Күйеуін балталап өлтірген әйел сотталды

    Күйеуін балталап өлтірген  әйел сотталды

    Ақтөбеде азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел сотталды. Надежда Косованова енді өмірінің 8 жыл 6 ай мерзімін түрмеде өткізеді.

    Отбасылық жанжал биыл 21 маусым күні болған. 32 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуімен бірге өз үйлерінде ішімдік ішеді. Кейін олардың қатарына тағы бір ер адам қосылған. Біраздан соң араққа сылқия тойған күйеуі әйелін қызғанып, оған қол жұмсайды. Дөрекі сөзбен балағаттайды. Ашуланған әйел оның кеудесінен зілбалғамен ұрады. Мұнымен қоймай, кейін жансыз денесін бірнеше рет балталаған. Ауыр жарақаты салдарынан 56 жастағы еркек сол жерде қайтыс болды.

    Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сот отырысына келген марқұмның қарындасы да ағасының ішімдік ішетіндігін айтқан. Сотталушы оның алтыншы әйелі екен. Куәлар екеуінің жиі жанжалдасатынын, күйеуінің азаматтық некедегі әйеліне жиі қол жұмсайтынын айтқан.
    13 қазан күні судья Гүлжан Әжіғалиева Надежда Косованованы 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Жазасын өтеу орнында ол маскүнемдіктен де емделеді.Үкіммен марқұмның қарындасы да келісіп отыр.
    - Ағамның өзінен де бар. Арақты көп ішетін. Алайда, ол үшін адам өлтірмеу керек қой.
    8 жыл әйел адам үшін аз емес.Жазасын тартсын енді. Үкімге көңілім толады,-дейді Бибісара Дос-ниязова.

    Сотталушы марқұммен үш жыл бірге тұрған. Ата-аналық құқығынан айрылған әйелдің екі баласы қазір балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бес баласы бар фельдшер 17 жастағы қызды зорлаған
  • Педофил “әке” 16 жылға сотталды
  • Азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Күйеуін қызғанған әйел сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге