Шенеуніктерге сот үкімі шықты

    Шенеуніктерге сот үкімі шықты
    Қаржы полициясы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2 шенеунігін алаяқтық жасамақ болды деп айыптаған еді. Алайда, сот процессі кезінде мемлекеттік қызметкерлерден бұл айып алынып тасталды.Сөйтіп, олардың жазалары да жеңілдетілді.

    Сот ісін қараған 2 шенеуніктің бірі жер қатынастары бөлімінің бас маманы да, екіншісі сәулет және қала құрлысы бөлімінің басшысы. Тергеу материалдарына қарағанда, олар құрлысқа рұқсат беретін құжаттарды заңсыз жолмен дайындап, пайда тапқан.
    Риэлтор өзі бұрыннан таныс жер қатынастары бөлімінің бас маманына келеді. 38 жастағы шенеунік әйел құжаттарды зерделей келе “Геофизик-1” саяжай массивіндегі үйшік пен оған жапсарлас құрлыстың құжатын дайындап беруге уәде еткен. Бірақ, өз қызметі үшін 250 мың теңге сұрайды. Ал, “Тереңсай” кооперативіндегі құрылыс құжаттарының құны 200 мың теңге деп белгіленген.
    Сот кезінде тергеушілердің дәлел, дәйектерінің барлығы өзгеріп сала берді. “Геофизик-1” және “Теренсай” саяжай массивіндегі учаске қожайындарының құрлыс салатын ойлары болмағандығы айтылды. Олар құрлысқа рұқсат беретін құжаттарды ешкімнен сұрамаған және ешкімге ақша бермеген. Ол аз бола, сәулет және қала құрлысы бөлімі басшысының орынбасары өз қолына жер қатынастары бөлімінің бас маманы берген құжаттардың жалған екенін де аңғармай қалған.
    - Әр күн сайын сәулет және қала құрлысы басқармасы басшысының орынбасары 60-100 құжатқа қолын қояды. Яғни, жұмысы өте көп. Сондықтан әр құжатты шұқшиып отырып, тексеру мүмкін емес. Сондықтан оны ақтауларыңызды сұраймын -деді адвокат Ғабит Рүстемов сот процессі кезінде.
    Ал, жер қатынастары бөлімінің бас маманы арнайы дайындықтан өтіп үлгермегендіктен ол кезде өзге біреудің міндетін атқарып жүрген. Сондықтан да оған мемелекеттік қызметкер ретінде айып тағу орынсыз-дей келе адвокат Валерий Якубенко оны да ақтап шығаруды өтінді.
    Осыдан кейін прокурордың аға көмекшісі Ерназар Алдияров күдіктілерге тергеу таққан “алаяқтық” деген бапты “қызметтiк жалғандық жасау” бабымен алмастырды. Қылмыстық Кодекстің бұл бабы алдыңғысына қарағанда анағұрлым жеңіл. Осылайша, прокурор соттан айыпталушылардың бас бостандығын 2 жылға шектеуді сұрады. Тергеу таққан айып бойынша олар 7 жылға бас бостандығынан айрылуы керек болатын.
    Сот үкімімен Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы мен сәулет және қала құрлысы бөлімі басшысының бостандығы 2 жылға шектелді. Шенеуніктер тергеу изоляторында 4 ай отырған болатын.Үкім шыққан бойда сот залынан бостандыққа жіберілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтауда планшет зауытын бөлшектеп сатпақ
  • Қазақ-орыс кәсіпорны канадалықтардың 630 мың долларын иемденген
  • Полицияны жармақ болған телефон лаңкесі сотталды
  • ХҚКО мобильді тобы Көктауға барды
  • Штабқа 102 қоңырау түскен
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге