Ақтөбе ауасы лас өңірлер қатарында

 Қазақстанда ауасы лас сегіз өңір белгілі болды. Оның ішінде Ақтөбе облысы да бар. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында жарияланды.

НАЗГҮЛ ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ауаның ластануы ең өзекті мәселе. Министрлік өкілдерінің айтуынша, Ақтөбе мен Атырау облыстарында кәріз-тазарту құрылғыларының ескіруі салдарынан ауа ластанған. Өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешу үшін Жол картасы іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда іс-шаралардың 33 пайыздан астамы аяқталған. Сонымен қатар, бюджет кодексіне өзгерістер енгізілді. Жергілікті бюджетке түсетін эко төлемдер үшін барлық қаржы қоршаған ортаны жақсартуға жұмсалуы керек. Республикадағы экологиялық жағдай туралы брифингте спикерлер кәріз-тазарту құрылыстарын салу, булану алқаптарын рекультивациялау, қалдықтарды мемлекеттік реттеу мәселелерін қозғады.

Экологтардың мәліметінше, ауаның ластануы жоғары деңгейде тұрған қалалар қатарында Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш және Өскемен тұр.


Қоғам
11:00, 14 апрель 2023
932
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив