Керек.info қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің интернет нұсқасы

Кандидаттар металлургтермен кездесті
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Қазыбек Әлішев, Ұшқын Мыңбаев және Қайрат Болсын «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда кандидаттар партияның Ақтөбе облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңір экономикасын дамытуға қатысты міндеттерді талқылады.

Әсіресе өндіріс орындарын қолдау, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне назар аударылды.

Бағдарламада өңдеу өнеркәсібіндегі 10 жобаны іске асыруға жәрдемдесу, оның ішінде Ақтөбе қаласы станциясында жобалық қуаты жылына 825 шақырым рельс болатын рельс дәнекерлеу кәсіпорнын салу және ұйымдастыру, кейіннен тазартылған мысқа дейін қайта өңдеуге арналған тауарлық мыс концентратын өндіру, заманауи цемент зауытын салу жобалары бар. Жаңа өнеркәсіптік өндірістер құру тұрақты жұмыспен қамтуды және ашық салық түсімдерін қамтамасыз етеді, — деді Қазыбек Әлішев.

Ақтөбеде жылына 825 шақырым ұзын өлшемді рельс өндіретін рельс дәнекерлеу кәсіпорнының құрылысы өңірдің теміржол өндірісі саласындағы әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Бұл өндірістік кооперацияны дамытуға және логистикалық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Қазыбек Әлішев партияның сайлауалды бағдарламасындағы басқа да мақсат-міндеттерге тоқталды. Партияның сайлауалды бағдарламасында мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салу жөнінде нақты міндеттер көзделген. Соның бірі – 2027 жылы Ақтөбе қаласында көпбейінді балалар ауруханасын салу. Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін облыста 6 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, 24 мектеп, 12 денсаулық сақтау нысаны және елді мекендерге қажетті өзге де нысандар салу жоспарланып отыр.

Кандидаттар бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің кемінде 852 жобасына қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ осы салада жұмыспен қамтылғандар санын 168,5 мың адамға дейін арттыру көзделгенін айтты. Бұл шаралар өңірдің өндірістік әлеуетін нығайтып, халықтың табысын арттыруға жағдай жасауға бағытталған.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» бас директорының бірінші орынбасары Әсет Алдамжаровтың айтуынша, кәсіпорында 750-ден астам адам еңбек етеді. Зауыт рельс-арқалық өнімдерін шығарады. Жылдық өндірістік қуаты – 430 мың тонна. Өнім Қазақстан аумағында және жақын шетелдерде сатылады.

Кездесу барысында бағдарламада белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, соның ішінде өндірістің қуатын, өнеркәсіп саласындағы жұмыспен қамтуды арттыруға жағдай жасау жайы талқыланды. Кандидаттар зауыт жұмысшыларының сұрақтарына жауап берді.

Тапсырыс беруші: Алишев К.К.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Әлеуметтік сала мамандары марапатталды
Ақтөбеде әлеуметтік қорғау жүйесінде ұзақ жыл еңбек етіп жүрген мамандар құрметке бөленді. Кәсіби мерекеге орай 3 қызметкер «Ақтөбе қаласының дамуына қосқан үлесі үшін»төсбелгісімен, тағы 15 маман қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Ақтөбе қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында 350-ден астам маман жұмыс істейді. Олардың қатарында әлеуметтік көмек көрсету орталығының, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының және отбасын қолдау орталығының қызметкерлері бар.

Жалпы мамандардың 116-сы- әлеуметтік қызметкер. Оның 80-і жалғызбасты қарттар мен I-II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, ал 36-сы мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бұл қызметтер күндізгі уақытта ұсынылады.

Қазақстанда қазанның соңғы жексенбісі — әлеуметтік қызметкерлер күні. Осыған орай қалалық мәдениет үйінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға қала әкімі Азамат Бекет қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Марапатталғандардың арасында осы салада 30-40 жыл еңбек еткен тәжірибелі қызметкерлер де бар.

Қала әкімі әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстың жауапкершілігіне тоқталып, мамандардың қоғам өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті.

— Әлеуметтік қорғау саласы – қоғамдағы ізгілік пен адамгершіліктің, мейірім мен жанашырлықтың айқын көрінісі. Өйткені бұл саладағы әрбір маманның жұмысы адам тағдырымен, халықтың әл-ауқатымен және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықпен тығыз байланысты. Өмірде әртүрлі қиындықтарға тап болған мұқтаж жандарға көмек көрсету – үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және ең алдымен жүрек жылуын талап ететін жұмыс. Сіздер күн сайын қарттардың жағдайын жасап, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіп келесіздер.

Бұл – жүздеген адамның өміріне араша түсіп, олардың тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген үлкен ұжым. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз қоғам үшін маңызды. Құрметті сала қызметкерлері! Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым көзге көріне бермеуі мүмкін. Алайда бір адамның мәселесінің шешілуі, бір отбасының қиындықтан шығуы, бір азаматтың өмірге деген сенімінің артуы – сіздердің жұмыстарыңыздың нақты нәтижесі.

Осы орайда сала ардагерлеріне көпжылдық адал еңбегі мен тәжірибесі үшін ерекше алғысымды білдіремін. Ал бүгінгі таңда осы жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген барша маманға табандылықтары мен кәсібіне деген адалдығы үшін ризашылығымды жеткіземін, – деді Азамат Бекет. Марапат иелерінің бірі — Жалын Молдағалиев. Ол Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары. Бұл саладағы еңбек өтілі – 34 жыл. Ол «Ақтөбе қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

— Орталық 65 төсек-орынға арналған. Қызмет алушылардың тұрақтау мерзімі шарт талаптарына сәйкес бір жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Сонымен қатар, орталықтың жертөлесінде орналасқан 20 төсектік орынға арналған түнде болу бөлімі және «Әлеуметтік патруль» мобильді қызметі жұмыс жасайды. Мобильді қызметтің мақсаты – тұрақты тұрғылықты жері жоқ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тұлғаларды анықтау және оларды уақытша болу ұйымына және түнде болу бөліміне жеткізу. Орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтерді психологтар, медбикелер, заңгер, әлеуметтік жұмыс мамандары және еңбек нұсқаушысы және кітапханашы атқарады, — деді ол.

Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандардың қатарында Гүлнара Байбулатова да бар. Ол Әлеуметтік жәрдем орталығында 2010 жылдан бері әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді. Негізгі міндеті – мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

— Күн сайын бекітілген кесте бойынша 3-4 қызмет алушының үйіне барып, оларға арнайы күтім жасаймыз. Біздің басты мақсатымыз — ерекше қажеттілігі бар балаларды және жасы 18-ден асқан психоневрологиялық ауытқулары бар жандарды қоғамнан тыс қалдырмай, өмір сүру сапасын жақсарту және ата-аналарына қолдау көрсету. Жұмысымның маған ең қатты ұнайтын тұсы — мені көргендегі балалардың жүзіндегі шынайы қуаныш пен ата-аналардың шексіз алғысы. Үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкер ретінде әр үйдің есігін жылылықпен ашамын. Балалардың мәз-мейрам болып, алдымнан шыққаны шаршағанымды бірден ұмыттырады. Олардың кіршіксіз күлкісі мен ата-аналардың ризашылыққа толы сөздері маған үлкен күш береді. Бұл жұмыс жай ғана міндет емес, жүрек жылуын бөлісу деп білемін. Сондықтан өз мамандығымды мақтан тұтамын, — деді ол. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән айтып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Сәлем» аллеясы ашылды
Ақтөбеде бұрын жеке меншік автотұрақтар орналасқан аумақ жаңа қоғамдық орынға айналды. Бөкенбай батыр көшесінің бойында мемлекет мұқтажы үшін қайтарылған екі жер учаскесінде «Сәлем» атты заманауи аллея салынды. Енді мұнда тұрғындар серуендеп, балаларын ойнатып, спортпен шұғылдана алады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Жаңа аллея тұрғындардың игілігіне берілді. Ашылу салтанаты «Таза Қазақстан» экологиялық акциясымен қатар өтті. Осыған орай аллея аумағына 60 түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде 7 шырша, 5 жөке, 13 қайың, 7 шаған және 27 терек бар. Жасыл желек егу арқылы аумақты көгалдандырып қана қоймай, тұрғындардың тынығуына қолайлы орта қалыптастыру көзделген.Бұған дейін Бөкенбай батыр көшесінің бойындағы бұл аумақта екі жекеменшік автотұрақ болған. Кейін жер телімдері мемлекет мұқтажы үшін жеке меншік иелерінен мәжбүрлеп алынып, қаланың жер қорына берілді. Жалпы аумағы 7 671 шаршы метрді құрайтын демалыс орны демеушілік қаражат есебінен абаттандырылды.

Қала билігінің мәліметінше, аталған аумақтың орналасу ерекшелігі де ескерілген. Бір жағынан, бұл – халық тығыз қоныстанған тұрғын аудан. Екінші жағынан, Бөкенбай батыр көшесі халықаралық әуежайға апаратын негізгі бағыттардың бірі саналады. Яғни, қалаға сырттан келген қонақтар да осы көше арқылы қатынайды. Сондықтан бұрынғы автотұрақтардың орнына тұрғындар мен қала қонақтарына арналған қоғамдық кеңістік қалыптастыру туралы шешім қабылданған. Қалаға сый

Аллеяны абаттандыру жұмыстарына BD Kair компаниясы демеушілік жасап, жобаны қалаға тарту ретінде жүзеге асырған. Нәтижесінде аумақ толықтай жаңартылып, демалыс орнына қажетті инфрақұрылым жасақталды.Қазір аллея аумағында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, брусчатка төселген. Тұрғындардың тынығуы үшін орындықтар қойылып, қоқыс жәшіктері мен шағын сәулеттік нысандар орнатылған. Сонымен қатар 16 дизайнерлік шам қойылып, кешкі уақытта аумақты жарықтандыру мәселесі шешілген. Бұған дейін көктем мен күзде жауын-шашыннан кейін батпаққа айналып, қараңғы болатын жер енді серуендеуге қолайлы жағдайға келтірілді.

Аллеяның тағы бір ерекшелігі – мұнда әр жастағы тұрғынның демалысына жағдай жасалған. Балаларға арналған ойын алаңы, спортпен шұғылданатындарға воркаут аймағы және волейбол алаңы бар. Сондай-ақ автоматты суару жүйесі тартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл жасыл желектің күтімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ерекше сәндік нысан

Жобаның басты сәндік нысандарының бірі – габионнан жасалған «Сәлем» жазуы. Ерекше композицияда «Сәлем» сөзі 30 тілде жазылған. Кешкі уақытта арнайы жарықтандыру жүйесі іске қосылып, жазу аллеяның көркін ашады. Бұл нысан қоғамдық кеңістікке өзіндік ерекшелік беріп қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударуға арналған.Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қалада абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, биыл демеушілердің қолдауымен 26 саябақ пайдалануға берілген. Соның бірі – Бөкенбай батыр көшесіндегі жаңа аллея. «Ақтөбе қаласы бойынша абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл демеушілер есебінен 26 саябақ іске қосылды. Соның бірі – Бөкенбай батыр көшесіндегі саябақ. Бұл жобаға BD Kair компаниясы демеуші болып, халық игілігіне ұсынып отыр. Бұрын бұл жерде автотұрақ болған. Қаланың сәулеттік келбетіне кедергі келтіретін нысан еді. Қазір аумақ қалпына келтіріліп, тұрғындардың игілігіне берілді», – деді қала әкімі.Сондай-ақ Азамат Бекет қала аумағындағы пайдаланылмай жатқан және бас жоспар талаптарына сәйкес келмейтін жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, биылдың өзінде 125 жер учаскесі қайтарылған. Олардың жалпы аумағы 90 гектарды құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімдігінің бақылауында және алдағы уақытта да жалғасады.

Аллеяны жобалауға атсалысқан BD Kair компаниясының дизайнері Айнұр Нағметова бұл бастаманың қала тұрғындарына жасалған тарту екенін айтты. Оның сөзінше, әкімдіктен ұсыныс түскенде компания өкілдері жобаны жүзеге асыруға бірден келіскен.

-“Сәлем” аллеясын қалаға сыйлық ретінде жасадық. Әкімдіктен ұсыныс түскенде, біз қуана келістік. Нәтижесінде осындай әдемі саябақ тұрғындардың игілігіне беріліп отыр. Заманауи аллеяда қажетті жабдықтардың барлығы қарастырылған. Басты ерекшелігі – габионнан жасалған, 30 тілде жазылған “Сәлем” композициясы. Ол кешкі уақытта әдемі жарықпен жарқырап тұрады. Мұнда воркаут аймағы, балалар алаңы, волейбол алаңы бар. 16 дизайнерлік шам орнатылып, 60 түп ағаш отырғызылды. Автоматты суару жүйесі де іске қосылды, – деді Айнұр Нағметова.

Тұрғындар қуанышы

Жаңа демалыс орнының ашылуын жергілікті тұрғындар да қуанышпен қабылдады. Сол маңда тұратын Мұхарам Байзаковтың жасы 70-ке таяған. Оның айтуынша, бұған дейін үй маңында балалар ойнайтын арнайы алаң болмаған. Аумақ қоршалып тұрғандықтан, тұрғындар үшін де қолайсыздық туғызған.

- Мен - осы қаланың тұрғынымын. Бұрын үйіміздің жанында балалар алаңы болмағандықтан, ыңғайсыздық туындайтын. Аумақ қоршаумен жабылып, балалар ойнайтын орын жоқ еді. Енді балалар үшін осындай әдемі саябақ салып берген қала әкімдігі мен кәсіпкерлерге алғысымды айтамын. Кешкі уақытта немерелерімізді ертіп шығып, таза ауада серуендейтін боламыз. Әр азамат өз қаласына, әсіресе балаларға көңіл бөлсе, осындай жақсы орындар көбейе берер еді, – дейді ол.

Осылайша, бұрын жеке автотұрақтар орналасқан аумақ бүгінде тұрғындардың демалысы мен серуеніне арналған қоғамдық орынға  айналды. Жаңа аллеяның ашылуы шаһардағы абаттандыру жұмыстарының кезекті нәтижесі болды. Қала билігі мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін қайтару және оларды қоғамдық мақсатта тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.

Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін қылғындырып өлтірді
Ақтөбеде  бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды. Бұл жөнінде жергілікті полициядан хабарлады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сұмдық оқиға  Нұр Ақтөбе ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.  Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған. Ұрыс кезінде ер адам келіншекті қолмен қылғындырған. Марқұмның артында кішкентай қызы қалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Қазір 31 жастағы ер адам  уақытша ұстау изоляторында отыр.
Жергілікті полицияның мәліметінше, бұған дейін бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжалдарға қатысты құқық қорғау органдарына ешқандай арыз-шағым мен хабарлама түспеген.Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау  үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік, бұған дейін Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел  кісі қолынан көз жұмған еді. Оны “өлтірді” деген күдікпен бұрын бірге тұрған ер адам ұсталды. Марқұмның артында 2 баласы қалды. Қазір олар  “Үміт “ балалар үйіне орналастырылды.

Ақтөбе халықаралық әуежайы жаңғыртылады
Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жоспарға сәйкес, жаңа ұшу-қону жолағы салынып, жолаушылар терминалы қайта жаңартылады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@mail.com

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл жобалар елдегі әуежай инфрақұрылымын 2029 жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында іске асырылмақ. Жобаның негізгі мақсаты – әуежайдың өткізу мүмкіндігін арттыру, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және өңірдің әуе қатынасын дамыту. Әуежайларды жаңғырту мәселесі Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Басқосуға өңір әкімдіктері мен әуежай өкілдері қатысып, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын талқылады. Кездесу барысында ұшу-қону жолақтарын салу және реконструкциялау, жолаушылар терминалдарын жаңарту, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, қаржыландыру көздерін анықтау мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі айтылды.

Айта кетейік, бағдарлама бойынша еліміздің жеті әуежайындағы ұшу-қону жолақтары жаңғыртылады. Ақтөбе, Астана және Шымкент қалаларында жаңа жолақтар салынса, Алматы, Жезқазған, Тараз және Орал әуежайларындағы қолданыстағы жолақтар қайта жаңартылады. Бұдан бөлек, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Жезқазған, Семей, Павлодар және Үржар әуежайларында жолаушылар терминалдарын салу және реконструкциялау жоспарланған.

Қыз зорлаған ақтөбелік 15 жылға сотталды
Ер адам кәмелетке толмаған қызға күш қолданып, еркінен тыс зорлаған. Сот 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Сотта ол өз кінәсін мойындады. Ер адамның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да заттай дәлелдермен расталды. Қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін, ауырлататын мән жайлар анықталған жоқ.

Сот ер адамды ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды. Оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбелікке сапасыз киім үшін ақшасы қайтарылды
Ақтөбе тұрғынына  сапасыз қысқы күртеше үшін 240 мың қайтарылды.Сатушы бастапқыда ақшаны қайтарудан бас тартқан. Алайда мамандар араласқаннан кейін тұрғын  қаражатын  толық қайтарып алды.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе  облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Ақтөбе қаласының тұрғынынан базардан  сатып алынған қысқы күртешенің  сапасына қатысты шағым түсті.Тұрғын  қысқы күртешені 240 мың теңгеге сатып алып, ақысын Kaspi арқылы 12 айға бөліп төлеген. Сатушы күртешенің ішіндегі толтырғыш түйе жүнінен жасалғанын айтқан. Кейін бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні белгілі болған. Сатып алушы күртешені дүкенге апарып, ақшасын қайтаруды сұраған. Тауар киілмеген, заттаңбасы мен бастапқы қалпы сақталған. Бірақ сатушы ақшаны қайтаруға келіспеген.Осыдан кейін тұрғын Ақтөбе облысының  сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданған. Департамент мамандары сатушыға заң талаптарын түсіндірген соң, 240 мың теңге тұтынушыға толық қайтарылды.Заң бойынша, азық-түлікке жатпайтын тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға болады. Ол үшін тауар пайдаланылмаған, бастапқы қалпы мен заттаңбалары сақталған болуы керек. Мамандар тұтынушыларға құқығы бұзылған жағдайда департаментке жүгінуге кеңес береді.

Ақтөбеде ұрлық саны азайды
Биыл Ақтөбеде ұрлық  деректерінің   тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 22,3 пайызға төмендеген. Ұрылардан қалай қорғануға болады?  Тұрғындар  қылмыс болған жағдайда қалай әрекет етуі керек ?  Жергілікті полиция қызметкерлері ұрлықтан сақтанудың жолдарын түсіндірді.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбеде ұрлық азайғанымен, көлік ішіндегі заттарға көз тігетіндер көбейген.Өңірде  бөтеннің мүлкін ұрлау деректері өткен жылмен салыстырғанда 22,3 пайызға азайған. Дегенмен тұрғындардың мүлкіне қол сұғу фактілері әлі де тіркеліп отыр. Әсіресе, жаз мезгілінде велосипед ұрлығы жиілесе, соңғы уақытта автокөлік салонындағы заттарды қолды ету оқиғаларына қатысты деректер алаңдатады.  Полиция ұрлықтың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдап жатыр? Қылмыскерлер көбіне нені олжалайды және тұрғындар қандай қарапайым қателіктерден сақтануы керек? Осы және өзге де сауалдарғарға Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының  аға жедел уәкілі, полиция майоры  Алтынбек Қаратайұлы жауап берді.

Ұрлықтың қай түрі жиі кездеседі?

Полиция қызметкерінің  мәліметінше, қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде облыста бөтеннің мүлкін ұрлау деректері едәуір азайған.Есепті кезеңде 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ұрлық фактілері 22,3 пайызға төмендеген. Былтыр 955 дерек тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 742-ге дейін азайған.Сондай-ақ ұрлықтың жекелеген түрлері бойынша да оң динамика байқалады. Атап айтқанда, пәтер ұрлығы 43,5 пайызға, ұялы телефон ұрлығы 11,2 пайызға төмендеген. Ал қалта ұрлығы 2,2 есеге азайып отыр.

Қай аудандарда ұрлық жиі жасалады?

Қалада ұрлық деректері жиі тіркелетін нақты аудандардың тізімі жарияланбаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Күн сайын қылмыс жиі жасалатын аумақтарға талдау жасалып, сол жерлерде жедел түрде арнайы тексеру жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар полиция жасақтарының саны күшейтіледі.

Жазда велосипед ұрлығы көбейді

Маусымдық ерекшеліктер де қылмыс статистикасына әсер етеді. Мәселен, жаз мезгілінде велосипед ұрлығы жиілейді. Биыл өңірде велосипед ұрлығының 123 дерегі тіркелген. Оның 98-і табылып, иелеріне қайтарылған.Полицияның айтуынша, мұндай жағдайлардың басты себебі – тұрғындардың өз мүлкін қараусыз қалдыруы.Кейбір азаматтар велосипедін үй ауласында арнайы құлыппен бекітпей қояды. Ал балалар велосипедтерін саябақтарда, скверлерде және ойын алаңдарында қараусыз қалдырады.Осыған байланысты жазғы маусым басталғалы бері полиция қызметкерлері апта сайын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жеке мүліктің қауіпсіздігін сақтау жөнінде ескерту жасап келеді.

Ұрлық жасайтындар кімдер?

Полиция мәліметінше, мұндай қылмысқа баратындардың арасында бұрын сотталғандар, басқа өңірден келген адамдар, кәмелетке толмағандар және есірткіге тәуелді азаматтар көп кездеседі.Криминалдық полиция қызметкерлері биыл ұрлық жасағаны үшін 378 адамды ұстаған. Сонымен қатар 25 қылмыстық топ анықталған.Бұдан бөлек  құқық бұзушылық жасауға бейім және полицияның профилактикалық есебінде тұрған азаматтар тұрақты бақылауда болады.

Пәтер ұрылары көбіне күндіз әрекет етеді

Қылмыскерлердің әрекет ету тәсілдері де өзгеріп отырады. Полиция жүргізген талдау нәтижесіне сәйкес, пәтер ұрлығы көбіне жұмыс күндері жасалады. Өйткені тұрғындардың басым бөлігі таңертең және күндіз жұмыста болады.Тіркелген пәтер ұрлықтарының 55,5 пайызына қылмыскерлер еркін қол жеткізу арқылы барған. 1,8 пайызы кілт таңдау жолымен жасалса, 24 пайызы пластик терезелерді күшпен ашу арқылы іске асқан.Кейбір тұрғындар үйінің есігін құлыптамай кетсе, енді бірі өзіне бейтаныс немесе жақын танымайтын адамдарды үйіне шақырып, мүлкінен айырылып жатады.Сонымен қатар тұрғындардың табиғат аясына демалуға немесе ұзақ мерзімді демалысқа кетіп, пәтерін қараусыз қалдыруы да ұрыларға қолайлы жағдай туғызады.

Көлік ішіндегі заттар да ұрылардың көз құртына айналған

Соңғы уақытта Ақтөбеде автокөлік салонынан зат ұрлау деректері жиілеген. Қылмыскерлер үшін көлік ішінде көзге түскен кез-келген зат олжа болуы мүмкін. Олардың қатарында автомагнитоланың панельдері, құжаттар, ноутбуктер мен қомақты ақша салынған сөмкелер бар.Кейбір жағдайларда ұрылар көлік иелерін алдын ала аңдып, бағалы заттарын қайда қалдыратынын бақылауы мүмкін. Ең жиі қолды болатын заттардың бірі – автомагнитола панельдері. Оны ұрлау үшін қылмыскерлер көліктің құлпын бұзуы немесе терезесін сындыруы мүмкін. Ұсталған күдіктілерден құлып ашуға, тіпті көлік әйнегін сындыруға арналған арнайы құралдар да табылған.Мұндай қылмыстар көбіне күзет қойылмаған аумақтарда және тұрғын үйлердің маңындағы ретсіз автотұрақтарда жасалады. Оның үстіне, полицияның мәліметінше, көлік дабылының қосылуы да ұрлықтың алдын алуға әрдайым кепіл бола алмайды.

Ұрлыққа жол бермеу үшін не істеу керек?

Полиция тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Мәселен, телефонды киімнің түймеленбеген қалтасына салмау, сөмкені үнемі көз алдыңда ұстау қажет. Қоғамдық орындарда телефонды үстел үстіне немесе қараусыз қалдыруға болмайды.

Көліктен аз уақытқа шыққанның өзінде телефонды ашық қалдырылған салонда қалдырмаған жөн.Ал ұялы телефон сатып аларда оны мамандандырылған дүкендерден алған дұрыс. Қолдан сатып алған жағдайда құрылғының заңды жолмен алынғанына көз жеткізіп, сатып алу құжаттары мен кепілдік талонын сақтап қою маңызды.Пәтер қауіпсіздігіне де бейжай қарауға болмайды. Үйден шығарда есік пен терезелердің жабылғанын тексеріп, ұзақ уақытқа кететін жағдайда баспананы қараусыз қалдырмаудың амалын ойластырған жөн.

Ұрлық болған жағдайда не істеу керек?

Егер үйде, пәтерде немесе мекемеде ұрлық болғанын байқасаңыз, ең алдымен оқиға орнынан шығып, бірден 102 нөміріне хабарласу қажет.Полиция келгенге дейін оқиға орнындағы заттарға тиіспей, ештеңені қозғамаған дұрыс. Тергеу-жедел тобы келгенше сол маңда күту керек. Қызметкерлер оқиға орнын қарап, саусақ іздерін алуы, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды сұратуы және арызды қабылдауы тиіс.Егер пәтер ішінде бөтен адамның барын байқасаңыз, өз бетіңізше әрекет етуге немесе оны ұстауға тырыспаңыз. Оның сыртқы келбетін, бойын, киімін, ерекше белгілерін, қай бағытқа кеткенін есте сақтауға тырысыңыз. Егер қылмыскер көлікпен қашса, мүмкіндігінше көліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін есте сақтаған жөн.

Соңғы бес жылда ұрлық деректері екі есе  азайған

Полиция ұсынған статистикаға сәйкес, соңғы бес жылда өңірде тіркелген ұрлық фактілерінің саны тұрақты түрде төмендеп келеді.

Жыл

Тіркелген ұрлық саны

2021

2 819

2022

2 545

2023

1 929

2024

1 487

2025

1 096

Осылайша, 2021 жылмен салыстырғанда былтыр   ұрлық деректері  61,1 пайызға азайған. Сонымен қатар полиция өкілдері соңғы жылдары ұрлық қылмыстарын ашу көрсеткіші де жақсарғанын атап өтті. Дегенмен статистиканың төмендеуі тұрғындардың сақтығын әлсіретпеуі керек.  Себебі ұрлықтың алдын алуда полицияның жұмысы ғана емес, әр азаматтың өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауы да маңызды.

Дискордантты жұп: АИТВ отбасылық бақытқа кедергі емес
Қазіргі таңда медицина қарқынды дамып, бұрын емделуі қиын саналған көптеген ауруларды бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп отыр. Солардың бірі – адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ). Бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар уақтылы анықталып, антиретровирустық емді тұрақты қабылдаса, ұзақ әрі белсенді өмір сүріп, отбасы құрып, дені сау ұрпақ тәрбиелей алады.

Соңғы жылдары халық арасында жиі қойылатын сұрақтардың бірі – дискордантты жұп туралы. Бұл ерлі-зайыптылардың немесе тұрақты серіктестердің бірінде АИТВ анықталып, екіншісінде анықталмаған жағдай.

Кейбір адамдар мұндай жұптардың бірге өмір сүруі қауіпті деп ойлайды. Алайда қазіргі ғылыми деректер мүлде басқа жағдайды көрсетеді. Егер АИТВ-мен өмір сүретін адам дәрігер тағайындаған антиретровирустық терапияны (АРТ) күн сайын тұрақты қабылдап, қандағы вирустық жүктемесі ұзақ уақыт бойы анықталмайтын деңгейде сақталса, жыныстық жолмен вирустың берілу  қаупі болмайды. Бұл әлемдік медицинада «Анықталмайтын = Берілмейтін» (U=U) тұжырым ретінде мойындалған.

Әрине, бұл нәтижеге тек емді үзбей қабылдау, дәрігердің бақылауында болу және жоспарлы зертханалық тексерулерден уақытылы өту арқылы ғана қол жеткізіледі. Сондықтан емге жоғары бейілділік – өз денсаулығын сақтаудың ғана емес, жақын адамын қорғаудың да маңызды кепілі.

Дискордантты жұптар үшін тағы бір маңызды мәселе – бала сүю. Бұрын бұл үлкен алаңдаушылық туғызса, қазіргі таңда медицина қауіпсіз жүктілікті жоспарлауға мүмкіндік береді. Инфекционист пен акушер-гинекологтың бақылауында болып, барлық медициналық ұсынымдарды орындаған жағдайда АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупін айтарлықтай төмендетуге болады. Сондықтан АИТВ диагнозы ата-ана болуға кедергі емес.

Сонымен қатар АИТВ анықталмаған серіктеске де өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау маңызды. Дәрігердің кеңесіне жүгіну, уақтылы тестілеуден өту және ұсынылған алдын алу шараларын сақтау отбасының амандығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Өкінішке қарай, бүгінгі күні қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты негізсіз қорқыныш пен стигма әлі де кездеседі. Ал шын мәнінде олар өзгелер сияқты еңбек етеді, білім алады, отбасын құрады және қоғамның толыққанды мүшесі болып табылады. Оларға ең алдымен түсіністік, қолдау және дұрыс ақпарат қажет.

Ақтөбе облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Егер АИТВ берілу қаупі болған деп күмәндансаңыз немесе АИТВ-статусыңызды білгіңіз келсе, тексерілуден өтуден тартынбаңыз. Ерте анықталған АИТВ инфекциясы уақытылы емді бастауға, денсаулықты сақтауға және вирустың берілуінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Есте сақтаңыз: АИТВ – үкім емес. Дұрыс ақпарат, заманауи ем және жауапкершілік көптеген отбасының бақытты өмір сүруіне жол ашады.

Алия Ердібекова

Облыстық АИТВ инфекциясының

алдын алу орталығының инфекционист дәрігері

Сотталушы түрме қызметкерлерін ұрып, қылғындырған
Ақтөбеде бұрын бірнеше рет сотталған ер адам абақтыда  бүлік шығарып, бейнекамераны сындырған. Тіпті өзін тыныштандырмақ болған түрме қызметкерлеріне шабуылдап, оларды жаралаған.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

Оқиға биыл шілде айында  халық арасында “алтыншы түрме” аталып кеткен, Ақтөбедегі №8 түзету мекемесінде болған. Белгілісі, 29 жастағы жігіт бұрын ұрлық жасағаны, адам тонағаны үшін сотталған. Соңғы рет 5 жылға бас бостандығынан айырылған.  Бірнеше рет түрменің  ішкі тәртібі мен режимін бұзғанол тәртіптік изоляторға қамалған. Сот құжаттарына қарағанда,сотталушы Денис Сульдин алдымен камерадағы  бейнебақылау жүйесін аяғымен ұрып, сындырған. Оның қылмыстық әрекеті салдарынан Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №8 мекемесіне 45 мың теңге материалдық залал келген. Бұдан әрі сотталушы өзін тыныштандырмақ болған сержантты көзінен ұрып, тағы бір аға лейтенанттың маңдайына бірнеше рет соққы жасаған. Сот отырысы кезінде ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне шын жүректен өкінді.

-Мені мекемедегі тәртіптік изоляторда жеке камерада ұстады. Алайда маған “жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі” деген диагноз қойылған. Мен камерада жалғыз өзім отыра алмаймын. Камераның санитариялық жағдайы да талапқа сай емес. Мені моншаға жуынуға да жібермеді. Соған ашуланып, бейнебақылау камерасын аяқпен теуіп сындырдым. 5-7 минуттан кейін мекеме қызметкерлері келді. Мен қолыммен камераның кіреберіс есігін ұстап тұрып, қызметкерлерді ішке кіргізген жоқпын. Кейін есікті босатып, оларды ұрып, қарсылық көрсеттім. Жасаған ісіме өкінемін. Жәбірленушілерден кешірім сұраймын, -деді сотталушы.

Сот отырысы кезінде жарақат алған бақылаушылар нарядының бастығы мен жасақ бастығы да түсініктеме берді. Сол күні тәуліктік кезекшілікте болған түрме қызметкерлері бейнебақылау камерасын сындырып жатқанын естіп, оқиға орнына келген. Алғашқысы сотталушының өзін оң жақ көзінен ұрып, қанатқанын айтты. Кейін оны тыныштандырмақ болған әріптесі де маңдайынан соққы алған. Тіпті басы мен денесінен кезек-кезек ұрып, екі қолымен қылғындыруға әрекеттенген. Өмірлеріне қауіп төнген  олар сотталушыға күш қолданып, кісен салуға мәжбүр болыпты. Осыдан соң оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі келген. Түрме қызметкерлері сотталушыны кешірмейтіндерін айтты.

Сараптама қорытындысына сәйкес, сотталушы “жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі” деген психикалық аурумен ауырады. Алайда ол айналасындағыларға және өзіне қауіп төндірмейді. Сотқа қатысуға қабілетті әрі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қажеттілігі жоқ.

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен сотталушы  Қылмыстық Кодекстің 428-бабының 1-бөлігі(Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін қасақана жою немесе бүлдіру)  және 429-бабының 2-бөлігі  (Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу)бойынша кінәлі деп танылды. Ол бұрынғы жазаларын қоса есептегенде түпкілікті 5 жылға  бас бостандығынан айырылды.

- Сотталушының әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы бар деп танылсын. Оған жазаны өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесі белгіленсін.Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 8 мекемесінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылсын.Сотталушыдан 45  мың теңге өндірілсін,-деді судья Н. Махмутов. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы үкіммен келіспеген жағдайда апелляциялық шағым түсіруге құқылы.