Алимент төлемей жүрген шетелдік Отанына бару үшін қарызын өтеді

Ақтөбеде 8 жылдан бері баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген әзірбайжандық азамат еліне бару үшін қарызын төлеуге мәжбүр болды.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Ақтөбеде Әзірбайжан азаматы 8 жылдан бері алимент төлемей жүрген. Оның баласына қарызы 3,5 миллион теңгеден асып кеткен. Борышкерге ҚР аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынған. Басында мүлкі болмаған. Он жылдан бері туған жеріне де ат басын бұрмаған. Оған себеп- баласына алимент төлеуден жалтаруы. Биыл әке-шешесіне бару үшін 3 547 920 теңге берешекті баласына төлеуге тура келген.

Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының мәліметінше, жыл басынан бері сот шешімін орындамаған 92 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 63 әке бес тәулікке қамауға алынып, 29-ына айыппұл салынған.

Облыста биыл қаңтар айынан бастап 112 баланың пайдасына жалпы сомасы 111 448 237 теңгеге алимент бойынша берешек өндірілген.






Әлеумет
10:30, 26 март 2024
6 239
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив