Трактор зауытының күзетшісін өлтірген ер адам сотталды

    Ақтөбеде “МТС Трактор” ЖШС қарауылын өлтіріп, ұрлық жасаған қобдалық жігіт 12 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұрын бірнеше рет істі болған сотталушы жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

    Оқиға 2016 жылдың 17 сәуірінде болған. Сотталушы сол күні ішімдік ішкен күйі Ақтөбедегі “МТС Трактор” ЖШС-не келеді. Ондағы ойы мекемеге күзетші болып жұмысқа орналасу болған. Кейін мекеме қарауылымен жолығып, бөлмесінде ішімдік ішуге рұқсат сұрайды. Біраздан соң жұмыс орнында қалғи бастаған сотталушыға қарауылшы ескерту жасайды. Мұнысына құлақ аспағасын, есін жиғызу үшін бір рет алақанымен бетінен ұрады. Осыны желеу еткен сотталушы жәбірленушіні металл құбырмен басынан екі рет ұрады. Қарауылшы әлсіреп, еденге құлап қалады. Ал сотталушы мекемеде ешкімнің жоқ екендігін пайдаланып, автокөлік қозғалтқыштарын ұрлайды. Сәлден соң есін жия бастаған қарауылды тағы да соққының астына алады. Ашық бас сүйек-ми жарақатынан ер адам сол жерде көз жұмған. Қарауылдың ұялы телефонын қолды еткен 27 жастағы жігіт қылмыс орнынан ізін суытады. Сотталушы бұған дейін екі мәрте істі болған. Соңғы рет бұзақылығы үшін бас бостандығы шектелген сотталушы жазасын енді темір тордың ар жағында өтемек. Бұған қоса оның мүлкі де тәркіленеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 1 топтағы мүгедек 11 жылға сотталды
  • Ақтөбе облысында 88 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген жігіт сотталды
  • 43 жастағы жігіт ит етін бөліп жеген бөтелкелесін пышақтап өлтірді
  • Ақтөбеде карта үшін жанжалдасқан нағашысы жиенін өлтірді
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге