Қоғам - Керек.info қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің интернет нұсқасы

Әлеуметтік сала мамандары марапатталды
Ақтөбеде әлеуметтік қорғау жүйесінде ұзақ жыл еңбек етіп жүрген мамандар құрметке бөленді. Кәсіби мерекеге орай 3 қызметкер «Ақтөбе қаласының дамуына қосқан үлесі үшін»төсбелгісімен, тағы 15 маман қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Ақтөбе қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында 350-ден астам маман жұмыс істейді. Олардың қатарында әлеуметтік көмек көрсету орталығының, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының және отбасын қолдау орталығының қызметкерлері бар.

Жалпы мамандардың 116-сы- әлеуметтік қызметкер. Оның 80-і жалғызбасты қарттар мен I-II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, ал 36-сы мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бұл қызметтер күндізгі уақытта ұсынылады.

Қазақстанда қазанның соңғы жексенбісі — әлеуметтік қызметкерлер күні. Осыған орай қалалық мәдениет үйінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға қала әкімі Азамат Бекет қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Марапатталғандардың арасында осы салада 30-40 жыл еңбек еткен тәжірибелі қызметкерлер де бар.

Қала әкімі әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстың жауапкершілігіне тоқталып, мамандардың қоғам өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті.

— Әлеуметтік қорғау саласы – қоғамдағы ізгілік пен адамгершіліктің, мейірім мен жанашырлықтың айқын көрінісі. Өйткені бұл саладағы әрбір маманның жұмысы адам тағдырымен, халықтың әл-ауқатымен және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықпен тығыз байланысты. Өмірде әртүрлі қиындықтарға тап болған мұқтаж жандарға көмек көрсету – үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және ең алдымен жүрек жылуын талап ететін жұмыс. Сіздер күн сайын қарттардың жағдайын жасап, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіп келесіздер.

Бұл – жүздеген адамның өміріне араша түсіп, олардың тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген үлкен ұжым. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз қоғам үшін маңызды. Құрметті сала қызметкерлері! Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым көзге көріне бермеуі мүмкін. Алайда бір адамның мәселесінің шешілуі, бір отбасының қиындықтан шығуы, бір азаматтың өмірге деген сенімінің артуы – сіздердің жұмыстарыңыздың нақты нәтижесі.

Осы орайда сала ардагерлеріне көпжылдық адал еңбегі мен тәжірибесі үшін ерекше алғысымды білдіремін. Ал бүгінгі таңда осы жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген барша маманға табандылықтары мен кәсібіне деген адалдығы үшін ризашылығымды жеткіземін, – деді Азамат Бекет. Марапат иелерінің бірі — Жалын Молдағалиев. Ол Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары. Бұл саладағы еңбек өтілі – 34 жыл. Ол «Ақтөбе қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

— Орталық 65 төсек-орынға арналған. Қызмет алушылардың тұрақтау мерзімі шарт талаптарына сәйкес бір жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Сонымен қатар, орталықтың жертөлесінде орналасқан 20 төсектік орынға арналған түнде болу бөлімі және «Әлеуметтік патруль» мобильді қызметі жұмыс жасайды. Мобильді қызметтің мақсаты – тұрақты тұрғылықты жері жоқ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тұлғаларды анықтау және оларды уақытша болу ұйымына және түнде болу бөліміне жеткізу. Орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтерді психологтар, медбикелер, заңгер, әлеуметтік жұмыс мамандары және еңбек нұсқаушысы және кітапханашы атқарады, — деді ол.

Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандардың қатарында Гүлнара Байбулатова да бар. Ол Әлеуметтік жәрдем орталығында 2010 жылдан бері әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді. Негізгі міндеті – мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

— Күн сайын бекітілген кесте бойынша 3-4 қызмет алушының үйіне барып, оларға арнайы күтім жасаймыз. Біздің басты мақсатымыз — ерекше қажеттілігі бар балаларды және жасы 18-ден асқан психоневрологиялық ауытқулары бар жандарды қоғамнан тыс қалдырмай, өмір сүру сапасын жақсарту және ата-аналарына қолдау көрсету. Жұмысымның маған ең қатты ұнайтын тұсы — мені көргендегі балалардың жүзіндегі шынайы қуаныш пен ата-аналардың шексіз алғысы. Үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкер ретінде әр үйдің есігін жылылықпен ашамын. Балалардың мәз-мейрам болып, алдымнан шыққаны шаршағанымды бірден ұмыттырады. Олардың кіршіксіз күлкісі мен ата-аналардың ризашылыққа толы сөздері маған үлкен күш береді. Бұл жұмыс жай ғана міндет емес, жүрек жылуын бөлісу деп білемін. Сондықтан өз мамандығымды мақтан тұтамын, — деді ол. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән айтып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ақтөбе халықаралық әуежайы жаңғыртылады
Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жоспарға сәйкес, жаңа ұшу-қону жолағы салынып, жолаушылар терминалы қайта жаңартылады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@mail.com

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл жобалар елдегі әуежай инфрақұрылымын 2029 жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында іске асырылмақ. Жобаның негізгі мақсаты – әуежайдың өткізу мүмкіндігін арттыру, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және өңірдің әуе қатынасын дамыту. Әуежайларды жаңғырту мәселесі Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Басқосуға өңір әкімдіктері мен әуежай өкілдері қатысып, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын талқылады. Кездесу барысында ұшу-қону жолақтарын салу және реконструкциялау, жолаушылар терминалдарын жаңарту, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, қаржыландыру көздерін анықтау мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі айтылды.

Айта кетейік, бағдарлама бойынша еліміздің жеті әуежайындағы ұшу-қону жолақтары жаңғыртылады. Ақтөбе, Астана және Шымкент қалаларында жаңа жолақтар салынса, Алматы, Жезқазған, Тараз және Орал әуежайларындағы қолданыстағы жолақтар қайта жаңартылады. Бұдан бөлек, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Жезқазған, Семей, Павлодар және Үржар әуежайларында жолаушылар терминалдарын салу және реконструкциялау жоспарланған.

Ақтөбелікке сапасыз киім үшін ақшасы қайтарылды
Ақтөбе тұрғынына  сапасыз қысқы күртеше үшін 240 мың қайтарылды.Сатушы бастапқыда ақшаны қайтарудан бас тартқан. Алайда мамандар араласқаннан кейін тұрғын  қаражатын  толық қайтарып алды.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе  облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Ақтөбе қаласының тұрғынынан базардан  сатып алынған қысқы күртешенің  сапасына қатысты шағым түсті.Тұрғын  қысқы күртешені 240 мың теңгеге сатып алып, ақысын Kaspi арқылы 12 айға бөліп төлеген. Сатушы күртешенің ішіндегі толтырғыш түйе жүнінен жасалғанын айтқан. Кейін бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні белгілі болған. Сатып алушы күртешені дүкенге апарып, ақшасын қайтаруды сұраған. Тауар киілмеген, заттаңбасы мен бастапқы қалпы сақталған. Бірақ сатушы ақшаны қайтаруға келіспеген.Осыдан кейін тұрғын Ақтөбе облысының  сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданған. Департамент мамандары сатушыға заң талаптарын түсіндірген соң, 240 мың теңге тұтынушыға толық қайтарылды.Заң бойынша, азық-түлікке жатпайтын тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға болады. Ол үшін тауар пайдаланылмаған, бастапқы қалпы мен заттаңбалары сақталған болуы керек. Мамандар тұтынушыларға құқығы бұзылған жағдайда департаментке жүгінуге кеңес береді.

Ақтөбеде ұрлық саны азайды
Биыл Ақтөбеде ұрлық  деректерінің   тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 22,3 пайызға төмендеген. Ұрылардан қалай қорғануға болады?  Тұрғындар  қылмыс болған жағдайда қалай әрекет етуі керек ?  Жергілікті полиция қызметкерлері ұрлықтан сақтанудың жолдарын түсіндірді.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбеде ұрлық азайғанымен, көлік ішіндегі заттарға көз тігетіндер көбейген.Өңірде  бөтеннің мүлкін ұрлау деректері өткен жылмен салыстырғанда 22,3 пайызға азайған. Дегенмен тұрғындардың мүлкіне қол сұғу фактілері әлі де тіркеліп отыр. Әсіресе, жаз мезгілінде велосипед ұрлығы жиілесе, соңғы уақытта автокөлік салонындағы заттарды қолды ету оқиғаларына қатысты деректер алаңдатады.  Полиция ұрлықтың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдап жатыр? Қылмыскерлер көбіне нені олжалайды және тұрғындар қандай қарапайым қателіктерден сақтануы керек? Осы және өзге де сауалдарғарға Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының  аға жедел уәкілі, полиция майоры  Алтынбек Қаратайұлы жауап берді.

Ұрлықтың қай түрі жиі кездеседі?

Полиция қызметкерінің  мәліметінше, қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде облыста бөтеннің мүлкін ұрлау деректері едәуір азайған.Есепті кезеңде 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ұрлық фактілері 22,3 пайызға төмендеген. Былтыр 955 дерек тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 742-ге дейін азайған.Сондай-ақ ұрлықтың жекелеген түрлері бойынша да оң динамика байқалады. Атап айтқанда, пәтер ұрлығы 43,5 пайызға, ұялы телефон ұрлығы 11,2 пайызға төмендеген. Ал қалта ұрлығы 2,2 есеге азайып отыр.

Қай аудандарда ұрлық жиі жасалады?

Қалада ұрлық деректері жиі тіркелетін нақты аудандардың тізімі жарияланбаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Күн сайын қылмыс жиі жасалатын аумақтарға талдау жасалып, сол жерлерде жедел түрде арнайы тексеру жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар полиция жасақтарының саны күшейтіледі.

Жазда велосипед ұрлығы көбейді

Маусымдық ерекшеліктер де қылмыс статистикасына әсер етеді. Мәселен, жаз мезгілінде велосипед ұрлығы жиілейді. Биыл өңірде велосипед ұрлығының 123 дерегі тіркелген. Оның 98-і табылып, иелеріне қайтарылған.Полицияның айтуынша, мұндай жағдайлардың басты себебі – тұрғындардың өз мүлкін қараусыз қалдыруы.Кейбір азаматтар велосипедін үй ауласында арнайы құлыппен бекітпей қояды. Ал балалар велосипедтерін саябақтарда, скверлерде және ойын алаңдарында қараусыз қалдырады.Осыған байланысты жазғы маусым басталғалы бері полиция қызметкерлері апта сайын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жеке мүліктің қауіпсіздігін сақтау жөнінде ескерту жасап келеді.

Ұрлық жасайтындар кімдер?

Полиция мәліметінше, мұндай қылмысқа баратындардың арасында бұрын сотталғандар, басқа өңірден келген адамдар, кәмелетке толмағандар және есірткіге тәуелді азаматтар көп кездеседі.Криминалдық полиция қызметкерлері биыл ұрлық жасағаны үшін 378 адамды ұстаған. Сонымен қатар 25 қылмыстық топ анықталған.Бұдан бөлек  құқық бұзушылық жасауға бейім және полицияның профилактикалық есебінде тұрған азаматтар тұрақты бақылауда болады.

Пәтер ұрылары көбіне күндіз әрекет етеді

Қылмыскерлердің әрекет ету тәсілдері де өзгеріп отырады. Полиция жүргізген талдау нәтижесіне сәйкес, пәтер ұрлығы көбіне жұмыс күндері жасалады. Өйткені тұрғындардың басым бөлігі таңертең және күндіз жұмыста болады.Тіркелген пәтер ұрлықтарының 55,5 пайызына қылмыскерлер еркін қол жеткізу арқылы барған. 1,8 пайызы кілт таңдау жолымен жасалса, 24 пайызы пластик терезелерді күшпен ашу арқылы іске асқан.Кейбір тұрғындар үйінің есігін құлыптамай кетсе, енді бірі өзіне бейтаныс немесе жақын танымайтын адамдарды үйіне шақырып, мүлкінен айырылып жатады.Сонымен қатар тұрғындардың табиғат аясына демалуға немесе ұзақ мерзімді демалысқа кетіп, пәтерін қараусыз қалдыруы да ұрыларға қолайлы жағдай туғызады.

Көлік ішіндегі заттар да ұрылардың көз құртына айналған

Соңғы уақытта Ақтөбеде автокөлік салонынан зат ұрлау деректері жиілеген. Қылмыскерлер үшін көлік ішінде көзге түскен кез-келген зат олжа болуы мүмкін. Олардың қатарында автомагнитоланың панельдері, құжаттар, ноутбуктер мен қомақты ақша салынған сөмкелер бар.Кейбір жағдайларда ұрылар көлік иелерін алдын ала аңдып, бағалы заттарын қайда қалдыратынын бақылауы мүмкін. Ең жиі қолды болатын заттардың бірі – автомагнитола панельдері. Оны ұрлау үшін қылмыскерлер көліктің құлпын бұзуы немесе терезесін сындыруы мүмкін. Ұсталған күдіктілерден құлып ашуға, тіпті көлік әйнегін сындыруға арналған арнайы құралдар да табылған.Мұндай қылмыстар көбіне күзет қойылмаған аумақтарда және тұрғын үйлердің маңындағы ретсіз автотұрақтарда жасалады. Оның үстіне, полицияның мәліметінше, көлік дабылының қосылуы да ұрлықтың алдын алуға әрдайым кепіл бола алмайды.

Ұрлыққа жол бермеу үшін не істеу керек?

Полиция тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Мәселен, телефонды киімнің түймеленбеген қалтасына салмау, сөмкені үнемі көз алдыңда ұстау қажет. Қоғамдық орындарда телефонды үстел үстіне немесе қараусыз қалдыруға болмайды.

Көліктен аз уақытқа шыққанның өзінде телефонды ашық қалдырылған салонда қалдырмаған жөн.Ал ұялы телефон сатып аларда оны мамандандырылған дүкендерден алған дұрыс. Қолдан сатып алған жағдайда құрылғының заңды жолмен алынғанына көз жеткізіп, сатып алу құжаттары мен кепілдік талонын сақтап қою маңызды.Пәтер қауіпсіздігіне де бейжай қарауға болмайды. Үйден шығарда есік пен терезелердің жабылғанын тексеріп, ұзақ уақытқа кететін жағдайда баспананы қараусыз қалдырмаудың амалын ойластырған жөн.

Ұрлық болған жағдайда не істеу керек?

Егер үйде, пәтерде немесе мекемеде ұрлық болғанын байқасаңыз, ең алдымен оқиға орнынан шығып, бірден 102 нөміріне хабарласу қажет.Полиция келгенге дейін оқиға орнындағы заттарға тиіспей, ештеңені қозғамаған дұрыс. Тергеу-жедел тобы келгенше сол маңда күту керек. Қызметкерлер оқиға орнын қарап, саусақ іздерін алуы, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды сұратуы және арызды қабылдауы тиіс.Егер пәтер ішінде бөтен адамның барын байқасаңыз, өз бетіңізше әрекет етуге немесе оны ұстауға тырыспаңыз. Оның сыртқы келбетін, бойын, киімін, ерекше белгілерін, қай бағытқа кеткенін есте сақтауға тырысыңыз. Егер қылмыскер көлікпен қашса, мүмкіндігінше көліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін есте сақтаған жөн.

Соңғы бес жылда ұрлық деректері екі есе  азайған

Полиция ұсынған статистикаға сәйкес, соңғы бес жылда өңірде тіркелген ұрлық фактілерінің саны тұрақты түрде төмендеп келеді.

Жыл

Тіркелген ұрлық саны

2021

2 819

2022

2 545

2023

1 929

2024

1 487

2025

1 096

Осылайша, 2021 жылмен салыстырғанда былтыр   ұрлық деректері  61,1 пайызға азайған. Сонымен қатар полиция өкілдері соңғы жылдары ұрлық қылмыстарын ашу көрсеткіші де жақсарғанын атап өтті. Дегенмен статистиканың төмендеуі тұрғындардың сақтығын әлсіретпеуі керек.  Себебі ұрлықтың алдын алуда полицияның жұмысы ғана емес, әр азаматтың өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауы да маңызды.

Еңбекке жол ашқан жәрмеңке
Ақтөбеде Республика күні қарсаңында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған  20 мекеме қатысып,  жүзге жуық жұмыс орнын ұсынды.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе қаласында жыл басынан бері 7 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізілген. Нәтижесінде 285 адам тұрақты жұмыс тапқан. Ақтөбе қалалық “Мансап” орталығының директоры Айна Мурзатаеваның айтуынша, бұл -осымен сегізінші рет өткізіліп тұрған жәрмеңке. Жәрмеңкеде жабдықтау жөніндегі менеджер, есепші, дефектолог, аспаз, наубайханашыларға жұмыс ұсынылды. Сонымен қатар  мейірбике, сату жөніндегі менеджер, жүргізуші және шаруашылық меңгерушісін іздегендер болды. Қатысушылар жұмыс берушілермен кездесіп, еңбек шарты, жалақы туралы ақпарат алды.

Жәрмеңкенің жүйелі түрде өткізілуі тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай шара еңбек нарығындағы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған ,- деп түсіндірді Айна Юлдагалиқызы.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне күзет бөлімінің бақылаушысы, бақылаушы-кинолог мамандықтарына сұраныс бар. Департамент қызметкерлеріне бір сағаттың  ішінде 10 адам жұмыс сұрап, тіркелген. Оларға кадр жөніндегі мамандар хабарласып, әңгімелесуге шақырады. Жыл соңына дейін 2 жәрмеңке өтеді

Ақтөбеде биыл 10 бос жұмыс орны  жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Оның  ішінде төртеуі-мамандандырылған  жәрмеңке. Нақтырақ айтқанда, екеуі борышкерлер, пробация есебінде тұрғандар мен түрмеден босап шыққандарға ұсынылса, екеуі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне  жұмыс іздеп жүрген 1088 адам қатысқан. Оларға  өндірістік және қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен кәсіпорындар тарапынан сұранысқа ие мамандықтар бойынша 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал Тұрмағамбетованың айтуынша, биыл “Жұмыспен қамтудың жол картасы” аясында  12 мыңнан аса адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінге дейін соның  10 мыңнан астамы екі қолға бір күрек тапқан.

-Жыл басынан бері өткізіліп жатқан бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің арқасында келген азаматтардың жоқ дегенде 50 пайызы өзіне қажетті жұмысты тапты. Бізден жолдама алғаннан кейін әрбір азамат мекемеге барып, әңгімелесуге қатысады. Мамандығына қарай жұмыс істейді. Жақында пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесіп, жәрмеңке ұйымдастырдық. Сол кезде есепшоттарының бұғатталғаны  белгілі болды. Олармен “Отбасын қолдау орталығының” заңгерлері жұмыс істеді. Жұмыс берушілер 150-350 мың теңге жалақы ұсынды. Бірақ оларға бұл табыс көңілдерінен шықпады.  Қазір мұнай саласы мен теміржолға сұраныс жоғары. Алайда екеуіне де вакансия жоқ, - деді бөлім басшысы.

Жұмысқа кел, жас маман!

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде азаматтарды еңбекке орналастырудың түрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Оқуды жаңа бітірген түлектер еңбек жолын “Жастар практикасымен” бастай алады. Бұл бағдарламаға 35 жастан аспаған жұмыссыздар қатысады.  Олар оқуды соңғы 5 жыл ішінде аяқтаған болуы керек. Ұзақтығы -1 жыл. Жалақы бюджет қаражаты есебінен төленеді. Бір жылдан соң сол мекеме тұрақты жұмысқа алып қалады. Биыл Ақтөбеде “Жастар практикасына” 501 жас бағытталған.

Еңбек етсең, ерінбей

Жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы жұмыс іздеушілерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Тіпті еңбек етуге ниетті жандарға жас та кедергі емес. Зейнетке шығуына екі жыл қалған адамдар “Күміс жас” жобасы арқылы жұмысқа орналаса алады. Қатысушылар өз тәжірибесі арқылы еңбек жолын жалғастыруына мүмкіндік бар.

Ал қоғамдық жұмыстар – жұмыссыз азаматтарға, алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар, уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін арналған. Бұл “Мансап” орталығы мен жұмыс берушілер арасында жылына жасалатын келісім – шарт арқылы  ұйымдастырылатын  қызмет түрі. Еңбекақысы -  88 608 теңгені  құрайды ,- деді “Мансап” орталығы филиалының директоры Айна Мурзатаева.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыссыз азаматтарға белгілі бір мамандықты қысқа уақыт ішінде меңгеріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін оқыту түрі. Оқу мерзімі 6 айға дейін. Кәсіптік оқыту олардың меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады. Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақысы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін жұмыс берушілер қатысады.

7000 адам жұмыссыз ретінде тіркелген

Ақтөбеде биыл 48 мекемеден 130 жұмысшы қысқартылған. Соның үшеуі зейнеткер. Ал 71 адам жұмысқа орналасса, 5 адам жеке кәсібін ашқан. Сонымен қатар басқа облысқа қоныс аударғандар мен жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік төлем алып отырғандар да бар. Кейбірі жұмыс іздеуші ретінде орталық қызметіне жүгінбеген.

-        Қысқартуға байланысты мәліметтер келіп түскен мекемелердің қатарында «QazServiceGroup» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «ТК «Қазхром» АҚ, «Ұлттық сараптама орталығы» Ақтөбе облысы бойынша филиалы және басқа да мекемелер бар, - деді филиал директоры.

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша, бүгінде  7000  жұмыссыз тіркелген. Оның 4500-і  жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алатындар. Бос жұмыс орындары www.enbek.kz электронды еңбек биржасы порталында жарияланады. Қазір  Ақтөбе қаласы бойынша порталда 3714  бос жұмыс орны орналастырылған.

Еске сала кетейік, егер сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, тұрғылықты жеріңіз  бойынша Мансап орталығының филиалына, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталына (www.egov.kz) және электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) тіркеле аласыз.

Қатерлі ісікті уақытында анықтамаған: Марқұмның туыстары дәрігерлерді сотқа берді
Ақтөбе облысында қатерлі ісіктен қайтыс болған ер адамның туыстары сотқа шағым түсірді. Олар марқұмның өліміне дәрігерлерді кінәлі деп санап, моральдық зиян және материалдық шығын талап етті.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Сот құжаттарына қарағанда,  оқиға  2024 жылдың қазанында басталған. Темір ауданының  79 жастағы тұрғыны  аудандық ауруханаға мен Ақтөбедегі жеке клиникалардың біріне бірнеше рет медициналық көмекке жүгінеді. Ер адамның  кеуде тұсы,  арқасы мен аяқ-қолы ауырған. Ол өзін әлсіз сезініп, ұйқысы бұзылған, салмақ жоғалтқан. Туыстарының сөзінше, марқұм медициналық көмекке бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, ауруға уақытылы диагноз қойылмаған әрі қажетті емдік-диагностикалық шаралар қабылданбаған. Ақыры ол Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында тексеруден өтіп, оған — өкпенің IV сатыдағы обыры диагнозы қойылған. Алайда ауру асқынып кеткендіктен, оны емдеу мүмкін болмаған. Ақыры ер адам  2025 жылғы 31 қаңтарда қайтыс болған. Марқұмның  әйелі мен  қызы мен ұлы сотқа шағымданып, жалпы 17 млн теңге моральдық зиян  мен 1 млн. теңгеден астам материалдық шығынды өндіруді сұраған. Сот отырысында медициналық мекеменің өкілдері талапты үзілді-кесілді жоққа шығарды. Олардың айтуынша, марқұм денсаулығы нашарлағанға дейін өздігінен жүріп-тұрған, бақшада жұмыс істеп, автокөлік басқарған. Олар науқастың егде жасын ескергенде,қатерлі ісіктің белгілері анық байқалмағанын айтты.  Дегенмен Темір аудандық ауруханасының дәрігерлері  ауылдық жерде науқасты толық тексеруге қажетті диагностикалық жабдықтар мен тар бейінді мамандардың жоқтығын мойындаған. Дәрігерлер олардың әрекеттері мен ер адамның өлімі арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс жоқтығына  сендіруге тырысты. Алайда ресми тергеу мен  іс материалдары медицина қызметкерлерінің дәлелдерін жоққа шығарды.

-Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, науқасқа  медициналық көмек көрсету барысында елеулі кемшіліктер анықталған. Темір аудандық ауруханасында  рентген суреттерін толық емес әрі қате сипатталуы, онкологиялық ауруға қатысты сақтықтың жеткіліксіздігі, тексеру көлемі мен медициналық құжаттаманың толық болмауы, сондай-ақ науқасты медициналық ұйымдар арасында уақтылы әрі тиісті тәртіппен бағыттау жүйесінің болмауы анықталған.Ал Айгерім» сұлулық және денсаулық орталығының МРТ хаттамасында ісік өзгерістерінің сипаты мен таралу ауқымы толық көрсетілмегені анықталған. Сараптама қорытындысында аурудың ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтуі, бастапқы белгілерінің спецификалық болмауы ауру уақтылы диагностикалауды қиындатқаны айтылған. Сарапшылар өкпе обыры диагнозының дұрыс қойылғанын, алайда оның уақтылы анықталмағанын көрсеткен. Қорыта айтқанда, науқасқа  медициналық көмек көрсету барысында жауапкерлер тарапынан бірқатар кемшіліктерге жол берілген. Атап айтқанда, ауру уақтылы анықталмаған, науқас толық тексерілмеген және науқас қосымша тексеру мен ем алу үшін бейінді мамандарға уақтылы жолданбаған,-делінген сот құжаттарында.

Ақтөбе қаласының соты  медициналық қызметті сапасыз көрсеткені үшін марқұмның әйелі мен қызына Темір аудандық ауруханасынан 300 мың теңгеден, ал  жеке клиникадан 100 мың теңгеден моральдық зиян өндіруге шешім қабылдады. Ал ұлының әкесінен бөлек тұрғанын және Алматыға емге апармағанын ескеріп, оның шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.

Паллиативті бөлімше: Үміт пен тағдыр тоғысқан мекен
Ақтөбедегі қатерлі ісікке шалдыққандарға күтім жасайтын паллиативті бөлімшеде қазір  40 науқас жатыр.  Мұндағылардың басым бөлігі - өкпе, асқазан - ішек жолдарының обырына шалдыққан. Олардың ең жасы 40-тан асқан.  Дәрігерлер әсіресе,   өкпе обыры “жасарып”  бара жатқанын айтады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Паллиативті бөлімше – М.Оспанов атындағы БҚМУ  Медицина орталығының бесінші қабатында орналасқан. Уақыттың қадірі ерекше сезілетін жерде дерттің  азабын жеңуге тырысып жатқандардың өмірі үмітке толы. Бірі терезеге телміріп, жақынын асыға күтсе, енді біреулері қасында күтім жасап отырған туғанымен  өткізген әр сәтті  бағалайды. Дәрігердің берген емімен ауырсынуды басып, тыныш ұйқыны қалайтындар да бар. Төсекке таңылған науқастарға күндіз-түні мейірбикелер күтім жасайды. Бұларға медициналық , әлеуметтік көмекпен қатар психологиялық қолдау да қажет.

Дәрігер  Мая Әлібекованың айтуынша, бөлімшеге арнайы емнен нәтиже болмай, дерті асқынған жағдайда мультидисциплинарлық топтың шешімімен  түседі. Былайша айтқанда, отаға, сәулелік терапия мен химиялық терапияға жарамайтындар жатқызылады. Осыдан 12 жыл бұрын ашылғанда 20 кереует болған. Бүгінде  кереует саны 40-қа жетті. Қазір орын толық.

Паллиативті бөлімшенің хоспистен айырмашылығы, мұнда тек онкологиямен сырқаттанғандар өмір сапасын жақсарту үшін жатқызылады. Дәрігер үнемі бақылап, мейірбикелер күтім жасайды. Әр науқастың ауруының болжамы әртүрлі. Жасыратыны жоқ,  ауыр жағдайда түсіп, өмірінің соңын осында өткізетіндер де бар. Бөлімшеде жатқандардың ең жасы 40-45-те. Бұл қазіргі уақытта қатерлі ісіктің жасырын формаға көшуімен байланысты. Адам ауырып жүргенін бастапқыда байқамайды. Науқастармен сөйлескенде арықтау,  тамаққа тәбеті тартпау, өзін әлсіз сезіну сияқты қатерлі сигналдардың болғанын айтады, - деді  онколог-дәрігер Мая Әлібекова.

Мұнда жатқандардың  басым бөлігі – өкпе, асқазан - ішек жолдарының қатерлі ісігіне шалдыққанын айттық. Оның ішінде қан кетіп түсіп жатқандар да бар. Мамандарды өкпе рагінің “жасарып”  бара жатқаны алаңдатып отыр. Өкпе обырынан қайтыс болатындар саны бүкіл әлемде көбейіп келеді.

Биыл  20 жастағы студент өкпе обырымен түсіп, ем қабылдаған. Ол дертті асқынған кезде бір-ақ білген.

Бөлімшеде өкпе обырымен студент қыз бала жатты. Қасында күтім жасап анасы отырды. Асқындыру себебі- тыныстың жеткіліксіздігі болды. Басында ентігумен басталған, кейін үздіксіз жөтел пайда болған. Өзі 2, 3 қабатқа көтерілгенде ентігетінін айтты. Өкінішке қарай, өкпесінде су жиналды. Жазда осындай жағдаймен 2002 жылы туған жас жігіт те түсті.  Бұл жағдайлар өкпе обырының жасарып бара жатқанынын көрсетеді, - деді онколог.

Емнен бұрын мейірім қажет

Дәрігерлер мен мейірбикелер қиын сәтте науқастың жанынан табылғанымен, жақынының қолдауы аса маңызды екенін айтады.  Өйткені адам өзін жалғыз сезініп, салы суға кетпеуі керек.  Жылы сөз оның көңілін жұбатып, өмірге деген құлшынысын арттырады. Кейбір науқастар жақындары болмағандықтан, өмірінің соңына дейін осы жерде қалуға мәжбүр.

Біз мұндағыларға барынша көмектесуге тырысамыз. Дегенмен жылуды жақындарынан күтеді. Мұндағылар өздерінің диагнозымен моральдық тұрғыдан келіскендер  деп ойлаймын. Паллиативті бөлімше деген атаудан шошитындар бар. Бұл жердегілердің бәрі өмірінің соңғы күндерін өткізіп жатыр деу қате. Себебі орташа ауырлықта үйіне шығып кететіндер де бар. Кейбір науқастардың жақындары болмайды. Сондықтан ұзақ тұрақталып қалады. Жақындары бола тұра, үйіне алып кетуден бас тартатындар кездеседі.  Олар үй жағдайында көмек көрсете алмаймыз дегенді айтады. “ Егер тыныс жеткіліксіздігі, ентікпе басталса қалай көмектесеміз?,-  деп қиналады. “Түбі өлемін ғой”-  деп, емнен бас тартып, өз жағдайын қиындататындар да бар, -деді ол.

Бұл бөлімшеде ауырсынуды жеңілдететін дәрі-дәрмек, күтімге қажетті  құралдар жеткілікті. Емдеу тегін. Айта кетейік, паллиативті бөлімшеде былтыр 830 науқас ем қабылдаған

Мобильді бригада жетіспейді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, паллиативті көмек көрсетудің үш түрі бар. Біріншісі - хоспис. Онда науқастар өмірінің соңына дейін тұрып, көмек алады. Екіншісі- аурухана жанындағы арнаулы бөлімшелер. Ол жерде науқастар уақытша жеткізіледі.  Ал кейбірі келіп кетіп ем-дом алады. Үшінші түрі - мобильді бригадалар. Онкологияға шалдыққан науқастарға мобильді бригада да қолжетімді. Ақтөбеде бір ғана мобильді бригада жұмыс істейді..Олар бөлімше дәрігерлерімен үнемі байланыста болады. Бөлімше дәрігері Мая Әлібекова бір ғана бригада Ақтөбе үшін аздық ететінін жеткізді. Әсіресе нақастарға кешке қарай мобильді бригада шақыру қиынға соғады.

Бригада таңғы 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Кей жағдайда науқастар кезек күтіп қалады. Ауырсынуы кешке қарай басталса, тіпті қиын. Сондықтан тағы қосымша мобильді бригада болса, артық етпес еді, - деді маман.

Палииативті бөлімше- медициналық көмек көрсетумен ғана шектелмейді. Ауыр дертпен арпалысқан жандардың өмір сапасын жақсартуға, жан азабын жеңілдетуге септігін тигізеді.

Ақтөбе облысында қатерлі ісік диагнозымен 10 мыңнан астам адам диспансерлік есепте тұр. Биыл 9 айдың ішінде обырдан 318 адам қайтыс болған.

Ақтөбеде білім беру ұйымының 21 басшысы жауапқа тартылды
Ақтөбе облысында былтыр мектеп пен балабақшадағы олқылықтар үшін 21 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әсіресе, балабақшада балалардың жарақат алуы, топтағы бүлдіршіндердің жас ерекшелігінің ескерілмеуі, тәрбиешілердің біліктілік санатын көтеру жұмыстары толық жүргізілмеуі тыйылмай тұр.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmailcom

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Сәрсенғалиеваның айтуынша, мектептерде де бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Атап айтсақ, мектепішілік бақылау талапқа сай жүргізілмеген. Мұғалімдердің 5 жылда бір рет біліктілік санатын растамауы, біліктілікті арттыру курсынан үш жылда бір рет өтпеуі сияқты заңбұзушылықтар жиі бұзылады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (ӘҚБтК) бойынша мектеп немесе балабақша басшысы, өзінің қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасалса, лауазымды тұлға ретінде әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Бұл ӘҚбТК-нің 30-бабында бекітілген, - деді департамент басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзғандарға да жауапкершілік қарастырылған. Мұғалімге тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеуге болмайды.  Мұндай жағдайда 86 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін  айыппұл арқалайды. Сондай-ақ мұңалімдерге міндетінен тыс жұмыс жүктеген басшылар да жазасыз қалмайды.

Гүлнар Сәрсенғалиеваның айтуынша, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы талаптарды бұзған білім беру ұйымдарының басшыларына да арнайы әкімшілік жауаптылық көзделген. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық анықталса, тез арада полицияға хабарлау қажет. Уақытылы хабарламаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұндай кезде 10-30 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды.

Департамент былтыр 148 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізген. Оның 99-ы мектеп болса, 49-ы балабқша. Соның ішінде 25 мектеп пен 5 балабақша білім беру стандартының талаптарына сәйкес келіп,  бірден аттестатталған.  Ал кемшілік  анықталған мектеп пен балабақшаға қателіктерді жоюға тапсырма беріліп, тексеру жүргізілген. Соның нәтижесінде ғана аттестатталған. Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне айтар шағымыңыз болса, 8(7132) 45-91-34, 41-44-32 телефонына хабарласуға болады.

Айта кетейік, былтыр облыста заңбұзушылықтарға жол берген  21 басшы, биыл 10 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сотталғандарды еңбекпен қамтылды
Ақтөбе облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесінің №8 мекемесінде кәсіпкерлерге арналған «Ашық есік күні» өтті. Кездесуде өндірісті дамыту, жаңа жобаларды іске қосу және сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Іс-шараға кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері қатысып, мекеменің өндірістік аймағы мен қолданыстағы инфрақұрылымының мүмкіндіктерімен танысты. Кәсіпкерлерге өндірістік нысандарды орналастыруға арналған жаңа ангарлық және модульдік ғимараттар көрсетілді.

Қазіргі таңда №8 мекемеде 22 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Кәсіпкерлер былғары бұйымдарын, брусчатка, жылу қаптамаларын, резеңке және балық өнімдерін өндірумен, сондай-ақ ателье қызметімен айналысады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 кәсіпкерлік субъектіге артқан. Өндірістік базаны кеңейту мақсатында жаңа өндірістік цехтың құрылысы және саңырауқұлақ өсіруге арналған жылыжай кешенін іске қосу жоспарлануда. Кездесу барысында кәсіпкерлерге өндірісті мекеме аумағында орналастыру шарттары, өзара іс-қимыл тетіктері және жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері таныстырылды.

Еңбек – қайта бейімделудің бір жолы

Кездесуде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше мән берілді. Мекеме аумағында еңбек ететін азаматтар белгілі бір кәсіпті меңгеріп, тәжірибе жинақтайды. Жұмыс оларға жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға да ықпал етеді. Ең бастысы – бұл дағдылар адамның бостандыққа шыққаннан кейінгі өміріне қажет. Кәсіп үйреніп, еңбек тәжірибесін жинаған азаматтың жұмысқа орналасып, қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік молая түседі.

Сондықтан мекемеде кәсіпкерлермен бірлесіп жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық беріліп отыр. ҚАЖ мекемесі алдағы уақытта да шағын және орта бизнес өкілдерін тарту жұмыстарын жалғастырмақ. Бұл ретте өндірістік қуатты арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін көтеру басты бағыттардың бірі болып отыр.

«Ашық есік күні» кәсіпкерлер мен ҚАЖ өкілдерінің пікір алмасып, бірлескен жобаларды талқылауына мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану және жаңа кәсіпкерлік жобаларды іске асыру бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Ақтөбе облысына 720 млрд теңге инвестиция тартылды
Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Осы қаржы есебінен 95 жобаны іске асырып, жергілікті маңызы бар 297,3 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 85 пайызға жеткізу көзделуде. Бұл туралы Ақтөбеде облыстық мәслихаттың XXVII сессиясында айтылды.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

Депутаттар мен жиынға қатысушылар алдымен  Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.  Оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Отырыста облыс әкімі Асхат Шахаров өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді. Өз сөзінде өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, инвестициялық жобаларды іске асыру, тұрғын үй мен инфрақұрылым нысандарын салу, ауыл шаруашылығын, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға жан-жақты тоқталды.

Асхат Шахаровтың айтуынша, сегіз айда облыстағы экономикалық өсімнің физикалық көлем индексі 101,6 пайыз. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй құрылысы және сауда салаларында оң динамика байқалады. Биылдың өзінде 720 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Сондай-ақ  жалпы құны 155 млрд теңгеден асатын, 600-ге жуық жұмыс орнын құруды көздейтін 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда алты жоба пайдалануға берілген. Ал төрт жоба жылдың соңына дейін аяқталмақ. Атап айтсақ, қолға алынған жобалардың қатарында екі жел электр станциясы, металды жөндеу және өңдеу орталығы, сауда ойын-сауық орталығы, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру көлемін кеңейту және газ электр станциясының құрылысы бар. Ал жыл соңына дейін екі жел электр станциясы, дәрілік заттарды сақтау қоймасы және Ақтөбе станциясында рельстерді дәнекерлейтін кәсіпорынды пайдалануға беру күтілуде.

Біз үшін инвестицияның статистикадағы көрсеткіш болып қана қалмай, жаңа өндірістерге, жұмыс орындарына және өңірдің қосымша экономикалық әлеуетіне айналуы маңызды. Бұл ретте экономиканың одан әрі өсуіне жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға аса көңіл бөлу қажет. Әрбір іске асырылған жоба өңірге нақты нәтиже беруі тиіс – өндіріс көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құрып, халық табысының өсуіне ықпал етуі тиіс. Біздің міндетіміз – экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бизнестің Ақтөбе облысына одан әрі инвестиция салуға мүдделі болатын жағдай қалыптастыру – деп атап өтті аймақ басшысы.Қазіргі таңда  «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы және «Хромтау» индустриялық аймағына инфрақұрылым тарту үшін қажетті құжаттар әзірленіп, қаржыландыру мәселесі пысықталуда.

10 жоба іске асырылады. 2026 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 16,5 млрд теңге қарастырылған. «Кең дала-2» бағдарламасы аясында 67 шаруашылыққа жалпы сомасы 8 млрд теңгеге несие берілді. Жыл соңына дейін 550 мың тоннадан астам астық жинау күтілуде. Бұл былтырғы көрсеткіштен 16%-ға немесе 87 мың тоннаға жоғары.2026–2028 жылдары ауыл шаруашылығында жалпы құны 58 млрд теңгеден асатын 10 перспективалы жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазірдің өзінде «Ramazan Qus» құс фабрикасын кеңейту және «Qazaq groats» компаниясының булгур бидай жармасын өндіру жобаларына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге қаржы бөлінді.

Нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі артады. Жол саласында да ауқымды жұмыстар жалғасуда. Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Осы қаржы есебінен 95 жобаны іске асырып, жергілікті маңызы бар 297,3 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 85 пайызға жеткізу көзделуде.Республикалық маңызы бар жолдарды, оның ішінде «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Бозой – Сексеуіл» бағыттарындағы учаскелерді салу жұмыстары жалғасуда. Жобалар аяқталғаннан кейін жолдардың өткізу қабілеті тәулігіне 3 мыңнан 35 мың автокөлікке дейін артады.

Әлеуметтік сала. Сессияда әлеуметтік мәселелер сөз болды. Солардың бірі-баспана. Тұрғын үй құрылысы да маңызды бағыт болып қала береді. 2026 жылы 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді халық игілігіне беру жоспарланған. Сегіз айда 522 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әлеуметтік салада білім беру мен денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері облыста 11 жаңа мектеп пайдалануға берілді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 400 оқушы орнына арналған 14 мектептің құрылысы аяқталды.              Денсаулық сақтау саласында Шалқар, Мұғалжар және Хромтау аудандарының аудандық ауруханаларына қосымша корпустар салынып жатыр. Бұл мақсатқа 5,3 млрд теңге қарастырылған. Ойыл және Байғанин аудандық ауруханаларында, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы №7 қалалық емханада күрделі жөндеу аяқталды.                                                                                                                                                      Облыс орталығында жаңа драма театры бой көтеріп жатыр. Сонымен қатар Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған болашақ «Әлия» орталығының құжаттары әзірленуде. Өңірде 15 спорт нысаны салынуда, оның сегізі аяқталды. Ақтөбе қаласында құны 1,6 млрд теңге құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 35 мың көрерменге дейін қабылдайтын жаңа стадионның құрылысы жалғасуда.

Биыл 12 елдімекен интернетпен қамтылады. Интернетке қолжетімділікті арттыруға да аса көңіл бөлінуде. Биыл 12 ауылдық елді мекенді интернетпен қамту жоспарланған. Қазірдің өзінде төрт ауылға интернет желісі қосылды. Ауыл халқының интернетпен қамтылу деңгейін 97,3%-дан 98,8%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 5G желісімен Ақтөбе қаласы және облыстың жеті елді мекені қамтылған.Облыс орталығында бірқатар жоба инженерлік инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Есет батыр шағын ауданында 845 пәтерге арналған төрт үйдің құрылысы аяқталды. Тағы бір 288 пәтерлі үйді жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Төрт тұрғын алапта су құбыры желілері салынбақ, тағы жеті тұрғын алап бойынша жобалық құжаттама әзірленуде. Нәтижесінде сумен жабдықталған тұрғын алаптардың санын 50-ге жеткізу көзделген.Қаладағы су ресурстарын арттыру мақсатында бес ірі жоба іске асырылуда. Олардың қатарында «Сарыбұлақ» және «Моисеев» жобалары бар. «Сарыбұлақ» жобасына Арнайы мемлекеттік қордан 5 млрд теңге бөлінді.Облыс әкімі Асхат Шахаровтың басшысының мәлімдеуінше, кәріздік тазарту құрылыстарының құрылысы басталды. Газдандыру бағытында Сазды-3 шағын ауданында жұмыстар жүргізіліп, Жаңа ауыл-3 бойынша жоба әзірленуде. Бұл жобалар іске асырылғаннан кейін қаладағы барлық 54 тұрғын алапқа көгілдір отын тартылады.                  «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыста жалпы сомасы 2 млрд теңгеге 199 жоба мақұлданып, 243 жұмыс орны құрылды. «Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша 133 маманға 1,3 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие беру жоспарланған.

Нәтижеге қол жеткізу маңызды. «Атқарылып жатқан барлық жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі түрде орындау және бүгінде өңір алдында тұрған міндеттерді шешуге бағытталған. Біз үшін жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу ғана емес, басталған жобаларды облыс тұрғындары күтетін нақты нәтижеге дейін жеткізу маңызды. Мемлекеттік органдар, депутаттық корпустың және халықтың бірлескен жұмысы өңірдің одан әрі дамуына жағдай жасап, алға қарай жүйелі түрде жылжуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп атап өтті облыс әкімі.                          Енді депутаттардың алдында ұсынылған көрсеткіштерді қарау ғана емес, облысты дамытудың алдағы басым бағыттарын айқындау міндеті тұр. XXVII сессия барысында 2026–2028 жылдарға арналған бюджетке және 2026–2030 жылдарға арналған Ақтөбе облысының даму жоспарына қажетті өзгерістер де енгізілді. Отырыс соңында депуттаттар өзекті сауалдарын жолдады.