Жастар жұмыспен қамтылады

    Жастар жұмыспен қамтылады

    Бұл туралы Жастар ісі жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында мәлімделді,-деп “Ақтөбе-Ақпарат” орталығы хабарлайды.

    Отырысқа Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен қаладағы оқу орындарының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Шара барысында жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.
    Бегілі болғандай, 2016 жылы өңірде 19 мыңнан астам адам, оның ішінде 6,5 мың жас азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
    Жыл басталғалы бері 887 адамға жастар тәжірибесіне жолдама берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған 1 135 адамның 33 пайыздан астамы жастар. Сонымен қатар уақытша қоғамдық жұмыстарға 1 589 жас ақтөбелік жұмылдырылды.
    Бас бостандығын шектеу орындарынан шыққан азаматтарды еңбекпен қамту немесе қайта оқыту мәселелері назарға алынған. Таяу уақытта түзету колонияларынан босатылатын азаматтар туралы мәліметтерді қылмыстық-түзету жүйесі мекемелері еңбекпен қамту органдарына жібереді.

    Облыс әкімін жас азаматтарды жұмыспен қамтумен байланысты өзге де мәселелер, оның ішінде осы бағытта өзге құрылымдармен жұмыс жүргізу барысы қызықтырды.
    - Түрлі жағдайларға байланыс-ты көптеген түлек жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Жұмыс ұсынғанда мектеп бітірушілерге курстарда оқу арқылы мамандыққа ие болып, өз нанын өзі тауып жеу мүмкіндігі берілетінін ескерту керек. Біздің оқу орындарының түлектері мамандық қажет салаларда еңбек етулері тиіс. Әйтпесе, жұмыссыздар қатарын көбейтулері мүмкін, - деді Бердібек Сапарбаев.

    Өңір басшысы аулаларды ерікті түрде қалпына келтіріп жатқан ПИК жұмыстарының сапасы туралы да сөз етті.
    - Пәтер иелері кооперативінің жұмысына қатысты сұрақтар көп. Біз олар үшін жұмыс жасаймыз, ал кооператив тек ақша жинауды біледі. Бұл қаражат қайда кетіп жатыр, белгісіз. Сондықтан қала әкіміне ПИК жұмыстарын бір жолға түсіруді тапсырамын, - деді Бердібек Сапарбаев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев ҰБТ-да аз балл жинаған мектептерді жабуды ұсынды
  • Ақтөбеде 21 мамырда митинг болған жоқ
  • Көмек алып, жұмысқа орналасыңыз
  • Ақтөбеліктердің 40 пайызының ғана тұрақты жұмысы бар
  • Қалада дәрігерлер жетіспейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге