Банк терминалынан ақша ұрлағандар ұсталды

    Ақтөбеде банк терминалынан ақша ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

    Қылмыстық топ Бөкенбай батыр көшесінде орналасқан “Сары Арқа” дүкеніндегі “Каспий банк” терминалынан ақша ұрлаған. Күдіктілер дүкеннің есігін бұзып кірген. Бұл туралы хабар полицияға 29 қазан күні түскен. Келтірілген шығын көлемі 800 мыңнан асады,-дейді жергілікті полицияның баспасөз қызметі.

    Тәртіп сақшылары ізін суытпай 5 жігітті ұстады. Олардың жасы 19 бен 23 аралығында. Ақтөбе қаласына Байғанин және Темір аудандарынан көшіп келген. Бұрын сотталмаған. Еш жерде жұмыс істемейді.

    Тексеру барысында қылмыстық топтан “Лазер” маркалы травматикалық пистолет табылды. Және полиция оларды 34 қылмысқа қатысы бар деп отыр. Қылмыстық топ кінәсін мойындаған. Үстерінен ҚР ҚК 188 бабы 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеліп жатыр.

    Жергілікті полицияның мәліметінше, соңғы үш айда Ақтөбеде терминалдардағы ақшаның қолды болуы жиілеп кеткен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тал түсте кісі тонаған таксист ұсталды
  • Алға мен Қобдада мал ұрлағандар ұсталды
  • Жолсеріктің алтын бұйымдары ұрланды
  • Зейнеткерлерді тонаған екі алаяқ ұсталды
  • Киік атқандар ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге