Пикет өткізген ақтөбелікке айыппұл салынды

 “Аманат-ұры отан, сайлауда тек дауыс ұрлауды біледі” деп жазылған плакат ұстап, пикет өткізген тұрғынға айыппұл салынды. Бұл туралы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ол 24 наурыз күні қаладағы “Аманат” партиясының облыстық филиалы ғимаратының алдында заңсыз пикет өткізген. Құқықбұзушының кінәсі зерттелген дәлелдермен расталған. Сот қаулысымен оған 172 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалған. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Құқық
15:00, 31 март 2023
903
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив