Ақтөбелік полиция ғимаратында өзін өзі өлтірді

    Ақтөбедегі Елек полиция бөліміне келген ақтөбелік өзіне өзі қол салды. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Ниеталиева хабарлады.

    Оқиға 18 желтоқсан күні болған. Белгісіз азаматтың қансырап жатқаны туралы хабар жедел жәрдемге түскі сағат 14:08-дер шамасында түскен. Оқиға орнына барған дәрігерлер оны ажалдан аман сақтап қала алмады. Дастан Ниеталиеваның айтуынша, 22 жастағы жігіт көп қан жоғалтқан.
    Елек полиция бөліміне барып өзін өзі өлтірген жігіт әйнекпен тамағын кескілеп тастаған. Бейресми ақпарат көздері бұл азаматтың қылмыстық іске тартылған ақтөбеліктердің бірі екенін айтады.

    “Керек.info” тілшісі мән-жайды білмек болып жергілікті полицияға да хабарласқан еді. Оқиғаның тіркелгеніне бір аптаға жуық уақыт өтсе де ІІД баспасөз қызметі ешқандай түсініктеме бермеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі супермаркеттердің бірінде адамдар уланып қалды
  • Ақтөбедегі медицина университетінде тағы бір студент қайтыс болды
  • Екі жастағы сәби 6 қабаттан құлап кетті
  • Велосипедші реанимацияға түсті
  • үш адам өзін өзі өлтірмек болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге