Қыз зорлаған ресейлік Ақтөбеден ұсталды
“Зорлау” бойынша 8 жыл іздеуде жүрген РФ азаматы Ақтөбеден ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жариялады.
Назгүл ӘБЕТОВА
Ақтөбеде ауыр қылмыс жасаған ресейлік азамат ұсталды. Ол ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігімен “Зорлау” бойынша іздеуде жүрген. 35 жастағы Орынбор тұрғыны 8 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген. Криминалдық полиция мен шекара қызметкерлері бірлесіп ауыр қылмыс жасаған адамды Ақтөбедегі жиhаз цехының бірінен ұстаған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Құқық
Комментарии (0)
Добавить