Полиция: Оқушы суицид жасады

    Полиция: Оқушы суицид жасады
    Ақтөбедегі орта білім беретін мектептердің бірінің оқушысы 7 қабаттан секіріп кетті. Оқушы қыз сол жерде жан тапсырған. Оқиға куәгерлерінің бірі оқыс жағдайдың күндізгі уақытта 11 ықшамауданда болғандығын айтады.

    1997 жылы туған қыз бала 30 сәуір күні өзіне өзі қол жұмсады-деген хабарды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі де растап отыр. Полицияның мәліметінше, осы дерек бойынша ҚР ҚК 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
    Суицид жасаған қыз бала Ақтөбедегі №26 мектептің оқушысы болатын. Мектеп басшысы мен мұғалімдер бұл деректі жоққа шығармады. Бірақ, түсініктеме беруден бас тартып отыр.

    Осы оқиғаны өзара қызу талқылап жатқан әлеуметтік желідегі ақтөбеліктер 11 сынып оқушысының өлімін Ұлттық Бірыңғай Тестпен байланыстыруда. Олар ҰБТ-ны оқушының жүйкесіне жүк түсіретін “психологиялық соққы” деп санайды.
    Полиция оқушының өліміне ҰБТ немесе өзге бір жағдайлардың себеп болғанын әлі хабарлаған жоқ. Қазір мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жоғалған оқушы ата-анасына ренжіген
  • Жоғалған оқушы табылды
  • Жол апатынан 8 жастағы оқушы қыз қайтыс болды
  • Мұғалім оқушыны ұрды деп айыпталды
  • Өгей әкесі өлімші етті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге