ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

    ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН  СЕМИНАР ӨТТІ

    1 қазан күні Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жас отбасылардың қоғамдағы орны және оларды әлеуметтендірудің өзекті мәселелері” атты семинар тренинг өтті.

    Шараның мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпараттандыру.

    Алуа Қасымова, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары:
    -Шараға ауданнан, қаладан жас отбасылар қатысып отыр. Тұрғын үй, жұмыспен қамтамасыз ету секілді негізгі мәселелер туралы ақпарат берілді. 14 пен 29 аралығындағы жастармен тығыз жұмыс жасап келеміз. Қатысушылар тарапынан жас отбасыларға, көп балалы аналарға қандай жеңілдіктер болатындығы туралы көп сұрақ қойылды. Менің өзім де жас отбасы өкілімін. Көптеген қажетті ақпарат-кеңестер алдым.

    Мұндай семинар-тренингтер тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен селоларда да өткізілсе деген ұсыныстар болды. Сонымен қатар, жас отбасылар клубын құру керектігі айтылды. Шара барысында “Отбасы – ұлттың тірегі” атты көрме ұйымдастырылып, жас отбасылардың өмірін, демалыс-тарын баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.

    Бақытгүл Жарас, семинарға қатысушы:
    -Қарғалы селосындағы №53 мектептің мұғалімімін. 21 жастамын. Отбасын құрғанымызға бір жыл болды. Бүгінгі семинардан көп нәрсе алдым. Жас отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат берілді. Қазір жолдасым екеуміз пәтер жалдап тұрып жатырмыз. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” ақша жинау арқылы қалай пәтер алуға болатындығы туралы кеңес берілді. Келген жастар көп нәрсені үйренді деп ойлаймын. Тренинг жоғары дәрежеде өтті. Мұндай әсер аламын деп ойлағаным жоқ. Ұйымдастырушыларға көп рақмет.

    Шара соңында белсенді қатысушы отбасыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар таратылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ЕҢБЕК ДИНАСТИЯСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
  • ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНАДЫ
  • ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ
  • Үйсіз жастар назарына!
  • Мейрамхана бизнесіне арналған семинар өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге