Туберкулезге шалдыққан 7 адам дәрігерлерден қашып жүр

    Ақтөбе облысында өткен жылы 500 ге жуық адамнан Кох таяқшасы табылған. Дәрігерлер ,әсіресе, бұл аурудың вакцинация алмаған балалардың арасында кең таралып кетуінен қауіптенеді. Өйткені былтыр ата-анасы екпеден бас тартқан екі сәби туберкулез жұқтырған

    Туберкулез - созылмалы жұқпалы ауру. Жыл сайын өңірде өкпе құртына шалдыққан 30 адам қайтыс болады. Әсіресе, дерт балалар мен жасөспірімдер арасында дендеп барады. Өйткені қазір облыста 2500-дей ата-ана екпеден бас тартып отыр. Олардың 1500-ден астамы туғалы вакцинация алмаған. Былтыр облыс бойынша 345 ата –ана баласына БЦЖ екпесін салдырудан бас тартқан. Соның салдарынан екі бірдей сәби құрт ауруын жұқтырған.
    -Жаңа туған балаларға 11 инфекцияға қарсы екпе салынады. Алайда бүгінгі күні 2500-дей адам вакцинадан бас тартып отыр. Олардың 75 пайызы діни себептерге байланысты бас тартса, қалғандары екпенің зияны туралы теріс ақпараттарды оқыған. Әсіресе, екпеден бас тартушылар Мұғалжар мен Темір ауданында көп.Екпеден бас тартатын ата-аналардың 58 пайызы жұмыссыздар болса, қалғандары теміржолшылар, кәсіпкерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер.Бұл балалар ертең мектепке барады, ал мұның соңы індет ошағының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.
    Ақтөбелік дәрігерлер құрт ауруының құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген мигранттар арасында да кең таралып отырғандығын айтады. Бұған жеке кәсіпкерлердің қызметкерлерін флюрографиялық тексеруден өткізуге аса мән бере қоймайтындығы себеп. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ербол Тәтімов те өкпе құртымен ауыратындардың арасында емделуден бас тартушылардың бар екенін жасырмайды. Өткен жылы Ақтөбе қаласы бойынша 42 адам емделуден бас тартқан. Дәрігерлер осыған дейін жұқпалы туберкулез түрімен ауыратын 20 науқасты мәжбүрлі түрде диспансерге жатқызып, емдеу шараларын жүргізген. Осылайша, аурудың кең таралуына жол берілмеген. Дегенмен қазір өкпе құртына шалдыққан 7 адам әлі қашып жүрген көрінеді.
    Жұқпалы індеттің жаппай таралуынан қауіптенген жергілікті дәрігерлер, имамдар мен қоғамдық ұйым өкілдері бұл мәселені қоғамдық тыңдау барысында талқылады. Олар бүкіл елге қауіп төндірмес үшін ақтөбелік ата-аналарды уақытылы вакцинация алуға шақырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Екпеден бас тартатындар арасында дәрігерлер де бар
  • 738 бала мүлдем екпе алмаған
  • Темір ауданында нәресте өлімі көбейген
  • Иммундау апталығы өтіп жатыр
  • Шұбаршиде елуге жуық тұрғын екпеден бас тартты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге