“Zello” жүргізушілердің ынтымағын арттырды

    Ақтөбе қаласында тұратын 5 мың көлік жүргізушісі “Zello” қосымшасы арқылы 24 сағат бойы өзара байланыста. Олардың қатарына қосылу қиын емес. Ол үшін интернеттегі “Zello” қосымшасынан “Водители Актобе” деген арнайы каналды тауып алуыңыз керек. Сонда сіз қала аумағындағы көлік кептелісі, ірі апаттар мен тас жолдардың жағдайынан сол заматта хабардар боласыздар.

    Ақтөбенің көлік жүргізушілері арасында ынтымақ бұрыннан бар. Бірақ, жолдағы жанашырлығы үшін авариялық шамды 3 рет жағып, алғыс айту қазір аздық етеді. Оның үстіне көлік иелерінің смартфондары интернетке қосылған болса, сол мүмкіндікті неге пайдаланбасқа?
    Ақтөбенің көлік жүргізушілерінің қолын ұзартып, бір-бірімен байланыстырып отырған қосымша “Zello” деп аталады. Нақтырақ айтқанда, сол қосымшаның “Водители Актобе” деп аталатын каналы. Одан да нақтырақ айтар болсақ, көлік жүргізушісінің интернетке қосылған қалта телефоны кәдімгі рацияның рөлін атқара алады.
    Қазіргі таңда арнайы каналға 5000-нан астам ақтөбелік тіркелген. Орта есеппен тәулік сайын желідегі жүргізушілердің 100 шақтысы белсенділік танытады.
    “Керек.info” тілшісі де осыдан 2 апта бұрын ақтөбелік жүргізушілердің арнасына тіркеліп, бірнеше күн сырттай бақылаған болатын. Осы аралықта бұл арнаның көлік иелерінің ынтымағын арттырған үлкен күш екендігіне көз жеткізді.
    Ақпан айының 13-і. Сағат түскі 12-лер шамасы.
    “Zello” қосымшасын пайдаланушы бикеш өзі келе жатқан көшеде көлік кептеліп тұрғанын айтты. Сол мезетте оның көлігінің ізінен келе жатқан жүргізуші жігіт те желіні пайдаланып отырса керек. Ол әлгі аруға жанашырлық жасап, артқы әйнекті сүртетін жабдығының түсейін деп тұрғанын ескертті.
    “Иә, білемін. Осы бойы техникалық қызмет көрсету станциясына барып, жөндетіп алмақшымын ”-деді “Zello” қосымшасын пайдаланушы бикеш. Ізінше желіден “Әуре болып не қыласыз? Жол бойына тоқтаңыз. Мен-ақ бекітіп берейін” деген мәрт жауап естілді. Арнадағылар жігітті қошеметтеп,кейбіреулер “желіде терезе сүрткіші түсейін деп тұрған қыздар бар ма, көмектесер едік?” - деп қалжыңдасып жатты.
    “Zello” қосымшасындағы “Водители Актобе” каналында дөрекілікке, боқтық сөз айтуға тыйым салынған. Сондай-ақ, желінің жол ережесін бұзып, қылмыс жасағандарды бүркемелемеу туралы талабы да бар. Халық арасында бұл желіні “жол полициясының тыңшысы” немесе “қас дұшпаны” санайтындар да жоқ емес. Модераторлардың айтуынша, бұл желі жолдағы тәртіпті сақтаушылардың кез келгенімен одақтас бола алады.
    “Водители Актобе” каналының “Dogma077” деген атаумен тіркелген модераторы жобаның ашылғанына 1 айдан астам уақыт болғанын айтады.
    -Жақында қала басшыларының қабылдауына бармақшымыз. Ондағы ойымыз- “Водители Актобе” каналын ресми түрде тіркету. Мұндай арналар Алматы және Қарағанды қалаларында бар. Бірақ, бізде жол полициясы қызметкерлерінің қайда тұрғанын сұрауға тыйым салынған. Жүргізушілер өз пікірлерін қазақ және орыс тілінде білдіруге құқылы. Кейбір инспекторлар белгіленген орында тұрмауы,өзінің құқығын асыра пайдалануы мүмкін. Егер каналымыз ресми болса, жол полициясының жұмысын бақылаушылармен бірлесе әрекет етер едік. Сондай-ақ жыл қорытындысын шығарып,біздің көмегімізбен қанша ереже бұзушылық анықталғаны туралы ресми ақпарат алып отырсақ,еңбегіміздің бағаланғаны емес пе?
    “Zello” бағдарламасында “Водители Актобе” деген атаумен ашылған тағы бір канал бар. Модераторлар оны фейк (жалған) канал дейді. Оны түпнұсқадан ажырату аса қиын емес. Ең басты айырмашылығы, жазылушылар саны 100-ге жетпейді. Сондықтан жергілікті көлік жүргізушілердің ынтымағын арттырмақ ойыңыз болса, ең алдымен жазылушылар санына мән бергеніңіз жөн. Тағы бір қажет кеңес, ақтөбеліктердің арасында танылып үлгерген каналды биыл қаңтардың 10-ы күні “Zidan” деген никтің (интернеттегі бүркеншік есім) иесі ашқан.
    Ақтөбелік көлік жүргізушілерінің бірлестігіне кез келген адам мүше бола алады. Ол үшін қалтаңызда интернетке қосылған заманауи телефон болса, жетіп жатыр. Айтпақшы, сыпайылық туралы да ұмытпаңыздар. Өйткені,аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатындардың нөмірі бірден бұғатталады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Емші бала Ербосын Ақтөбеге келді
  • Интернетте фейк аккаунттар көбейіп келеді
  • Ең әзілқой полицей
  • Геннадий Головкиннің жанкүйері айыппұл төлейді
  • Мас жүргізуші айыппұл төлейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге