Қарт әжей бір жарым жыл бойы үйінде қамалып отыр

    92 жастағы Татьяна Домашенко кәрілік маразммен ауырады. “Қамқоршысы” оны есіктің сыртынан кілттеп кеткенде, ол терезені ұрып-соғып, үй тұрғындарының мазасын қашырады екен

    Татьяна Домашенконың жақын бір де бір туысы жоқ, балалары да болмаған. Қарттар үйінен 3 мәрте қашқан. Қарттар үйінен бас тарту жөнінде ол арыз жазып, ешкімнің мазаламауын сұрайды. Алайда ол кәрілік маразммен ауырғандықтан, кейде ақылынан алжып, қалада адасып кетуі де мүмкін. Осылайша, ол биыл қыстыгүні жоғалып кетіп, саусақтарын аязға үсіріп алған. Сондай-ақ, ол ас ішкенін де ұмытып қалады екен. Бұның үстіне тоңазтқышта тұрған азық-түлікті кәрізге төгіп тастайды. Сондықтан әлеуметтік қызметкер тоңазтқышты скотчпен жабуға мәжбүр. Әлеуметтік қызметкер қарт әжейге негізінен аптасына екі-ақ рет қана жолығуға міндетті. Бірақ қарт адамның мүшкіл жағдайын ескеріп, ол аптасына 5 рет келіп, оның асын да әзірлеп береді. Дегенмен оның да егде адамның қасында тәулік бойы отыруға шамасы жетпейді.
    Ал өзін Татьяна Домашенконың “қамқоршысы” етіп таныстырған Тамара Агапова есік сыртынан кілттеп кетуді қарт әжейдің қауіпсіздігіне бағытталған әрекет деп түсіндіреді. Қалалық әлеуметтік жәрдем орталығының директоры Айғаным Сарқұлованың айтуынша, Тамара Агапова ресми түрде қамқоршы емес.
    - Татьяна Домашенко өзінің танысы Лидия Гороваямен келісімшарт жасасқан. Соған сәйкес, Лидия Горовая Татьянамен бірге тұрып, оны қамтамасыз ету керек еді. Алайда Лидия Горовая 2015 жылы қайтыс болды да, келісімшарт өз күшін жойды. Қазір өзін “қамқоршы” деп таныстырып жүрген Тамара Агапова – Лидия Гороваяның қызы. Бұның үстіне, Тамара Агапованың айтуынша, Лидия Горовая – Татьяна Домашенконың туған немере жиені. Бірақ ол бұны дәлелдейтін бір де бір құжат ұсынбады, - дейді Айғаным Сарқұлова.

    Тамара Агаповадан гөрі әлеуметтік қызметкер Татьяна Домашенкоға жақын болып кеткен сыңайлы. Өйткені ол ас әзірлеп берумен бірге егде адамды суға да түсіреді, оның кірін де қолмен жуады, пәтерін де тазалайды.
    - Бұл әжейге күтім жасап жүргеніме 7 жылдан асты. Оны сыртынан кілттеп жүргенімізге бір жарым жыл болды. Қыстыгүні ол адасып кетіп, саусақтарын үстіртіп алған. Оған ұзақ ем жасап, тек қазір ғана жағдайын оңалттық, - дейді әлеуметтік қызметкер Әзия Қанжарықова.
    92 жастағы егде адамның артынан күтім жасау үшін екі-ақ амал бар: не тәулік бойы қасында отыратын қамқоршы керек, не жасы келген адамды қарттар үйіне тапсыру қажет.
    - Заң бойынша қарттар үйіне баруға ол өзі келісім беру керек. Біздер оны мәжбүрлей алмаймыз. Тәулік бойы қасында отыратын қамқоршы тауып беруге де құқығымыз жоқ, - дейді Айғаным Сарқұлова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлеуметтік қызметкерлер марапатталады
  • Қарттар үйінің тұрғыны қайтыс болды
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге