Ақтөбеде 4 оқу орнына "бомба қойылған"
31 мамыр күні сағат 12-30 шамасында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің электрондық поштасына оқу орындардың ғимараттарына бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
- Жедел хабар келіп түскен соң, барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына барды. Оқу ғимараттарына тексеру жұмыстарын жүргізді. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары және жұмысшылар шығарылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Қазіргі таңда полиция департаменті анонимді хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить