Жұмыссыз әйел қызын боқтағаны үшін азаматтық некедегі күйеуін пышақтап тастады

    Ақтөбеде азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйелдің соты басталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

    Жұмыссыз әйел азаматтық некедегі күйеуін “қызымды боқтады” деп пышақтап тастаған. Бұл оқиға қазанның 5-і күні Қандыағаш қаласында болды.
    Ерлі-зайыпты екеу бірге ішімдік ішкеннен кейін жанжалдасып қалады. Сөз арасында ер адам әйелінің жасөспірім қызына тіл тигізген. Ас ішетін бөлмеде ұйықтап жатқан қызын оятып алмау үшін шамды жақпаған әйел ас үйден пышақ алып келеді. Бұл сәтте ер адам төргі бөлмеде шалқасынан жатқан.
    Мемлекеттік айыптаушы Амангүл Жұмағалиеваның сөзіне қарағанда, жанжал түнгі 00:15 шамасында туған. Ер адам алдымен үй иесінің қызын тілдеп, артынша әйелдің жағынан тартып жібереді. Осы сәтте жүйкесі сыр берген әйел ас үйге барып пышақ алып келген.

    Қансырап жатқан жігіттің әлі де тірі екендігін көрген әйел 00:30 шамасында оның жүрегіне пышақ сұғып алған. Зардап шегуші сол жерде тіл тартпастан кетеді.
    Қырық жастағы әйел сотта өз айыбын мойындап отыр. Еш жерде жұмыс істемейтін айыпталушының екі қызы бар. Тұңғышы тұрмыс құрған. Кенжесі әпкесімен бірге тұрады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сәбиін сатпақшы болған әйелдің ақыл-есі кем боп шықты
  • Баласын сатқан әйел аналық құқығын қайтаруды сұрайды
  • Күйеуін балталап өлтірген әйел сотталды
  • Азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды
  • Күйеуін қызғанған әйел сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге