Оқырман хаты (18+) - Керек.info қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің интернет нұсқасы

«Ажыраспаңдаршы, қыздар»
Ішімдегіні шығармасам өліп қалардай болып отырмын. “Бірінші неке-бағың, Алладан” дегенді кеш түсіндім… Егер қазір күйеуіңізден көңіліңіз қалып, «осы адаммен қалай өмір сүріп жүрмін?» деп жүрген болсаңыздар, менің осы сөздерімді бір рет толық оқып шығыңыздаршы.

Менің ажырасқаныма үш жыл болды. Үш жыл бұрын мен үшін күйеуім дүниедегі ең “жаман” адам еді. Маған көңіл бөлмейді, түсінбейді, қолдамайды деп ойладым. Тіпті кейде тиран болып көрінді. Тапқан ақшасын да азсындым. «Осы ғана ма?» дейтінмін. Оның тұрақты жұмысы болды. Тапқаны отбасының тамағына, балалардың қажетіне, үйдің шығынына, несиелерге кететін. Бірақ мен оны ол кезде сезбедім. Мен тек өзіме жетпейтін нәрсені ғана көрдім.

Ең жаманы — күйеуімді жұртқа жамандай беретінмін… Оның намысына тиетін сөздер айттым. Туыстарының алдында да, өз адамдарымның алдында да төмендететін кездерім болды. «Сен еркек емессің, езсің» дегенді де айттым.

Қазір сол сөздерімді есіме алсам, өзімнен ұяламын. Мен сол кезде ажырассам, өмірім керемет болады деп ойладым. «Мені түсінетін еркек табылады. Маған көңіл бөлетін, мені бағалайтын адам кездеседі. Өзім балаларымды өсіремін, ешкімге тәуелді болмаймын» деп ойладым. Бітпейтін ұрыстарымыздан  бір күні күйеуімнің де шыдамы таусылды. Біздің 2 баламыз бар екеніне қарамай, ажырасуға шешім қабылдады, ажырастық… Сол кезде мен «міне, ақыры құтылдым» деп ойладым. Бірақ, ажырасқаннан кейінгі өмір мен ойлағандай болмай шықты... Балаларымды жалғыз тәрбиелеймін, тәуелсіз боламын дедім. Ажырасқан соң бастапқыда ата-анам, құрбыларым, жақындарым бәрі қолдау білдіргендей болды.

Уақыт өте келе жалғыздықтан да, бәріне мықты болудан да шаршадым. Сөйтіп арқа сүйер ер адам іздедім. Қарым-қатынас бастаймын деп ойладым. Бірақ кездескен ер адамдардың көпшілігінің ниеті мен ойлағандай емес екенін түсіндім. Ойлары тек арамдық, төсек… Кейбіреуі 2 балам бар екенін айтсам бірден қашады, біреудің баласын бағып, жауапкершілік алғысы келмейді екен.  Басқа қолдар, басқа иіс, басқа дауыс. Олардан және өзімнен қатты жиіркендім…

Сол кезде ғана мен бұрынғы күйеуімнің қадірін түсіндім. Балаларыма өз әкесіндей ешкім қамқорлық, махаббат бере алмайды, бермейді де екен… Әлі күнге дейін балаларын сағынып, кездескенде қатты қуанады. Балалар да әкесін қатты сағынады, жақсы көреді. Әкелерін көргенде көздерінен қуаныш көрінеді, еркелейді. Сол сәттерде балаларымның тағдырына балта шауып, өмірлерін қиындатқанымды ойласам, тамағыма тас тұрып қалғандай қатты қынжыламын.

Мен жылдар бойы күйеуімді жаман адам деп ойлаппын. Шын мәнінде мен оның жасаған жақсылығын бағаламаппын. Оның да бәрінен шаршап жүргенін көрмей тек өзімді ғана ойлай беріппін. Отбасы үшін тапқан ақшасының қайда кетіп жатқанын түсінбеппін. Менің және балаларымның жағдайын ойлап жүргенін қалыпты нәрсе деп қабылдаппын.

Қазір басымыздан өткен барлық кезеңдерді көз алдымнан өткізсем, ол маған жамандық ойлаған адам емес екен. Мен өзім оның жүрегін суытқан екенмін. Күн сайын негатив ойлармен, ренішпен, өзгемен салыстырумен... Біреудің сөзін тыңдап, күйеуімді өзімнің санамда «құбыжық» жасап алған екенмін. Туыстарымның айтқанына ердім. Айналамдағы адамдардың пікірін өз күйеуімнің сөзінен жоғары қойдым.Ол мені сүйген кезінде мен оның махаббатын сезбеппін емес, сезгім келмеген екен...

Қазір үш жыл өтті. Бұрынғы күйеуім қайта отбасын құрған. Кейде әлеуметтік желіден көріп қаламын. Әйелімен бірге түскен суреттерін көремін. Оның күлкісін көремін. Бұрын менімен тұрған кездегі күлкісінен бөлек күлкі сияқты. Қазір шынайы, еркін, бақытты екенін көрдім… Оның қазіргі әйеліне қалай қарайтынын көргенде, жүрегім ауырады. Өйткені мен сол адамның сондай бақытты болуына өзім себеп бола алатын едім. Мен оның махаббатын өз қолыммен өшіріп алыппын.

Қазір бір ғана нәрсе үшін қатты қиналамын: «Неге сол кезде махаббатымды сездіріп, жылулық силап, күйеуімді тыңдамадым?» деген ойлар ғана. Сол кезде бәрі басқаша боларма еді… Мүмкін біздің де балаларымыз толыққанды отбасыда өскен, бақытты жандардың бірі болар ма едік?! Балаларымыз әкесін қазіргідей сағынбас еді. Менің түндерім жалғыздықта өтіп, өткен өмірімді аңсамас па едім… Сондықтан ажырасудың алдында тұрған әпке, сіңілілеріме бір ғана өтінішім бар. Асықпаңыздар! Жай ғана реніштен, ақшаға көңіл толмағаннан, «маған жеткілікті внимание бөлмеді», шаршадым дегеннен, құрбылардың сөзіне еріп, күйеуіңізді күн сайын жамандап жүріп ажырасуға дейін жетпеңіздер!

Бір сәт ойланыңыздаршы. Күйеуіңізге сырт көзбен қарап көріңізші. Сіз оның жақсылығын бағалап жүрсіз бе? Оның намысына тиіп жүрген жоқсыз ба? Оны басқа еркектермен салыстырмайсыз ба? Оның проблемаларын түсінуге тырысып көрдіңіз бе?

Еркек те -адам. Оның да жүрегі бар, ол да бір күні шаршайды. Бір күні сізбен ұрыспайды. Бір күні түсіндіруге тырыспайды. Бір күні жай ғана өміріңізден кетеді. Сол кезде ғана оның қадірін түсінеді екенсіз… Ал ең ауыры — сіз түсінген кезде оның жүрегінде сізге орын қалмауы.

Менің өкінішім — күйеуімнің жаман болғаны емес. Мен жақсы адамның қадірін жанымда жүргенінде түсінбегенім. Сондықтан, қыздар ажыраспаңдар демеймін. Бірақ, ажыраспас бұрын мың рет ойланыңыздар дегім келеді. Әсіресе, арада бала болса…

Оқырман хаты

Тағдыр тәлкегі
Менің 6 балам бар. Олар менің байлығым, көз қуанышым. Осы балаларды бағып-қағып, басымды тауға да, тасқа да соғып келе жатырмын. Бірінші жолдасыммен екі баламен ажырасып кеттім. Ол кезде екеуіміз де жас болдық. Отбасының қандай болатынын, ондағы жауапкершілігі жайлы білмедік. Ақыры не керек, ажырасып тындық. Қызым жолдасымнан еді. Екінші ұлым қайныағамнан. Жолдасым жоқ кезінде сонау Қостанайдан «қыдырып келдім» деп сылтауратып, мені зорлап кеткен болатын. Мен ол кезде 20 жаста болдым. Қызым кішкентай еді. Мас болып келіп, мен ұйықтап жатқанда зорлады. Үйде қайным жолдастарымен келесі бөлмеде отырды. Менің айқайлағанымды ести тұра көмек бермеді.

Сол шарасыздықпен мен қайын ағамнан көтеріп қалыппын. Мен оны өз үйіме кетіп қалғаннан кейін 3 айдан кейін ғана білдім. Өйткені жолдасым жазда кеткен еді, қайын ағам күзде келді. Мен аяғым ауыр екенін желтоқсанның ортасында білдім. Жанталасып мамама білдірмей, қаладағы үйге кетуге асықтым.

Содан жолдасымды шақырып алдым. Қайныағамның зорлағанын айтқым келген. Бірақ айта алмадым, қорықтым. Содан арақатынасымды түзеп, айтқанын істедім. Жолдасымнан көтергендей болып, әрекет жасадым. Бірге тұрдық. 5 айға дейін ішімді байлап жүрдім. Төрт айында аяғым ауыр деп айттым. «1 ай» деп, содан ол қуанды. Мәз болған соң әрі қарай жүре бердім. Іште қорқыныш болды, әр күн сайын азаппен жүрдім.

Сөйтіп уақыт өтіп, жаз кезінде босандым. Ұл тудым. Жолдасым қуанды. Бір күні күз кезінде қайным келіп, арамызға түсті. Екеумізді  ұрыстырып, ағасын ертіп әкетті. Мен қайтадан екі баламен ауылға кеттім. Қазір 15 жыл өтті. Сол кеткеннен жолдасым оралмады. Ол Астанаға барып, бомж болып кетті. Аға-інілері қарамай кетті. Қазір ешкімді танымайды.

Сөйтіп жүргенде туыстарыма екі баламен сыймадым. Жеңгелерім болған жоқ, бірақ ағаларым сыйдырмады. Әпкелеріме бардым, жезделерім сыйдырмады. Сөйтіп басар тау, тұрар жерім болмай жүргенде бір балаға тұрмысқа шықтым. Екеуміз пәтер жалдап тұрдық. Екі баланы бауырына басып, жұмыс істеп, жақсы тұрдық. Мінезі жақсы деп түріне де қарамадым, «түріне ас құйып ішем бе?» деп. Дүниеге екі ұлым келді. Мені әркімнен қызғанып ұратынды шығарды. «Бала үшін» деп шыдадым. Бір күні мені өлімші етіп сабап, ауруханадан бір-ақ шықтым. Ал ол біреудің жылқысын ұрлап, қашып кетті.

Бұрынғы жолдасымнан қалған екі баланы да  өз атына жазып алған болатын. Ол кеткен соң ашумен алиментке бердім. Қазір 10 жыл өтті. Алименті 14 миллион теңге  болып жиналып қалды. Сол кеткеннен кейін 4 баламен ешкімге сыймадым. Өйткені 10 мың теңге ғана жәрдемақы аламын. Кішкентай бала бар, жұмыс істей алмаймын. Сөйтіп жүргенде ауылда ағам үйленіп, жеңгем анаммен бірге мені қыс ортасында қуып шықты. «Топырлаған адаммен тұрмаймын» деді.

2019 жылы жаңадан жәрдемақы өсіп, АСП басталғанда, жеке тұру керек деп бөлек пәтер жалдап тұрдым. Мамам ағаммен қалды. Үйленбеген ағам балалардың жылағанын көтере алмай, ұра беретін. Бір күні кино көріп отырғанда бала жылап, оған ағам «аузыңды жап» деп аузына қағаз жұмырлап тығыпты. Мен жынданып, алдымдағы кесені жібергем. Содан ағам мені шнурмен қылғындырды. Мамам көмек берген жоқ.

Сол кезде мен осыған дейін көрген қиындыққа шыдамай асылып қала жаздадым. Қызым 8 жаста еді. «Мама, сен жылама, қазір өлесің, сен кеткеннен кейін біздің күнімізді қазір елестетші» дегенде, үстімнен су құйып жібергендей, өзімді тоқтаттым. Түнге қарамастан квартираға кетіп қалдым. Сол кезде мамам бір қарамады.

Сол қиналумен жүріп, жалғыздық, қиындық, бәрімен арпалысып жүргенде дос  қыздар бір баламен таныстырды. Қазіргі жолдасым. Онымен бір жылдан аса жай араласып жүрдім. Ана бала арақ ішпейтін, қамқор болып көрінетін.  «Өзім бір үйдің жалғыз баласымын, балаларды өз баламдай, бауырымдай көремін  деген сөзіне алдандым. Апам «төлеймін» деп алғызған кредит жан-жағымнан қысып жатты. Қиындықтан шығуға көмектеседі деп сол жігітке тұрмысқа шықтым. Әке-шешесі жақсы кісі еді. Бізді қуана қарсы алып, тойын жасады. Сөйтіп ата-енемен бірге тұрдық. «Арақты аузыма алмаймын» деген адам ауылға келген соң, іше бастады. Ол да мені қызғанып, ұратын болды.

Мені қорғамақшы болған енемді кеудесінен итеріп жіберді. Шешені қуып, ұрған қандай екен, көрейін деп оқтауды алып, жолдасымды ұрып тастадым. Ол мас адам қарсыласа алмай, таяқ жеді. Содан кейін маған да, енеме де бір қол көтермеді.

Бірақ мен жоқта балаларымды ұрып жүріпті. Балалар қорқып, маған айтпаған. Енем қорғаймын деп өзі таяқ жейтін көрінеді. Бір күні босануға кеткенде, кішкентай 4 жастағы ұлымды аузынан бір ұрып, 4 тісін сындырып жіберіпті. Бала шок алған. Қазір 10 жаста, төсекке жіберіп  қояды. Бармаған жерім, алмаған дәрім жоқ. Дәрігерлер мүгедектік ал дейді. Бірақ мен қимаймын. Сол күні баланы ұрғанда енемді де ұрған. Енемнің басына шишка шығарған. Үстінен арыз жаздым. 15 күнге қамалып, қайта шықты. Осылайша уақыт өте берді. Ол арақ ішуін қоймады. 2022 жылы қызымды ұрып жатқан жерінен қолымдағы пышақты қалай тығып алғанымды білмеймін, арқасына кіріп кетті. Онымен мен 4 жылға сотталдым. 2 жылдан кейін тәртібім жақсы болған соң бостандық берді. Бәрібір соңымыздан қайтып келді. Кіргізбесем, көршілерді мазалайды.  Аузына келгенді айтатын. Көршілер үй иесіне шағымданып, бізді пәтерден шығарып жіберді.

Ауылға кеттік. Өзімді ұмыттым. Балаларымды асыраймын, байдың көңілінен шығам деп қарызға да баттым. Процент те, кредит те  алдым. Қалаға қатынап жұмыс істедім. Одан үй ақтап, біреудің кірін жуып, ақша таптым. Ол болса арақ ішіп, менің айқайыммен ғана жұмыс істеп жүрді.

Былтыр енем қайтыс болды. Емдеткеніммен жаман ауруға шалдыққан енемді аман алып қала алмадық. Енем қайтқаннан кейін атам бауырларымен бірігіп бізді үйден қуып шықты. Енемнің намазына түскен ақшаға таласып, өздері бір-бірімен қырылды. Мен балаларымды алып, қалаға көшіп кеттім.

Қыста қазіргі жолдасым  келді. Келеді, кетеді, әйтеуір жүр. Ішеді, боқтайды, Жазда менің түрткілеуіммен подъезд жөндеп, жұмыс істеп жүрдік. Қазір қайтадан кетті. Мен одан суып кеткендеймін. Бір жағынан екі рет тұрмыс құрып, ажырасып, кеткеннен кейін тағы ажырасып кеттім деген сөзге қалам ба деп ойлаймын.  Балалар өсіп келе жатыр. Үлкен қызым 11 класты, ұлым  9 класты бітіреді.

Кім не десе, о десін бала-шағаны өзім асырап жатырмын.  Бірақ жазып, қоңырау шалып, мазамды ала береді. Балаларыма шығып, мені қарсы қояды. Ішкенде аузына келгенді айтады. Өліп қалғым келеді, бірақ жалғыз қызымды уайымдаймын. Осыған дейін қаншама рет өзіме қол жұмсап, қолымды кестім. Бірақ аман қалып жүрдім. Қазір денсаулық та жоқ, жүйкем де шаршады. Бірақ балаларым үшін күресіп жүрмін. Осы жолдасыммен некедеміз. Енді басым қатып жүр. Ажырассам ба екен, әлде ажыраспай алиментке берсем де деген ой мазалап жүр. Төрт баланың тегі бір болған соң, екінші жолдасымды алиментке бердім, төлеп жатқан жоқ. Өзім көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегінде тұрмын. Осы басымнан өткен жағдайды ешкімге тілемеймін, дұшпаныма да. Бала кезімде ағамнан зорлық көріп, тұрмыста қайын ағамнан қорлық көріп, осы қиындықтардың бәрін есіме алып, өмір сүргім келмейді мүлдем. Бірақ балаларымды қимаймын, жақсы көремін. Осыларды жеткізгім келеді. Ойым жан-жаққа шашырап кетті. Қайныағамнан туған баламды менен басқа жан білмейді. Ешкімге айта алмадым. «Өлгенде көрге ала кетем» деп ойлаймын. Осынының бәрі мені артқа тартып, өмірден түңілдіреді. Алға ұмтылғым келеді. Қызыма: «Оқы, білім ал, еркек атауын ойлама, алға ұмтыл» деп ақылымды айтып отырамын. Өзімнің көрген қорлығымды қызым көрмесе екен деймін. Айналдырған 147 мың теңге жәрдемақы тамақ пен пәтер ақысынан ауыспайды. Не істерімді білмей жүрмін.

Оқырман хаты

Сіңілімді еркінен тыс алып қашты
Соңғы болып жатқан оқиғаларға байланысты, өз отбасымда болған жағдаймен бөліскелі отырмын.

Университетті тәмамдап, басқа қалада жұмыс істеп жүрдім. Бір күні анамнан ауылдағы 15 жасар туған сіңілімді алып қашып кетті деген хабар келді. Мен бастапқы да алдап отырған болар, қазір ешкім 15 жасар қызды алып қашпайды ғой. Сөйтсем шын екен. Анам енді қуып бара жатырмыз деді. Мен «Қуғаны несі, барып мән-жәйды анықтамайды ма алдымен, сіңілім өзі таниды ма? Оқиға қалай болды?» деген сұрақтарыма жауап ала алмадым. Сонымен біраз уақыт өткен соң сіңілім өзіме жазды. Телефонын алып қойып қолхат жазып бер деп жаздырып алып, содан соң ғана телефонын беріпті. Дереу маған жазды.

- Мені құтқар. Бұл адамды танымаймын шыны керек, мені күштеп ұстап отыр. Мен оқуым керек. Ауылда өзім танымайтын адаммен тұра алмаймын, -  деп жылады. Мен ата-анама хабарласып, алып келуін өтіндім. Анамнан алған жауап:

- Әкеңнің бетін жерге қаратпақшысың ба? Қалады, әкеңнің ауылға, туыстарға қарабет болғаны керек емес, алып келмейміз! – деді.

Ал сіңілім мүмкіндік болса, маған хабараласып көмек сұрауда. Ол кішкентай кезінен сондай еді. Сіңілім әрқашан өзімнен көмек сұрайтын және ешқашан жауапсыз қалдырған емеспін (арамыз 4 жас). Сонымен ести сала жолға шықтым такси тауып, жол бойы заңдарды оқып келе жатырмын. Таксиде менен бөлек 6 адам бар. Жол 8-10 сағат уақытты алады. Алып қашқан баланың аккаунтын тауып алып қарасам 4,5 сағат өтпестен беташарын жасап тастапты. Сториске салған адамдарды тауып алып, бәріне заңмен жауап беретіндерін айтып, стористерін скрин жасап алып, айғақ жинадым. Сосын видеоларды қарасам сіңілімді екі жағынан екі жеңгесі күштеп ұстап, ұзын көйлектің астынан аяғын байлап қойғанын кейін білдім. Қашып кетпесін деген шығар, кім білсін? Үйге келдім таң атысымен. Бәріне алып келеміз болды, ол танымайды ешкімді, тұра алмайды кішкентай әлі деп айтумен болдым. Бірақ алған жауабым:

- Өзіңнен бұрын тұрмысқа шығып жатқанын көре алмай отырсың ба?- деген туыстардан жауап алдым. Туған-туыстан, жақын адамдардан ешқандай көмек болмайтынын түсініп, өзімді қолға алып, дереу айла ойластыра бастадым. Өзіме көмекке келер адамды іздедім және ойыма бірден анамның әпкесі түсті. Анам ол кісінің жасағандарын, айтқан ақылдарын кішкентай бізге айтып жамандап, есіне алып жылап отыратын. Телефонды қолыма ала сала бірден хабарласып, мән-жәйды айттым. Ол кісі де ең алдымен сіңілімнің нөмірін сұрады. Әрине сіңілім телефонға бірден жауап бермеген. Алып қашқандар сыртқа шыққан соң ғана нағашы апама бәрін айтып түсіндіріпті. Ал мен осы уақыт аралығында әлгі жігітке қолыңның ұшы тимесін, тисе аямаймын деп ескертумен болдым. 19 жыл биязы, жайдары деп танитындарды таң қалдырдым-ау. Ешкімді аямадым. Үйге тойдан дәм етіп келіп отырған туыстарға ұрысып, итеріп-итеріп қуып шықтым. 4-5 сағат өткен соң апамнан жинал жолға шығамыз деген хабар келді. Апам ауылдың қараңғы адамдарына күші жетпесін біліп жанына өзі танитын 3 адамды ертіп келіпті. Төртеуміз 3 сағаттық жолға шықтық. Мекен-жайға жеттік.

Ауыл дегенде де ойлауы өте таяз, жағдайлары нашар ауыл екен. Мұндағы үйлер шыны керек біздің сарайдан жаман. Түсе сала бәрі машинаның жан- жағынан атып шықты. Апам ең алдымен үйге кірейік, қызбен сөйлесейік деді. Барлық артық адамдарды шығарып, өзіміз сөйлестік. Қатты таңқалдым... Алып қаша салысымен анам туыстармен қосылып алып кетпеймін бағың осы жер шығар қаласың деп сіңілімді көндіріпті. Кішкентай ғана сіңілім жылап-жылап сол жерде қалыпты. Хабарласар телефоны жоқ, адамдар алып қойған. Қолхатты телефонын алу үшін амалсыздан жазып берген. Қолдары көгерген, аяқтарында беташарда байланған жіп іздері тұр.

Қайтамын деп мені жібермей жылады. Мен оны мына жерден алып шыға алмайтынымызды біліп, тағы да жоспар құруыма тура келді. Апама олармен бірге тойлата тұруын өтіндім. Сіңілім келісті деп достарын жанында болсын деген сылтаумен шақырттым. Өзім сол уақытта жанында болдым. Сіңілімнің құрбысының әкесі ести сала машинасымен жолға шығыпты. Ішінде сіңілімнің 10 шақты досы бар. Келді, кірді бәрі. Бір жігіт досы сіңілімнің киімін киіп, сіңілімді қыздар болып үйден алып шықтық. Дәретхана далада орналасқан. Енді ғана сіңілімді келген машинаға отырғызғанымыз сол еді, үйде емес екенін біліп қойып адамдар машинаны қоршап, жабыла бастады. Ал құрбымның әкесі қызды отырғыза сала, өз қызына жолға қарай жүгір деп машинасын таспен атқылап жатса да жүріп кетті. Құрбысының әкесі жарты сағаттан соң кері айналып, бізді алып кетті. Сонымен сіңілімді құтқардық па дегенде, үйге жеткенше 15 рет талып, есін жоғалтып, жылауға шамасы болмай келді. Үйге келе сала әке-шешеме айтпаған сөзім жоқ. Олар менен өмірінде естімеген сөзді естіп, көрмеген мінезімді көрсеттім.

Таңертең алып қашқан жігіттің туыстары келінімізді қайтарыңдар деп келді. Есіктің алдына тұрып алып кетпей қойды. Оларға әке-шешем тиіп қашып, жоқ жауап беріп жүр. Әлде менің сөздерім өтіп кеттіме? Кім білсін? Кетпей тұрып алған соң полиция шақырдым. Сол аралықта машинада тығылып отырған әлгі алып қашқан жігітті көрдім. Кімнің алып қашуға себеп болғанын білдім. Ол жігіт наурыздың бірінде басқа қызды алып қашыпты. Ол қыз келісім бермей туыстары алып кетіпті. Ал наурыздың 3-не менің сіңілімді алып қашып отыр. Алып қашуға көметкескен - біздің ауылдағы түрмеден жақында ғана шыққан туысы. Маған 1-2 күнде тәрбиелі, атағы шықпаған қыз тауып берсең, 100 мың теңге беремін деп келісіпті. Тағы алып қашуға өзінің ұлы (менің сіңілімнің сыныптасы) көмектесіпті. Барлық жағдайды біліп жағамды ұстап, бәрін полицияға баяндадым. Олар да бәрін көзбен көрді. Сол аралықта жаңағы алып қашуға көмектескен сыныптасының анасы келді. Өзі ажырасып кеткен. Екі қызы өзінің қолында қалған, ал ұлын әкесі тартып алған. Балама кешірім бер деп келді. Сенесіздер ме? Болашағын құртпа дейді тағы.

Арада біраз уақыт өтті. Мен өз жұмысыма кеттім. Әке-шешем өз қателерін түсініп, кейін маған рақмет айтты. Сіңлімді 1 жыл психологқа сүйреді. Денсаулығымен алысты. Ал туыстар қанша араласқысы келсе де бұрығыдай сыйлай алмаймын. Ал сіңілім соншама өсекке қалса да бәріне мән бермей тек білім алумен айналысты. Оқуын бітіріп сол қалада жүріп, өз адамын тауып тұрмысқа шықты. Қазір одан бақытты адам жоқ, тәп-тәтті балалары бар. Ал күйеу баламыз көзі ашық, оқыған-тоқыған, ел көрген адам. Ондай күйеу екінің біріне жолыға бермейді. Кіші сіңілім қыдырып барғанда «Жезде үйді де өзі жинап, ыдысты да өзі жуып, дәмді тамақ жасайды. Киімдері шашылып жатса оны да жинай салады»  деп келді.Күйеу баламыз жағдайдан хабардар. Маған рақмет айтып, бұдан соң ешқандай қиындық көрмейді деп берген уәдесінде тұрып келе жатыр. Жақында білдім. Сіңілім екінші бөпеге аяғы ауыр екенін. Бар тілегім сол, екеуі де бақытты болса екен.

Оқырман хаты

Күйеуімді емдеткім келеді
Жасым -отыз екі де. Күйеуге он тоғыз жасымда шықтым. Күйеуім бір үйдің жалғыз баласы. Ата-енем -зейнеткер.  Өзім келгеннен жылма-жыл құдайдың бергені деп туа бердім. Күйеуімнің алғашында араққа жақын екендігін білмедім. Үлкен ағамның əйелінің інісі болғаннан кейін бе, əлде өзімнің біреу туралы ақпаратқа мəн бермейтін салғыртығым ба, білмеймін əйтеуір бір шаңырақ болғаннан кейін екі аптадан соң арақ ішуді бастады. Əлі күнге дейін аузы арақтан босамайды.

Алғашында, бір-екі баладан соң қояр деп үндемедім. Екі баламыз өмірге келді. Қазір, емдеткім келеді. Рас балалар ес біліп қалды. Ауыл болған соң ақша бірде бар, бірде жоқ. Кейде, араққа ақша іздеп үйдің берекесін қатты алады. Терезені шағады. Маған қолы тиеді. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады.

Ата-енемді аяғаннан осындай сүреңсіз өмірге шыдап жүрмін. Үйдегі заттарды да сата бастады.Өткенде үйдің қасындағы дүкенге, тамақ алуға барсам қарызыңызды қашан төлейсіз?- дейді. Қарызға ештеңе алмаған сияқты едім десем,күйеуімнің қарызы біраз ақша болып кетіпті.Сонда неге қарызға арақ бересің?- дедім ызадан жарылардай болып.Өзі жұмыс жасамайды. Менің еден сыпырып тапқан ақшам неге жетеді?

Сол күні тамаққа алып барған ақшамды,қарызға беріп үйге дымсыз келдім. Кеште балаларға не істеп берерімді білмей қатты қиналдым. Сұмдық ызаланып,айқайлап жылап алғым келді.Емдетейін десем,қол қысқа. Бірақ өзі талпынбаса ,емделу мүмкін бе? Ажырасқанда енді не опа табамын?Ол қаңғып кетеді ғой.Есі кіріп қалған балаларым әкесі үшін сұмдық арланады.

«Кейде кетемін деп ойлаймын...»
Кейіпкерім Аяжан (есімі өзгертілген-ред) Ақтөбенің белді бір мекемесінде қызмет жасайтын, білімі мен өресі өзіне жететін қыз. Ел аузында Нұр сити деп аталып кеткен, ресми атауы Есет батыр атындағы мөлтек ауданда бір бөлмелі пәтері бар, астында шағын болса да мінген көлігі бар. Сырттай қарасаң, өз аузы өзіне жеткен, толыққанды бойжеткен. Жасы 27-де. Бірақ, ол біреудің көңілдесі. «Папигі» де осал адам емес. Аяжанмен бір кесе кофе ішіп отырып, шағын ғана сұхбаттасып үлгердік. Оқырманға қызық болса, мархабат!

Индира Кереева

kerekinfoaktobe@gmail.com

— Сәлем, Аяжан! Алдымен, сенің оқиғаңды білгіміз келеді. Көңіліңе келмес деп ойлаймын, әр нәрсені өз атауымен атаған дұрыс қой. Көңілдес болуға қалай көндің?

— Сәлем. Бұл сұрақты өзіме де жиі қоямын. Бастапқыда мен бұл жағдайға түсемін деп ойлаған емеспін. Бірақ өмірде күтпеген нәрселер көп болады. Біз бір-бірімізді кездейсоқ жолықтырдық, сөйлесе келе, ортақ қызығушылықтарымыз бар екенін түсіндік. Ол – отбасылы адам, мен де мұны біле тұра қабылдадым.

— Бұл шешімді қабылдау қиын болды ма?

— Иә, басында ауыр болды. Бірақ уақыт өте келе, мен эмоцияларымның жетегінде кеткенімді түсіндім. Біреу үшін бұл – сатқындық, ал мен үшін бұл – махаббаттың басқа түрі. Кейде өзімді ақтау үшін "Бақытты болуға бәріміздің құқымыз бар" деп ойлаймын. Бірақ шын мәнінде бұл бақыт па, әлде уақытша алданыш па – оны анық біле алмаймын.

— Сенің көзқарасың бойынша, мұндай қарым-қатынастың ең қиыны не?

— Белгісіздік. Сен оның бірінші таңдауы емес екеніңді білу. Онымен уақыт өткізгенде бәрі тамаша, бірақ ол үйіне қайтқанда, өзің жалғыз қаласың. Кейде өзіңді екінші орынға қойғандай сезінесің. Сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың құпия болуы, үнемі жасырынып жүру – өте ауыр нәрсе. Көпшілік алдында бірге бола алмау, достарыңмен, туыстарыңмен бөлісе алмау – мұның бәрі адамды іштей қажытады.

— Ол саған қымбат сыйлықтар жасаған кездері болды ма?

— Иә, әрине. Ол мені ерекше сезіндіруге тырысатын. Алтын әшекейлер, қымбат сөмкелер, бренд киімдер, тіпті шетелге саяхаттар да сыйлаған кездері болды. Алайда, пәтерімді, көлігімді өзім алдым. Пәтерім үшін әлі ипотекалық несие төлеп жатырмын.Бірақ мен уақыт өте келе түсіндім: бұл сыйлықтар – біздің қарым-қатынасымыздың орнын толтыру үшін ғана берілетін нәрсе еді. Ол мені шынайы өміріне қоса алмайтынын білді, сондықтан осылайша мені ұстап тұрғысы келді. Кейде өзімді жай ғана сатып алынғандай сезінетінмін. Бірақ мұндай қарым-қатынаста эмоциядан гөрі материалдық дүниелер маңызды рөл атқаратынын да түсіндім.

— Өкінген кездерің болды ма?

— Өкінбейтін адам жоқ шығар. "Мұның соңы қандай болмақ?" деп кейде өзімді мүжимін. Бірақ жауап таппаймын. Себебі бұл қарым-қатынаста нақты болашақ жоқ екенін түсінемін. Бір сәттерде өзімді ерекше сезінемін, бірақ басқа уақытта жалғыздықпен бетпе-бет қаламын. Ең қиыны – осы.

— Әйелі екеуіңнің ара-қатынасың туралы біліп қойған кезі болды ма?

— Иә... Бір күні кешкісін ол маған күтпеген жерден қоңырау шалды. Телефонды көтерсем, оның емес, әйелінің даусын естідім. Жүрегім суып кетті. Ол тыныш, бірақ өте салқын сөйлеп тұрды. "Онымен қарым-қатынасың бар екенін білемін. Енді не істейсің?" – деді. Мен не айтарымды білмедім. Үнсіз қалдым. Ол болса: "Ол ешқашан сені таңдамайды. Екеуіңнің араңда не болғанын білемін, бірақ мен отбасымды сақтап қаламын" – деп тұтқаны қойып қойды. Бұл оқиға мен үшін қиын сәт болды. Менің орным қайда екенін, бұл қарым-қатынастың шын мәнінде маған не беретінін түсіндім. Өмірімде бірінші рет өзімді осыншалықты кішкентай, әлсіз, бейшара сезіндім. Сол түні көз ілмедім, келесі күні онымен сөйлесуден бас тарттым. Бірақ ол қайтып келді, кешірім сұрады. Мен оны кешірдім. Солай махаббатымыз қайта жалғасын тапты.

— Осы қарым-қатынастан тағы қандай қиындық көрдің?

— Бірнеше ай өткен соң, мен жүкті екенімді білдім. Бастапқыда шок алдым. Бұл туралы оған айтуға жүрексіндім. Бірақ ақыры шындықты жеткіздім. Ол үнсіз қалды. Біраздан соң: "ештеңе дей алмаймын. Отбасылы адаммын ғой. Жауапкершілік тек өз мойныңда. Өзің шеш" – деді. Сол сәтте менің бар үмітім үзілді. Одан ешқандай қолдау күтпегенім жөн екенін түсіндім. Біраз уақыт ойландым, бірақ басқа амалым болмады. Жалғыз өзім баланы өсіруге дайын болмадым. Ақыры түсік жасатуға шешім қабылдадым. Бұл – өмірімдегі ең ауыр күндердің бірі болды. Менің жанымның бір бөлшегі сол күні бірге кетті. Содан кейін бәрі бұрынғыдай бола алмайтын сияқты. Бірақ, мен бұл кісіге байланып қалғандаймын. Есірткіге тәуелді нашақорлар сияқты орала беремін.

— Ата-анаң бұл туралы білді ме?

— Жоқ, олар ештеңеден бейхабар. Оларға мұндай нәрсені айтуға дәтім бармады. Олар мені жақсы көріп, әрқашан дұрыс жолда жүр деп ойлайды. Егер бәрін біліп қойса, қатты қиналар еді. Менің оларды ренжіткім келмеді. Кейде шындықты айту керек шығар деп ойлаймын, бірақ бәрібір қорқамын. Олар мені түсінбейтіндей көрінеді.

— Одан неге кете алмайсың?

— Бұл сұрақты өзіме мың рет қойған шығармын. Кете алмаймын, өйткені оған моральдық тұрғыда байланып қалғанмын. Ол маған тек сүйікті адам емес, екінші бір өмірім секілді. Оның жанында өзімді ерекше сезінемін, ал жалғыз қалғанда босап қалғандай боламын. Ол мені қинаса да, алдап тұрса да, оған ораламын. Бәлкім, бұл тәуелділік шығар. Кейде кетемін деп шешім қабылдаймын, бірақ ол қайта келіп, жылы сөздерін айтып, мені көндіреді. Сосын бәрі қайта басталады. Бұл шеңберден қалай шығамын – білмеймін.

— Өзің бұл қарым-қатынасқа қандай баға бересің?

— Бұл – жүректі де, жанды да қажытатын қарым-қатынас. Бір жағынан, бұл – өмірімдегі ең жарқын әрі тәтті сәттерді сыйлаған махаббат, ал екінші жағынан, маған ең ауыр азап әкелген байланыс. Бұл – шынайы емес, уақытша жұбаныш. Бірақ мен одан бас тартуға әлі де дайын емеспін. Бұл қарым-қатынас маған бақыт әкелмесе де, оған деген сезімімнің күштілігі мені ұстап тұр. Бірақ оның соңы не болатынын білмеймін...

— Болашаққа қандай жоспарың бар?

— Бір күні бәрі өзгереді деп сенемін. Мүмкін, өзіме лайықты адамды кездестіріп, толыққанды қарым-қатынас құрармын. Бірақ қазірше мен тек осы сәттермен өмір сүрудемін. Кейде болашақ туралы ойланбауға тырысамын, себебі ол мен үшін анық емес. Бірақ бәрібір жүрегімде бір үміт бар – шынайы махаббат пен еркіндікке жетемін деп сенемін.

— Сұхбатыңа рақмет! Өмірде жолың болсын!

"Көңілдесіммен құдаласып жатырмын"
"Сырласу" айдарына шығатын хаттарды жібермей оқимын. Кейбірін аяймын, кейбіріне ашуым келеді. Қарапайым нәрсені білмей, осы жерге жылап-сықтап хат жазатындарды түсінбей өтетін шығармын. Бірақ, әркімнің өз басында бір тақсыр тағдыры бар екен. Менің де оқиғамды біреу оқып, мені қарғар. Мүмкін, біреу аяушылық танытар. Мен ешкімнің пікіріне мұқтаж емеспін. Тек, өз ішімдегіні бөлісіп, сәл де болса жеңілдесем деген ниет.

Көңілдес десе шошына қараймыз. «Көңілдесі бар екен» деген сөз ерген адамға көзқарасымыз жақсы емес. Бірақ сол «көңілдеске» неге құмар адамдар? Себебін анықтап көрдіңіз бе? Ол – өмірді сүйетін, өзінің рахаты мен ләззаты үшін өмір сүретін, барлығынан ләззат алатын, төсекті міндетім деп емес, рахатым деп қабылдайтын жан. Солай екеніне келісесіз бе? Еркекті де тартып тұратын сол «магнит» емес пе? Жасым қазір 45те. Кемпір емеспін, бірақ жас та емеспін. Өз жасыма сай бір басына энергиясы жететін келіншекпін. 3 балам бар. Күйеуім бар, бірақ күйеуімнен әбден көңілім қалған. Жастау кезімізде көзіме шөп салып, талай қатындармен ойнас қылғаны бар, тіпті көзімше ақ төсегіме әкеліп, көңілдесімен көңіл қосқаны бар, қол жұмсағаны бар, бәрі қосылып, оған деген сезім, сыйластық дегеннің бәрін көңілімнен де, жүрегімнен де өшіріп тастаған. Балаларым толық отбасында өссін деп амал жоқтықтан, бәріне көніп, екеуміз бір шаңырақта тұратын көршілер секілді өмір кешіп келеміз. Тіпті екеуміз екі бөлек жатамыз. Бір қатынасқа түспегенімізге де біраз болды. Ол да сұрамайды, өзінің сыртта біреуі бар шығар. Болса бола берсін. Тек менен аулақ болса болғаны, тіпті басым ауырмайды. Үйде көргім келмегендіктен, жолсерік болып жұмысқа шығып кеттім. Сол сапарларда түрлі еркектермен төсектес те болдым. Санасам, ұзын саны 70 еркекпен жатыппын. Бір реттік төсектес болғасын, кімнің кім екенін сұрап та жатпайсың ғой, тіпті есіңде де қалмайды. Сондай көңілдестерімнің бірімен жақсы сөйлесіп, араласып, кейін де тұрақты кездесіп тұратын болдық. Оның да отбасы бар. Әйелімен ара қатынасы қандай екенінен хабарым жоқ. Маған ол керек те емес. Мен де, ол да қасымыздағы жан жарымыздан көрмеген жылуды сырттан іздеп жүрген жандармыз. Өзі менен бес жастай үлкендігі бар. Осылай кездесіп жүргенімізге 4 жылдай болды. Кездесу кезінде, әңгіме арасында бала-шағасы бар екенін айтып қалатын. Одан әрі қазбалаған емеспін. Ол да менің бала-шағам, байым бар екенінен хабардар. Екеуара уақытты көңілді өткізіп, бір біріміздің қажеттіліктерімізді өтеп, рахатқа батып қана жүргенбіз. Бірақ, аяқ астынан өміріміз өзгеріп кеткелі жатыр. Бәрін басынан бастап айтайын.

Күйеуімнен жеріп, жолсерік боп жұмысқа енді тұрған кезім. Қасымда серігім Айнагүл де көзі дөңгеленіп, былқ -сылқ еткен әдемі келіншек. Негізі мені осындайға ауыздандырған сол десем де болады. Бір күйеудің қорлығынан әбден шерменде боп қатып қалған көңілімді ыстық шәймен булап отырып, ішімдегі бар сырымды ақтартып алды да:

Ха! Сен де страдать ететін адамды тапқан екенсің?!- деп алақанын санына шарт еткізді.

Қазір мен бір-екі жігітті шақырамын, күшті көңіл көтереміз.

Сөйтті де кезекті бір станцияға келгенде біреулерге хабарласты. Көп ұзамай, жымың-жымың еткен екі жігіт ағасы біздің купеге кіріп келе жатты. Солармен күліп-ойнап әңгіме айтып, біразға дейін отырып қалыппыз. Әйтеуір, бір кезде екеуміз екі жігіттің қойнында жатқанымыз есімде. Содан кейін де Айнагүлмен талай еркектің басын айналдырдық. Адамның оған да еті үйренеді екен. Тіпті кей кезде арым мазалап бара жатса, күйеуімнің менің сыртымнан жүріс жасап, көңілдестерімен жүргенін елестетіп, өзімнің ісім соған жауап қайтару секілді көрінетін еді. Осылай екі жыл өтті. Кезекті бір сапарымызда біздің вагонға бір кісі мінді. А нүктесінен Б нүктесіне дейін баратын пассажир екен. Билет тексеріп жүріп, аты-жөнін біліп алдым. Дене бітімі, киген киімі, үстіне сепкен әтіріне дейін ұнап барады. Шәй апарып берген боп, күлімдеп болмашы бір әзіл айтып кеттім. Ол да кетәрі емес екен, бір қарасам «қарындас, шәйім суып қалды» деп өзі менің купеме келіп тұр. Ішке кіріңіз деп, қасыма отырғызып, дастархан жайдым. Ішіп-жеп, біраз әңгіме айтып, хал-жағдай білісіп, таныстық. Менен бес жасқа үлкендігі бар, дәрігер боп қызмет етеді екен. Телефон алмастық. Сол түні бірге болдық. Ертесіне ол өз станциясынан түсіп қалды. Содан бері хабарласып, кездесіп жүрдік. Араға уақыт салып, тіпті бір бірімізге бауыр басып қалғандай, әр сенбі-жексенбі тұрақты кездесетінді шығардық. Ал мен жұмысқа шықсам, ол күтіп алып, менімен бірге сапар шегетін. Үш баласы бар, отбасы бар еркек екенін айтқан. Аса мән бермедім. Ол көрікті де сымбатты болатын. Қасында жүрсең өзіңді бақытты сезінесің, əңгімелері де əсерлі, ішіңді пыстырмайтын. Бір күніміз,бір күнімізден қызықты өтетін. Осылай екеуміздің махаббат оқиғамыз жалғаса берер ме еді, егер...

Бір күні ұлым үйленетіін айтты. Қуандық. Ағайын-туыстарға хабар беріп той қамына кірісіп кеттік. Алдымен жаңа құдалармен таныс-біліс болайық деп тәтті шайға шақырдым. Сөйтсем, құда болып өзімнің көңілдесім келіп тұр. Екеуміз де бір бірімізді көріп абдырап қалдық. Бірақ сыр білдірмедік. Мен оның қызын келін ғып түсіргелі жатыр екем. Жастар өте бақытты. Олардың арасына түсер жай жоқ. Үйленбе дей алмаймын. Оның әйелімен де сол тәтті шәйдің үстінде таныстық. Мұндай оқиғаны кинолар мен сериалдарда ғана көретін едік, енді міне, өз басыма келіп отырғанына таң қалып мен отырмын. Ол да бұл жағдайға таңырқап отырған сияқты. Тәтті шай жақсы өтті. Жаңа құдалармен таныстық, білістік. Қонақтар абыр-сабыр болып жатқанда, оңашаға шығарып алып, көңілдес-құдам мені құшақтап сүйіп жүр. Құдды жастар емес, біз үйленгелі жатқандай, көзі жайнап кеткен. Сонымен құдаластық. Құдалық, тәтті шәй өткесін, көңілдесіммен тағы бір рет өзіміздің пәтерімізде кездестік. Айтпақшы, ол екеуміздің кездесуімізге деп бір бөлмелі пәтер алған. Екеуміздің махаббат ұямыз болған сол жерге барып, мауқымызды басқан соң, басымызға түскен жағдайды ақылдастық. Енді туған құда-құдағай болғалы жатырмыз. Бірақ, бір бірімізден бас тартқымыз келмейді. Менің басымдағы оқиғаны оқыған оқырман сөге жамандаса да, ендігі жайым осы болмақ. Туған құдаммен көңілдес болу жазған екен маңдайыма. Келініме де туған қызымдай қарайтыныма сенімдімін. Ең бастысы, балаларға біздің жолымызды бермей, бір біріне адал, бақытты болып өмір сүрсе екен деп тілеймін.

Маржан, қала тұрғыны

(кейіпкердің есімі өзгертілген)

"Мені анам некесіз туған"
«Мені анам некесіз туған»

Тағдырым әуел бастан дұрыс басталмаған. Өмірге келе сала сынақтан көз ашпай келемін.  Адамның бақыты-бала деген. Екі балам бар. Бірақ қазір сол балалаларымды құшағыма баса алмай, сағыныштан құса болып жүрмін. Редакцияға келген келіншек осылай деп мұң шақты.

Айгерім Жұмабаева

kerekinfoaktobe@gmail.com

Екі баланың анасымын. Жасым отызда. Осы жасымда өмірден көргенім көп болды. Менің өмірім әуел бастан дұрыс басталмаған. Олай дейтін себебім, бар. Мен некесіз туған қызбын. Әкемді, өзімнің тегімді білмеймін. Мені өмірге әкелген анам менен бас тартып, балалар үйіне тапсырып жіберген. Нағашы әжем мені балалар үйінен алу үшін, үлкен атамның тегіне жазып, мені сол жерден алып шығады. Осылай мені тағдырым өтіріктен басталады. Әлі сол күйі тағдырдың тауқыметін тартып келемін. Сынақтан сынақ көріп келемін. Осы жасымда неліктен көп сыналдым екен деген ой келеді. Мен өзімнің тегімді білмеймін. Руымды, арғы атамды білмеймін. Әкемді іздеп  түрлі бағдарламаларға бардым. Олар суретін сұрады. Менде суреті де жоқ. Ал, анамнан әкем туралы сұрасам болды, қабағын түйіп, ол туралы ештеңе айтпай қалады. Осылайша өмірім өте берді. 22 жыл бойы мені нағашы әжем тәрбиелеп, өсірген. Әжем мені түйенің сүтімен, жұмыртқамен  өсірген. Қолындағы барын менің аузыма тосып бағып-қақты. Анамның бермеген жылулығын, махаббатын әжем берді.  Мен тек әжеммен бірге  тұрдым. Ал, анам болса өз тағдырымен кетті. Басқа адамға тұрмысқа шықты,-дейді Ғалия.

Ғалияның нағашы әжесі қайтыс болған күннен кейін оның да өміріндегі ең ауыр кезеңдер басталған. Жағдайы кетіп, өмірден түңілген кездері көп болған.

2015 жылы нағашы әжем қайтыс болды. Сол күннен бастап өмірім өзгерді. Тағдыр тауқыметі мені сынауын тоқтатпады. Әжемнің садақасы кезінде отбасымызда жанжал шықты. Сол баяғы үйдің дауы. Бір үйдің адамдары үйге таласып жататынын кинодан көруші едік. Енді сондай жағдай тура менің өмірімде болып жатты. Әжемнің үлкен қызы садақа үстінде «үйді бөліске саламыз» деп айқай шығарды. Әжем өлер алдында нотариусқа барып, үйдің бір бөлігін маған, бір бөлігін үлкен қызына (нағашы апама) жаздырып кеткен екен. Соған үлкендер дау шығарып, қарсы болды. «Саған қайдағы үй, өз үлесіңді шешеңе бер» деді. Мен өз үлесімді мамама бергім келмеді. Себебі, мені баққан жоқ. Бір бауырына басым, қызым деп басымнан сыйпаған емес. Өзі басқа адамға тұрмысқа шығып кетіп қалды ғой. Қалайша мен өз үлесімді беремін? Барлығына өз ойымды айтып  қарсы шықтым.  Сол кезде қатты ұрыс болды. Мен ондай айқайды көтере алмай, талма ұстап ауырып қалдым.   Сол уақытта еркімнен тыс «үйден бас тартамын» деген құжатқа қол қойдырып алады. Сөйтіп, мен дымсыз қалдым. Ал, мамам өз үлесін алып, үйді сатып үлкен нағашы апам екеуі бөлісіп алған. Өздерінің несиелерін жауып үйдің ақшасын жұмсап жіберді. Мені балаша алдап, шешемнің қолыма ұстатқаны тек 50 мың теңге,-деп көзіне жас алды кейіпкер.

Ғалия осылайша бір күнде дымсыз қалады.  Баяғы жылы үйі, әжесінің ыстық тамағы жоқ. Жас қыз қайда барарын білмейді. Солай анасы бірге тұруды ұсынады.

Әжем қайтқаннан кейін, үйсіз-күйсіз қалдым. Қайда барарымды білмей сандалдым. Сол уақытта анам «біздің қолымызда тұр» деп шақырды. Өгей әкем, анаммен бірге тұрдық. Ол үйде де жағдайым мәз болмады. Қит етсе, қабақтарын түйіп, маған ұрысуға дайын тұрды. Өгей әкем ішімдіктен бас алмайтын. Екі күннің бірінде ішімдік ішіп, аузына келгенін айтып отыратын. Күнде көретініміз сол. Өгей әкеммен келісе алмадым. Ішіп алып, маған басқа көзбен қарайтын болды. Аузынан боқтық сөздері кетпеді.  Содан мен ол үйде тұрғым келмеді. Тек үйден кетудің амалын іздедім. Ол кезде жұмыс жасамаймын. Жас едім. Сөйтіп жүріп, бір күні досыма бар жағдйды айттым. Тұрмысқа шығып, мына үйден кеткім келеді деп. Ол өзінің Орал қаласындағы танысымен таныстырды.  Телефон арқылы танысып, сөйлесіп жүріп, 2016 жылы Орал қаласына тұрмысқа шықтым. Жолдасым жақсы болды. Өзінің жұмысы бар, үйі бар отбасын асырайтын шамасы болды. Ол да мені жақсы көрді, арамызда махаббат болды. Отбасымыздың бақытты күндері басталды. Өзім іштей қуанып жүрдім. Барлық көрген қиындықтарым артта қалып, тек алдымда жарық өмір тұрғандай күйде жүрдім. Бойыма бала бітіп, қуанышымыз еселене түсті. Жолдасым да, мен де балаша мәз болып жүрдік. Жүктілік жақсы өтті. Аман-сау ай-күнім жетіп, дүниеге қыз  әкелдім. Осылайша отбасымыз толығып, бақытты күндеріміз өте берді. Дегенмен, қуанышымыз көпке бармады,-деп күрсінді бұрынғы жолдасын есіне алып.

Бақытты отбасылық өмірі, дүниеге бала әкелгеннен кейін өзгереді.

Мен босанғаннан кейін жолдасым екеуміздің арамызда ұрыс жиі болатын болды. Оған менің баламен үй шаруасына үлгермей қалуым себе болатын. Түнде бала жылап, кейде таңертең ерте тұра алмай қалатын едім. Бірінші бала болған соң, білмейтінім көп еді. Осындай жағдайларды пайдаланып, қайын апам да тиісетін болды. Жолдасымды маған айдап салатын болды. Жолдасым ішіп келіп, маған қол көтеруді шығарды. Тіпті ұруды әдетке айналдырып алды. Ұрып-соғуы басылмады. Бір күні күйеуім ішіп келіп, бөренемен басымнан қатты ұрды. Мен соққы алып, басымнан жарақат алдым. Сол соққыдан кейін, ауру пайда болды. Басымнан алған  жарақатымнан кейін   дәрігерлер эпилепсия диагнозын қойды.  Ол аздай, 2019 жылы жол-көлік оқиғасына ұшырап, тағы басымнан жарақат алдым. Ауруым асқынып кетті. Содан кейін талып қалуым жиілеп кетті. Мен жолдасымның соққысына шыдай алмай, ажырасуға шешім қабылдадым.  Солай ажырасып, қызыммен Ақтөбеге қайтып келдім. Анаммен бірге тұрдым. Бұл жақта да сыйым болмады. Ажырасып баламен келген қызды ешкім жақтырмады. Өгей әкем сол баяғы әдеті. Жұмыс істеуді ойламады. Тапқанын тек арақ ішумен құртатын еді. Мені үйге сыйғызбады. Отырсам опақ, тұрсам сопақ қылды. Өздерінің екі баласы бар еді. Мені адам есебіне алмайтын еді.  Өгей әкемнің де көрсеткен қорлығы жаныма батып, Қызылорда қаласындағы түп нағашыларыма хабарласып, қызымды алып сол жаққа кетіп қалдым,-деді Ғалия.

Басына пана сұрап, жасайтын жұмыс іздеп нағашыларына барған Ғалияны басқа өмір күтіп тұр еді.

Нағашыларыма бар жағдайымды түсіндіріп Қызылордаға келдім. Олар маған жұмыс емес, күйеу тауып берді.  Егде жастағы, жұмысы бар, қой аузынан шөп алмайтын кісі, осыған тұрмысқа шық деді нағашыларым. Қызымды жетектеп сол кісіге тұрмысқа шықтым.  Үй шаруасымен айналысып, тамақ-шайын жасап үйде отыратын едім.  Бірақ менің ауруым асқынып кетті. Ол жақтың ауасы ыстық болғасын талмам жиі ұстайтын. Барған жерім менің ауыратынымды жақтырмады. Ауру қатын кімге керек болады дейсің? Қолымызда қайын сіңілім тұрды. Ол да мені жақтырмады. Ол сылтау іздеп, жолдасым екеуміздің арамызды суытты. Қайын сіңілім ауруымды сылтау қылып ұрыс шығаратын болды. Бірде үйде мені ұрлықшы қылып, шу шығарды. Мен қатты ашуланып, көтеріліп кеттім. Бір жағынан, талмам ұстап бәрі қосылып кетті. Қайын сіңілім жедел жәрдем шақыртып, мені есі дұрыс емес деп хабар берген. Со күйі мені ауруханаға алып кетті.  Психдиспансерге есепке қойған екен. Оны өзім артынан білдім. Түрлі дәрілер ішіп, бойыма біткен баламды түсіріп алдым. Бұл жағдай күйеуіме ұнамады. Бәріне мені кінәлі қылды. Ауырғанымды бетіме басып, менен бас тартты. Тіпті, Ақтөбеге өзі билет алып, қызым екеумізді пойызға мінгізіп жіберді. Солай мені Ақтөбеге қайтарып жіберді. Қайтып келгеннен кейін де жағдайым дұрысталмады-,дейді келіншек.

Сол баяғы үйіндегі жанжалдан кеткісі келіп, әлеуметтік желіден жұмыстар іздей бастайды.

Ақтөбеге қайтып келген соң, жағдайым еш өзгермеді. Үйдегі қазан-ошақтың дауы бітпеді. Мен осы жолы өзім әлеуметтік желіден жұмыс іздеп басқа қалаға кеткім келді.  Солай Ресейдің Тверь қаласынан жұмыс тауып алдым. Айлығы 450-500 мың теңге екен.  Қызымды анама тапсырып, жолға шығып кеттім. Ол жақта колбаса шығаратын цехта жұмыс істедім. Уақытылы ақшамды алып отырдым. Мамаға салып жіберіп жүрдім. 10 ай бойы жұмыс істедім. Бірде жұмыс уақытында колбаса тиелген контейнер үстіме құлады. Қатты соққыдан ішім жыртылып жарақат алдым. Ішімнен қан кетіп жедел жәрдеммен аурухана алып кетіп, ота жасады. 2 апта ауруханада жаттым. Ауруханадан шығып, жұмысыма хабарласып едім. Ол жұмыстан мені шығарып жіберіпті. Ауру адам оларға да керек болмай қалды. Сөйтіп, баратын жерім болмай вокзалға келіп, қалған ақшама билет алып, Ақтөбеге қайтуды ойладым. Вокзалда тұрғанда талмам ұстап құлап қалыппын. Сол кезде мені бір кісі көріп, құтқарып қалды. Жедел жәрдем шақырып, ауруханаға апарады. Солай маған көмек берген өзге ұлттың азаматымен танысып, сөзіміз жарасып кетті. Сол үйде бірнеше уақыт тұрдым,-дейді кейіпкер.

30 жастағы Ғалияның туғанынан көрмеген құқайы жоқ. Оны ешкім бауырына басып, айналайын демеген. Еш пендеден жылу көрмегендіктен, аласұрып, жанын қоярға жер таппайтындай.

Бірде көшеде жүргенде бізді полицейлер тексерді. Менің тіркеу уақытымның мерзімі өтіп кеткен екен. Құжатымыз дұрыс болмай шықты.  Сөйтіп мені көшеде жүрген жерімнен мигранттар отыратын мекемеге апарып қамады. Сол жерде отырдым. Сонда осы адам менің жағдайымды біліп, аптасына екі рет тамақтарын алып келіп жүрді. Сол мекеменің басшылығына шығып, өзі бәрін дайындап беремін деп, мені алып шықты.  Маған ұшаққа билет алып, Астана арқылы Ақтөбеге қайтарды.  Менен кейін, екі айдан кейін Ақтөбеге мені іздеп келді. Сөйтіп, мен үшінші рет өзге ұлттың азаматымен бас қостым. Ол Орал қаласынан жұмыс тапқан. Сол жаққа қызымды алып бірге кеттім. Жақсы тұрдық. Аяғым ауыр болды. Бір жағынан мамам хабарласып мазамды алатын еді. Қашан келесің, мында өгей әкең маза бермей жүр деп, қайта-қайта мазамды алды. Мен қызымды алып қайтып келдім. Жолдасым Оралда қалды,-деді Ғалия.

Ғалия өгей әкесінің анасына қол көтергенін көріп, шыдай алмай полицейлерге ұстатып жіберген.

Ішімдіктен басқаны көрмейтін өгей әкем анама қол көтерді. Мен анамды ұрып жатқанына шыдай алмай, полиция шақырттым. Полицейлер келіп өгей әкемді алып кетті. Сол үшін мамам маған қатты ренжіп, ұрысты. Мен анамды қорғағым келді. Ал анам мені түсінбеді. Күнде бір сылтау тауып маған ұрысуды қоймады. Тек ақша тапсам ғана жақсымын. Қалған уақытта керегім жоқ ешкімге.  Аяғым ауыр болса да жұмыс жасап жүрдім. Ақша табудың  айласы. Қан кетіп уақытымнан ерте босанып қалдым. Ауруханада 1 айдай уақыт жатып шықтық. Перзентханадан жолдасым шығарып алуға келді. Бәрі жақсы болды. Үйге сіңілім келіп, менің жолдасыма қарсы болды. Біздің үйде тұрмайды, кетсін деді. Мен екі баламды алып жолдасыммен бірге жалдамалы пәтерге шығып кеттік. Бірде аяғым тайып, қолымды сындырып алдым. Оны көрген мамам жолдасым мені ұрып қолымды сындырған деп 102 ға хабарлаған екен. Олар менен, жолдасымнан жауап алды. Солай күніміз ұрыс-керіспен өтіп жатты. Мен бәрінен шаршап кетіп, өзімнің емханамдағы  дәрігеріме смс жаздым. «Бәрінен шаршадым, өзіме қол жұмсаймын, өлгім келеді» деп смс жазып жібердім. Жылап-жылап ұйықтап қалдым. Сол уақытта үйге 103,102, ИДН адамдары келді. Мен ауруханаға алып кетті. Мен ол жақта жатқанда балаларымды балалар үйіне алып кеткен. Қазір сол балаларымды қайтарып алғым келеді. Тиісті мекемелерге барып жүрмін, бірақ өзімнің шамам келмей жүр. Сол баяғы Қызылордада есепте тұрғаным шыға береді. Менің есім дұрыс. Бірақ, олар олай ойламайды,-деп көзіне жас алды кейіпкер.

"Тоқал екенімді анам бетіме баса береді"
«Сырласу» айдарына келетін хаттар көп. Кей тағдыр иелерімен тіпті өмірде кездесіп, дәмдес те болдық. Әр адамның сырты күліп жүргенімен, ішінде түрлі тағдыры бар. Сөйлете білсең, төгілер түрлі сыры бар. «Сырласудың» әр кейіпкерімен сөйлескен сайын, «әр адам- бір кітап» деген ойға келемін. Бүгінгі кейіпкеріміздің есімі – Алтынгүл (есімі өзгертілген-ред). Жасы 25те. Бір бөпесі бар әп-әдемі келіншек. Сырттай тіпті еш мұңы жоқтай көрінеді. Бірақ...

Индира КЕРЕЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Алтынгүл екеуміз кездейсоқ таныс болдық. Мен ұлымды, ол қызын ойнатып жүргенбіз. Екі бала бірдеңеге таласып, аяқ астынан қырғи-қабақ болып, төбелесіп қалды. Ұлымды алып келіп, «қызды ұруға болмайтынын» түсіндіріп отырсам, ол да қызына «жігітпен жағаласып, арпалыса кетпеу керегін» айтып отыр екен. Екеуміз де бір бірімізге қарап күліп жібердік. Әдетте, мұндай жағдайда екі маманың бір-бірімен келісе қоюы екіталай. Баладан бетер бет жыртысып, бір бірімен төбелесуге дейін баратындарды көріп жүрміз ғой. Мына келіншектің сыпайылығы мен қызына айтқан тәрбиесі қатты ұнап қалды.

Индира,- дедім өзім қолымды созып, танысуға ниет білдіріп.

Алтынгүл,- деді ол да жымиып.

Екеуміз сол жерде аналарының түріне қарап, өздері де еріксіз тынышталып қалған екі сәбиді бірге ойнатып жіберіп, ойын алаңының ортасындағы орындыққа жайғастық. Бұрын таныс емес екі адамның әп дегенде сөйлесе кетуі де қиын ғой. Анау-мынауды әңгіме етіп отырғанда, оған біреу звондады. «Ол бәйбішесінің үйінде, бүгін үлкен үйде қонам деді» деген сөзіне қарап, еріксіз елең еттім. Иә, иә, кәсіби әдет. (Тілші қауымы сондай енді)

Жолдасың бұрын ажырасқан ба еді?,- дедім ол сөйлесіп болған соң.

Жоқ, күйеуімнің екі отбасы бар. Мен тоқалмын,- деді ол жайбарақат.

Кенет түрім өзгеріп кеткен болса керек, маған қарап күліп жіберді де:

Оған неге таң қаласың? Қазір екінің бірі ойнас, көңілдес ұстайды. Біздің отағасы керісінше екі отбасы ұстап, зинадан сақтанып жүр,- деді.

Иә, солайы солай шығар. Бірақ мен күйеуімді басқа біреумен бөлісе алмайтын сияқтымын,- дедім салмақты дауыспен.

Ал, сенің күйеуіңнің жасырын басқа біреуі жоқ дегенге толық сенімдісің бе? Жасырып, елден қашып тығылып жүргенше, осылай некесін қиып, ашық екі отбасын ұстағаны жақсы емес пе?

Мүмкін.... Енді әркім өз таңдауын жасайды ғой. Сен қалай бұған келісіп жүрсің? Жап-жассың, өзіңе лайық ешкім табылмауы мүмкін емес қой?

Менің қазіргі күйеуім маған лайық емес дегің келе ме?

Лайық деп санасаң, әрине, лайық саған. Дегенмен, отбасы деген тек екі адамның одағы емес пе еді? Үштікке қалай жол беріп жүрсің?,- деп мен де тықақтап қоймаймын.

Алтынгүл бір сәтке қабағын түйіп, ойланып қалды. Оның жүзінен менің сұрағымды жақтырмай тұрғанын, немесе менің өзімді жақтырмай тұрғанын анық аңғара алмадым.

Негізі, айтуың дұрыс. Осы сөзді басқа түгіл, өзімнің туған шешем де күнде қояды. Тоқал екенімді тіпті бетіме басатынын қайтерсің? Атымды атамай, мені көрсе «тоқал келе жатыр» дейді. Анамнан осындай сөз естігесін, басқалардың сөздеріне ренжуді қойдым,- деді бір кезде.

Осы арада әңгіменің ұзаққа кететінін сезгендей болдым. Ойын алаңындағы кафеге қарай беттедік.

Мен үш қыздың бірімін. Үйде ортаншы баламын. Апам мен сіңлім де өз құтты орындарына қонып, өз өмірлерін сәтті құрды. Мен біраз жүріп қалдым,-деп бастады ол әңгімесін.

Ұзағырақ дегенде қалай енді? Оқуымды бітіріп, бір жылдай жұмыс жасадым. Сол аралықта тума-туыстың бәрі мені енді байға шықпай қалатындай, осы отырғаным мәңгіліктей, бетіме айта бастады. Ерінбегеннің бәрі маған «күйеуге қашан тиесің?» дей беретін. Оның үстіне артымнан ерген сіңлім 19 жасында тұрмыс құрып кеткен соң, сонымен салыстырып, мен енді кәрі қыз статусына еріксіз көшіп кеткендей болдым. Солай жүргенде жұмыста ауыс-түйіс болып, басшының орынбасары ауысты. Жасы 40-тарға келген ер кісі келді. Өте білімді, өте сыпайы және өте қарапайым адам екен. Мен жасайтын салаға тікелей жауап беретін сол орынбасар болған соң, жұмыста жиі кездесіп қала беретінбіз. Солай жүргенде бір күні жұмыстан тым кештеу шығып, мені үйге дейін өз көлігімен шығарып салды. Отбасы бар екенін білетінмін. Қолынан да неке жүзігін тастамай тағатын. Соған қарап, «не деген адал азамат?» деп іштей өзіме де осындай жар жолықса екен деп тілейтін болдым. Сол үйге шығарып салғаннан кейін маған ватсапта жұмыстан тыс уақытта да жазатынды шығарды. Мен де жауап қайтарып, сөзді көбейтіп қайтейін, ақырында екеуміз бір-бірімізге тек әріптес ретінде қарамайтын болдық. Бірақ, арзан қылық көрсетіп, қол жүгіртіп немесе басқа да арам ой білдірген емес. Қашанда қамқор, мейірімді, сыпайы қалпынан танбайтын. Солай 4-5 ай өтті ғой деймін. Бір күні түскі үзілісте мені тамақтануға шақырды. Шықтық. Сол ас үстінде маған «Менің отбасым бар екенін білесің. Сүйіп қосылған жарыма опасыздық жасағым келмейді, оны тастап кеткім келмейді. Бірақ, сені де ойламасам тұра алмайтын жағдайға жеттім. Келіншегіммен сөйлестім, әлі жауабын бермеді. Бірақ қарсы да болмады. Егер келіссең, сенімен некемізді қидырып, менің екінші отбасым бол. Екеуіңнің де жағдайыңды жасауға шамам жетеді. Тек шын ризалығыңмен келсең болғаны» деп күтпеген ұсыныс жасады. Ойлануға уақыт сұрадым. Содан үйге келіп анаммен ақылдасып едім, анам мүлдем қарсы болды. Тіпті миына да кіріп шықпады. Тіпті менің бұл ұсыныс туралы ойлануға уақыт сұрағанымды да қатты тергеп, ренжіді. Бірақ, мен өз жүрегімді тыңдап, ақыры сол кісіге ерге шықтым. Қазір бір қызым бар. Ол өз уәдесінде тұрып, екі отбасының да жағдайын жасап отыр. Бәйбішесінің қандай жағдайда екенін білмеймін, ол кісімен араласқан емеспін. Өзіме келетін болсам, өміріме ризамын. Әйел ретінде де бақыттымын. Өйткені, күйеуім тарапынан бір жамандық көрген емеспін, тіпті жалғызсырап та көрмеппін. Қазір бала күтімімен үйде отырмын. Тек анам әлі күнге менімен араласпайды. Мереке, туған күн дегендерде құттықтап барсам, елдің көзінше «о, біздің тоқал келді» деп келемеждеп отырады. Өз анамнан ондай сөз есту маған ауыр, сол себепті көп барғым да келмейді,- деп ақтарылды. Алтынгүлдің басындағы жағдай қазір ешкімге таңсық болмаса да, біреудің өмірі біреуге қызық. Іштен бақыт тіледім. Әркім өз өмірінің шебері, өз тағдырының ұстасы.

Редакциядан: Егер Сіз де «Сырласу» айдарына өз өміріңіздің бір үзік сырымен бөліскіңіз келсе, +7 771 687 83 55 Ватсап нөміріне хат жазсаңыз болады. Анонимдікке кепілдік береміз.

"Анамды кешірдім, бірақ араласқым келмейді"
Жаңа жылдың алдында кішкентай ұлым ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтық. Бір палатада баламыздың тілеуін тілеп, жанымызды шүберекке түйіп жеті әйел жатырмыз. Ешкімнің де артық әңгімеге зауқы жоқ. Арамызда тек бір келіншек қана... «Жүріңіздер, шәй ішейік», «Бірдеңе айтайын ба, тыңдаңыздар» деп бәріміздің көңілімізді аулап отырды. Аты Мира екен.

Индира КЕРЕЕВА

@gazet_kerekinfo

Түскі демалыс кезінде бөпемді ұйықтатып, өзім де қасына қисайып, қалғып бара жатыр екенмін, біреудің иығымнан түрткенінен басымды көтеріп алдым. Мира екен. «Апа, шәй ішкіңіз келмей ме?» дейді. Шәй ішуге аса құлқым болмаса да, елпілдеген көңілін қимай, орнымнан тұрдым. «Тихий часта» дәлізге шығуға болмайды, палатада ұйықтап жатқан науқас сәбилердің мазасын алмайық деп, мүлгіген тыныштықта отырып екеуміз шәй ішкендей болдық. Әсіресе, мен. (Балам ауырса ас батпай қалатыны бар). Мира шкабынан неше түрлі тәтті-дәмдіні шығарып, терлеп-тепшіп шәй ішіп, тамаққа да тойып алды. Арасында сөйлеп отыр.

- Детдомда бір пешеней болса да, сонымен шәй іше беретін едік,- деді бір сөзінде.

Кәсіби әдет қой. Елең еттім.

- Детдомда жұмыс жасайсың ба?

- А? Ааа, жоқ. Мен детдомисткамын ғой.

- Ммм.

Көкейіме келіп қалған «ол жаққа қалай тап болдың?» деген сұрақты қоюға қысылғандай болдым. Өзі айтпаса, біреудің тағдырын қазбаламай-ақ қояйын деп ойладым.

- Бірінші балаңыз ба?,- деді Мира ұлымды меңзеп.

- Жоқ, төртіншім ғой, кенжем.

- Мә, мен сізді жас екен деп отырмын, молодо выглядите,- деп күлді.

- Рахмет. Жас емеспін, биыл 39-ға толам.

- Ого! Ал менің жасым 22-де. Мынау бірінші балам,- деді де телефонын ашып біреуге:

- Балаңның жағдайын біліп кетуге келе алмайсың ба тым болмаса? Мені көр демеймін. Ұлыңа келсейші. Мында барлық балаға папасы келіп жатыр,- деді.

- Папасы жұмыста ма еді?,- дедім сөз бастап.

- Жоқ, баламның папасымен ажырасып жүрміз. Бірақ, ұлым үшін қайтадан қосылғым келеді. Ауылда тұрады. Бір келіп кетуіне болады ғой. Соған ренжіп отырмын,- деді сәл жымиғандай болып.

- Дұрыс. Балаға әке де керек, шеше де керек.

- Шешенің де шешесі болады. Менің шешемдей шеше болса, керек емес,- деді ол.

Сөйтті де өз өмірін басынан аяқ баяндай жөнелді.

- Мен есімді білгелі балалар үйінде өстім. Сол жерден шықтым. Тәрбиешілер бізді бала кезімізде жаман ұратын еді. Сәл есейгесін ұрмайтын болды. Айтайын дегенім бұл емес. Шеше туралы... Детдомнан шыққасын шешені («мамамды, шешемді» деген жоқ, тап осылай шешені деді - ред) тауып алдым. Менен басқа тағы үш баласы бар екен. Бір анадан төртеуміз. Бірақ әкелеріміз әр түрлі. Ана үш бауырымның да әкелерімен заңды некеге тұрған. Ал менің әкем бұған үйленбеген. Соған ерегесіп, мені балалар үйіне тапсырып жіберіпті,- деп терең күрсінді.

- Ерегесіп?

- Иә. Әкем өзіне үйленбеді деп туа сала екі айдан соң өткізіп жіберген. Менің не жазығым бар? Әкеме бермеді ме екен тым болмаса?

- Өзінен сұрамадың ба?

- Сұрадым ғой. Ойымдағы барлық сұрақты қойдым. Тіпті бетінен шапалақпен ұрып та жібердім. «Басқа үш балаңды бауырыңда өсіріп, жалғыз өзімді тентіретіп неге бұлай жасадың?» деп жыладым да.

- Не деді?

- Жарытып ештеңе түсіндіре алмады. Нағашыларым жақсы адамдар екен. Олар мен туралы тіпті білмейтін де болып шықты. Нағашыларыммен қазір жақсы араласамын. Осы жатқанымда да артымнан ыстық тамақ әкеліп тұрған сол нағашым,- деді де үнсіз қалды.

Мен де үнсізбін. Осылай отырып, шәйімізді ішіп, әркім өз орнына барып жаттық. Осы аралықта күйеуім звондап, біраз сөйлестік. Мен тұтқаны қойғаным сол, Мира тағы да әңгімесін бастады.

- Менің күйеуімнің менімен де, баламен де ісі жоқ. Екеуміз заңды некеге тұрмағанбыз да. Ішіп келіп мені ұратын. Аяғым ауыр кезде талай таяқ жеп жаттым. Енем бар. Көре тұра, қалай жаны ашымайтынын білмеймін, бір келіп болыспайтын.

- Мира, сөзіңді бөлгеніме ренжіме, қайынжұртын жамандайтын келіншектерді аса жақтырмайтыным бар еді,- дедім «бытовуха» әңгіме тыңдағым келмей,

- Маған сенің қайынжұртың емес, өзіңнің қиын тағдырың қызығырақ. Балалар үйінің ар жағындағы тағдырлар қалай, ол жақта қандай өмір бар, соны айтшы.

- Балалар үйінде кішкентайымыздан таяқ жейтінбіз. А, сосын, бізге деп адамдардың әкелген тәтті-дәмділері өзімізге бұйырмайтын. Сондықтан қайырымдылық шаралары кезінде сыйлығымызды өзіміз сол жерде жеп қоюға тырысатынбыз. Бірақ, сол үшін де таяқ жейміз.

- «Балалар үйінен шыққаннан кейін бәрінің өмірі бұзылып кетеді» дейді, сол қаншалықты рас?

- Ол енді адамға байланысты шығар. Бірақ, балалар үйінен шыққасын, бәрі туыстарын іздейді. Ол шындық. Детдомист балалардың бәрі «өскесін әке-шешемді іздеп табамын» деген арманмен өмір сүреді. Біз де қыздармен бір бөлмеде жатып, «өскесін анамызды тауып алатынымызды, ол бізді көрген бойда бізден қапыда айырылып қалғанын, ол да бізді өмір бойы іздеп, таппай жүргенін айтады» деп қиялдайтынбыз. Сол қиялымызға өзіміз сенеміз. Бірақ, өкінішке қарай, біздің ойымыздағыдай болмайды. Біз өмір бойы аңсап, көруді, кездесуді армандаған шешеміз әдетте өз өмірін бейқам сүріп жатады, немесе бізді көргісі де келмейді.

- Қалай болса да, анаң ғой. Кешіруің керек шығар... Өзің де ана болдың, міне.

- Апа, мен шешені кешірдім. Бірақ араласқым да, көргім де келмейді. Мені баға алмай немесе өмірі қиындыққа ұшырап, амалсыздықтан осындай қадамға барды дейін десем, басқа үш баласын өсіріп, баққан. Үш бала сыйған жерге мен неге сыймадым сонда? Әкеме ерегесіп, менің тағдырымды қоқысқа тастай салған ғой.

- Әкеңді таптың ба?

- Иә, ол кісінің басқа семьясы бар, ол жақта да балалары бар. Ол бауырларым менімен араласқысы келмейді. Тіпті мен өмірде мүлдем жоқ сияқты сыңай танытады. Әкем де сол. Менің өз қызы екеніне күмәнмен қарады. ДНК тапсырып, әкелігін анықтадық. Сонда да мені өмірінен сызып тастады. Ендігі арманым, мына ұлдың әкесіне қайтадан қосылып, мұны жалғыз қылмай тағы бір бауырын тусам. Шешенің жолын қуғым келмейді,- деді.

Мен естігенімді қорытып үнсіз жатырмын. Ол да үнсіз. Сәлден соң:

- Апай, сіз осы кім болып жасайсыз?,- деп сұрады аса сақтықпен.

- Журналиспін.

- А, бәсе, бүкіл өмірімді жайып салдым ғой, әдетте ешкімге ашыла қоймаймын. Біздер, жетімдер, ешкімге сенбейміз,- деп күлді.

Екеуміздің әңгімемізді басқа әйелдер де тыңдап жатыр екен. Сол күні жазылып шыққандар Мираға деп үйінен келген ыстық тамақтарын қалдырып кетіп жатты... Мира да ақкөңіл, елпілдеген қалпымен бәріне алғыс айтып жатты.