады ғажап-ау тасты жарып,

Жаужүрек қой, жасымас жастық анық.

Тасығанда ұлы Ойыл Төлеген де,

Кетті алыс Жаңғақты қашты да алып.

Жосықсыз жан ел ішін жау етер де,

Ал бұл іске жөн шығар тәу етерге.

Қызыл сері оларды қосып тынды,

Досы үшін бас тігіп тәуекелге.

Ғашықтарға үлгі — жол тәрізденіп,

Бұйығы ел гуледі маңыз беріп.

Ел Қызылды батырға балап кетті,

Тапқырлығы серінің аңыз болып.

Өмір көшін қандай жан дұрыстар-ды,

…Гулеген ел сәл кейін тынышталды.

Махаббат пен достықтың айғағы боп,

Ел жадында жаңғырар бір іс қалды.

Әрі қарай… жоқ, ешкім жалғамапты,

Бітпей қалған әңгіме… жанға батты.

Куәсі боп өткеннің Қызыл айтқан

Қос нұсқалы ән қалды Жаңғақ атты.

"Күнде сәлем күтемін"
Жомарт БАЙМҰҚАН

Туған күн

Ойларым көп қағазға төгілмеген,

Кейде...

Кейде шүкір етем де көңілденем.

Кейде кірпік ілмеймін, сен секілді,

Апа, осы екен ғой өмір деген.

Бір күн сайран салады күзгі уақыт,

Күн батады қызарып бізді уатып.

Дауыл соғып өтеді, дауыл соғып,

Мұнарасын өмірдің шын құлатып.

Уақыт ұтып алады бәрімізді.

Апа сенің жайдары жаның ізгі.

Мен сеземін күні ертең алдымыздан

Бақыт күтіп алады әлі бізді.

Ойландырып батқан күн атқан таңы,

Орындалар ұлыңның тәтті арманы.

Апа...

шыным тағдырдан қорқып қалғам.

Әкем үлкен ауылға аттанғалы.

Апа..

мен қорқа берем жыл айналса,

Сала алмайды жүзіңе шырайды онша.

Дәл қазіргі  қалпыңды сақтай тұршы,

Менің тоғыз ұрпағым тыңайғанша.

Туған күн неге тез - тез келеді екен.

Келеді екен,тойлану керек екен.

Сіз көңілді жүріңіз.

мен  әйтеуір,

бөленем күйге бөтен.

Ойларым көп қағазға төгілмеген,

Кейде...

Кейде шүкір етем де көңілденем.

Кейде кірпік ілмеймін сен секілді.

Апа осы екен - ау өмір деген.

Апам барда бала боп қала берем,

Аңқаулау келеді ғой бала деген.

Туған күн деп жүрем де

жылда осылай,

Уақытқа

аланып қала берем.

Уақытқа алданып қала берем

АРЫЛУ.

...Сағыныш мені таласа келіп,

Күнім еңкейсе қарашаға еніп.

Аттанып кетем ауылға қарай.

Аспаннан жұлдыз тарата беріп.

Таңдайыма кеп талғам бұрынғы,

Әкем дарытқан, жалғанды күнгі.

Бітіміне қарап танимын сосын,

Ақтанау айғырдан қалған құлынды.

Селеулеп қана сыз берсе таңым,

Желге жайылып, түзге өрсе сағым.

Аралап кетем дархан даламды,

Қойынымда бір күлше наным.

Жалғанның мына жұмағын көрмей,

Тайғанақ тағдыр тұрағын бермей.

Қол жайып ұзааақ қорымда жүрем.

Әкем қасынан ұзағым келмей.

Кеудемнің қатқан кілтін ашқанда,

Көзімнен моншақ іркіп аспанға.

Ілкіден бір ой қозғайды келіп,

Көзім шалдырсам құлпысатарға.

Тағы бір көріп түлкі жалғанды,

Санама оны түртіп алғамды.

Бетімді сипап әкбәрімді айтам,

Үш рет оқып құлхуалламды.

Толқыны асау теңіздей терең.

Телқара шешем,

мені іздейді екен.

Әкем мал баққан жер еді ғой бұл,

Әйтеуі...    елегзи берем.

Сәресі бітіп, күлгенде күнгей,

Көбесі кетіп көңілде бір күй.

Ақтарам келіп ақ тамақ өлең,

Өмір-ай, өмір,

өмір – деп ылғи.

Арылып мына күәһар күйден,

Шерді қалдырып жүз атан түйген.

Тазартып болып тозаңын жанның.

Тау кесе айран сұратам үйден.

Күн жамбастаса қыратқа барып,

Ауылға қайтам, жыраққа барып.

Алдымда тұрад ақтанау құлын.

Екі аяғын суатқа малып.

Күнде сәлем күтемін Ырғыз жақтан

(Күнде сәлем күтемін Нұра жақтан,

Серік Сатановтың ізімен)

Күнде сәлем күтемін Ырғыз жақтан,

Күнге құрық тұрмайды жылжып жатқан.

Ен далаға еркелеп жатқан шығар,

Ерке өзен жағасын жыңғыл жапқан.

Жатқан шығар ақ көбік аспанға атып,

Аттандатып жүруші ем аттандатып.

Жайлайтын ем жағаңды, жайнайтын ем,

Дүниеде сол екен тапқан бақыт.

Ақ толқын, ақ маржан боп тізіліп қап,

Кім мендей толқыныңның үнін ұқпақ.

Балпаңдап балалығым жүрген шығар,

Тереңіне құлаштап жүзіп ұрттап.

Күт мені!

асау толқын алысқалы,

Жетемін жалың құшып жарысқалы.

Айдының аймалайды түсімде ылғый,

Қайтейін, қамыт тірлік қалыспады.

Ой Ырғыз, ой - хой Ырғыз алтын аймақ,

Арнаңнан алыстағам тағдыр айдап.

Бір келдім, мына өмірге бір кетемін,

Жырларым қалса болды жағаңда ойнап.

Дала суреттері

Кезім еді жабағы мініп ес білген,

Әжем отыр, ыңылдайды ескі үнмен.

Көкжиекке бара жатты күн құлап.

Сарыобаға сағымданып кеш кірген.

Тақымыма тай мініп тағалаған,

Ұзақты күн ойынға қарамаған.

Кештерде көп жүруші ем тамашалап,

Бар ғажабын ұсынса дала маған.

Күн аптабын өткеріп, салқындаған,

Патшағарлар сауықтан тартынбаған.

Қыр басына жиылып қариялар,

Домбырашы баладан ән тыңдаған.

Бораншының ырғалып толқындары.

Күн сәулесін тербеді бұлқынбады,

Қанатты екі ғашық айдында жүр,

Осы араның еркесі сылқымдары.

Алтын шашы айдынмен абаттасып.

Күн қыр асты аяғын санап басып.

Екі ғашық беттеді ұясына,

Сызылып, сұңқылдасып, қанаттасып.

Осы сәтте мал келіп өрісінен.

Қарт бақташы,

Қоржыны түгесілген.

Бораншының суына бір батырып,

Қайта киді қалпағын тері сіңген.

Отары мен табыны жағаласып,

Ызы-қиқы шу болды табан асты.

Торғайдың суатынан үрке шығып,

Бір топ киік Батпақты барады асып.

Ғашық едім осындай кештерге мен,

Құлын уақыт құйғытып дес бермеген.

Әр нәрсеге қызыққыш балалық - ай,

Қолда барда қадірін ескермеген.

Қалғандай самала кеш әрі ескіріп,

Шалдар да жоқ отыратын кеңес құрып.

Көз алдымда мың сурет құбылмайды,

Домбырашы баланың үні естіліп.

Жыр аңсау.

Есенбай Дүйсенбайұлына.

Бозтарғай менен боз дала,

Боз ала таңды атырып.

Оралар ма екен бозбала,

Боз белден шабыт шақырып.

Жемнің де асау ағысы,

Бұйра құмдары шөлдеген.

Арғымақ жырдың арысы,

Келмесін білген.

Сенбеген.

Боз жусан иісі аңқитын,

Бесігі болған белдері.

Жыр болып жанып тербейтін.

Боз бала бірақ келмеді.

Қалдайбектегі қараша үй,

Жарқамыстағы көшелер.

Шертіпті уақыт неше күй,

Өтіп те кетті нешелер.

Бозторғай барып аулаққа,

Белдерге мұңын шағатын.

Жыр іздеп келер шарбаққа,

Қамшылап алып қанатын.

Таңдарда әнін үзбейтін,

Сілкініп үнге дала дүр.

Ақынын аңсап іздейтін,

Бозторғай жыр сен аман жүр.

Ауылға қайтамын.

Сарыобаның көрінетін белінен,

Нұра деген бір ауылдан келіп ем.

Қала мынау дүрбелеңі шаршатты.

Сол ауылға қайтам шығар тегі мен.

Тобылғы сай, толқып аққан Торғайым.

Төсіңді еміп тысқа кетсем оңбайын.

Бораншының жағалауын жамбастап,

Байтағымды.

Байлығыңды жырлайын.

Күтіп жатыр Телқара да тентегін,

Көтерілсе еңкиеді келте күн.

Мен ауылға қайтам бір күн асығып,

Керіп алып сағыныш жыр желкенін.

Ырғыз жатыр, сол баяғы жылы ағыс,

Қарғалының бұлты болып жылағыш.

Сары даламның шөлін жырмен басар ем,

Сонан артық  таба алмаспын жұбаныш.

Тас көшелер тастан бетер көңілдер,

Туған жерін сүйіп өсед тегінде ер.

Сары далама барып жабам жыр кілем,

Өлең деген құдіретті сосын келіп көріңдер.

Қазақ әдебиетінің "кенжесі"
Қазақ әдебиетінің «кенжесі»

Қазақ әдебиетінде комикс саласының кенже қалғаны жасырын емес. Бүгінде миллиардтаған табыс тауып отырған Марвелдің фильмдері кезінде комикс болған. Ал әлем елдерінен ондаған жыл алда жүрген жапондар мен кәрістер сүйікті мангасының жаңа санын алу үшін ұзын-сонар кезекте тұруға әзір.  Бүгінде дамыған елдердің идеология құралына айналған комикстің ерекше сериясын шығаруды Астанадағы әріптестеріміз қолға алған. Ақын, жазушы, тележурналист Азамат Әбілқайыр жоба туралы айтып берді.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Комикс – идеология

Комикс жанры қазақ әдебиетінде өте кенже қалған. Сол олқылықтың орынын толтыру мақсатында, қазақ спортшыларын насихаттайық деген оймен осы істі қолға алдық. Біз спортшыларымызды алтын әкелсе ғана төбемізге көтереміз. Оның сол шыңға шыққанға дейінгі қиындығын, олимпиадаға дейінгі мансабын, кездескен кедергілерін айта бермейміз. Біз балаларға жалпы жетістікке жету оңай емес екенін жеткізгіміз келді. Әлі дамыту керек жанр. Ешқашан комикске тек балаларға ғана керек контент немесе жанр деп қарамау керек. Осы дүниені қолға аларда көптеген мүйізі қарағайдай ақын-жазушылар мысқылдады. Бізден әлдеқайда дамып кеткен елдер Оңтүстік  Корея, Жапония, Америка, Түркия, Ресейде бала түгілі ересектер де күтіп жүріп оқиды. Бұл тек спортты емес ғылымды да төл мәдениетімізді де тарихты да басқаны да әдебиетте насихаттайтын бірден-бір құрал. Мемлекет мәдениеті қазанының бір құлағын ұстап отырғандарды осы жанрға көңіл бөлуге шақырамын.

Мен комикс жанры туралы ойланып жүрген кезде Аслан Қаженов осы идеяны айтқан еді. Елге белігілі спорт журналисі, үлкен ойындарда, халықаралық чемпионаттарда болып, сол жердегі спортшылардың еңбегін көзімен көрген адам. Париж олимпиадасы кезінде де ақпарат таратты. Дәл қазір Қытайға кетті. Тек спорт журналисі деп айтып қоюға болмайды. Марқұм Амангелді Сейітхан ағаның идеясына, аманатына адал болып жүрген, санаулы шәкірттерінің бірі. Айтары бар азамат, тіл жанашыры. Кезінде спорт жаңалықтарын орыс тілінен аударып алып жүргенімізді білесіздер. Соны марқұм Аман аға “қазақша шығарамыз, басқалары бізден аударып алсын” деген еді. Қазір Аслан  сол тілегін орындап жүр. Спортқа ғана емес, әдебиетке, мәдениетке жанашырлығын көрсетіп жүргендердің бірі. Жазуға жауапты мен болсам ол идеяның авторы. Осы жобаның іске асуынан бастап, оқырманға жетуіне, таратылуына дейін атсалысты. Әріптесім жазда Парижге барып, сол жақтан хабар таратқан еді. Ақ тер, көк тер болып жеңісті сарапқа салған спортшылардың еңбегін көзімен көрді. Елге келгесін  идеясын ортаға салды.

Қалай жазылды?

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов, күміс жүлдегерлер Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай, қола жүлдегер Назым Қызайбай және спортшыларға ерекше қолдау көрсеткен Генадий Головкин мен чемпиондар туралы 5 кітап шықты.  Спортты емес спортшылардың  балалық шағын, осы жолда көрген қиыншылықтарын көрсеттік. Бірақ бұл кітап тек қиыншылықтан тұрады деген сөз емес. Комикстердің негізгі аудиториясы балалар болғандықтан міндетті түрде психологпен кеңесеміз. Мысалы, Назымның ер балалармен шекісіп қалатын тұсын өзгертіп ұсындық. Өйткені психолог зорлық-зомбылыққа қатысты ештеңе болмау қажеттігін мықтап ескертті. Біз ол тұста Назымды ер балалармен бәстесіп, пенальти теуіп, турникке тартылып басым түсетіндей етіп көрсеттік. Алған алтын мен күмістің артында белес бар екенін, оған дейінгі халықтың өсегі, адами факторлар, кедергі болған жайттарды жазып шықтым. Шынайылыққа негізделіп жазылды. Бәрін керемет етіп көрсеткен жоқпыз. Балаларға ештеңенің оңай еместігін жеткізгіміз. келді.

Бірақ спортшыларды супермен емес пенде етіп көрсеттік. Демеу Жадыраев алғаш халықаралық жарысқа барғанда аяқ киімі болмай шұлықпен күрескен. Осындай детальдар арқылы халыққа жақын еттік. Жазу барысында бапкерлерімен, өздерімен үнемі байланыста болдық. Сұхбаттарын да қарадық. Өзіме өте қызық болды. Назымды жазғанда “Ninety One“ тобының “Сеньорита”  әнін тыңдап отырдым. Біртүрлі естілетін шығар.  Бірақ Назымның бойында нәзіктікпен қатар қайсарлықтың ұшқыны бар. Жазу барысында адамның шынайы бейнесін беруге тырыстық.

Бала кейіпкерді тануы керек

Суретшілерден де айнытпай салу талап етілді. Батырларды бейнелегенде сақал тағып, сауыт кигізіп, қолына найза береді де атқа мінгізіп сала береді ғой. Бұл жолы кейіпкер өткен ғасырдың адамы емес. Бала қасымызда жүрген адамды көргенде тануы керек.  Комиксті Батыр, Айсұлу, Аружан есімді суретшілер салып шықты. Отандық суретшілер, қазақ балаларының басын біріктіре отырып туындыны жарыққа әкелгенімізге қуаныштымыз. Суретшілер өте көп те аз деп те айта алмаймын. Тек басы бірікпей жүр. Олай дейтінім, комикс жанрын қолдау, мемлекет тарапынан бір ізге салу болмағасын әркім өз бетімен жан-жақта, демеуші қаражатымен жүр. Әрине, өз еңбегін сата білу — нарық заманында қалыпты жағдай. Десе де база қалыптастыру керек деп ойладым. Ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды.

Алматыда “Балдырған”,  “Ұлан”, “Айгөлек”, баяғы “Жыл -он екі ай” сияқты журналдарда мықты-мықты суретшілер отыр. Біз соларды қолмен өтліріп отырмыз. Өйткені көптеген мемлекеттік медиаға бөлетін қаржы сайтарға кетіп жатыр да, балаларға арналған журналдарға там-тұмдап қалғаны ғана түседі. Айлық та аз. Содан суретшілер жан-жаққа кетеді.  Суретші іздеп, “Балдырғанға” да басқаға да шыққанмын. Жасы 50-60-қа келген аға-әпкелеріміздің айлығы аз екеніне сөйлескеде көзім жетті. КСРО мектебінен қалыптасқан мамандарды бағалап, жарыта алмай отырмыз. Ресейде карикатура, иллюстраторлар жақсы табыс табады. Біз де көмектесуміз керек. Өйткені мұның артында үлкен идеология жатыр.

Балалар шығармасы сөреде қалмауы тиіс

Бүгінде балалар әдебиетіне мемлекеттен қолдау бар. Тек мүшайра, байқау өткізіп, жүлдегердің кітабын басып шығарумен шектелудің қажеті жоқ. Апарып сөреге  қойып тастайтын таптаурын ғұрып қалыптасқан. Ол дұрыс емес. Жүлдегерлердің ең жақсыларын анимация, мультипликацияға айналдырып ұсыну қажет. Қазір ақпарат заманы. Бала әлеуметтік желіден, түрлі платформалардан  көптеген ақпаратты алып отыр. Дамыған елдердің бәрі әдебиетке қарайтап отырады. Одан асып әдебиетті киноға айналдырып жатыр. Бізде де жазылған шығарманы автор режиссерлерге беріп, баланың көз алдына әкелу керек. «Бала әдебиет оқымайды» деп балалардың атынан шешім қабылдай алмаймын. Дегенмен қызығушылықты осылай арттырамыз. Анимация, комикс арқылы ұсыну керек. Ересек сіз бен біздің өзіміз кітап оқып отырып, жаба саламыз. Ал ол бала ғой. Қазір кеңес үкіметі емес. Кешегі Кеңес заманында да  суретсіз кітап бермеген. “Аққу, шортан һәм шаян” шығармасының қасына салынған арбаны үш жаққа тартқан үшеудің суреті әлі күнге көз алдымызда. Енді жасанды интелект келді. Ол да көмек.  Біздің комикстен бір бала шабыттанып,  көк байрақты көтерсе біздің миссиямыздың орындалғаны.

Балаға да ата-анаға да берері бар

Назымның жаттығуға барғысы келгенде 1500 теңге таба алмағаны, Нұрбектің Астанаға көшіп келгендегі әлеуметтік жағдайы жазылды. Қазір де кішкентай Демеу мен Елдостың бір жерде қиындық көріп жүруі мүмкін ғой.  Осы арқылы жас спортшыларға “қазір сендер көріп жатқан қиындықты бұрын  чемпиондар да көрді” деген месседжді жеткізгіміз келді.  Сонымен қатар ата-ананың, бапкерінің қолдауы,  ауызбіршілік, ұрпақтар сабақтастығы сияқты маңызды ойлар да айтылған. Комикс тек балаға арналған десек қателесеміз. Ата-анаға да берері мол. Оны оқыған, балам чемпион болсын, жалпы бір мамандықтың шыңына шықсын деген ата-анаға пайдасы тиер деген ойдамыз. Қай салада болсын жетістіктің тәртіп пен дисциплинамен  келетінін жеткізуге тырыстық.

“Балапанды күзде сана”

Бұл жерде табыс тауып, ат шағыру, атақ алу деген ой мүлдем жоқ. Аслан Қаженов екеуміз балалар әдебиетіне үлес қосқымыз ғана келді.  Айта кету керек, бұған дейін балалар әдебиетінде тірі тұлғаны комикс ретінде жазу болған жоқ. Кітапты шығарып жатқанда өрт сөндіруші, орманшы, ғалымдарымызды, жұмысшы мамандықтарды көбірек насихаттау керек екен ғой деген ой келді. Тоқтар Әубәкіров, Бахтияр Артаев ағаларымыз комикске сұранып тұр. 3-4 баланы өрттен алып шыққан өрт сөндірушіні, су тасқыны кезінде Атырауда көмек көрсеткен  Пішөн есімді итті де жазуға болады. Осылар арқылы халықтың ауызбіршілігін көрсету өзімнің жоспарымда бар.