Автопаркте дағдарыс басталды

    Автопаркте  дағдарыс басталды

    Құрылтайшысы тұтқынға алынған Ақтөбедегі автопарктің басынан бақ тая бастады. Қазір кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлей алмай отыр. Жалақы қарызы 53 млн теңгеге жеткен. Осыған дейін бюджеттен миллиондаған субсидия алып, құрылтайшысы тұтқындалған соң миллиондаған қаржысына тыйым салынған кәсіпорында неліктен жалақы қарызының қалыптасып отырғандығы ақылға сыймайтын жайт. Бұл істің зардабын қарапайым қала тұрғындары тартатын сыңайы бар. Өйткені, кәсіпорын басшылары жол ақысын қымбаттатқысы келеді.

    537 автобусқа тыйым салынды

    Бұған дейін Ақтөбеде жолаушы тасып жүрген 537 автобусқа сот қаулысымен тыйым салынған болатын. Өйткені, бұл автобустардың барлығы осыдан бір ай бұрын құрылтайшысы тұтқынға алынған “Емшан” компаниясына тиесілі.
    -Тыйым салынған қоғамдық көліктер несиеге алынған. Банк-те кепілде тұр. Арест туралы естіген банктер бізге хатты қарша боратып жатыр. Олар “автопарк қарызын уақытылы төлемейді” деп қауіптенетін сияқты.Тіпті несиені толықтай өтеуімізді талап етіп жатқан банктер де бар,-дейді “Емшан” компаниясының ресми өкілі Руслан Жылқаманов.
    Қала аумағында жолаушы тасып жүрген автобустарға тыйым салу туралы сот қаулысы 30 маусым күні шыққан. Тап сол күні №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Зинаида Шмирова прокурордың кәсіпкерге тиесілі қоғамдық көліктерге
    тыйым салу жөніндегі ұйғарымын қанағаттандырды.
    Сот қаулысының негізінде “АВТОПАРК” ЖШС меншігіндегі 537 қоғамдық көлікке де тыйым салынды. Олардың басым бөлігі ПАЗ және HYUNDAI маркалы автобустар. Оған қоса “АЛ-АҚТӨБЕ”, “АҚЖОЛ ЛТД” және “МИЗАМ АВТО” ЖШС қарасты автокөліктерге тыйым салынған. Сот қаулысымен тыйым салынған көліктің жалпы
    саны - 644.
    Бұл көліктерді сатуға және айырбастауға болмайды. Алайда, аталмыш көліктердің жолаушы тасымалдауына ешқандай кедергі жоқ.

    Жерлестер қолдауы

    Осы аптада желіде тұтқындағы депутат Мейіржан Өндіргеновке қатысты видео пайда болды. YouTube видеохостингінде “Актобе группа” деген атпен тіркелген қолданушының видеосы Шалқар ауданының Ақтоғай ауылында түсірілген.
    Бұл -тұтқындағы кәсіпкер Мейіржан Өндіргеновтің туған жері. Мектептегі акт залға жиналған бір топ тұрғын депутаттың туған ауылына жасаған қайы-рымдылығын санамалап тауыса алар емес.
    Сөз алғандардың бірі Зәуре Сейтім есімді ақтоғайлық “Оған тіл өткен” деп топшылайды. Тұрғындардың бірі “жала жабылған” деп сенімді сөйлесе, енді бірі Өндіргеновтің істі болуын “бетің-жүзің бар демейтін мінезінен” көреді.
    Мейіржан Өндіргеновке қолдау білдірген ауылдастары оның болашақта ауылға су жүргізіп, балаларға спорт мектебін салмақ болғанын айтады. Сондықтан да, оның әлі де болса, бостандыққа шығып, қызметіне қайта оралатынына сенеді.
    Естеріңізге сала кетелік, “Емшан” компаниясының президенті Мейіржан Өндіргенов 1 маусым күні тұтқынға алынған болатын. Осыған дейін оның бірнеше жеке мүлкі мен банктердегі есепшоттарына, қолма қол қаржысына тыйым салынды. Тергеу облыстық мәслихаттың депутаты Мейіржан Өндіргеновке бұрынғы әріптесінен ірі көлемде ақша бопсалады және қорқытып-үркітті деген айып тағып отыр. Одан бөлек мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірді деген күдік келтірілуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тұтқындағы депутатқа тиесілі 644 көлікке тыйым салынды
  • Мейіржан Өндіргеновтің Астанадағы мүлкі мен банктегі қаржысына тыйым салынды
  • Мейіржан Өндіргеновтің жеке мүлкіне тыйым салынды
  • “Автопарк”: Бар күш компаниядағы тұрақтылықты сақтап қалуға бағытталып жатыр
  • Облыстық мәслихат депутаты 2 айға тұтқынға алынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге