Үй тонамақ болған қарақшылар ұсталды

    Үй тонамақ болған қарақшылар ұсталды

    Ақтөбеде жеке үйге шабуыл жасамақ болған қарақшылар ұсталды. Үйді тонамақ болған үш жігіт күзетшінің аузын скотчпен байлап, өлімші етіп сабап тастаған.

    Бұл оқиға 4 шілде күні қаланың қақ ортасында болды. Полицияның мәліметінше, ұрылар үй иелерінің қалада жоқ екенін алдын ала білген. Оңай олжаға кенелгісі келген үшеу шабуылға сақадай сай дайындалып барады. Олар өздерімен бірге шарқайрақ (болгарка) пен скотч алған.

    -4 шілде күні сағат 01:30-да полицияға Ғазиза Жұбанова көшесіндегі коттедждердің бірінің ауласында белгісіз біреулердің жүргені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткен полицияға қарақшылар оңайлықпен беріскісі келмей қарсылық танытты. Ұсталғандардың жасы 25, 30 және 32-де. Барлығы да қала тұрғындары,- дейді полицияның баспасөз хатшысы.

    Тергеу кезінде күдіктілер өз
    айыптарын мойындаған. Полиция тонала жаздаған үйді тексеру кезінде жазғы сарайдан күзетшіні тауып алды. Аяусыз соққыға жығылған күзетшіні ұрылар скотчпен байлап тастаған. Бет-аузының бәрі скотчпен таңылған күзетші жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
    Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қарақшылар тұтқынға алынып, бұлтартпау шаралары қолданылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Екі жастағы сәби 6 қабаттан құлап кетті
  • Іздеуде жүрген жігіт тал түсте кісі тонады
  • Ойылдағы қыстаққа шабуыл жасаған азаматқа үкім шықты
  • Қыстақты шабуылдағандардың бірі ұсталды
  • Телефон террорисі ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге