24 жыл бойы жасырынып жүрген қылмыскер Ақтөбеден ұсталды

Ақтөбелік тәртіп сақшылары 24 жыл бойы Ресей құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген қылмыскерді құрықтады.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген 56 жастағы ер адам ұсталды. Ол осыдан 24 жыл бұрын Орынбор қаласында бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен алдын-ала сөз байласқан. Қаржылық пайда табу мақсатында 3 адамға қарақшылық шабуыл жасаған. Оларды өлтіріп, қылмыс іздерін жасыру үшін мәйіттерді өртеп, көміп тастаған. Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Қазір оны Ресейге экстрадациялау мәселесі шешілуде.


Құқық
14:30, 21 сентябрь 2023
558
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив