Ойыннан өрт шықпасын

 

Әрбір ата-ана өз баласына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ата-ана баласын отпен ойнауға әдеттендірмеу қажет. Мүмкіндік болса, олармен бір мезгіл өрттің зардабы туралы әңгімелеп отырған дұрыс. Қазіргі уақытта көптеген өрт оқиғасы балалардың отпен ойнауынан, яғни сіріңке жағуынан орын алып отыр. Бұндай өрт оқиғалары өте қауіпті. Ол балалардың қатты жарақат алуына, кей кездері балалар өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.

Осындай қатерлі оқиғалардың алдан алу үшін, ата-аналар бірқатар талапты орындауы керек. Балаларды үйде жалғыз қалдыруға, әсіресе құлып­таулы қалдыруға болмайды. Оларға жанып жатқан газ құрылғысына жақындауға тыйым салу керек. Балаларға тоққа электр тоқтарын қосуға рұқсат етпеңіз. Сондай-ақ сіріңкемен ойнауға тыйым салу керек және сі­ріңкені балалар ала алмайтын жерде сақтаған жөн.

Абай болыңыздар! Балаларды бақылаусыз қалдырмаңыздар.

Өрт шыққан жағдайда 101-112-ге хабарлаңыздар.

Қоғам
15:00, 10 июль 2025
341
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив