Ақтөбеде жасөспірімнің денесі табылды
Бүгін сағат 14.00-де Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды.
Алдын ала тергеу барысында оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить