100 НАҚТЫ ҚАДАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

    100 НАҚТЫ ҚАДАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

    “100 нақты қадам” ұлт жоспары негізінде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың атқарған ісі көп. “Болашаққа нық қадам жасауды көздеген Ұлт жоспарынан тыс қалғымыз келмейді” дейді жастар.

    Мемлекет басшысы ұсынып отырған Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамына енген “Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату”, “Нұрлы болашақ” ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру міндеттері кеңінен атап көрсетілген.

    Ұлт Жоспарының кіріспесінде: “100 нақты қадам” – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары” екені атап көрсетілген. Бүгінгі таңдағы жас маман – осы істің бастамашысы, жанашыры.

    Осы орайда атқарылған жұмыс та аз емес. Жастар ресурстық орталығы жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, отансүйгіштікті қалыптастыру жолында жұмыс істейді.
    Орталықтың бастамасымен “Мәңгілік ел” бағдарламасы аясында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы шығармашыл жастарды біріктірді.

    “Шексіз шығармашылық”, “Түріміз басқа, тілегіміз бір”, “Менің мамандығым – менің мақтанышым”, “Намысты жастар”, “Біз – Ақтөбенің таланттарымыз” атты байқаулар мен “Street workout” турнирі өңіріміздегі мыңға жуық жастың басын қосты.
    Сонымен қатар, жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жастарды анықтап, мәдени-қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал етуді көздейтін “Жастар жалыны – 2015” жобасы да қыз-бозбалаларға рух берді.

    Гүлнар Мақатова,
    Жастар ресурстық орталығы ақпараттық кеңес беру бөлімінің кеңесшісі:
    -Белгілі бір межеге қол жеткізу үшін білімді де жан-жақты болу қажет. Сол себепті де “100 нақты қадам” еліміздің ілгері дамуына бағытталған. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауындағы 5 реформаның әрбіреуі арнайы бағыттарға бөлінген. Мұның барлығы жарқын да берік болашаққа қарай нық қадам жасауға жаңа серпін береді. Бүгінде бар күш “Мәңгілік ел” идеясын жүзеге асыруға жұмылдырылуда. Біз де өз кезегімізде бұл бағдарламаларды жастарға жеткізудің, насихаттаудың жолы ретінде, кездесулер, түрлі іс-шаралар өткіздік. Ұлт жоспары аясында жасалған “Жастар жалыны – 2015” жобасы көпшілікке жігер берді. Бұл жастардың жаңа белестерді бағындыруға деген ынта-жігерлері биыл да ерекше екенін көрсетті.
    Айгүл Есетова,
    Жастар ресурстық орталығы ақпараттық-кеңес беру бөлімінің бас маманы:
    -Ұлт жоспары – еліміздің гүлденуі, жарқын болашаққа бастар жол. Аталған міндеттердің жүзеге асырылуы ел келешегінің, кемел болашағының жарқын болуына негіз болары сөзсіз. “100 нақты қадам” елімізде “2050 – Стратегиясын” жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.

    Данияр Ізбасаров,
    Жастар ресурстық орталығы-ның жастар бастамаларын жүзеге асыру және ұйымдастыру бөлімінің басшысы:
    -Белгілі бір межеге қол жеткізу үшін білімді де жан-жақты болу қажет. Сол себепті де “100 нақты қадам” еліміздің ілгері дамуына бағытталған. Бес реформаның әрбіреуі арнайы бағыттарға бөлінген. Мұның барлығы жарқын да берік болашаққа қарай нық қадам жасауға жаңа серпін береді. Бүгінде бар күш “Мәңгілік ел” идеясын жүзеге асыруға жұмылдырылуда. Аталмыш қадамдар барша саланы қамтиды. “Іске асыру тетігі” деп аталатын бөлімде бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту жөніндегі Ұлттық Комиссия құрылғаны туралы айтылған. Ұлттық комиссия бес институттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы, тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жос-парын айқындауы тиіс екені және өзге де жайттар атап көрсетілген. Осыдан-ақ “100 нақты қадамның” маңыздылығы ерекшелене түспек.

    Бүгінде мемлекеттің басты мақсаты - әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену. Осы орайда, барлық шешуші салаларды жаңғыртуға бағытталған “100 нақты қадам” Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, түзу жолдан таймай, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын құжат екені сөзсіз. Жастар да осы жоспар барысында аянбай еңбек етуді парыз санайтындықтарын атап өтті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Отан отбасынан басталады
  • АРДАГЕРЛЕРГЕ ТОНОМЕТР ТАБЫСТАЛДЫ
  • ЗАМАНҒА САЙ ЗАҢ КЕРЕК
  • Биыл бастауыштағыларға тегін оқулық берілетін болады
  • Жұмыссыз жастар назарына!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге