Лайкомания – сырқат

    Лайкомания – сырқат

    Сәуір айының соңғы күндері әлеуметтік желіні дүр сілкіндіріп, мыңдаған лайк жинаған фотосуреттердің бірі #ЖивиАлиби хэштегімен таратылған суреттер. Өлімші халге түскен астаналық жігіттің фотосы жариялануы мұң екен, мыңдаған адам repost жасап, тарата бастады.

    Әлеуметтік желілерде аяныш туғызатын фотосуреттер жылдам таралады. Мұны жергілікті блогер Дина Бөкенбаева да аңғарған. Оның айтуынша, фотосуретті жариялаған адамның кім екені аса маңызды емес. Бұл жерде мәселенің барлығы жарияланған суретте. Астаналық кәсіпкер соққыға жыққан Әліби есімді жігіттің әкесі жұртшылық назарына ұлының бұрынғы және қазіргі суретін қатар жариялаған. Бұл өте өтімді тәсіл. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында көп жағдайда осындай салыстырмалы суреттер мен видео өтімдірек. Осындай суреттерге лайк көп қойылады.
    - Мен үшін “лайк” сөзі үнемі “маған ұнайды” дегенді білдірмейді. Мысалы, адам өміріне қатысты
    (ауыратын, жоғалып кеткен адамның) фотосуреті жарияланған болса, лайк бұл жерде мүлде басқа мағынада қолданылады. Сурет немесе жазбаның лайк пен коментарийді көп жинауына байланысты оларды көп адамның көру мүмкіндігі бар. Сондықтан, лайк басқан адам мені жақсы көреді екен деп ойлау қате,-дейді блогер Дина Бөкенбаева

    Лайк (Like) – қазақ тіліне аударғанда “ұнату”, “ұнау”, “жақсы көру” деген мағынаны білдіреді. Бұл әлеуметтік желіге салынған материалды (фотосуретті) бір тетік арқылы құптау.

    Бүгінгі таңда ВКонтакте, Facebook, Instagram, Twitter, Мой мир және т.б. әлеуметтік желілерінде арнайы “лайк” белгілері бар. Әлеуметтік желінің тұрақты тұтынушылары үшін “Like” сөзі таныс болғанымен, кез келген интернет қолданушысы бұл сөздің астарына үңілмесе керек.

    Әлеуметтік желіде де “Мне нравится” немесе “Нравится” деп келетін тетіктерге жиналған “жүрекшелер” шын жақсы көруді білдіре ме? Психолог Әсел Қойшыбаеваның айтуынша, лайк басқан адам сені міндетті түрде жақсы көруі міндетті емес, ол мүмкін де емес . Кейбір адамдар суретке лайкті “мен бұл фотоны көрдім” деген мақсатта басуы да мүмкін.

    - Адам лайкті әр түрлі жағдайда басады. Бір адамдар жарияланған фотосурет ұнамаса да, әлгі адамның көңілі үшін “лайк” тетігін басуы мүмкін. Кей адамдар барлығын талғаммен жасайды. Яғни, суреттің немесе жазбаның сапасына, мағынасына мән береді. Ал, енді біреулер тек қана адамдарға қол ұшын созу мақсатында лайк тетігін басуы мүмкін.

    Психолог әлеуметтік желіні тұрақты пайдаланып, лайкті көп жинайтын адамның мінез-құлқы өзгере бастайды дейді. Және оған деген адамдардың да көзқарасы өзгереді. Сырт адамдар тарапынан қызығушылық пайда болады. Бір сөзбен айтқанда, адамды “жұлдыз” ететін қоршаған орта, жан-жағындағы адамдар. Үнемі салған суреттері мыңдаған лайк жинап жүрген адамдардың кезекті суретінде немесе жазбасында лайк аз болса, ол адамның көңіл-күйіне міндетті түрде әсер етеді. Ондай адамдар уақыт өте келе лайкоманияға шалдығуы әбден мүмкін. Келесі суреті көп лайк жинауы үшін, елде жоқ ерекше сурет салуды ойлап, күйзеліске түседі.

    Бұл әлеуметтік желі “жұлдыздарының” барлығы лайкоманияға шалдығады деген сөз емес. Әр адамның санасына байланысты. Лайкоманияға ұшыраған адамдардың дертін психологтар “түпкі санаға негізделген сырқат” деп те атайды.

    Блогер Дина Бөкенбаева мен психолог Әсел Қойшыбаеваның айтуынша, лайкті негативті тұрғыда салынған фотосуреттер де жинай алады. Дау туғызатын, халықтың ұлттық намысын оятатын патриоттық фотолар лайктан ешқашан кенде қалған емес.

    Әлеуметтік желілерде лайкқа “көміліп қалатын” бір топ бар. Ол – өнер адамдары. Кино, эстрада және теледидар жұлдыздары жариялаған фотосуретке бір сағат ішінде мыңдаған лайк басылады. Мысалы, Instagram желісінде лайк жинаудан бірінші орында продюссер Баян Есентаева тұр.

    Вконтакте әлеуметтік желісінде лайк жинаудан әлемдік рекорд жасаған – Павел Дуров. Оның аталмыш желіге 2012 жылдың 24 тамызында жариялаған суреті 1 223 377 лайк жинапты.
    Павел Дуров - ВКонтакте әлеуметтік желісінің негізін қалаушы. 2014 жылдың 21 сәуіріне дейінгі аталмыш желінің бас директоры, программист, ВКонтакте желісін қолданушылар арасындағы №1 адам.

    Дислайк (Dislike) – лайк сөзіне толықтай қарама-қарсы ұғым. Жарияланған материалға немесе қолданушыға деген келіспеушілігін білдіру. Дислайктар барлық әлеуметтік желіде кездесе бермейді. Мысалы, ВКонтакте, Фейсбук желілерінде бұл тетік жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ескерткішпен ұятты позада суретке түскен жігіт анықталды
  • Әлеуметтік желідегі ақпараттың Ақтөбеге қатысы жоқ
  • Ескерткішті қорлаған ақтөбелік жігіттің үстінен шағым түсті
  • Селфиді шенеуніктер де ұнатады
  • Интернетте фейк аккаунттар көбейіп келеді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге