Маман: Жасөспірімдер 12 жастан бастап жыныстық қатынасқа түседі

    Қазақстандық жасөспірімдер жыныстық өмірді тым ерте 12 жасында бастайтын болған. Осыдан 2-3 жыл бұрын 15 жастан бастап жыныстық қатынасқа түсетін. Бұл туралы Ақтөбеде өткен жиында Қазақстанның еңбегі сіңген дәрігері, хирург-гинеколог Ольга Кузнецова айтты.

    22 қаңтар күні Ақтөбеде республикалық қайырымдылық акциясы аясында “Асыл бала” қауымдастығының жиыны өтті. Онда бала тәрбиесі, сәбиінен бас тартқан аналардың этикалық принциптері, салауатты ұрпақ жалғастыру мәселелері жөнінде айтылды.

    Осы жиында сөз алған Қазақстанның еңбегі сіңген дәрігері, хирург-гинеколог Ольга Кузнецованың сөзіне қарағанда, елдегі әрбір үшінші жасөспірім жыныстық қатынасты 12 жасында бастайды. Бұл ел гинекологтары үшін үлкен проблемаға айналып отыр. Өйткені, медицинада 18-ге толмаған қыздардың аяғы ауырлауы “ерте жүктілік” деп саналады.

    - Қазақстанда ерте жүктілік белең алып барады. Әлеуметтік зерттеу барысында 12 жастағы жасөспірімдердің 28 пайызы жыныстық қатынасқа бейім екенін анықтадық. Бұл - өтпелі кезең. Баланың ағзасы жүктілікке дайын болмағасын, түрлі аурулар пайда болады,-дейді маман.
    Қазіргі таңда Қазақстандағы бала саны 5 миллионнан астам. Олардың 29 мыңнан астамы тұлдыр жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ВИЧ инфекциясын жыныстық жолмен жұқтырушылар көп
  • Ақтөбеде тұратын 10 оқушының аяғы ауыр
  • Қазақстан мұсылмандар одағы жыныстық қатынас үшін салық салуды ұсынады
  • 350 жүкті жасөспірім қыз Оңтүстік Қазақстанда есепте тұр
  • Назарбаев жасөспірімдердің өзіне қол жұмсап, кәмелетке толмағандардың күштеп жыныстық қатынасқа түсуіне алаңдаушылық білдірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге