Жолаушы лас вагон үшін моральдық зиян өндірді
Лас вагонға мінген жолаушы «Жүк Тасымалы» АҚ-нан 100 000 теңге моральдық зиян өндіріп алды. Бұл туралы Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Аружан СМАҒҰЛОВА
@smagulova__aruzhan
Жолаушы былтыр кәмелетке толмаған қызымен бірге «Атырау-Ақтөбе» бағыты бойынша пойызға мінген. Ол вагонға отырғаннан кейін антисанитариялық жағдайды байқап, вагон бригадирынан орынды ауыстыруды немесе басқа вагонға орналасуды сұраған. Атап айтсақ, вагон шаң, жуынуға арналған крандардан лас су ағып жатқан. Бірақ вагон бригадирі оның өтінішінен бас тартқан.
Жолаушы полиция қызметкерлеріне антисанитарлық жағдайды көрсеткен. Полиция қызметкерлері санитарлық жағдайды фото, видеоға түсіріп алған. Соттың шешімімен жолаушылардың пайдасына 100 000 теңге моральдық зиян және 200 000 теңге өкілдің көмегіне өндірілді. Сот билет құнын өндіруден бас тартты. Себебі олар билет бойынша белгіленген орынға жеткен. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.