Қазақстан мұсылмандар одағы жыныстық қатынас үшін салық салуды ұсынады

    Жыныстық қатынас үшін салық салынып, ол мемлекеттік бюжетке аударылуы керек. Қазақстан мұсылмандар одағының бұл мәлімдемесін Zakon.kz таратты.

    Жабайы жидектер мен саңырауқұлақ терушілерге салық салу туралы пікірді қызу талқылаған Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы адам құқы жөніндегі мұсылмандар комитеті билік мұнымен тоқтап қалмағаны жөн деп санайды. Одақ елде жыныстық қатынас үшін де салық енгізілуі керек деп отыр.
    ҚМО жаңа салық түрінің жүйесін де дайындап қойған.
    1.Заңды некедегі әрбір қазақстандық төлеуі тиіс салық мөлшері 584 теңге;
    2. Егер азаматтық некедегілер жыныстық қатынас жасайтын болса, оның мөлшері 748 теңге;
    3. Некесіз қатынас үшін 1893 теңге;
    4. Жыныстық азшылық үшін 2741 теңге;
    5. Дәстүрлі емес жыныстық қатынас 4892 теңге;
    Қазақстан мұсылмандар одағы “шетелдіктерден салық екі есе көп алынуы керек” деп санайды. Ал мүгедектер мен зейнеткерлерді салықтың бұл түрінен босатуды ұсынып отыр.
    Әрбір қазақстандық ай сайын абонемент немесе бір жылдық билет алуына болады.Мұндай жағдайда қаржысын үнемдеуіне мүмкіндік бар.
    Салық заңдылығын бұзғандарға 500 АЕК тең айыппұл салынсын. Немесе қоғамдық жұмысқа жегілсін-дейді ҚМО.
    Ол үшін арнайы полиция жасақтап, олардың прокурордың санкциясынсыз-ақ тұрғын үйлерге кез келген уақытта кіріп баруына рұқсат берілуі тиіс.
    Жыныстық қатынас үшін салынған салық мемлекеттік бюджетке аударылады. Және ол қаржы азаматтардың репродуктивтік денсаулығын жақсартуға, жұқпалы жыныс ауруларынмен күреске жұмсалады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Назарбаев жасөспірімдердің өзіне қол жұмсап, кәмелетке толмағандардың күштеп жыныстық қатынасқа түсуіне алаңдаушылық білдірді
  • Өзбекстаннан 5 мыңға жуық гастарбайтер келді
  • Қайрат Жамалиевке айып тағылды
  • Эпидемиолог: ВИЧ инфекциясы жеміс-жидек арқылы таралмайды!
  • “Егінжай” бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге