Құқық - Керек.info қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің интернет нұсқасы

Қыз зорлаған ақтөбелік 15 жылға сотталды
Ер адам кәмелетке толмаған қызға күш қолданып, еркінен тыс зорлаған. Сот 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Сотта ол өз кінәсін мойындады. Ер адамның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да заттай дәлелдермен расталды. Қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін, ауырлататын мән жайлар анықталған жоқ.

Сот ер адамды ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды. Оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушы түрме қызметкерлерін ұрып, қылғындырған
Ақтөбеде бұрын бірнеше рет сотталған ер адам абақтыда  бүлік шығарып, бейнекамераны сындырған. Тіпті өзін тыныштандырмақ болған түрме қызметкерлеріне шабуылдап, оларды жаралаған.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

Оқиға биыл шілде айында  халық арасында “алтыншы түрме” аталып кеткен, Ақтөбедегі №8 түзету мекемесінде болған. Белгілісі, 29 жастағы жігіт бұрын ұрлық жасағаны, адам тонағаны үшін сотталған. Соңғы рет 5 жылға бас бостандығынан айырылған.  Бірнеше рет түрменің  ішкі тәртібі мен режимін бұзғанол тәртіптік изоляторға қамалған. Сот құжаттарына қарағанда,сотталушы Денис Сульдин алдымен камерадағы  бейнебақылау жүйесін аяғымен ұрып, сындырған. Оның қылмыстық әрекеті салдарынан Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №8 мекемесіне 45 мың теңге материалдық залал келген. Бұдан әрі сотталушы өзін тыныштандырмақ болған сержантты көзінен ұрып, тағы бір аға лейтенанттың маңдайына бірнеше рет соққы жасаған. Сот отырысы кезінде ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне шын жүректен өкінді.

-Мені мекемедегі тәртіптік изоляторда жеке камерада ұстады. Алайда маған “жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі” деген диагноз қойылған. Мен камерада жалғыз өзім отыра алмаймын. Камераның санитариялық жағдайы да талапқа сай емес. Мені моншаға жуынуға да жібермеді. Соған ашуланып, бейнебақылау камерасын аяқпен теуіп сындырдым. 5-7 минуттан кейін мекеме қызметкерлері келді. Мен қолыммен камераның кіреберіс есігін ұстап тұрып, қызметкерлерді ішке кіргізген жоқпын. Кейін есікті босатып, оларды ұрып, қарсылық көрсеттім. Жасаған ісіме өкінемін. Жәбірленушілерден кешірім сұраймын, -деді сотталушы.

Сот отырысы кезінде жарақат алған бақылаушылар нарядының бастығы мен жасақ бастығы да түсініктеме берді. Сол күні тәуліктік кезекшілікте болған түрме қызметкерлері бейнебақылау камерасын сындырып жатқанын естіп, оқиға орнына келген. Алғашқысы сотталушының өзін оң жақ көзінен ұрып, қанатқанын айтты. Кейін оны тыныштандырмақ болған әріптесі де маңдайынан соққы алған. Тіпті басы мен денесінен кезек-кезек ұрып, екі қолымен қылғындыруға әрекеттенген. Өмірлеріне қауіп төнген  олар сотталушыға күш қолданып, кісен салуға мәжбүр болыпты. Осыдан соң оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі келген. Түрме қызметкерлері сотталушыны кешірмейтіндерін айтты.

Сараптама қорытындысына сәйкес, сотталушы “жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі” деген психикалық аурумен ауырады. Алайда ол айналасындағыларға және өзіне қауіп төндірмейді. Сотқа қатысуға қабілетті әрі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қажеттілігі жоқ.

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен сотталушы  Қылмыстық Кодекстің 428-бабының 1-бөлігі(Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін қасақана жою немесе бүлдіру)  және 429-бабының 2-бөлігі  (Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу)бойынша кінәлі деп танылды. Ол бұрынғы жазаларын қоса есептегенде түпкілікті 5 жылға  бас бостандығынан айырылды.

- Сотталушының әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы бар деп танылсын. Оған жазаны өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесі белгіленсін.Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 8 мекемесінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылсын.Сотталушыдан 45  мың теңге өндірілсін,-деді судья Н. Махмутов. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы үкіммен келіспеген жағдайда апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының экс-басшысы сотталды
Ырғыз ауданында табиғи резерваттың бұрынғы директоры  балық аулау ережесін бұзған тұрғындардан пара алған. Бұдан бөлек оған тергеу органдары “заңсыз оқ-дәрілерді  сақтады” деген айып тақты.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

Іс Ырғыз аудандық сотында қаралды. Сот құжаттарына қарағанда, барлығы 5 адамның үстінен “пара алу”,  “пара беру” және “парақорлыққа делдал болу” және  “заңсыз оқ-дәрілерді сақтау” баптары бойынша  қылмыстық іс қозғалған. Сотталғандардың арасында  табиғи резерваттың бұрынғы басшысынан  бөлек  Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Ырғыз ауданы бойынша бас маманы, Ырғыз, Арал ауданының тұрғындары бар. Бірінші эпизод бойынша,ауыл тұрғыны  Құтикөлде тыйым салынған тормен балық аулаған.  Бұл үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  86 500 теңге айыппұл төлеуі тиіс еді. Алайда инспектор мұны шешудің жолын ұсынады. Яғни, оған әкімшілік хаттама толтырмау үшін 25 мың теңге талап еткен. Ауыл тұрғыны бұған келісіп, өзінде бар 21 мың 660 теңгені есепшотқа аударған. Істе тағы бір эпизод бар. Бұл жолы ол танысымен бірге Байтаққөлден үш күн бойы  заңсыз балық ауламақ болған Арал ауданының тұрғынынан пара алған. Инспектор браконьерден  заң бұзған әр күні  үшін 65 мың  теңгеден , яғни жалпы 195 мың теңге талап еткен. Соңғысы  қолында ақшасы болмағандықтан,өзі үйіне тоқтаған шаруа қожалығының иесінен 100 мың теңге қарызға сұрайды. Инспектор  параны  делдал арқылы алады. Алайда олардың бұл әрекеті заңға қайшы екенін түсінген шаруа қожалығының иесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментіне арызданған. Кейін балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы резерваттың бұрынғы бас директорымен сөз байласып, тағы бір балықшыдан  әкімшілік хаттама толтырмау үшін  50 мың теңге пара алған. Инспектор «Үлкен Айкөл» көліне тексеру жүргізу кезінде оның тыйым салынған аумен балық аулағанын анықтаған. Оған әкімшілік хаттама толтырмау үшін ақша талап етіп, келісімін алған. Сотталушылар қаражатты тең бөліскен. Бұдан бөлек табиғи резерваттың бұрынғы директорына   “оқ-дәрiлердi заңсыз сақтау” бабы бойынша айып тағылды. Сот материалдарына қарағанда, ол Ақтөбеде көшеден Макаров тапаншасына арналған оқ -дәрілерді тауып алып, Ырғыздағы үйінде заңсыз сақтаған.Полицейлер 23 дана патронды  оның үйіне тінту жүргізген кезде табады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде  сотталушылар өз кінәларын мойындап, процестік келісімге келген.  Ырғыз аудандық соты оларды кінәлі деп таныды. Сотталушылар сот шешімімен айыппұл арқалап, бостандықта қалды. Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Ырғыз ауданы бойынша бас маманына 5 млн 133 мың теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Ал Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының  экс-басшысы мемлекетке  8 млн.  650 мың теңге айыппұл төледі. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында,мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Парақорлыққа делдал болған адам да жазасыз қалмады. Сотталушыға 1 млн теңге айыппұл салынды. Ал пара берген үшеуге ақша көлеміне байланысты  325 мың теңгеден 1,5 млн теңгеге дейінгі айыппұл жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ақтөбеде негізсіз жұмсалған 1,3 млрд. теңге бюджетке қайтарылды
Сурет ЖИ арқылы жасалды

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Шенеуніктер қаланы абаттандыруға бөлінген  жүздеген миллион қаражатты тиімсіз жұмсаған. Тексеру барысында бюджетке 1,3 млрд теңге қайтарылып, жауапты адамдар жазаға тартылды. Бұл жөнінде облыстық прокуратурадан хабарлады.

Ақтөбе қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын тексерді. Құзырлы органның мәліметінше, қаланың инфрақұрылымдық жобаларын дамытуы тиіс мердігерлер өз міндеттерін орындамаған. Ал шенеуніктер мемлекеттік тапсырысты орындамаған жосықсыз компаниялардан аванс ретінде берілген қаражатты өндіріп алмаған. Сондай-ақ қаланы абаттандыруға арнайы техника сатып алу кезінде  де қателікке жол берілген. Жауапты шенеуніктер  лизингтік компанияға  556 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын артық төлеген. Жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде мемлекет пайдасына  1,3 млрд теңгеден астам өндірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Жыл басынан бері облыс прокуратурасы бюджетке 10,1 млрд теңгені қайтарған.

Педофилия үшін сотталған ер адам тағы жаза арқалады
Сурет ЖИ арқылы жасалды.

Ақтөбеде  16 жасқа толмаған қызға зорлық  жасаған  Қырғызстан азаматы  тағы сотталды. Бұл жолы  47 жастағы ер адам өзі жазасын өтеп  жатқан түрмеде бүлік шығарып, бейнекамераны сындырған.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Оқиға тамыз айында болған. Сот құжаттарына қарағанда, сотталушы ҚР Ішкі Істер Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты №8 мекемесінде( бұдан әрі-№8 мекеме-ред.) жазасын өтейді. Өйткені ол былтыр  Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің  122-бабының 1-бөлігімен ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау") және  121-бабының 3-бөлігімен (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) 16 жылға сотталған.  Алайда ол түрменің ішкі тәртібін біле тұра асханадағы бейнебақылау жүйесін темірмен 9 рет ұрып, қасақана сындырған.Оның іс-әрекеті салдарынан №8 мекемеге 45 мың  теңгеге материалдық шығын келген. Тергеу органдары оған Қылмыстық Кодекстің 428-бабының  1-бөлігімен айып тақты. Сотта ер адам өзінің кінәсін толық мойындады. Айтуынша, ол бейнебақылау камерасын мекеменің ауласындағы қоқыстан тауып алған темірмен бірнеше рет ұрған.  Ол талап-арызды мойындайтынын, бірақ қазір оны төлеуге мүмкіндігі  жоқтығын жеткізді. Енді қайталамайтынын айтып, ант-су ішкен ол жаза мерзімін көбейтпеуді сұрады.Ақтөбе қаласының №2 соты оны түрмедегі бейнебақылау камерасын қасақана бүлдіргені үшін кінәлі деп танып, тағы  1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Яғни, ол бұрынғы өтелмеген жазасын қоса есептегенде түпкілікті 14,6 жылын абақтыда өткізеді. Ер адамға жаза өтеу орны ретінде  қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі тағайындалды. Бұдан бөлек ол №8 мекемеге келген шығынды толық қайтаруы тиіс. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тойда уланған әйел кәсіпкерден 220 мың теңге өндіріп алды
Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында мейрамханада тамақтан уланып қалған әйел  моральдық  зиян мен емге кеткен шығынды өндіріп алды. Бұл жөнінде Мұғалжар аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Естеріңізге сала кетелік, оқиға биыл жазда болған. Қандыағаш қаласындағы “Тұмар” мейрамханасында той мен садақаға барған  188  адам тамақтан уланып қалған еді. Барлығы 177 науқас ауруханаға жатқызылып, олардан ішек инфекциясының белгілері табылды. Жәбірленушілердің бірі сотқа жүгініп, мейрамхана иесінен моральдық зиян мен емделу шығынын өндіруді сұраған.

-Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш қаласында орналасқан мейрамхана қонақтарының жаппай улануы бойынша материалдық шығынды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.    Талап қоюшы мейрамханада мерекелік іс-шараға қатысқаннан кейін денсаулық жағдайы нашарлап, ауруханаға түскенін айтты. Ол емделу барысында жұмсалған шығынды  және моралдық зиянды өтеуді сұрады,-деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Соттан белгілі болғандай, мейрамхана иесі  талап-арызды  ішінара мойындаған. Ол дәрі-дәрмек пен емделу шығындарын өтеуге келіскенімен, моральдық зиян үшін өтемақы төлеу талабын мойындамаған. Алайда сот басқа шешім шығарды. Оған сәйкес,  жауапкерден әйелдің пайдасына  22 725 теңге материалдық шығын мен   200 000 теңге моральдық зиян  өндірілді.

Айта кетелік, жергілікті полиция жаппай улану дерегінен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы («Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған еді. Алайда кейін полиция  департаменті мейрамхана басшылығы мен жеке кәсіпкер кінәсін мойындап, қылмыстық істің рақымшылыққа байланысты тоқтатылғанын хабарлады.

Ақтөбеде өгей әкесі 17 жастағы қызды ұрып, мұрнын сындырған
Ақтөбеде  ер адам 17 жастағы бойжеткенді  аяусыз ұрып, мұрнын сындырған. Бұған бойжеткеннің өгей әкесінің өз бөлмесіне шақырған ұсынысынан бас тартуы себеп болған. Ең сорақысы, анасы қызына қорлық көрсеткен  күйеуін  кешіруді  сұрап отыр екен.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбедегі сұмдық жағдай туралы әлеуметтік желіде  «HUMAN RIGHTS LAWYERS» қоғамдық қорының басшысы Ләззат Рақышева жазды.  Қоғам белсендісінің сөзінше, қоғамдық қорға  ақтөбелік бойжеткен хабарласқан. Ол  өгей әкесінің 12 жылдан бері анасын ұрып-соғып, қорлық көрсететінін айтқан. Әпкесі үйдегі зорлық -зомбылыққа шыдамай, бөлек кетіп қалған. Кейін өгей әкесі  17 жастағы қызды ұрып-соғып, қорлық көрсеткен. Ер адам мас күйде сабақ оқып отырған қызын бөлмесіне шақырады. Алайда ол бас тартады. Сол кезде өгей әкесі оны ұрып, мұрнын сындырған.

- Мен қыздың суретін көрдім. Беті қан жоса . Еденнің үсті де қан- қан. Мұны көріп, жүрегім ауырып кетті. Бұл оқиғаның ең өкініштісі — анасы қызына зорлық көрсеткен күйеуін кешіруді сұрап отыр екен. “Мен үшін кешірім беріңдер” депті. Бала өз үйінде  неге қорлық көруі керек? Анасы баласын қорғаудың орнына неге  күйеуін кешіруді сұрайды? Қыздың мәліметінше, іс 108-бап бойынша қозғалып, бірінші күні күдікті босатылған. Әлеуметтік желіде шу болған соң, қайта қамалған. Бізде осындай қымыскерлер жазасын алу үшін міндетті түрде резонанс болу керек па? Бірінші күні неге қамалмаған? Тек  резонанс болғанда  ғана бала мен әйелдің құқығы қорғала ма? Әркім өз міндетін неге дұрыс атқармайды?-дейді Ләззат Рақышева.

Қоғам белсендісінің мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 108-бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру)іс қозғалған. Алайда бастапқыда күдікті босатылған. Резонанстан кейін ол қайта қамалған.

- Ақтөбе қаласының полициясы мен прокуратурасына осы істі жан-жақты тексеруді, қыздың жарақатына  және өгей әкесінің жыныстық сипаттағы сөздеріне құқықтық баға беруді талап етеміз,-деді Ләззат Рақышева.

Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді. “Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе қаласының 43 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған  қажетті тергеу амалдары жүргізілуде” - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дінді жамылып, қылмыс жасаған
Сурет ЖИ арқылы жасалды

Ақтөбеде діннің атын жамылып, қылмыс жасағандар сотталды. Олардың бірі діни араздықтықты қоздырса, екіншісі терроризмді насихаттаған.  Бұл жөнінде ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Жыл басынан бері ішкі істер органдары діни-экстремистік идеяларды жамылған 22 қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Олардың құрамында болған 64 адам ұсталды. Олар бопсалаумен, алаяқтықпен, тонаумен айналысқан, браконьерлікпен және есірткі өткізумен шұғылданған. Қылмыстық әрекеттер жасау үшін атыс қаруын сақтаған. Мұндай топтар елдің әртүрлі өңірлерінде, соның ішінде Алматы қаласында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында әрекет еткен.

-Сонымен қатар полиция экстремистік және террористік қылмыстарды, оның ішінде интернетте радикалды идеологияны таратуды анықтап, жолын кесті. Ақтөбеде қала тұрғыны әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін қорлау арқылы діни араздықты жария түрде қоздырған. Ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбедегі тағы бір жағдайда зорлық-зомбылық акцияларын жоспарлаған радикалды көзқарастағы жас жігіт ұсталды. Терроризмді насихаттағаны үшін сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады,-деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметінше, діни ұрандардың ар жағында көбіне пайда табуды көздейтін қылмыстар жасырынып жатады. Олардың қатысушылары зорлық-зомбылық пен өзге діни наным-сенімдегі адамдардың мүлкіне қол сұғушылықты ақтау үшін радикалды идеяларды пайдаланады.   Алайда діни сенімдер қылмысты, зорлық-зомбылықты және араздықты қоздыруды ақтау үшін негіз бола алмайды.

Жалпы, ішкі істер органдары діни экстремизм идеяларын ұстанушылар жасаған пайдакүнемдік-зорлық сипатындағы 155 қылмыстың бетін ашты.Заңсыз айналымнан 114 атыс қаруы, 3 суық қару, 7 граната, 1600-ден астам оқ-дәрі және 32 келіден астам есірткі тәркіленді.

Ақтөбеде ер адам “көлік астына әдейі түскен”
Ақтөбеде   ер адам  “көлік астына әдейі түсіп”, жүргізушілерден алаяқтық жолмен ақша бопсалаған.  Бұл жөнінде  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбеде ер адам жүргізушілерді алдаудың ерекше тәсілін ойлап тапқан. Ол жаяу жүргіншілер өткелінде өзін көлік қағып кеткендей көрсетіп, жол-көлік оқиғасының көрінісін ойнаған.

-Ер адам Жиенбаев және Ташкент көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде өзін көлік қағып кеткендей кейіп танытқан. Кейін жүргізушілерге жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алғанын айтып, ақша талап еткен.Тексеру барысында оның мұндай әрекетке екі рет барғаны анықталды. Оның сөзіне сенген жүргізушілер мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Бір жағдайда –250 мың теңге, екінші жағдайда –200 мың теңге. Келтірілген жалпы шығын көлемі 450 мың теңгені құрады,-деп хабарлады полициядан.

Алайда кейін жүргізушілердің бірі болған жағдайды қайта ой елегінен өткізіп, полицияға жүгінген. Тексеру барысында ақпарат расталды. Ер адамның жеке басы анықталып, ол  күдікті деп  танылды. Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция жүргізушілерге  абай болуын ескертеді. Егер жол-көлік оқиғасынан кейін жаяу жүргінші өзінің дене жарақатының алғанын айтып, ақша талап етсе, мәселені өз бетімен  шешуге тырыспау қажет. Мұндай жағдайда полиция шақырып, болған оқиғаның барлық мән-жайын ресми түрде тіркеген жөн.

Қытайдан арзан тауар алмақ болған кәсіпкер алданып қалды
Cурет ЖИ арқылы жасалды

Ақтөбеде Қытайдан 1 теңгеге  стақан алмақ болған кәсіпкер алаяққа алданып қалды.  5 млн теңгесінен айырылған ер адам сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қылмыстық Кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша іс қаралды. Cот  құжаттарына қарағанда, сотталушы 2026 жылдың қаңтар айында ауылдасы арқылы  кәсіпкермен танысады. Әңгіме барысында жәбірленуші  өзінің  бір реттік пластикалық стақандарды жеткізу бойынша тендерді жеңіп алғанын айтады. Сол кезде ер адам  туысының Қытай Халық Республикасы Елшілігінде жұмыс істейтінін, арзан бағамен  пластикалық стақан сатып алуға  көмектесетінін айтады.  Бұл ұсынысқа  кәсіпкер қызығушылық  танытады. Соңыра ол телефон арқылы келісіп, сотталушыға  3 млн. теңге аударады. Яғни, ол  бір реттік стақанды бір данасын 1 теңгеден сатып алуға келіседі. Алайда ер адам уәдесін орындамай, алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Алаяқ мұнымен тоқтамаған. Оңай ақшаға дәніккен ол  кәсіпкердің  тағы  2 млн теңгесін иемденген. Осылайша ол жәбірленушінің сеніміне қиянат жасау арқылы бас-аяғы   5 млн теңге материалдық залал келтірген. Сот отырысы кезінде сотталушы кәсіпкерден 3 млн теңгені  алғанын мойындады. Айтуынша, ол  бір реттік стақанды  жеткізіп бермек болған. Алайда кейін стақандардың бағасы өзгерген. Ағасы бір стақанның құны 2 теңге болатынын  айтқан. Осыдан кейін ол стақандарды төмен бағамен жеткізетін басқа да жеткізушілерді іздей бастапты. Алайда басқа жеткізушілерді таба алмағандықтан, 3 млн теңгені  жеке қажеттіліктеріне жұмсап жіберіпті. Дегенмен ол соңғы 2 млн теңгені алмағанын айтып, ат-тонын ала қашты. Ол кәсіпкерді өзіне жала жауып отыр деп айыптады.Ал кәсіпкер сотталушыға бизнес-серіктесінің ауылдасы әрі ортақ танысы болғандықтан имандай сенгенін айтты. Алайда тапсырысын  алу үшін Алматыға барған ол өзінің алданып қалғанын түсінген.

-Ол маған Қытайда Жаңа жыл мерекесі тойланып жатқанын,  осыған байланысты жеткізудің кешігіп жатқанын, біраз уақыт күту қажеттігін айтты. Маған бір реттік пластикалық стақандарды міндетті түрде жеткізіп беретінін айтып сендірді. Біраз уақыттан кейін бір қыз телефон шалып, стақандарының дайын болғанын және Алматы қаласындағы қоймалардың бірінде тұрғанын жеткізді. Маған қойманың мекенжайын жіберді. Көрсетілген мекенжайға барған кезде стақандарды таппадым. Осы кезде мені алдап, ақшамды  иемденіп кеткенін түсіндім. Келтірілген залал өтелген жоқ. Өндіріп беруіңізді сұраймын,-деді ол.

Сотта сотталушының Қытайдағы туыстарынан да жауап алынды. Ағасы арзан бағамен стақандарды тауып беруге көмектесе алатынын айтқан. Бірақ әңгіме телефон арқылы сөйлесуден әрі аспаған. Сотталушы оған ешқандай ақша аудармаған. Мұны оның Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде жұмыс істейтін  жұбайы да растады. Ол сотталушының жолдасының немере жиені екенін айтты. Алайда ол сотталушымен сөйлеспегенін, тіпті телефон нөмірі де жоқ екенін жеткізді.  Ақтөбе қаласының №2 соты Аслан Сүлейменовті Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 2 жыл 3 айға  бас бостандығынан айырды. Оған рақымшылық заңы қолданылды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Бұған дейін қолхатпен бостандықта жүрген ол сот залынан қамауға алынды. Сот үкіміне сәйкес, ол  жәбірленушіге келген шығынды толықтай қайтаруы тиіс.