Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс көбейген

    Қыркүйек айының есебі бойынша, облыста кәмелетке толмағандар арасында 93 қылмыс жасалып, былтырғымен салыстырғанда 25 пайызға артқан. Бұл туралы Гуманитарлық колледжде өткен дөңгелек үстел басындағы жиында айтылды.

    15 қазанда Ақтөбе гуманитарлық колледжінде “Қоғамның қуаты – тәртіп пен талапта” атты дөңгелек үстел өтті. Құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікке арналған шараның мақсаты – жас ұрпақтың қоғамдағы ұсақ құқықбұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
    Мамандардың мәліметінше, колледждер арасында қылмыс саны 10,8 пайызға артып отыр. Былтыр колледждер арасында 46 қылмыс болса, биыл 51 қылмыс тіркелген.

    Гүлбарша Жиенқұлова, Гуманитарлық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
    -Колледжде “Түнгі қала”, ”Жасөспірім”, ”Каникул” атты рейдтер өтіп тұрады. Белгілі бір жасқа дейін түнгі 23:00-ден соң ересек адамсыз көшеде жүруге болмайды. Міне, солардың алдын алу барысында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Бізде ондай құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, жұмыс істейміз. Адами құндылықтарды да естен шығармауымыз керек.

    Колледжде бүгінгі таңда 1385 студент оқиды. Олардың 381-і Ақтөбенің тұрғындары, қалған оқушылар облыс аймақтарынан, басқа өңірлерден келген. Осы оқушылардың 260-ы жатақханада тұрады. Жалпы студенттердің
    112-сі ер бала, қалғандары қыз бала.
    Гуманитарлық колледжде қылмыстың алдын алу мақсатында арнайы қоғамдық кеңес құрылған. Құрамы тек мұғалімдерден тұратын кеңес барлық студенттерді қамтиды. Осындай жұмыстың арқасында, соңғы екі жылдың көлемінде колледж студенттері арасында ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ,-дейді құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамдық кеңесінің мүшесі Ербатыр Қалышев.

    -Елбасымыз Қазақстан 2050 стратегиясында осы бағытқа ерекше назар аударған болатын. Айналада болып жатқан ұсақ құқық-бұзушылықты тоқтату, үлкен қылмыстың алдын-алу деген сөз. Барлық студенттерді қамтимыз. Оқу орны Зауыт полиция бөліміне қарасты аумақта. Олардан да ақпарат алып отырамыз.

    Әрбір саналы азамат бұл мәселені жеке басынан бастауы керек. Үлкен қылмыстар ұсақ құқықбұзушылықтан басталады. Себебі, жаман әдет күнделікті әрекетке айналады. Адам соған үйренеді. Ал ұсақ құқықбұзушылық үшін арнайы бап бар.

    Алтыншаш Жасанова, ІІД әкімшілік полиция басқармасы профилактика бөлімінің бастығы:
    - Осы колледж студенттерімен оқу жылы басталғалы екінші рет кездесіп отырмыз. Студенттермен кездесу барысында көптеген мәселелер айтылады. Қазіргі еліміздің басты міндеттерінің бірі – бұл ұсақ құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыруымыз керек. Елбасы атап көрсеткендей, бұл қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Еліміздің алға қойған мақсаттарына жету жастардың қолында. Әр қадамдарын абайлап басса, істеген әрекеттеріне жауап бере алса... Біздің көздегеніміз - осы.
    Құқықбұзушылық көп тіркелген оқу орындарының көшін Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі бастап тұр. Бұл оқу орнының жастары биылдыққа бес рет көзге түскен. Одан бөлек құрылыс-монтаж колледжі, Хромтаудың тау-техникалық, Қобда аудандарындағы колледж студенттері де полиция қызметкерлерінің назарында.

    Қылмыстың алдын-алудың бір түрі түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Ол үшін әр оқу орнына инспекторлар бекітілген. Түнде арнайы органдардың тексерісі кезінде ұсталған студенттер қалалық болса, ата-аналары шақыртылады. Алыс ауданнан келгендер үшін колледж жауап береді,-дейді мамандар.
    Сонымен қатар, 18 жасқа толмаған жастар түнгі он бір мен таңғы алты аралығында ересек адамдарсыз көшеде жүруге болмайды деп ескертті орган қызметкерлері.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көше кезбелері полиция назарында
  • Әкімдікте жасөспірімдер жайы сөз болды
  • Түнгі қаланың тәртібі
  • Бала еңбегін қанауға болмайды!
  • Ембіде мектеп басшысы көшеде дәрет сындырған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге