Түрмеге ішімдік тасыған мұғалжарлық айыппұл төлейді

    Сотталғандарға ішімдік жеткізбек болған мұғалжарлық азамат жазаға тартылды. Түрмеге тыйым салынған заттарды тасымалдамақ болған ер адам енді 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

    Оқиға биыл 9 наурыз күні болған. 21 жастағы жұмыссыз жігіт Жем қаласындағы КА-168/5 мекемесіне 1 литрлік пластик ыдыстағы алкоголдік ішімдіктің 10 бөтелкесін өткізбек болған. Алайда, ол жазасын өтеушілерге құтылардағы сұйықты лақтырып жатқан кезінде түрме қызметкерлерінің қолына түсіп қалды.Сот отырысы барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.
    Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының шешімімен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ішімдік тәркіленіп, оған 19 мың 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Парақор тергеуші 1,5 миллион теңге айыппұл төлейді
  • Әскери қызметкерден ақша талап еткен мұғалжарлық сотталды
  • Жасөспірімге шылым сатқан дүкенші жазаланды
  • Геннадий Головкиннің жанкүйері айыппұл төлейді
  • Мас жүргізуші айыппұл төлейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге