Ақтөбелік тыйым салынған діни материалды сақтағаны үшін айыппұл арқалады

Теміржол қызметкері әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалды сақтаған.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Ақтөбе облысы ПД-ның мәліметінше, 39 жастағы теміржол қызметкерінің ВКонтакте парақшасынан аудио материалдар табылды. Дінтану зерттеуінің қорытындысына сәйкес, бұл материалдар ҚР-да тыйым салынған екен. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша 20 АЕК (69 000 тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында орналастырылған.


Құқық
11:30, 24 июль 2023
1 549
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив