Ақтөбеде есірткі насихаттаумен айналысқан тұрғын ұсталды

Ақтөбеде есірткі насихаттаумен және жарнамалаумен айналысқан 21 жастағы жігіт ұсталды.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Жас жігіт есірткіні интернет арқылы таратуға жұмысқа шақырған жарнама парақшаларын көшеге жапсыру кезінде құрықталды. Полицияның дерегінше, ұсталған жігіт telegram қосымшасында хабарландыру тапқан. Онда 18 мың теңгеге немесе 1 грамм синтетикалық есірткіге 100 дана парақша жапсыру ұсынылған. Ақтөбеліктің өзімен бірге 94 парақшасы болған, алайда таратып үлгермеген. Осы факті бойынша ҚР ҚК 299-1 бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.




Құқық
12:53, 16 январь 2024
1 183
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив