Ақтөбе халқының 30 пайызын жастар құрайды

    23 наурыз күні Қазақ-Орыс халықаралық университетінде «Біз-ұлы дала ұрпақтары» атты достық, толеранттық фестивалі өтті. Мақсат-ел ішіндегі бейбітшілікті сақтау, жастардың қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына жол ашу. Фестивальге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қалада тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің жастары қатысты.

    Бұл - «Ақтөбе жастары» Қауымдастығының алғаш рет ұйымдастырған шарасы. Қауымдастық ақпан айында облыс әкімінің ұйғаруымен құрылған. Фестивальдің ашылуында армян, молдаван, украин, шешен, орыс, ұйғыр, әзірбайжан, өзбек, неміс ұлтының ұл-қыздары қонақтарға дәстүрлі тағамдарын ұсынды.
    -Ақтөбе халқының 30 пайызын жастар құрайды. Бұл – өте үлкен күш. Ақтөбе әліпбиде де «А» әрпі боп бірінші тұрамыз, басқа жағынан да бірінші болуымыз керек. Жергілікті билік жастардың жүрек түкпірінде жатқан жақсы ойларын қолдауға қашан да дайын. Қаншама бағдарламалар бар. «Жасыл ел» бағдарламасына жылда ақша бөлінеді, бірақ көшеге отырғызылған көшеттер аз. Неге?! Осы жағын қолға алуымыз керек, -деді Сапарбаев.

    Бұдан былай қаладағы барлық қоғамдық жастар бірлестігі, ұйымдар осы Қауымдастықтың жанына шоғырланбақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев ақтөбелік әйелдерді мерекесімен құттықтады
  • Университет технопарк салмақшы
  • Футбол қауымдастығындағы өзгерістер
  • “Ақтөбе” футбол қауымдастығының президенті қызметінен кетті
  • Ерікті жастар Наурыз мейрамымен құттықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге