Ақтөбенің бас имамы қызметінен кетті

    Ақтөбенің бас имамы  қызметінен  кетті

    ҚМДБ Ақтөбедегі өкіл имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков қызметінен кетті. Енді бұл міндет Өскеменнің бұрынғы өкіл имамына жүктелмек. Бұл жөнінде “Керек info” газетіне орталық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.

    Жаңа имамды 27 қараша күні Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі таныстыруы тиіс. Әзірше бас имамның орны бос тұр. Бірақ ҚМДБ бұл қызметке лайықты адамды таңдап та қойған.

    -“Нұрғасыр” мешітіне Өскеменнің бұрынғы өкіл имамы Нұрлан Асанов келеді. Оны муфтият қызметкері жұма намазында таныстырады деп жоспарланып отыр.Ал Әбдімүтәлі Дәуренбеков Алматыға ауысады,-дейді мешіттің баспасөз қызметкері Балауса Аетова.

    Баспасөз қызметі Әбдімүтәлі Дәуренбековтің қызметтен кетуіне мешіттің бас молдасы Жайылхан Әбдісаламовтың жергілікті журналистерге берген ашық сұхбатының еш қатысы жоқ-деп санайды. “ҚМДБ қалыптасқан дәстүр бойынша бас имамдар 5 жыл сайын ауысып тұрады. Бұл қалыпты жағдай.”

    Әбдімүтәлі Дәуренбеков бұл қызметке 2010 жылдың соңында келген. “Қарауындағы қызметкерінің кесірінен кетіп жатыр” деген бейресми ақпаратты Дәуренбековтің өзі де жоққа шығарды.

    - Бірақ, менің қызметтен кетуім мен ол оқиғаның арасында ешқандай байланыс жоқ. Мен өз еркіммен кетіп бара жатырмын. Барлығы жұма күні белгілі болады. Алдын-ала ештеңе айта алмаймын, -деді ол.

    Бізге белгілісі, шулы сұқбатынан соң Жайылхан Әбдісаламов қызметінен төмендетілген. Орталық мешіттің бас молдасынан түсініктеме алынып, Қарғалы ауылындағы мешітке қатардағы молда болып ауысыпты.

    Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық интернет –порталдардың біріне Ақтөбенің бас молдасы Жайылхан Әбдісаламовтың сұхбаты жарияланған болатын. Онда бұрын жол инспекторы болған бас молда ағынан жарылып, өзінің тап-таза адам емес екендігін мойындаған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бақытбек Тәжімбет Қостанайға ауысты
  • Қажылар кешігіп жатыр
  • Болат Атыраубаев: Мен енді мемлекеттік қызметке келмеймін
  • “Ақтөбенің” бас бапкері Газзаев қызметінен кетті
  • Мешітте жарты тонна ұн үлестірілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге