Жоғалған балалар котлованнан табылды

    Жоғалған балалар  котлованнан табылды
    20 наурыз күні жоғалып кеткен 2 баланы Алға қаласының тұрғындары 1 тәуліктен астам уақыт іздеді. 9-10 жастағы екі ұлды туыстарынан бөлек 300-ге тарта адам табандарынан таусылып, таба алмай қойған. 21 наурыз күні Әмір мен Сұлтанды еріктілер жасағы Алғаның Байтұрсынов көшесіндегі тереңдігі 3 метр шұңқырдан тапты.

    Терең шұңқырда түнеп шыққан балалардың бойлары әбден мұздап қалыпты. Айғайлай-айғайлай дауыстары қарлыққан. Жылай-жылай әбден әлсіреп, қатты қорқып қалған.
    9 жастағы Әмір мен 10 жастағы Сұлтанды тауып алған еріктілер жасағының мүшелері сыртқа шыққанда балалардың буындарынан әл кетіп, құлап түскендерін айтады.
    Әмір Имамурзин мен Сұлтан Батырамбетовтің әкелері туыс. Өздері көрші. 20 наурыз күні сағат 16.00-дер шамасында ойынға шығып кеткен екеуі қас қарая оралмай қойған. Алғашында өз беттерінше іздеген ересектер түнгі сағат 10-дар шамасында екі баланың жоғалып кеткендігін полицияға хабарлайды.

    Несібелі ЕЛЕУСІЗОВА, Сұлтанның анасы:
    - Әмір-қайнымның баласы. Ол Алғадағы №4 ОМ 4-сыныбында, ал Сұлтан 5-сыныпта оқиды. Әрі көрші тұрамыз. Тетелес өскесін үнемі жұптарын жазбай, бірге жүреді. Сол күні екеуі әдеттегідей ойынға шығып кеткен болатын. Кешкі сағат 6 болды. Алаңдай бастадық. Әмір келді ме? - деп үйінен сұрасақ, ол да келмеген.Көрші балаларға қоңырау шалдық.Бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ.Полицияға хабар бердік.Жанұшырып жүріп, Алғадағы бақсы-балгердің бәрін араладым. Біреуі “балаларды ұрлап әкеткен” десе, енді бірі “бір жерде қатты тоңып отыр, ертең табылады” деп жүрегіме үміт ұялатты. Небір сұмдықты естіп, көріп жүргендіктен зәреміз ұшты. Сол түні басымнан өткен азапты дұшпаныма да тілемеймін.
    Сұлтан мен Әмірдің ата-анасы ғана емес, ет жақын туыс, көрші-көлемдері наурыздың 20-нан 21-іне қараған түнді көзбен атырды.Полиция да аяғынан тік тұрып, ағайынды 2 ұлдың суреті бар хабарламаны Алға мен Ақтөбенің аралығындағы әр бағанға жапсырып шықты. Таң бозара салысымен еріктілер жасағы мен қарапайым алғалықтар, балалардың туыстары жалпы саны 300-ге жуық адам із кесуге қайта кірісті.
    Бірақ, Әмір мен Сұлтанды жылу қазандығының маңайынан іздеу туралы ой №4 мектептің жоғарғы сынып оқушы-ларының бірінің ғана ойына келген. “Бір-екі рет осы маңда ойнап жүргенін көргенмін” деген ол еріктілер жасағын қазандық жаққа ертіп барады.
    Балалар 21 наурыз күні күндізгі сағат 11-лер шамасында Алғаның Байтұрсынов көшесіндегі беті ашық котлованнан табылды. Еріктілер шұңқырдың аузынан түсірген суретте кішкентай Әмірдің көзіндегі үрейді аңғаруға болады. Ал, Сұлтан қар үстінде шалқасынан түсіп жатыр. Қардың ери бастағандығы байқалады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, котлованның ішінде тобықтан келетін қар суы болған.
    Жоғалған балалар  котлованнан табылды
    Балалардың айтуынша, ойнап болып үйлерін бетке алады. Бір мезетте алда кетіп бара жатқан Әмір жоқ болып кеткен. Екі адым аттауы мұң екен 3 метрлік котлованның ішінен Сұлтанның өзі де бір шығады. Тас түнек, әрі мұздай суық, терең құдықтан өз беттерінше шыға алмасын білген балалар дауыстары қарлыққанша көмекке шақырады. Түн ортасы ауа дыбыс шығаратындай дәрмендері қалмай әбден әлсірейді. Кейін талықсып ұйықтап кеткен. “Оянып кетсем, жұлдыздар жарқырап тұр екен. Біз қайтадан көмек шақырдық. Бірақ, ешкім естіген жоқ” дейді Сұлтан. Қазір сыз шұңқырда түнеп шыққан екі бала Алға аудандық ауруханасында ем алып жатыр. 21 наурыз күні аурухананың реанимация бөліміне түскен балалар ертеңіне палатаға шығарылды.
    Дәрігерлердің айтуынша, котлованға түсіп кеткен 2 баланың жағдайы жаман емес. Әбден қорқып, қатты жаурап қалған. Бойларына өткен суықтан өкпелері қабынып кету қаупі бар. Сондықтан дәрігерлер балалардың әлі де бірер күн бақылауда болатынын айтады.
    9-10 жастағы екі ұл абайсызда түсіп кеткен котлован Әмірдің әкесі Азамат Имамурзиннің айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесіне қарасты жылу қазандығына тиесілі. Әдетте мұндай мекемелер стратегиялық маңызды нысан ретінде тәулік бойы күзетілуі тиіс.Алғадағы нысанның неліктен ашық-шашық жатқандығын тергеу анықтайды. Әзірге белгілісі, жылу қазандығының сол түні кезекшілікте болған диспетчері мен операторы балалардың көмек сұрап айғайлаған дауысын естімегендерін айтқан.
    Беті ашық құдықтар, көмілмеген траншеялар мен күзетілмейтін котловандар облыс орталығында да аз емес. Олардың беті ішіне біреу құламайынша, жабылуы да екіталай. Бір ажалдан аман қалған 10 жастағы Сұлтанның анасы Несібелі Елеусізова Алғаның Байтұрсынов көшесіндегі котлованның айналасына осы оқиғадан соң қазық қағылып, лента керілгендігін айтады.
    Осыған ұқсас оқиға Ақтөбеде 2007 жылғы сәуір айында болған еді. Ол кезде 9 жастағы бала “Ақбұлақ” АҚ қарасты канализациялық құдыққа түсіп кетіп, қаза болды. Кәріз құдығының бойымен ағып кеткен баланың мәйітін арнайы қызмет 4 тәуліктен соң ғана тауып алған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Гоада балаларды құтқармақ болған қазақстандық қаза тапты
  • Біздің сүйікті кондуктор
  • Кісі тонаушы 2 жылдан соң сот алдына келді
  • Ақтөбенің қыршын кеткен әртістері
  • Айнашқа көмек қажет
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге