«Ассамблея жұмысы туралы БАҚ-та жариялануы керек»

 Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы Ақтөбе облысынан бастау алды. Aqtobe IT Hub ғимаратында өткен шараға масс медиа өкілдері, баспасөз қызметкерлері мен журналистер клубының мүшелері, ҚХА жастар қанатының белсенділері қатысты.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

10 шілде күні өткен шарада этносаралық саясатты жариялаудың тиімді әдістері мен құралдары, «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы түсіндірілді. Этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша медиа-кеңістікте ақпараттық жұмысты жетілдіру басты назарға алынған.

Басқосуға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев, Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігінің директоры Йоханнес Доминикус Рай, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы өкілдері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ресей мемлекеттік университеті және «Қоғамдық келісім» РММ және КММ, сондай-ақ тележурналист және ютубер Ербол Сейілхан, PaperLab ғылыми-зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев, Factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смаковтар қатысып, спикер болды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов шара басталмас бұрын масс медиа туралы жаңа заңнама турасында былай деді:

- Өздеріңізге белгілі, жақында мемлекет басшысы масс медиа туралы заңға қол қойды. Бұл заң мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылған. Естеріңізде болса, 2022 жылғы жолдауында қоғамның жаңа сұраныстарын, үдерістерін ескере отырып, бақ туралы заңды қайта қарау туралы міндет қойған болтын. Осыған байлансты 2 жылдан астам уақыт жұмыстар жүргізілді. Заң жобасының тұжырымдамасы әзірленгеннен бастап, бұл жұмыстарға саланың барлық өкілдері тартылды. Қоғамдық ұйымдар, журналистер, халықаралық сарапшылар, ЕҚЫҰ, Еуроодақ елдерінің сарапшылары кеңінен тартылып, заң жобасы жан-жақты талқыланды. БАҚ өкілдері қарсылық танытқан пресс картаға байланысты үлкен дау болды. Негізінде ол соншалықты жаман нәрсе емес еді. Өздеріңізге белгілі журналистер көп жағдайда мемлекеттік бағдаралмалар арқылы үй алу секілі игіліктерге ілінбей қалып жатады. Осы ретте салаға еңбегі сіңген журналистерге аталған карта арқылы қоғамдық көлікте тегін жүру, үй алуды ыңғайлы ету дегендей жеңілдіктер қарастыру жоспарланған. Бірақ жекелеген журналистер мен қоғамдық ұйым өкілдері бұны «биліктің журналистерді сатып алуы» деп түсініп, қарсылық танытты. Сол себепті пресс карталар туралы заңнама алынып тасталды.

  Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 маусым күні «Масс медиа туралы» заңға қол қойған болытын. Аталған заңнамада жарияланған ақпаратты сақтау туралы да айтылған.

- Енді «Заңда қандай жаңалықтар бар?» дегенге тоқталсақ. Ең бірінші заң жобасына сәйкес «талап қоюдың ескіруі» деген ұғым бекітілді. Бұрын тілшілер өздері жариялаған ақпараттарды шексіз сақтауға міндетті еді. Себебі құқығын қорғағысы келген азамат жарияланымға, сюжет, материалға, мақалаға байланысты шағымдануы мүмкін еді. Жаңа заң жобасына сәйкес ол мерзім бір жылға қысқартылды. Енді мұрғантты сақтап отырудың қажеттілігі жоқ. Екіншісі, мемлекеттік тілді қолдауға байланысты отандық ақпараттық қауіпсіздікке байлансты нормалар. Бұрын телеарналарда 50/50 деген норма болатын. Енді бұл талап кезең-кезеңімен 2026 жылға дейін 60 пайызға өседі. Отандық өнімге қатысты да 60 пайыз бекітілді. Демек қазақ тіліндегі және қазақстандық бағдарламалар саны артады. Шетелдік ретрансляция мәселесі 20 пайыздан 10 пайызға азайтылды. Сондай-ақ жаңа грнаттық нәтижелер туралы айтуға болады. Мемлекет ақпараттық тапсырысты гранттық жүйеге өзгертеді. Тапсырыс шеңберіндегі өнім, мысалы сериал делік. Бұрын мемлекет түсірген сериал сол мемлекеттің меншңгңнде қалып қоятын. Енді грантты алған арна сериалды түсіріп, кейін оны өз өнімі ретінде пайдалана алады. Сәйкесінше сапасына да арна мүдделді болды. Өйткені өз өнімдерін ары қарай ұсыну арқылы қаражат табуына болады,-деді Қайнар Ахетов.

Шараның басты спикерлерінің бірі ҚР Парламенті сенатының дептуаты, ҚХА журналистер, блогерлер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев.

- Бүгін ҚХА журналистер клубының көшпелі отырысы. Шараға Батыс Қазақстан өңіріндегі бірқатар облыстардың БАҚ өкілдерін жиналды. Негізінен ақтөбеліктер, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері де бар. Көпетеген мемлекеттік басқармалардың баспасөз қызметкерлері де қатысып отыр. Негізі мақсатымыз күн тәртібіндегі мсәелелердің халыққа жетуін қамтамасыз ету. Білесіздер, Атыраудағы ұлттық құрылтайдың күн тәртібіндегі негізі мәселе Қазақстан халқы Ассамблеясының күн тәртібіне көшті. Жүзеге асыру бойынша іргелі жұмыстар жасалып жатыр. Соның ішінде журналистердің әл-ауқатын, ресурстарын пайдалана отырып ассамблея жұмысын халыққа жеткізіп, дұрыс бағдар берсек деген ой бар. Көп жерде естіп жатамыз. «Ассамблея керек пе?» деген сұрақты. Бұның барлығы ассамблея жұмысын, бағытын білмегендіктен. Қазіргі міндет соны көрсету. Журналистердің мемлекет тарапынанан әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби ортасын қалыптастыруда бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Бұндай жиындар басқа өңірлерде де өтеді. Кездесулерден жинақталған пікірлер мен ұсыныстар негізінде жаңа жұмыс жоспарын жасамақпыз. Негізінен елімізде 21 журналистер клубы бар. Оның 1-еуі республикалық болса, қалған 20-сы өңірлерде орналасқан. Әлеуметті желі мен месенджерлердегі топтар арқылы тәжрибе алмасып отырады. Бүгінгі шарада ҚХА-на байланысты халық біле бермейтін терминдер туралды да айтылады. Мысалы Қазақстан көпұлтты мемлекет емес. Қазақстында қазақ ұлты мен әр түрлі этнос өкілдері тұрады. Этностар арасындағы мәселелер талқыланады,-деді Алишер Сатвалдиев.

 Аталаған кездесуді елдегі этносаралық келсімге байланысты Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған.

- Ассамблея жұмысы туралы БАҚ-та жариялануы керек. Зум және басқа да платформалар арқылы кездесулер болып тұрады. Десе де көзбе-көз отырып, жее тілдесе алатын офлайн кездесудей болмайды,-деп пікір білдірді Қайнар Ахетов. Бұл пікірмен ҚХА журналистер клубының облыстағы басшысы да толық келіседі.

- Көшпелі отырыстардың дәр Ақтөбе өңірінен бастау алғанына қуаныштымын. Бұл клубтың Республика бойынша жақсы жұмыс жасап жатқанының бір дәлелі. Клубтың жұмыс жасап жатқанына үшінші жыл. Құрамында 10 адам бар. Жаңа сенат депутаты Алишер Сатвалдиев айтып жатыр ғой. «Ассамблея неге қажет?» деген сұрақ көп екенін. Елдегі, әлемдегі гоесаяси жағдайларды ескерсек біздің бүгінгі тыныштығымыз, ҚХА-ның 30 жылдық тәжірибесінің жемісі екенін көрсетіп отыр. Ұлттар досығы біз үшін бірінші орында болғанымен Қазақстанда өмір сүретін әр этнос өзінің тілін, дінін, өмір салтын ұмытпауы тиіс. Қазіргі таңда ұлттарды көрсете беру халыққа қызық емес. Осы ретте біз де өзіндік бір тетіктерді ұтымды пайдалана алуымыз шарт. Мысалы бір корей ұлтының азаматы арнаға сұхбата келіп, өзінің бесінші сыныпқа дейін өзге ұлт өкілі екенін білмегенін айтқан еді. Қарабұтақта, қазақтардың арасында ер жеткен жігіт қой. Осы бір бейнеқиынды елдің түкпір-түкпіріне тарап, өзге ұлт өкілдерінің де, қазақтардың да сүйспеншілігін тудырды. Осындай бір келісімді ұтымды көрсете алу біздің міндетіміз,-деді ҚХА Ақтөбе филанындағы журналистер клубының басшысы Бибігүл Биманова.

Шара соңында жиынға белсенді қатысушылар сертификаттармен марапатталады.


Қоғам
10:30, 11 июль 2024
4 958
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив