Ақтөбеде ВИЧ инфекциясын жыныстық жолмен жұқтырушылар көп

    25 желтоқсанға дейін кез-келген адам тұрғылықты орнына қарасты емханаға барып анонимді түрде ВИЧ-ке тексеріле алады. Мұндай акцияның өткізілуіне биыл ВИЧ-ті жұқтырғандар санының 2 есе көбеюі себеп. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Ақтөбе облыстық ЖИТС (СПИД) орталығының әлеуметтанушысы Самал Мұханбетжанова хабарлады.

    Биылдыққа 28 ақтөбеліктің ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Былтыр анықталған науқастар саны бұдан екі есе аз болған. Ағзасынан ВИЧ инфекциясы табылған ақтөбеліктердің 42 пайызы 20-29 жас аралығында. Мамандардың айтуынша, соңғы 3 жылда жастар арасында ВИЧ негізінен жыныстық жолмен таралып жатыр.
    -10 желтоқсан күні орталықта ашық есік күні өтеді. Аурудың таралу жолдары мен одан қалай сақтану керектігі туралы айтпақшымыз. Оған кез келген адам қатыса алады. Бұрын көбіне СПИД-ке нашақорлар шалдығатын. Қазіргі таңда бізді әлеуметтік желілер арқылы таныса сала, бір-екі рет кездесіп, жыныстық қатынасқа түсетін жастардың жағдайы алаңдатып отыр. Әркім өз өміріне, денсаулығына жауапты. Біз осыны орталыққа келген ақтөбеліктерге барынша түсіндіреміз-дейді Ақтөбе облыстық ЖИТС (СПИД) орталығының әлеуметтанушысы Самал Мұханбетжанова.

    Кез-келген адам жылына кем дегенде 1-2 рет ВИЧ-ке қарсы тексеріліп тұруы қажет. Ол үшін өз емханаңызға барып, ақысыз түрде қан тапсыру жеткілікті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жастар СПИД-ке қарсы!
  • Қазақстан мұсылмандар одағы жыныстық қатынас үшін салық салуды ұсынады
  • Ақтөбеде екі жүзден астам сәбидің іші өтті
  • Назарбаев жасөспірімдердің өзіне қол жұмсап, кәмелетке толмағандардың күштеп жыныстық қатынасқа түсуіне алаңдаушылық білдірді
  • Эпидемиолог: ВИЧ инфекциясы жеміс-жидек арқылы таралмайды!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге