Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді

 Қаладан 2 шақырым жерде орналасқан қоқыс полигоны үш күннен бері өртеніп, иісі қаланы басты. 42 гектарды құрайтын полигонның шамамен 1 гектары өртенді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Полигон 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2015 жылы ірі өрт болды. Содан бері жыл сайын полигон өртенеді. 2021 жылы 30 рет, былтыр 17 рет, ал жыл басталғалы 7 рет өртенді.

- Қатты қалдықтар полигонының тереңдігі 15-20 метрді құрайды. Оны тек топырақпен көму арқылы сөндіруге болады. Тереңдігіне байланысты өрт бой бермеді. Мәселені шешу үшін 219 млн. теңге бөлінді. Аумақты топырақпен көміп, газды бұру қондырғылары орнатылады. Желдің бағытына байланысты иіс қалаға жетті. Бұған желдің жоқтығы, күннің ыстығы да әсер етті. Мәселе маусым айының соңына дейін шешіледі, - деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айдос Хамиев.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, полигонда 25 адам жұмыс істеуде. Бульдозерлер, жүк машиналары және тиегіштер секілді 12 арнайы техника тартылды. Жанған жерлерді сумен сөндіру және топырақпен көму жұмыстары жүргізілуде.

- Департамент мамандары полигонға барып, зертханалық талдау жұмыстарын жүргізді. Жалпы ауадағы көмір оксидінің мөлшері 4,44 есе, азот диоксиді 16,3 есе, күкірт диоксиді 13,9 есе артқан, - дейді мемлекеттік экология бақылау бөлімінің басшысы Тұрар Қожанов.



Қоғам
15:30, 05 июнь 2023
968
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив