Облыс әкімі уәдесінде тұрды

    Облыс әкімі уәдесінде тұрды

    Экстрималды спортпен айналысатын жастар 5 жыл бойы әкімшіліктен скейт-парк салып беруін сұраған. Тек Бердібек Сапарбаев қана олардың өтінішін жерге тастамады.

    8 қазан күні Тұңғыш Президент атындағы саябақта скейт-парктің ашылу рәсімі өтті. Бұрында жастар асфальт төселген қатты жерде жаттығып жүрген. Ендігәрі олар арнайы жабдықталған жерде өз шеберліктерін шыңдай алады. Скейт-парк ту тұғырының артында орналасқан.
    Никита Мейер - BMX велосипедпен трюк жасайтын әуесқой спортшы. Оның айтуынша, жастар скейт-парк салып беру туралы 5 жыл бойы облыс әкімшілігінен сұраған. Олар тіпті, бұрынғы облыс әкіміне де жолыққан. Алайда жастар қанша тырысса да, олардың сөздеріне ешкім құлақ аспаған.

    - Біздерді жай көшеде жүгіріп жүрген балаларға теңеді. 1 мау-сымда облыс әкімі Бердібек Машбекұлымен алғаш рет кездестік. Ол бізге скейт-парк салып беремін деп сөз берді, - дейді Никита.
    Бердібек Сапарбаев жастарға тағы да спорт алаңдарын салып беруге уәде етті.
    - Егер қатысамын деушілер көп болса, қаланың ескі аймағында да, Батыс ауданында да тағы скейт-парктер саламыз. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында 10 воркаут нысандары пайда болды. Ендігі кезекте жастар спортпен көбірек айналысу керек. Сіздер өз достарыңызды күнде спортпен айналысуға шақырыңыздар. Бәрі де өз қолдарыңызда. Ал біз, жергілікті билік сіздерге қажетті жағдай жасаймыз, - деп облыс әкімі жастарға үндеу тастады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жастар фестивалі өтті
  • Бердібек Сапарбаев екі шенеунікке сөгіс жариялады
  • Ақтөбе халқының 30 пайызын жастар құрайды
  • Ақтөбеде жастарға арналған аула клубы ашылды
  • Студенттерге облыс әкімі гранты берілетін болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге